О порядке перерасчета размера штрафов за административные правонарушения, совершенные на территории города Алматы, предусмотренные Кодексом Казахской ССР "Об административных правонарушениях" Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының аумағында жасалған, "Әкiмшiлiктiк құқық бұзушылық туралы" Қазақ ССР Әкiмшiлiк кодексiнде қарастырылған әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылық үшiн айыппұл көлемiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - II сайланған Алматы қалалық Мәслихатының IX сессиясының 04.04.2001 шешімімен.
" Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-1 Қазақстан Республикасының 3 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" (Алматы қаласының мәртебесi туралы мәселелер бойынша) 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 259-1 Заңының 1 тармағына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiктік құқықбұзушылық үшiн салынатын айыппұл көлемi әдеттегiдей азаматтар үшiн жетпiс айлық есептемелiк көрсеткiштен, ал лауазымды тұлғалар үшiн жүз айлық есептемелiк көрсеткiштен аспайтын болып белгiленсiн .
Тармақ 2
2. Жаңа редакциядағы әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексi қабылданғанға дейiн Қаз ССР АҚКК қарастырылған Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшілiктiк құқықбұзушылық үшiн айыппұл көлемi 63, 69, 86, 87, 88, 94, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 123, 124, 125, 127, 128, 129, 130, 131, 140, 141, 142, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 206-1, 206-2 баптарын қоспағанда, нақты сомада көрсетiлген айыппұлды қайта есептеудiң төмендегi тәртiбi бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1. егер айыппұлдың жоғары шегi мына көлемдерден:
- егер үш рубльден аспаса, ол қылмыс жасаған сәтте белгiленген бес айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiне тең болып саналсын;
- бес рубльден аспаса, ол қылмыс жасаған сәтте белгiленген айлық есептемелiк көрсеткiштiң үштен бiр көлемiне тең болып саналсын;
- он рубльден аспаса, ол құқықбұзушылық жасалған сәтте белгiленген бiр есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен кем болмауға тиiс;
- жиырма рубльден аспаса, ол екi айлық көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң үштен бiр көлемiнен кем болмауға тиiс емес;
- отыз рубльден аспаса, салынатын айыппұл көлемi үш айлық есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiнiң екiден бiрiнен кем болмауға тиiс;
- елу рубльден аспаса, ол төрт есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiнiң бiр көлемiнен кем болмауға тиiс;
- жүз рубльден аспаса, ол сегiз есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң екi көлемiнен кем болмауы тиiс;
- екi жүз рубльден аспаса, ол он екi есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң үш көлемiнен кем болмауы тиiс;
- үш жүз рубльден аспаса, он бес есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң бес көлемiнен кем болмауы тиiс;
- бес жүз рубльден аспаса, ол он сегiз есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң алты көлемiнен кем болмауы тиiс;
- жетi жүз рубльден аспаса, ол жиырма есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң он көлемiнен кем болмауы тиiс;
- сегiз жүз рубльден аспаса, ол жиырма екi есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң он үш көлемiнен кем болмауы тиiс;
- мың рубльден аспаса, ол жиырма бес есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң он бес көлемiнен кем болмауы тиiс;
- екi мың рубльден аспаса, ол жиырма жетi есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң он жетi көлемiнен кем болмауы тиiс;
- үш мың рубльден аспаса, ол отыз бес есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма екi көлемiнен кем болмауы тиiс;
- бес мың рубльден аспаса, ол қырық есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма бес көлемiнен кем болмауы тиiс;
- жетi мың рубльден аспаса, ол қырық үш есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма сегiз көлемiнен кем болмауы тиiс;
- он мың рубльден аспаса, ол қырық бес есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң отыз көлемiнен кем болмауы тиiс;
- жиырма мың рубльден аспаса, ол елу бес есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң отыз жетi көлемiнен кем болмауы тиiс;
- отыз мың рубльден аспаса, ол алпыс есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң қырық бес көлемiнен кем болмауы тиiс.
Тармақша 2
2. Егер айыппұлдың жоғары шегi:
- үш айлық есептемелiк көрсеткiштен аспаса, бес есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң бiр көлемiнен кем болмауы тиiс;
- бес айлық есептемелiк көрсеткiштен аспаса, сегiз есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң екi көлемiнен кем болмауы тиiс;
- жетi айлық есептемелiк көрсеткiштен аспаса, он есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң үш көлемiнен кем болмауы тиiс;
- он айлық есептемелiк көрсеткiштен аспаса, он бес есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң бес көлемiнен кем болмауы тиiс;
- он бес айлық есептемелiк көрсеткiштен аспаса, он сегiз есептемелiк көрсеткiшке тең болып саналсын, бұл жағдайда салынатын айыппұл көлемi айлық есептемелiк көрсеткiштiң сегiз көлемiнен кем болмауы тиiс.
Тармақша 3. ҚазССР ӘТК 42 бабы .
3. ҚКК баптары бойынша айыппұл көлемдерi бекiтiлсiн:
ҚазССР ӘТК 42 бабы .
Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиядан қорғау тәртiптерi мен нормаларын бұзғандығы үшiн азаматтарға он бес айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiне дейiн айыппұл салынады, бұл жағдайда салынатын айыппұл екi айлық есептемелiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс және лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiне дейiн айыппұл салынады, бұл жағдайда салынатын айыппұл төрт айлық есептемелiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.
📌 Ескерту. 3 тармақ толықтырылды - Алматы қалалық ІІ сайланған Мәслихатының VІ сессиясының 27.09.2000
шешімімен .
Қаз ССР ҚКК 63 бап
Суды ластау мен қоқыстау (оның iшiнде жер асты суы), су қоршауларында оның ластануын, топырақтың тозуын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын суды қорғау режимiн бұзғандығы үшiн,
- азаматтар үшiн он екi айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма-жиырма бес көлемiнде айыппұл салынады.
Кәсiпорындардың коммуналдық және басқа объектiлерi судың ластануы мен қоқысталуын немесе олардың зиянды ықпалын болдырмайтын құрылыс пен қондырғысыз пайдалануға бергендiгi үшiн,
- лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң отыз көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 69 бап
Ағаш пен бұтаны заңсыз шабу мен зақымдау, орман питомниктерi мен плантацияларында ағаш дақылдарын немесе көшеттердi, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдарды жаңадан егiлген өсiмдiктi жою мен зақымдағаны үшiн,
- азаматтар үшiн он екi айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң отыз көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 86 бап
Төңiрегi лас, сондай-ақ шу деңгейi белгiленген нормативтен асатын автомобиль құралдары мен басқа жылжымалы құрамды және аялдамаларды пайдаланғаны үшiн,
- азаматтарға ескертiледi немесе айлық есептемелiк көрсеткiштiң екi көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 87 бап
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау тәртiбiн бұзу, сондай-ақ осы қалдықтарды өртеу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы үшiн,
- азаматтар үшiн он айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-он бес көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 88 бап
Атмосфералық ауаны ластауы мүмкiн өсiмдiктердi, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қорғау құралдарын тасымалдау, сақтау мен қолдану тәртiбiн бұзғандығы үшiн,
- азаматтар үшiн он екi айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он бес-жиырма көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 94 бап
Мемтаукентехқадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп саласы мен объектiлерiнде қауiпсiз жұмыс жүргiзу бойынша тәртiптi, норманы және нұсқаулықты бiрнеше рет бұзғаны үшiн,
- азаматтар үшiн он бес айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң отыз бес көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Басатомқадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп саласы мен объектiлерiнде қауiпсiз жұмыс жүргiзу бойынша тәртiптi, норманы және нұсқаулықты бiрнеше рет бұзғаны үшiн,
- азаматтар үшiн он бес айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң қырық көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 96 бап
Электр және жылу жүйесiн ұқыпсыз ұстау, яғни жүйелi түрде өндiрiстiк қажеттiлiксiз жұмсау, электр қозғалтқыштарын, электр пештерi мен басқа электр-жылу қондырғыларын мақсатсыз пайдалану немесе жүктемесiн азайту немесе арматураның, құбыр өткiзгiштiң, пештiң және жылу пайдаланушы қондырғының ақаулығынан туындаған сығылған ауаның, су мен жылудың жүйелi ысырабы немесе энергия беретiн ұйымдардың рұқсатынсыз қызмет және басқа ғимараттарды жылыту үшiн электр энергиясын, сондай-ақ қарастырылмаған өндiрiстiк мақсаттарға пайдалану немесе электр энергиясын жарық беру үшiн жауапсыз пайдаланғаны үшiн,
- кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары, бас инженерлерi, бас энергетиктерi (бас механиктерi), мекемелер мен ұйымдардың әкiмшiлiк-шаруашылық ұйымдардың басшылары, цех бастықтары үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-он бес көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 97 бап
Тұтынушыларды электр энергиясымен қамсыздандыруда үзiлiс тудыруы, электр желiлерiнiң зақымдануы немесе халық шаруашылығына басқа залал келтiруi мүмкiн, кернеу 1000 вольттан асатын электр желiлерiн қорғау тәртiбiн бұзғаны үшiн,
- азаматтар үшiн екi-бес айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-он бес көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 98 бап
Тұтынушыларды электр энергиясымен қамсыздандыруда және халық шаруашылығына залал келтiрген кернеулiгi 1000 вольтқа дейiнгi электр желiсiн (iлулi тұрған, жер асты және су асты электр беру желiлерi, ажырататын және бөлетiн қондырғылар) зақымдағаны үшiн,
-азаматтар үшiн бес-он айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-он бес көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 99 бап
Мемлекеттiк газ қадағалау органдарының рұқсатынсыз газ пайдаланушы қондырғыларға газды жiберу немесе газдың бөлiнген қорын көбейту немесе газ тұтынудың белгiленген режимiн немесе газдың шығынының бекiтiлген нормасынсыз газ пайдаланушы қондырғылардағы тұтыну режимiн бұзу немесе осы шектi нормаларды көтергенi үшiн,
- кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары, бас энергетиктерi (бас механиктерi), кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, бiрлестiктер, кәсiпорындар қызметтерi мен цехтарының басшылары үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он бес-жиырма көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 100 бап
Газдың жану процесiн автоматты реттеу, газ пайдалану жобасында қарастырылған қондырғының болмауы немесе газ ысырабының есебiнсiз немесе газды пайдалана отыра өндiрiлген жылу энергиясы мен өнiмнiң есебiнсiз газ пайдаланушы қондырғыларды немесе газды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн жылуды қымтау қондырғысының немесе жылу-техникалық бақылау приборларының болмағаны үшiн,
- кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары, оның орынбасарлары, бас энергетиктерi (бас механиктерi), кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар бiрлестiктер, кәсiпорындар қызметтерi мен цехтарының басшылары үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма-жиырма бес көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 101 бап
Резервтiк отын шаруашылығы, газ тұтынушы кәсiпорын, бiрлестiк, мекеме және ұйым үшiн қарастырылған жұмысқа дайындықты қамтамасыз етуге шара қабылдамау немесе отынның белгiленген резерв түрiндегi жұмысқа газ пайдаланушы қондырғыны дайындықсыз пайдаланғаны үшiн,
- кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары, оның орынбасарлары, бас энергетиктерi (бас механиктерi), кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар бiрлестiктер, кәсiпорындар қызметтерi мен цехтарының басшылары үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма-жиырма бес көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 102 бап
Электр, жылу энергиясы немесе газды қаскөйлiк мақсат үшiн өз бетiмен пайдалану, елеулi залал келтiрмейтiн электр, жылу энергиясын немесе газды тұрмыста пайдалану тәртiбiн бұзғаны үшiн,
- азаматтар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-он бес көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 103 бап
Ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған егiс даласын улау, бүлдiру немесе жою, колхоздардың, совхоздардың және басқа мемлекеттiк шаруашылық қоғамдардың желектерiн малдың және құстың зақымдағаны үшiн,
- азаматтар үшiн бес есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он бес көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Осындай айыппұл салынғаннан кейiн жыл бойында ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған егiс даласын қайта улау, бүлдiру немесе жою немесе қайта зақымдағаны үшiн,
- азаматтар үшiн он есептемелiк көрсеткiшке, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 123 бап
Көлiк құралдарының тежегiш жүйесiнiң рольдiк басқарудың, тарту шынжыр қондырғысының ақаулығы мен жүргiзу, мемлекеттiк техникалық тексерiстен өтпеген немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталмаған болып саналғандығы үшiн,
- бiр айлық есептемелiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынады.
Көлiк құралдарын оған тыйым салынғаннан кейiн жүргiзу, ол мемлекеттiк нөмiрлiк белгiсiз жүргiзу немесе мемлекеттiк стандарт талаптарынан белгiнiң жекелеген элементтерiнiң ақауының барлығымен бiрдей болып саналғандығы үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiк екi-алты көлемiне дейiн айыппұл салынады немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айырылады.
Қаз ССР ҚКК 124 бап
Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң белгiленген қозғалыс жылдамдығын арттыру, бағдаршамның тыйым салу дабылына немесе реттеушi белгiсiнен өту, тыйым салынатын жол белгiлерi талаптарын және жол белгiлерiнiң талаптарын, қозғалыстың басымдығын беру туралы жолдың өтпелi бөлiгiнiң белгiсiнен өту, адамдарды тасымалдау, автокөлiктi басып озу, қоғамдық көлiк аялдамасы мен жүргiзушiлер жолынан өту, тәулiктiң қараңғы уақытында немесе нашар көрiнетiн жағдайда жарық приборларын пайдаланғаны үшiн,
- бiр айлық есептемелiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынады немесе ескерту жасалады.
Елеулi авариялық ахуалдың болуына алып келген осындай тәртiп бұзушылық, яғни қозғалыстың басқа қатысушыларын жылдамдықтарын, қозғалыс бағытын күрт өзгертуге немесе басқа азаматтардың жеке қауiпсiздiгі үшiн шаралар қабылдауға мәжбүр ету, сондай-ақ көлiктi тоқтату туралы милиция қызметкерлерiнiң талабын жүргiзушiнiң орындамағаны үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң екi-алты көлемiне дейiн айыппұл салынады немесе алты ай мерзiмге көлiк жүргiзу құқығынан айырылады.
Көлiк құралын тоқтату туралы милиция қызметкерiнiң талабы қолмен немесе таяқшамен белгi беру, ысқыру арқылы, сондай-ақ қатты дауысты қатайтатын қондырғымен бiлдiрiледi. Дабылдар жүргiзушiге түсiнiктi және оның авариялық ахуал жасамауы үшiн өз уақытында берiлуi тиiс.
Қаз ССР ҚКК 125 бап
Қалалар мен елдi мекендерде мотоциклдердiң және басқа көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысына кедергi келтiретiн немесе жол қозғалысына қауiп төндiретiн топтық қозғалыстарға қатысқаны үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынады немесе алты ай мерзiмге көлiк жүргiзу құқығынан айырылады.
Қаз ССР ҚКК 127 бап
Көлiк құралдарының, жүктiң жол және басқа да ғимараттардың зақымдалуын туғызған, Қаз ССР ҚКК 123-126 баптарында қарастырылған жол қозғалысы тәртiбiн көлiк жүргiзушiлерiнiң бұзуы немесе өздерi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жердi белгiленген тәртiптi бұза отырып тастап кеткенi үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң алты-сегiз көлемiнде айыппұл салынады немесе алты ай мерзiмге немесе алты айдан бiр жыл мерзiмге көлiк жүргiзу құқығынан айырылады.
Осындай салдар тудырған жол қозғалысы ережелерi көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң Қаз СС ҚКК 123, 126 баптарында қарастырылған басқа тәртiп бұзушылықтар үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң бiр-екi көлемiне дейiн айыппұл салынады немесе үш ай мерзiмге көлiк жүргiзу құқығынан айырылады.
Қаз ССР ҚКК 128 бап
Көлiк құралдарын мас күйiнде жүргiзу, көлiк құралдарын жүргiзу үшiн мас адамға беру, мастық жағдайын айғақтаудың белгiленген тәртiбiне сәйкес, одан өтуден жалтарғандығы үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма бес көлемiне дейiн айыппұл салынады немесе бiр жылдан үш жылға дейiн көлiк жүргiзу құқығынан айырылады.
Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адамдардың осындай әрекеттерi үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма сегiз көлемiнде айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 129 бап
Қаз ССР ҚКК қарастырылғандағыдан басқа жол қозғалысы тәртiбiн басқа да бұзушылықтар үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң екiден бiр көлемiнде айыппұл салынады немесе ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 130 бап
Жүргiзушiлердiң көлiк құралын жүргізу куәлiгiнсiз немесе жүргiзуге құқық беретiн уақытша рұқсатсыз тiркеу немесе басқа құжаттарсыз жүргiзуi көлiктiң тиiстi санатын басқаруға құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын жүргiзуiне тең болып саналады, ол үшiн,
- тәртiп бұзушылық жасалған сәтте белгiленген бiр айлық есептемелiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынады.
Көлiктiң, жүктiң, жол және басқа ғимараттың немесе басқа мүлiктiң зақымдалуын туғызған осындай тәртiп бұзушылық үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң екi-алты көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Көлiк құралын жүргiзу құқығы жоқ адамның көлiк құралын жүргiзуi көлiк құралын жүргiзу құқығы жоқ адамға берумен бiрдей болып саналады (белгiленген тәртiпке сәйкес көлiк құралын жүргiзетiн жағдайын қоспағанда) бұл үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң он сегiз көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Көлiк құралын, жүктi, жол және басқа ғимараттың немесе басқа мүлiктiң зақымдалуын туғызған осы баптың үшiншi бөлiгiнде қарастырылған тәртiп бұзушылық үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң он сегiз-жиырма көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Жүргiзушiлердiң жол қозғалысын реттейтiн дабылға бағынбауы, жолдың белгiленбеген орындарынан өтуi, сондай-ақ мапед пен велосипед жүргiзушiлерiнiң және жолды пайдаланатын тасымалдаушылар мен басқа адамдардың жол қозғалысын реттеу дабылына бағынбауы, тыйым салатын немесе бағдар сiлтейтiн жол белгiлерiнiң талаптарын сақтамағандығы үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi көлемiне дейiн айыппұл салынады немесе ескерту жасалады.
Авариялық ахуал жасауға алып келген жол қозғалысы ережесiнiң осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiп бұзушылықты жасаған адамдар үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң бiр-екi көлемiне дейiн айыппұл салынады немесе ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 140 бап
Кәсiпорынның мекеменiң, ұйымның көлiк құралдарын, машиналарды немесе механизмдердi терiс мақсатқа өз бетiмен пайдаланғандығы үшiн,
- азаматтар үшiн екi, лауазымды тұлғалар үшiн үш айлық есептемелiк көрсеткiштiң бес көлемiне дейiн, ал көлiк құралдарын жүргiзушiлер үшiн екi айлық есептемелiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынады немесе бiр жыл мерзiмге көлiк жүргiзу құқығынан айырылады.
Қаз ССР ҚКК 141 бап
Кәсiпорын, мекеме және ұйым көлiк құралдарын көлiкжайдан және осы мақсат үшiн бөлiнген күзетiлетiн арнайы тұрақтан тыс жердi немесе осы құралдарды жеке мақсатқа пайдалану үшiн жағдай жасайтын жүргiзушiлердiң оны үйде сақтағандығы үшiн,
-
жүргiзушiлерге ескерту жасалады немесе айлық есептемелiк көрсеткiштiң бiр-екi көлемiне дейiн айыппұл салынады немесе көлiк құралдарын сақтау мен пайдалануға жауапты лауазымды тұлғалар үшiн екi-бес көлемiне дейiн айыппұл салынады және ескерту жасалады.
Қаз ССР ҚКК 142 бап
Жолды, темiржол өткелдерiн және басқа да темiржол ғимараттарын немесе жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдарды зақымдау, бұл жол қозғалысы үшiн қасақана кедергi келтiру, оның iшiнде жол жамылғысын ластау арқылы, сондай-ақ әртүрлi құрылысты орнату немесе жасыл желектер отырғызу немесе өз уақытында кеспеу салдарынан жол қозғалысын реттеу құралдарының келуiн шектегендiгi үшiн,
- азаматтар үшiн бес-он айлық есептемелiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-он бес көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Жол-көлiк оқиғасына алып келген осы баптың бiрiншi бөлiгiнде қарастырылған тәртiп бұзушылық үшiн,
- азаматтар үшiн он-он бес айлық есептемелiк көрсеткiшке, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он бес-жиырма бес көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 152 бап
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдарды есепке алу, азаматтарға тұрғын-үй ғимаратын беру және есептен шығару тәртiбiн бұзғандығы үшiн,
- лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 153 бап
Тұрғын үй тұрғын ғимараттарға қоныстандыру мерзiмiн сақтамағандығы үшiн,
- лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң он көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 154 бап
Тұрғын үй ғимараттарын пайдалану, жалпы пайдаланатын орындарды, баспалдақ торларын, лифтiлердi, подъездердi, үй төңiрегi аумағын күтiп-ұстау тәртiбiн бұзғандығы үшiн,
- азаматтарға ескерту жасалып немесе бес айлық көлемде айлық есептемелiк көрсеткiштiң бес көлемiне дейiн, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң бес-он көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 155 бап
Тұрғын ғимараттарын, сондай-ақ пәтер жанындағы жазғы алаңдарды өз бетiмен қайта жабдықтау немесе қайта жоспарлау және оларды басқа мақсатқа пайдаланғаны үшiн,
- азаматтарға ескерту жасалады немесе айлық есептемелiк көрсеткiштiң отыз көлемiнде, лауазымды тұлғалар үшiн айлық есептемелiк көрсеткiштiң елу көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 156 бап
Азаматтардың тұрғын үй және қосалқы ғимараттардың және жер учаскелерi жүйесiне өз бетiмен қосылғандығы үшiн,
- азаматтарға ескерту жасалады немесе айлық есептемелiк көрсеткiштiң он көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Жыл бойында осындай iс-әрекеттер қайта жасағандығы үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң жиырма көлемiне дейiн айыппұл салынып, заңсыз орнатылған қондырғы немесе басқа зат тәркiленедi.
Қаз ССР ҚКК 157 бап
Азаматтардың шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарының ғимараттарын өз бетiмен салғандығы немесе жер учаскесiн өз бетiмен алғандығы үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң елу көлемiнде айыппұл салынып, заңсыз тұрғызылған құрылыс пен ғимарат кiнәлiнiң есебiнен бұзылады.
Қаз ССР ҚКК 158 бап
Аулаларды, көшелер мен алаңдарды тиiстi рұқсатсыз қазғандығы, олардың құрылыс материалдармен толтырғандығы, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шара қабылдамағандығы үшiн,
- лауазымды тұлғаларға ескерту жасалады немесе айлық есептемелiк көрсеткiштiң он көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 159 бап
Халық депутаттарының Алматы облыстық және Ленин қалалық Кеңестерi белгiлеген қалалар мен елдi мекендердi көрiктендiру, аумақтардағы санитарлық жағдай мен жасыл желектердi қорғау тәртiбiн бұзғандығы үшiн,
- азаматтарға ескерту жасалады немесе айлық есептемелiк көрсеткiштiң бес-он бес көлемiнде айыппұл салынады, лауазымды тұлғаларға ескерту жасалады немесе айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-жиырма бес көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Қаз ССР ҚКК 206-1 бап
Сәулет қала құрылысы қызмет саласындағы мемлекеттiк нормативтердiң заң актiлерi талаптарын бұза отырып орындалған iздестiру, жобалық, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағандығы және құрылыс материалдарын, бөлшектерiн қолданғандығы үшiн,
- айлық есептемелiк көрсеткiштiң он-елу көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Осы баптың бiрiншi бөлiмiнде қарастырылған әкiмшiлiктiк шара қолданылғаннан кейiн жыл бойында жасалған осындай әрекеттер үшiн жиырма-жетпiс айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiне дейiн айыппұл салынып, тиiстi қызмет түрi үшiн берiлген лицензиясы алынады.
Қаз ССР ҚКК 206-2 бап
Сәулет қала құрылысы қызметiнде мемлекеттiк нормативтер талабын бұза отырып аяқталған құрылыс объектiлерiн пайдалануға қабылдағандығы үшiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясының мүшелерiне жиырма-елу айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiне дейiн айыппұл салынады.
Тармақша 4
4. Қаз ССР ҚКК-ге сәйкес Алматы қаласы бойынша әкiмшiлiктiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлеттi органдар айыппұл түрiнде әкiмшiлiктiк шара қолдану кезiнде осы Шешiмде белгiленген көлемдердi басшылыққа алады.