О внесении дополнений в Правила предоставления услуг телеграфной связи Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну ережелеріне толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғарғы Үкіметтік" және "Үкіметтік" санаттағы жеделхаттарды жіберу құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы N 785 қаулысына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну ережелеріне толықтырулар енгізілсін (Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 бұйрығы):
Тармақша 1
1) 2.4. тармақ мынадай мазмұнды бесінші абзацпен толықтырылсын - "Қазақстан Республикасының Президенті";
Тармақша 2
2) 2.5. тармақтың екінші абзацы "санаттағы" сөздерінен кейін және бұдан әрі мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Президенті" сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықты заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақтелеком" ААҚ президенті (Н.З. Сақыпов), РМПБК бас директоры (Е.Р. Әшкенов), "Қазақстан темір жолы" РМК бас директоры (А.И. Мырзахметов) осы телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну бойынша барлық жұмыс орындарын көрсетілген Ережелердегі толықтырулармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Почта және телекоммуникациялар жөніндегі департаментке (А.Қ. Нәсиев) жүктелсін.