О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысында : көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: 2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім): Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тізбесінде: "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 369-жолда: 5-бағанда "8020100" деген сандар "8190100" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағанда "6350000" деген сандар "6520000" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 373-жолда: 7-бағанда "1084228" деген сандар "914228" деген сандармен ауыстырылсын; 10-бағанда "6299422" деген сандар "6469422" деген сандармен ауыстырылсын; "Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда: 10-бағанда "28033393" деген сандар "28203393" деген сандармен ауыстырылсын; "Барлығы" деген жолда: 10-бағанда "122279535" деген сандар "122449535" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында : көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында: 233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" әкімшісі бойынша: "028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: "028 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 11458600 оның ішінде инвестициялық жобаларға: Астана қаласының сол жақ жағалау аумағының құрылысын топырақты сулардың басуынан инженерлік қорғау, дренаж, деңгейін төмендету 57000 Астана қаласында Талдыкөл сарқынды су жинақтаушысын қалпына келтіріп жою (1 және 2-кезектері) 6520000 Нөсер кәрізі жүйесін дамыту 914228 Астана қаласындағы жобаланатын және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне инженерлік желілер мен жолдар салу 1767372 Алматы қаласындағы жобаланатын және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне инженерлік желілер мен жолдар салу 2000000 Алматы қаласындағы жаппай жеке құрылыстар жүріп жатқан аудандарда су құбырларының кәріз желілері мен құрылыстарын салу және қайта жаңарту"; 200000
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысында : көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында: 2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім): "2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген кестеде: "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 310-жолда: 6-бағанда "7862116" деген сандар "8139530" деген сандармен ауыстырылсын; 10-бағанда "46516884" деген сандар "46239470" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 314-жолда: 6-бағанда "1309100" деген сандар "914228" деген сандармен ауыстырылсын; 10-бағанда "11375322" деген сандар "11770194" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.