О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы Шығыс Қазақстан облысында "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша нақты жұмыс жүргізілуде. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда оны кезең-кезеңмен іске асыру жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, бекітілді. Қазақстан Республикасында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарын белгілеу шеңберіндегі облыстық іс-шаралардың тиісті жоспары әзірленді. Облыс деңгейінде және барлық өңірлерде аталған Заң көрінісіндегі мүгедектерді оңалтудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің кеңейтілген семинар-мәжілістері өткізілді. 2004 жылдан бастап жұмыс істейтін Мүгедектер істері жөніндегі облыстық кеңестің рөлі жоғарылады. Барлық жерлерде әлеуметтік мониторинг өткізіліп, мүгедектердің электрондық дерекқоры қалыптастырылды. 2005 жылғы 15 қарашадағы жағдайда облыста барлық санаттағы мүгедек 48544, оның 1 топтағы мүгедектер - 4910 адам, 2 топтағы мүгедектер - 24163 адам, 3 топтағы мүгедектер - 14490 адам, мүгедек балалар - 4981 адам. Облыста екі протез-ортопедиялық орталық - Өскемен қаласында және Семей қаласында жұмыс істейді. 2005 жылы протез-ортопедиялық көмек көрсетуге республикалық бюджеттен сомасы 66,8 млн.теңге трансферттер бөлінді, бүгінгі таңда 62,6 млн.теңгесі игерілді, 3402 бұйымдар жасалды. 2005 жылы 625 есту аппараттары, оның 115 - балаларға арналған жалпы сомасы 9550550 теңге, 622 мобильдік телефон, 107 көпфункционалды дабыл жүйелері, 40 телефакс, 92 тифлоплеер, 300 таяқша, Өскемен және Семей қалаларының соқырлар қоғамы үшін 2 оқитын және жазатын машиналар, нашар көретін мүгедектер үшін 275 сағат жалпы сомасы 18705550 теңгеге сатып алынды. Мүгедектерге жалпы сомасы 7660,0 мың теңгеге 213 мүгедек арбашалары сатып алынып, берілді. Мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар қабылдануда. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін 2006 жылға арналған жұмыс орындар квотасын белгілеу бойынша дайындық жұмысын жүргізуде. Облыстағы 48544 мүгедектердің ІІІ топтағы мүгедектері - 14490 адам, бұл 30 пайызды құрайды. Барлық санаттағы мүгедектерді медициналық оңалту бойынша жұмыс жандандырылды. 2005 жыл ағымында облыстың емдеу-алдын алу мекемелерінің стационарларында 1866 Ұлы Отан соғысының ардагерлері емделді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері амбулаторлық емделу үшін 4001959 теңге сомаға дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламасы әзірленіп, қолданылуда. Облыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары барлығы 5248 мүмкіндігі шектеулі балаларды есепке алды, оның ішінде 1972 балаға психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысына сәйкес әлеуметтік қызметшілер үйде қызмет көрсетеді. Осындай барлығы 17 әлеуметтік көмек бөлімдері жұмыс істейді, онда 372 әлеуметтік қызметші жұмыс істеуде. 1262 мүмкіндігі шектеулі балаларға, оларды тәрбиелеуге және оқытуға 63,4 млн. теңге сомаға материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қоса "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы толық көлемде іске асырылмауда. Облыс орталығында және облыс қалаларында соқыр мүгедектер үшін дыбыс дабылымен бағдаршамдарды орнату мәселелері шешілген жоқ, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, автотұрақтарға мүгедектердің қолжетімділігі барлық жерлерде бірдей қамтамасыз етілмеуде. Ақпараттық ресурстарды тұтынушылықтарында ерекшелігі бар азаматтардың неғұрлым толық қамтуы мақсатында жергілікті теледидар арналарында сурдоаудармасы бар немесе "жүгірме жолмен" қайталанатын арнайы бағдарламаларды ұйымдастыру мәселесін қарастыру қажет. Білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары органдары азаматтардың тұтынушылықтарында ерекшелігі бар адамдарда шыдамдылықты тәрбиелеу мәселелеріне жеткілікті белсенді тартылмауда. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары 2006 жылғы бірінші тоқсан ағымында әкімшілік ғимараттарға пандустарды орнату бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті (А.С. Шерубаев):
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі қосымша шараларды қабылдасын;
Тармақша 2
2) тұтынушылықтарында ерекшелігі бар азаматтарға, оларды әлеуметтік, кәсіби және медициналық оңалту үшін қажетті жағдай жасасын;
Тармақша 3
3) 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекітсін;
Тармақша 4
4) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау, әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі актілерді қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (Н.Ф. Реутов), сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің күрделі құрылыс басқармасы (Н.Т. Уранхаев), жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (О.А. Поворотов) жаңа шағынаудандар мен елді мекендерді, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды, жолдарды жобалағанда және салғанда мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қаражаттар мен қажетті техникалық жағдайларды көздесін.
Тармақ 4
4. Өскемен (А.М. Быстров), Семей (Н.С. Омаров), Риддер (Ш.С. Буктугутов), Зырян (А.М. Барбашов) қалаларының, Шемонаиха ауданының (Г.И. Акулов) әкімдері:
Тармақша 1
1) 2006 жылғы бірінші жартыжылдық ағымында көп көлік құралдары жүретін автомагистральдарда тұтынушылықтарында ерекшелігі бар азаматтар үшін ілесе дыбыстайтын дабылдарымен арнаулы бағдаршамдардың, дыбыс құралдарымен қамтылған жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге орнатылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) көшелерде, жаяусоқпақтарды және адамдар көп жиналатын жерлерде күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, жол қиылыстарын, жаяу жүргіншілер өтетін жерлерді, жаяусоқпақтарды арбашадағы мүгедектердің жылжуы үшін ықтимал төмен түсу жерлермен жабдықтасын.
Тармақ 5
5. Ішкі саясат департаменті (Б.Г. Нургазиева) облыстық телерадиокомпанияның ақпараттық бағдарламаларын бергенде сурдоаударманы ұйымдастыру туралы мәселені қарасын.
Тармақ 6
6. Ішкі саясат департаменті (Б.Г. Нургазиева), Білім департаменті (С.И. Ферхо), Дене шынықтыру және спорт басқармасы (М.О. Музапаров), Мәдениет басқармасы (Т.Т. Тусипбеков) халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі білім бағдарламаларына, мәдениет, спорт іс-шараларына қатысуға мүгедектерді тарту жөніндегі жұмысты жандандырсын. Тұтынушылығында ерекшелігі бар адамдарда шыдамдылықты тәрбиелеудің түрлері мен әдістерін жетілдірсін, осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншілігін кеңінен пайдалансын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.