Об обязательном экологическом страховании Қолданыста
Басқа 0
Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 1-1
1-1) авария – ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы;
Тармақша 1-2
1-2) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 16.01.2026 № 259-VIII Заңымен;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) міндетті экологиялық сақтандыру – авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;
Тармақша 4
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт;
Тармақша 5
5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
Тармақша 6-1
6-1) сақтандыру омбудсманы – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;
Тармақша 7
7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
Тармақша 8
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
Тармақша 9
9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
Тармақша 10
10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
Тармақша 11
11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
Тармақша 12
12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
Тармақша 13
13) үшінші тұлғалар – міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;
Тармақша 14
14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 15
15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті;
Тармақша 16
16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария болған жағдайда салдарынан экологиялық залал келтірілуі мүмкін қызметі.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Осы Заң "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген құқық қатынасына қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Бап 3
3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.
Бап 4
4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері
Тармақ 1
1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:
осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен экологиялық залалды өтеу;
тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;
экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.
Бап 4-1
4-1-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
Бап 5
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
Бап 6
6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Тармақ 1
1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік
бақылау мен қадағалауды
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 6-1
6-1 бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Авария салдарынан экологиялық залал келтірілген жағдайлар мен оның салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
Бап 7
7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
Тармақ 1
1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.
Тармақ 2
2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
Тармақ 3
3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
Тармақ 4-1
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында
цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.
Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
Тармақ 6
Бап 7-1
7-1-бап. Цифрлық ресурстар алмасу арқылы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында
цифрлық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе)
цифрлық жүйесі пайдаланылады.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
Тармақ 2
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында
цифрлық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, мiндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
Тармақша 1
1) сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
Тармақша 2
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
Тармақша 3
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
Тармақша 6
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу;
мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшерін бағалауды айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 4
4. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын
цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
Тармақ 5
5. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын
цифрлық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
Тармақ 6
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Сақтандыру агенттерінің мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
Бап 8
8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы
Тармақ 1
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті тұлғаларға қатысты қолданылады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Тармақ 4
4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
Бап 9
9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:
Тармақша 1
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;
Тармақша 3
3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.
Бап 10
10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
Тармақ 1
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
Рет
N
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім
Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының проценті есебімен)
1
2
3
1.
1-айға дейін қоса алғанда
20
2.
1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда
30
3.
2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда
40
4.
3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда
50
5.
4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда
60
6.
5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда
70
7.
6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда
75
8.
7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда
80
9.
8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда
85
10.
9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда
90
11.
10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда
95
12.
11-айдан жоғары
100
Бап 11
11-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
Тармақша 1
1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
Тармақша 4
4) сақтандырушы (оның ішінде
сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген,
авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын
бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен
танысуға;
Тармақша 5
5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын
мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
Тармақша 5-1
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
Тармақша 6
6)
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды
сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның
интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі,
өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
Тармақша 7
7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Міндетті
экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Сақтанушы:
Тармақша 1
1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;
Тармақша 2
2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;
Тармақша 3
3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;
Тармақша 4
4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;
Тармақша 5
5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Бап 12
12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;
Тармақша 2
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретін ескере отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері және салдары туралы толық және анық ақпарат алуға;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына бағалау жүргізуге;
Тармақша 5
5) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың ауқымын бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;
Тармақша 7
7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;
Тармақша 8
8) осы Заңның 22-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы:
Тармақша 1
1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға;
Тармақша 2
2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;
Тармақша 3
3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;
Тармақша 4
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
Тармақша 5
5) сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша нысандағы өтініші бойынша авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалауды жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;
Тармақша 6-1
6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтанушының (пайда алушының) экологиялық залалды жоюы мақсатында сақтандырушы өтеуге тиісті төлемнің мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл жөнінде хабарлауға;
Тармақша 7
7) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;
Тармақша 8
8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осындай шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін
және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны
жіберуге;
Тармақша 11
11) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
Тармақша 12
12) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Бап 13
13-бап. Пайда алушының құқықтары
Тармақ 1
1. Пайда алушы:
Тармақша 1
1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
Тармақша 2
2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;
Тармақша 3
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
Тармақша 4
4) сақтандырушы (оның ішінде
сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген,
авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау
нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен
танысуға;
Тармақша 5
5) осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;
Тармақша 5-1
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
Тармақша 6
6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және
қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру
омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның
ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі,
интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.
Тармақша 7
Тармақ 2
Бап 14
14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;
Тармақша 2
2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік
көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
Тармақша 3
Бап 15
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.
Бап 16
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері міндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тармақ 3
3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
Бап 17
17-бап. Сақтандыру жағдайы
Тармақ 1
1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
Тармақ 2
2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.
Тармақ 3
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескеріп, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын негізге ала отырып айқындайды.
Бап 18
18-бап. Экологиялық аудит жүргізу
Бап 19
19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары
Тармақ 1
1. Сақтанушы немесе пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.
Тармақ 2
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиациялау бағдарламасының көшірмесі;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар – олар болған кезде;
Тармақша 6
6) жекелеген жағдайларда – сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына жауапты деп таныған сот шешімі.
Тармақ 2-2
2-2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
Тармақ 3
3. Экологиялық залалды жоюға, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
Тармақ 4
4. Сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған (орындайтын) және қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
Бап 20
20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1
1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.
Тармақ 2
2. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.
Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімнің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Бап 21
21-бап.
Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
Тармақ 1
1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған;
Тармақша 2
2) сақтанушы сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
Тармақша 3
3) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде қарсы талап қою құқығы бар.
Тармақ 2
2. Сақтанушының экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады, залалды жою құнын міндетті экологиялық сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушы төлейді.
Бап 22
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі
Тармақ 1
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
Тармақша 1
1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;
Тармақша 2
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:
Тармақша 1
1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;
Тармақша 2
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;
Тармақша 3
3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;
Тармақша 4
4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;
Тармақша 5
5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;
Тармақша 6
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.
Тармақ 4
4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің
уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен
сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.
Тармақ 5
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
Тармақша 1
1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;
Тармақша 2
2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
Тармақ 6
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен осы бапта көзделмеген негіздер бойынша бас тартуға құқылы емес.
Бап 22-1
22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы)жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
Тармақ 2
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
Тармақ 3
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Бап 23
23-бап. Дауларды қарау тәртібі
Тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Бап 24
24-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 25
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.