Об усилении контроля за качеством товаров потребительского рынка области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың тұтыну рыногында тауарлардың сапасына бақылау жасауды күшейту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 51 шешімімен.
Халықтың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қатер тудыратын сапасыз тауарлардың өтіп кетуінен облыстың тұтыну базарын қорғау мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
"Стандарттау және сертификаттау туралы" және "Өлшемдер бірлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субьектілердің сөзсіз орындауы жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын, тиісті сертификатсыз тауар сату және мемлекеттік тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану фактілеріне жол бермесін;
базар басшыларына өлшем құралдарын прокатқа беру пунктін ұйымдастыруға және сату орындарын жалға алушыларға, сататын өніміне тиісті сертификаттары болған жағдайда ғана беруге ұсыныс жасасын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы бойынша кеден басқармасына міндетті түрде сертификаттауға жатқызылған тауарларды кедендік тазартудан өткізуді, декларанттарда облысқа әкелінетін өнімдерге Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты болған жағдайда ғана аяқтау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстың бақылау-қадағалау қызметтері, "Стандарттау метрология және сертификаттау орталығы" Қостанай мемлекеттік кәсіпорны облысқа әкелінетін өнімдердің сапалығына және қауіпсіздігіне, сәйкестілік сертификатының барлығына бақылау жасауды күшейтсін, тәртіп бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Әшімовке жүктелсін.