Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Егиндыкольского района Қолданыста
Басқа 0
Егіндікөл ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 3-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының, «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының негізінде, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Беріліп отырған Егіндікөл ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ С26-6 шешімімен бекітілді
Егіндікөл ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Егіндікөл ауданы аумағында үй жануарларын, атап айтқанда мысықтарды, иттерді ұстауды белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ережелер меншік түріне қарамастан мысықтар мен иттер ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Мысықтар мен иттерді ұстау
2. Мысықтар мен иттерді ұстау
Тармақ 4
4. Жануарлардың иелері үй жануарларын ұстаудың санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін сақтаулары тиіс.
Тармақ 5
5. Иттерді аулада ұстаған кезде, иелері олардың қашып кетуіне жол бермеуге және оларды көршілердің ауласынан алшақ ұстауға міндетті. Аулаға кіре берісте ит бар екендігі жөнінде ескертпе жазу болуы керек. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Бірақ ол көршілер наразылығын тудырмауы қажет.
Тармақ 6
6. Иесі дүкендер мен аурухана маңдарына уақытша байлап кеткен жануарлардан басқа иесінің ертуінсіз қоғамдық орындарда жүрген иттер, мысықтар, басқа да жануарлар қадағалаусыз деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда иесіз өз бетімен жүрген иттер ауланады. Сол сияқты қадағалаусыз жүрген үй жануарлары да ауланады.
Тарау 3. 3. Жануарлар қожайындарының міндеттері
3. Жануарлар қожайындарының міндеттері
Тармақ 8
8. Жануарлар қожайындарының міндеттері:
жануарларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгіну;
жануарларды осы Ереже талаптарына сай қалыпта ұстауды қамтамасыз ету;
қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық ережелерді сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
жалпы пайдаланылымдағы және басқа да қоғамдық орындарды ластауды болдырмау;
жануарлар адамдарды немесе иесін тістеп алған жағдайда ол жөнінде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, оларды қарау және оқшаулау үшін жануарларды мемлекеттік ветеринарлық кызметке апару;
жануарлар өлген жағдайда ветеринарлық мамандарға хабарлауға
міндетті, өлексесін лақтыруға немесе жерге көмуге тыйым салынады, өлекселерді арнайы белгіленген орындарға шығарады және оларды жағу жолымен жояды.
Тармақ 9
9. Жануарлардың иелері паразитті насекомдар мен кемірушілердің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдауға, жануарлар мен құстарды қараусыз қалдырмауға міндетті.
Тармақ 10
10. Жануарлардың иелері белгіленген мерзімдерде міндетті ветеринарлық және жануарлардың жұқпалы ауруларын жою іс-шараларын өткізуге, жануарларды оқшаулау режимін сақтауға міндетті.
Тарау 4. 4. Жануарлар қожайындарының Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктері
4. Жануарлар қожайындарының Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктері
Тармақ 11
11. Осы Ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 310, 311-баптарына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Ветеринария туралы заңнамаларды төмендегі түрде бұзғандары үшін: ауру жануарларды жою жөніндегі міндетті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізуден бас тарту;
ауру жануарларды тарату;
жануарларды өсіру кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамау;
ветеринария облысындағы өзге де эпизоотия немесе басқа да аурулар таратылмаған жағдайда, сондай-ақ жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың эпизоотиямен күрес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзу жағдайында азаматтар мен лауазымды тұлғаларға заңдарға сәйкес айыппұл салынады.
Айыппұл салу туралы қаулыны аудандық ішкі істер бөлімінің немесе ветеринарлық қызметтің өкілі жазады.
Тармақ 12
12. Материалдық залал келтірілген жағдайда жәбірленуші оның орнын толтыру үшін сотқа жүгінуге құқылы.