Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.А. Коваленко) «Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау» 451-002-101 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Басқа 4. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулық
Әкімдіктің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 288 қаулысымен бекітілген Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулық Осы нұсқаулық кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аумақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Уәкілетті орган - «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - әлеуметтік көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аумақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмекті Уәкілетті орган көрсетеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін бір ай ішінде өтініш жасаса, төленеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың, басым тәртіп бойынша кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауды өтеуге құқығы бар.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 6
6. Өтініш беруші Уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметгік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банктегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) Уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) Уәкілетті органның кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі;
Тармақша 5
5) Уәкілетті органның кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) жолаушылар, теміржол көлігі (таксиден басқа) бойынша жолақы құжаттарының түпнұсқасы, немесе көрсетілген тасымалдау түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органмен қол қойылған және мөрмен растаған (оқу басталар алдындағы күндегі) жолақының бағасы туралы анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесі берген медициналық куәландырудан өткені туралы санитарлық кітапшасының көшірмесі және оны өтеу үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжаты.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдайды. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге, бас тартудың себептері көрсетіліп, жазбаша хабарланады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге Уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 12
12. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек шығынды өтеу үшін көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тамақтың - тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, айына екі айлық есептік көрсеткіш ;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген құжатпен расталған, медициналық куәландыру үшін;
Тармақша 3
3) тұру үшін - тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленғен, айына бір айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) аумақ шегінде оқу орнына баратын жолға осы нұсқаулықтың 8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған, жолақының бағасы.
Тармақ 14
14. Қостанай облысы бойынша Ұзынкөл ауданынан тыс жерлерғе кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға тұруға және оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті төлеу барлық оқу мерзіміне оқу аяқталған соң жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және қаржы органға қаржыландыруға жиынтық өтінім тапсырады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.