Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к юридическим лицам, осуществляющим деятельность по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 1270 қаулысымен бекітілген Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
Тармақша 1
1) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі техникалық жоба мен технологиялық регламенттің;
Тармақша 2
2) мақта тазалайтын зауытта: кемінде бір мақта қабылдау пунктінің; шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтардың; талшықты мақта байламынан сынамалар түзуге арналған құрылғының; таразы жабдықтарының; желдеткіш жабдықтардың; тиеу-түсіру техникасының (жабдықтардың); мақта сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың; мақтаны сақтау үшін арнайы бөлінген орынның;
Тармақша 3
3) мақта тазалайтын зауыттан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пунктінде: шитті мақтаны жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның; таразы жабдықтарының; желдеткіш жабдықтардың; шитті мақтадан сынамалар алуға және сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтардың; тиеу-түсіру техникасының (жабдықтардың);
Тармақша 4
4) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалайтын зауыттан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пунктінде өткізу режимінің;
Тармақша 5
5) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуын қамтиды.