Об образовании Комиссии по вопросам обеспечения безопасности дорожного движения в Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысында Жол қозғалысының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасында жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 12), 21) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасында жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 1 хаттамасының 15 - тармағын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Э.В.Огайға жүктелсін.
Басқа 5. Шығыс Қазақстан облысында Жол қозғалысының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2005 жылғы 6 желтоқсандағы
N 471 қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысында Жол қозғалысының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысында Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия(бұдан әрі - Комиссия), Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Їкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) қызметін үйлестіру мен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін қарау;
Тармақша 2
2) жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде заңнаманы және басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ұсыныстар жасау.
Тармақ 4
4. Ґзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жол қозғалыстарының қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешуде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және қоғамдық бірлестіктерге ақпараттық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысында автомобиль көлігімен болатын апаттың алдын алу және апаттың себептерін зерттеу бойынша жұмыс жағдайын қарау;
Тармақша 3
3) жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдау;
Тармақша 4
4) көлік апатын азайту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар, жобалар мен іс-шаралар өңдеуде және іске асыруда басымдықтарды анықтау және ықпал ету;
Тармақша 5
5) жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өңірлік бағдарламалар өңдеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралар анықтау мен іске асыруда жергілікті атқарушы органдарға ықпал ету және көмек көрсету;
Тармақша 6
6) автомобиль көлігі апатының алдын алу бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер ұсыныстарын қарау;
Тармақша 7
7) жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңестер, конференциялар, көрмелер әзірлеу мен өткізуге, қабылданған ұсынымдарды іске асыруға ықпал ету;
Тармақша 8
8) облыста жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін жағдайлар жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Тармақ 3
Тармақ 5
5. Жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен (келісім бойынша) өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 2
2) жол қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
Тармақша 3
3) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың мемлекеттік органдары, ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктері (келісім бойынша) өкілдерін Комиссия отырысына шақыру және тыңдау;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан сұрау және алу;
Тармақша 5
5) уақытша және тұрақты әрекет ететін сарапшы және жұмыс топтарын ұйымдастыру.
Тармақ 4
Тармақ 6
6. Комиссияны оның жұмысына басшылық жасайтын төраға басқарады, ол отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылау жасайды және жүзеге асырылатын қызметке жауап береді. Ол жоқ болған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 8
8. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерін оның жұмысы туралы хабарландырады, Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлейді, қажетті материалдар жинауды жүзеге асырады және отырыстар өткізілгеннен кейін хаттамалар ресімдейді.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, оның мүшелерінің үштен екісінен аз болмаса, тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын Комиссия төрағасы, ал ол жоқ болған кезде - Комиссияның қарауына енгізілетін ұсынылған материалдар негізінде төраға орынбасары шақырады.
Тармақ 11
11. Комиссия шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және де егер Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысушыларының жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеліп, хаттамамен ресімделеді. Егер дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Хаттамаға Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатқа ие болады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ерекше пікір білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде беріліп, хаттамаға тігілу керек.
Тармақ 12
12. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өту орны мен уақытын Комиссия төрағасы анықтап, белгілейді. Комиссия Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне кемінде жарты жылда бір рет өз қызметі туралы есептік ақпарат береді.
Тармақ 5
Тармақ 13
13. Комиссия қызметін тоқтатуға негіздер болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) Комиссияға жүктелген міндеттердің аяқталуы;
Тармақша 2
2) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе өзге комиссияны құру;
Тармақша 3
3) Комиссия міндеттерін орындатпайтын немесе оларды орындауды мақсатқа сәйкес келтірмейтін өзге де жағдайлар.
Шығыс Қазақстан облысы ішкі
істер департаментінің бастығы