Об утверждении Правил пользования городским общественным транспортом Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық қоғамдық көлiктi пайдалану Тәртiбiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - Алматы қаласы Мәслихатының 09.12.2004 № 96 шешiмiмен.
1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40, 41 баптарына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңының 3 бабына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
шешiм қабылдады:
Тармақ 1
1. Қалалық қоғамдық көлiктi пайдалану тәртiбi бекiтiлсiн, берiлiп отыр.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарды дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (Костин Ю.В.)
Басқа 3. ЕРЕЖЕСI
I сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
1998 жылғы 30 қыркүйектегi
ХХII сессиясының шешiмiне
қосымша
Қалалық қоғамдық көлiктi пайдалану
ЕРЕЖЕСI
Тарау i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы "Қалалық көлiктi пайдалану" Ережесi (әрi қарай "Ереже") Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578-ХII "Жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдары туралы" және 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-1 "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы" заңдарына сәйкес қабылданды және:
Тармақша 1
1) жолаушыларды тасымалдау үшiн жылжымалы көлiктердiң құрамын берудiң тәртiбi мен шарттары;
Тармақша 2
2) қалалық жолаушылар көлiгi жүргiзушiлерiнiң жолаушыларды тасымалдау кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiн;
Тармақша 3
3) жолаушылардың жол жүру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже жолаушыларға қызмет көрсетудi жақсартуға, көлiк қозғалысы және жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгiн арттыруға, қалалық жолаушылар көлiгiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.
Тармақ 3
3. Қалалық қоғамдық көлiк - бұл қалалық қатынасындағы трамвай, троллейбус, автобустар.
Тарау ii. II. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛIГIНIҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ
ҚҮРАМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
II. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛIГIНIҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ
ҚҮРАМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тармақ 4
4. Жолаушылар мен жүктердi тасымалдау келесi талаптарға сай келетiн көлiктермен жүзеге асырылуы тиiс:
Тармақша 1
1) маршруттардағы пайдаланылатын көлiк техникалық жағынан жарамды болуы тиiс;
Тармақша 2
2) көлiк құралының iшi таза болуы тиiс.
Тармақша 3
3) көлiк құралы өрт сөндiргiш құралдармен арнайы башмактармен, медициналық дәрiлер салынған қораптармен жабдықталуы тиiс.
Тармақ 5
5. Көлiк iшiнде баласы бар адамдарға, ҰОС мүгедектерi мен қатысушыларына, жүктi әйелдерге, қарттар мен кондуктордың орны белгiленуi тиiс.
Тармақ 6
6. Көлiк iшiнде:
Тармақша 1
1) маршрут сызбасы;
Тармақша 2
2) жолаушылардың мiндеттерi мен құқықтарына қатысты "Ережеден" үзiндi iлiнуi тиiс.
Тарау iii. III. ЖОЛАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
III. ЖОЛАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Тармақ 7
7. Жолаушы қалалық қоғамдық көлiкте жүру кезiнде мынандай құқықтарға ие:
Тармақша 1
1) 7 жасқа дейiнгi бiр баланы тегiн алып жүре алады.
Тармақша 2
2) 7-15 жастар аралығындағы балаларды өзiмен бiрге алып жүрiп, оларға жеңiлдiгi бар жол жүру билеттерiн алуға құқылы.
Тармақша 3
3) Көлемi 60х40х20 см бiр қол жүгiн, сонымен бiрге торларға салынған ұсақ үй жануарлары мен құстарын, бiр жұп шаңғыны (қораптарға салынған немесе оралған), балалар шаңғыларын және арбаларын тегiн алып жүре алады.
Тармақша 4
4) Тарифке сәйкес бiр жүк үшiн ақы төлей отырып, салонның соңғы алаңында тұмсыққан кигiзiлген иттi алып жүре алады.
Тармақша 5
5) Аялдамада ("Талап-тiлек" аялдамасы) кондукторға алдын ала ескертiп немесе түйменi басып жүргiзушiге белгi беру арқылы түсе алады.
Тармақша 6
6) Өзi келе жатқан көлiктiң техникалық ақауына байланысты жүруiн тоқтатқан жағдайда өзiндегi бiр жолғы жол жүру билетi арқылы, нақ сондай келесi көлiкке қосымша ақы төлеместен, жол жүруге құқылы.
Тармақша 7
7) Заңда белгiленген тәртiп бойынша жүргiзушiнiң тәртiп бұзушылығына шағым бiлдiре алады.
Тарау iv. IV. ЖОЛАУШЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI
IV. ЖОЛАУШЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI
Тармақ 8
8. Жолаушы мынандай мiндеттердi орындауы тиiс:
Тармақша 1
1) Өзi үшiн және қол жүгi үшiн ақы төлеуi және кондуктордан тиiстi билетiн алуы қажет.
Тармақша 2
2) Кондукторға немесе жүргiзушiге тиiстi көлiкке арналған, ұзақ уақыт пайдаланатын жол жүру билетiн (жеңiлдiгi барлары - студенттiк, студенттiк билетiмен қоса) көрсетуi керек.
Тармақша 3
3) Көлiктен түскенге дейiн өзiне және жүгiн алып жүруге арналған бiр жолғы жол жүру бақылау билетiн сақтауы тиiс.
Бiр жолғы бақылау билетi жолдың ара қашықтығына қарамастан, бiр ғана бағытқа жүруге жарамды.
Тарау v. V. ЖОЛАУШЫҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН РЕТТЕР
V. ЖОЛАУШЫҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫН РЕТТЕР
Тармақ 9
9. Қоғамдық көлiктi пайдалану кезiнде жолаушыға мынандай тыйым салынады:
Тармақша 1
1) Өз аты-жөнi жазылған жүру билетiн басқа адамға пайдалануы үшiн беруге;
Тармақша 2
2) Көлiкте шылым шегуге және салонның iшiн ластауға;
Тармақша 3
3) Спирт iшiмдiктерiн iшуге және қоғамдық тәртiптi бұзуға;
Тармақша 4
4) Көлiк iшiндегi есiк жанындағы тепкiшекте тұруға;
Тармақша 5
5) Қозғалыс кезiнде көлiктiң iшiне кiруге және шығуға;
Тармақша 6
6) Есiктердiң ашылуына және жабылуына кедергi келтiруiне;
Тармақша 7
7) Көлiктiң iшкi жабдықтарын бүлдiруге;
Тармақша 8
8) Жүктердi орындыққа қоюға және жарылу, жану қаупi бар, улайтын және адамның денесiн жыратын және кесетiн заттарды тиiсiнше дұрыстап орамайынша алып жүруге және қорапқа салынбаған қару-жарақтарды, көлемi 100х50х30 см-ден асатын үлкен жүктi, ұзындығы 190 см-ден асатын заттарды алып жүруге;
Тармақша 9
9)жүктi отыратын орынға қоюға;
Тармақша 10
10) Көлiк салонына лас киiмдермен кiруге;
Тармақша 11
11) Жүргiзушiнi алаңдатуға тыйым салынады.
Тармақ vi
VI. ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛIК ЖҮРГҮЗУШIЛЕРIНIҢ ҚҮҚЫҚТАРЫ
Тармақ 10
10. Қоғамдық көлiк жүргiзушiлерi мынандай құқықтарға ие:
Қоғамдық көлiкке үстiндегi кiр киiмдерiмен оны және жолаушыларды ластайтын жолаушыларды мiнгiзбеуге құқылы.
Тарау vii. VII. ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛIК ЖҮРГҮЗУШIЛЕРIНIҢ МIНДЕТТЕРI
VII. ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛIК ЖҮРГҮЗУШIЛЕРIНIҢ МIНДЕТТЕРI
Тармақ 11
11. Қоғамдық көлiктiң жүргiзушiлерiнiң мiнддетерi:
Тармақша 1
1) Жұмыс ауысымының барлық кезеңiнде аялдама жасау пункттерi арасындағы қозғалыс уақытын сақтауы тиiс.
Тармақша 2
2) Әрбiр аялдаманың және одан кейiн болатындардың аталуын қазақ және орыс тiлдерiнде хабарлауға, ал маршрут өзгерген жағдайда бұл туралы әрбiр аялдамада хабарлауға мiндеттi.
Тармақша 3
3) Жолаушыларды маршруттың аялдамаларында ғана мiнгiзуге және түсiруге, аялдамаға баяу келуге, көлiк толық тоқтағанда ғана есiктердi ашуға тиiстi.
Тармақша 4
4) Көлiк бұзылғанда немесе техникалық жағынан жарамсыз болып қалған жағдайда жүргiзушi жұмысты тоқтатуға және жолаушыларды таяудағы аялдамада түсiруге мiндеттi.
Тармақша 5
5) Жол үстiндегi қозғалыс кезiнде басқа адамдармен сөйлеспеуi тиiс.
Тармақша 6
6) Жүргiзушi көлiк қозғалысының маршрутын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.
Тармақша 7
7) Жүргiзушi мен кондуктор жолаушылармен мәдениеттi болуы тиiс.
Тарау viii. VIII. ОСЫ ЕРЕЖЕНI БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
VIII. ОСЫ ЕРЕЖЕНI БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
Тармақ 12
12. Қалалық жолаушылар көлiгiн пайдалану Ережесiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жолаушылар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекстiң 135, 136, 137-шi баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Алматы қаласы мәслихатының 04.04.2001 шешiмiмен.