Об утверждении правил пребывания в городе Алматы граждан, постоянно проживающих за пределами Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын азаматтардың Алматы қаласына келіп-кету тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XV сессиясының 23.01.2002 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 және 3 баптарына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын
азаматтардың Алматы қаласына келiп-кету тәртiбi бекiтiлсiн, берiлiп отыр.
Тармақ 2
2. I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының IV сессиясының "Қазақстан
Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын азаматтардың Қазақстан
Республикасының астанасы - Алматы қаласына келiп-кетуiнiң ерекше тәртiбi
туралы Уақытша ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 7 ақпандағы Қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Ережесі
Алматы қалалық Мәслихаты
ХХI сессиясының 1998 жылғы
18 қыркүйектегi шешiмiне
қосымша
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде тұрақты тұратын азаматтардың
Алматы қаласында болуының
Ережесі
Осы Ереже халықтың көшiп-қонуының есебiн алуды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын азаматтардың Алматы қаласында болуын реттеудi, алматылықтар мен қала қонақтарының заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз етудi, Алматы қаласының аумағында құқық тәртiбi мен қоғамдық қауiпсiздiктi нығайтуды мақсат етедi.
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын азаматтардың Алматы қаласында болуының тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын азаматтар Алматы қаласында уақытша тұрған кездерiнде мiндеттi түрде тiркелулерi тиiс, оларға Қазақстанға келулерiне арнайы рұқсат алмауларына болады.
Алматыда бiр тәулiктен астам уақыт болған азаматтар тiркелулерi тиiс. Азамат келген күнiн, мереке және демалыс күндерiн есептемегенде, келген сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде уақытша тұрған орнын тiркетуi тиiс.
Тармақ 3
3. Тұрған жерлерiнде тiркеу мен есептен шығаруды iшкi iстердiң аумақтық органдары осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес, тиiстi жауапты адам құжаттарды тапсырған соң, жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Азаматтардың уақытша тұрған орындарын тiркеу жөнiндегi құжаттарды дайындауға мыналар жауапты:
- пәтерлер иелерi кооперативтерiнiң, тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiнiң төрағалары;
- қонақ үйлердiң, санаторийлердiң, демалыс үйлерiнiң, пансионаттардың, туристiк базарлардың директорлары;
- жатақханалардың коменданттары;
- осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген адамдарға уақытша тұратын орындар берген пәтерлердiң меншiк иелерi.
Тармақ 5
5. Тұратын орнын тiркеткен адамға белгiленген үлгiдегi (N 3 үлгi) анықтама берiледi.
Тармақ 6
6. Тұратын орнын тiркету үшiн азаматтар:
- төлқұжатын, туу туралы куәлiгiн /16 жасқа толмағандар/, әскери адамдар - жеке куәлiктерiн, әскери билетiн (мерзiмдi әскери қызметiн өтеп жүргендер);
- тұрған жерлерiн тiркеу жөнiндегi /1,2 үлгiдегi/ өтiнiшiн тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Тұрған жерлерiн тiркеу жөнiндегi анықтама iшкi iстер органында тiркелген күннен бастап 45 күн iшiнде жарамды.
Тармақ 8
8. Тiркеуден жол жүрiп бара жатқан жолаушылар, яғни темiр жол вокзалы мен аэропорттағы қолында билетi барлары ғана босатылады.
Тармақ 9
9. Мыналар тiркелуге жатпайды:
- төлқұжаты, тууы туралы куәлiгi /16 жасқа толмаған азаматтардың/,
жеке куәлiктерi (әскери қызметшiлердiң), әскери билетi (мерзiмдi әскери
қызметiн өтеп жүргендердiң) жоқ азаматтар;
- пәтер иелерi мен жалға берушi отбасы мүшелерiнен жазбаша түрде
уақытша тұруға рұқсат алмаған азаматтар.
Тармақ 10
10. Алматы қаласында тiркелгендер кетер уақытынан бiр тәулiк бұрын
тiркеушi органдарға тiркеуден алуды айтып, хабарласулары керек.
Тармақ 11
11. Алматы қаласында уақытша тұруға тiркелген азаматтар Қазақстан
Республикасының "Мемлекеттiк салық туралы"
Заңына сәйкес,
Қазақстан Республикасында енгiзiлген есептiк көрсеткiштің 10 процентi
мөлшерiнде мемлекеттiк баж салығын төлейдi.
Мемлекеттiк салықтан мыналар босатылады:
- 16 жасқа толмағандар;
- босқын мәртебесiне ие азаматтар;
- зейнеткерлер;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және оларға
теңестiрiлгендер;
- бала кезiнен мүгедектер және сырқатына байланысты мүгедек болғандар Алматы қаласындағы емдеу мекемелерiне емдеу жолдамасымен келгендер.
Тармақ 12
12. Iшкi iстер органдары және азаматтардың уақытша тұрған орындарын тiркеу жөнiндегi құжаттарды дайындауға жауапты адамдар осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес аталған адамдардың орталықтандырылған есебiн жүргiзу үшiн тiркеу парақшаларын толтырады.
Тармақ 13
13. Тiркеу жұмыстарын жүргiзуге жауапты адамдар тiркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруге және мына жайларды анықтауға мiндеттi:
- тiркеуге ұсынылған құжаттар өтiнiш берушiнiң жеке өзiнiкi ме;
- құжаттар түпнұсқа ма, қажеттi мәлiметтерi бар ма, қолдары қойылған ба, мөрлерi басылған ба;
- паспортына сол тиiстi жас мөлшерiне сәйкес фотосуретi жапсырылған ба;
- өтiнiшiнде оның Алматы қаласына келу мақсаты және онда болу мерзiмi көрсетiлген бе;
- белгiленген мемлекеттiк салығы төленген бе;
- меншiк иесiнiң немесе пәтердi /үйдi/ жалдаушының отбасы мүшелерiнiң уақытша тұруы үшiн тұрғын үй алаңын беру туралы келiсiмi бар ма.
Тармақ 14
14. Осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес азаматтардың уақытша тұрған орындарын тiркеу жөнiндегi құжаттарды дайындауға жауапты адамдар тiркеу парақшаларын толтырған соң, 2 тәулiк iшiнде оларды аумақтық iшкi iстер органдарына тапсыруға мiндеттi.
Аумақтық iшкi iстер органдары парақшаның бiрiншi данасын Алматы қалалық IIББ-ның мекен-жай бюросына жiбередi, ал екiншiсiн осы iшкi iстер органының паспорт бөлiмiнiң картотекасына салады.
Тiркеу есебiнен алынған соң, тiркеу парақшалары қолданылып жүрген картотекадан алынады және архивке тапсырылады.
Тармақ 15
15. Аудандық iшкi iстер органдары Алматы қаласына уақытша келген азаматтардың тiркелу мерзiмiн, әрбiр нақты жағдайда, 45 тәулiкке дейiн ұзартуды жүзеге асырады.
Тармақ 16. Ереже бұзушылардың жауапкершілігі
16. Алматы қаласының IIББ азаматтарды тiркеуге арналған қажеттi құжаттармен қамтамасыз етедi. Құжаттарды әзiрлеуге байланысты шығындар азаматтардың Алматы қаласында тiркелуi үшiн ұсталатын мемлекеттiк баж салықтары аударылатын қалалық бюджеттiң қаржылары есебiнен өтеледi.
Ереже бұзушылардың жауапкершілігі
Тармақ 17
17. Алматы қаласына келген және уақытша тұрған жерiн тiркетпей, бiр тәулiктен астам мекендеген азаматтар 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ ЗРҚ "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіндегі тәртіппен және сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
Айып салынуына қарамастан үш тәулiк бойы тiркелмеген және тұрған азаматтар осы Ереженi бұзғаны үшiн өз қаражатымен Алматы қаласынан күшпен шығарылуға жатады.
Пәтерлердiң /үйлердiң/ иелерi немесе жалдаушылары бiр тәулiктен астам тiркелмеген азаматтардың тұруына рұқсат бергенi үшiн 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ ЗРҚ "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіндегі тәртіппен және сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
Осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес азаматтардың уақытша тұрған жерлерiн
тiркеу жөнiндегi құжаттарды дайындауға жауапты адамдар азаматтардың iшкi
iстер органдарында тiркелмей, тұруына жол бергенi үшiн 2001 жылғы 30
қаңтардағы N 155-ІІ ЗРҚ "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы"
Қазақстан Республикасы Кодексіндегі тәртіппен және сәйкес әкiмшiлiк
жауапқа тартылады.
📌 Ескерту. 17 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ІХ сессиясының 04.04.2001 шешімімен.
Тармақ 18
18. Осы Ереженi бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамдар
әдейi айыппұл төлемеген жағдайда айыппұлды төлету сот арқылы жүзеге
асырылады.
Тармақ 19
19. Осы Ереже талаптарының сақталуын бақылау атқару органдарына,
аудандық iшкi iстер органдарына және Алматы қалалық IIББ-на жүктеледi.