О правилах присвоения звания «Почетный гражданин Целиноградского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру ережелері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес аудандық мөслихат ШЕШТІ: «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережелері бекітілсін. КЕЛІСІЛДІ Аудан әкімі Т.Жангуразов «9» 11 2005
Басқа 1
Бекітілді аудандық мәслихаттың шешімімен «Целиноград ауданының күрметті азаматы» атағын беру туралы» 09.11.2005 жыл №134/19-3 «Целиноград ауданының күрметті азаматы» атағын беру Ережелері
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Тармақ 1
1. «Целиноград ауданының құрметті азаматы атағы еңбек еткен уақытында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан, еңбекке мінсіз және ізденушілікпен қатысу арқасында аудан түрғындарының қүрметіне ие болып, кеңінен танымал болған, қоғамдық жұмысқа белсенді араласқан, жоғарғы мемлекеттік наградалармен марапатталған және ауданда 25 жылдан артық еңбек еткен Целиноград ауданының тұрғындары және тумаларына беріледі.
Тармақ 2
2. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағы аудан әкімшілігінің ұсынылымы бойынша аудандық мәслихаттың шешімі арқылы беріледі.
Тармақ 3
3.«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы өтінішті сәйкестік негіздеу мен мінездеме мен ауылдық округтердің әкімдері ұсынуы мүмкін, ауылдық жиынының, өндірістік ұжымның жиналысы, мемлекеттік мекемелердің, және бұқаралық ұйымдардың шешімдері бойынша.
Тармақ 4
4. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру жағдайлары ұлттық және мемлекеттік мейрамдарға сәйкестеледі.
Тармақ 5
5. Целиноград ауданының құрметті азаматына куәлік, құрметті диплом және белгі тапсырылады.
Тарау 2. 2. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы
2. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» дипломының сипаттамасы
Тармақ 6
6. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» дипломы тығыз ақ қағаздан жасалады. Бірінші бетінде мемлекеттік тілде: «Целиноград ауданының құрметті азаматы» дипломы деп жазылады. Дипломның ішкі жақтарында: Қазақстан Республикасына түрлі-түсті бейнесіндегі гербі мен «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихатының шешімінің мәтіні мемлекеттік тілде.
Тарау 3. 3. Целиноград ауданының кұрметті азаматы» белгісі туралы
3. Целиноград ауданының кұрметті азаматы» белгісі туралы
Тармақ 7
7. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» белгісі Қазақстан Республикасының жалауы түсінде болған темірден жасалады. Белгіге «Целиноград ауданының құрметті азаматы» деп жазылады.
Тарау 4. 4. Берілетін көмектің мөлшері мен реті
4. Берілетін көмектің мөлшері мен реті
Тармақ 8
8. Целиноград ауданының құрметті азаматына аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жылына бір рет 10,0 (он) мың теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем беріледі. Ауданның құрметті азаматы аудандық мәслихаттың сессиясына, кеңесші дауыспен, Қазақстан Республикасының мерекелік күндерге ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған аудандық ресми шараларға қатысуға құқығы бар.
Тарау 5. 5. Целиноград ауданының құрметті азаматтарын тіркеу
5. Целиноград ауданының құрметті азаматтарын тіркеу
Тармақ 9
9. Целиноград ауданының құрметті азаматтарын «Құрмет кітабына» тіркеледі.
Тарау 6. 6. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру
6. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру
Тармақ 10
10. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағынан айыру аудандық мәслихат арқылы келесі жағдайларда жасалады:
Тармақша 1
1) заңдық жолмен сот үкімімен істеген қылмысы үшін сотталған азаматтар;
Тармақша 2
2) «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағын беру үшін ұсынған ұжымның ұсынысы мен құрметті азамат атағына кір келтірген істері үшін.
Тармақ 11
11. «Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағынан айырылған тұлға аудандық мәслихатқа Дипломды, куәлікті және Белгіні қайтарады.