О порядке реконструкции (перепланировки) квартир, подвалов жилых домов и встроенных помещений под объекты предпринимательской деятельности на территории города Алматы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының аумағында пәтерлерді, тұрғын үйлердің жертөлелерін және қосарланған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектісіне арнап қайта жаңғырту (қайта жабдықтау) тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 23.08.2001 № 2/145 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуды жандандыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау жолында шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жайлы жағдай жасау, Алматы қаласын еркін кәсіпкерлік аймағына айналдыруға жәрдемдесу мақсатында, Алматы қаласының Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласының аумағында пәтерлерді, тұрғын үйлердің жертөлелерін және қосарланған жайларды кәсіпкерлік қызмет объектісіне арнап қайта жаңғырту (қайта жабдықтау) Тәртібі" бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Әкімінің 1996 жылғы 23 мамырдағы N 104 "Алматы қаласындағы пәтерлерді жаңғырту тәртібі туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.
Басқа 4
Алматы қаласы әкiмiнiң 1998 жылғы 24 қарашадағы № 1167 шешiмiне № 1 қосымша Алматы қаласының аумағындағы пәтерлердi, тұрғын үйлердiң жертөлелерiн және қосып салынған үй-жайларды кәсiпкерлiк қызмет нысандары үшiн реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1.1
1.1. Пәтерлердi, тұрғын үйлердiң жертөлелерiн және қосып салынған үй-жайларды кәсiпкерлiк қызмет нысандары үшiн реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) осы Тәртiбi кәсiпкердiң Алматы қаласының аумағындағы пәтерлердi, тұрғын үйлердiң жертөлелерiн және қосып салынған үй-жайларды кәсiпкерлiк қызметтiк әртүрлi нысандары үшiн реконструкциялауының (қайта жобалауының) жобасының жайын келiсудiң және бекiтудiң жиынтығын белгiлейдi.
Тарау 2. 2. Реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) жобасын келісудің тәртібі
2. Реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) жобасын келісудің тәртібі
Тармақша 2.1
2.1. Жайларды реконструкциялауға (қайта жобалауға) мүдделi жеке және заңды тұлғалар Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментiне өтiнiш жасайды. Өтiнiште мына мәселелер көрсетiледi: - өтiнiш берушiнiң тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi (егер өтiнiш заңды тұлғаның атынан берiлетiн болса, кәсiпорынның толық аталуы, бiрiншi басшының тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi, орналасқан жерi және телефоны көрсетiледi); - қайта жобаланатын үйдiң мекен-жайы және телефоны; - реконструкциялаудың (қайта жобалаудың) мақсаты.
Тармақша 2.2
2.2. Өтiнiшке мына мәселелер қоса берiледi: - үй-жайды иелену құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы (заңды тұлғалар үшiн) куәлiктiң көшiрмесi және куәлiктiң немесе патенттiң (жеке тұлғалар үшiн) көшiрмесi; - реконструкцияланатын (қайта жобаланатын) жайлардың иелерiнiң отбасы мүшелерiмен қоса олардың келiсуiмен нотариалды куәландырылған қолхат; - реконструкцияланатын (қайта жобаланатын) жайлардың жобасы (бар болғанда); 📌 Ескерту. 2.2. тармақ өзгертілді - Алматы қаласы әкімінің 14.04.2000 № 374 шешімімен. - ғимараттар мен конструкциялардың төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi жетекшi институттың қорытындысы.
Тармақша 2.3
2.3. Сәулет және қала құрылысы департаментi өтiнiш иесiнiң құжатын қарастыруды, жобаға талдама жасайды және оған қорытынды шығарады.
Тармақша 2.4
2.4. Сәулет және қала құрылысы департаментiнiң қорытындысын алған соң өтiнiш иесi "Алматықаламемсәулетқұрылысинспекциясынан" жұмысты жүргiзу үшiн рұқсат алуы мiндеттi.
Тармақша 2.5
2.5. Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасын әзiрлеу үшiн өтiнiш берушiлер архитектура және қалақұрылысы Департаментiнде архитектура-жоспарлау тапсырмасын алуы керек (АЖТ). Үй-жайды қайта жаңғырту (қайта жоспарлау) жобасы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiпте өкiлеттi органдармен келiсiлуi қажет. 📌 Ескерту. 2.5. тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімінің 14.04.2000 № 374 шешімімен.
Тармақша 2.6
2.6. 📌 Ескерту. 2.6. тармақ алып тасталды - Алматы қаласы әкімінің 14.04.2000 № 374 шешімімен.
Тарау 3. 3. Үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жобалауды) жүзеге асыруды бақылау.
3. Үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жобалауды) жүзеге асыруды бақылау.
Тармақша 3.1
3.1. Объектiлердi реконструкциялауды (қайта жобалауды) жүзеге асырудың сапасын бақылауды және оны пайдалануға қабылдауды "Алматықаламемсәулетқұрылысинспекциясы" қамтамасыз етедi.