О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысында : көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: "2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тізбесінде: "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 381-жолдың 5, 7-бағандарындағы "200000" деген сандар "340892" деген сандармен ауыстырылсын; "Бағдарлама бойынша жиыны:" деген жолдың 7-бағанындағы "30646573" деген сандар "30787465" деген сандармен ауыстырылсын; "Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 427-жолда: 5-бағандағы "2499806" деген сандар "2477618" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "750000" деген сандар "971901" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "1749806" деген сандар "1505717" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 428-жолдың 5, 7-бағандарындағы "500000" деген сандар "137207" деген сандармен ауыстырылсын; "Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда: 7-бағандағы "6228472" деген сандар "6087580" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "6647420" деген сандар "6403331" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында : көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесінде: 12 "Көлік және коммуникациялар" функционалдық тобында: 215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі" әкімшісі бойынша: 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көлік жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында: "Астана қаласында Абай даңғылының жалғасуында Ақ Бұлақ өзені арқылы автожол көпірін салу" деген жолдағы "200000" деген сандар "340892" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласында 12 және Гастелло көшелерінің қиылысында көлік айырығын салу" деген жолдағы "750000" деген сандар "971901" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласында "Әуежай-Қарағанды" трассасының (қашықтығы 16 км) айналыс жолын салу" деген жолдағы "500000" деген сандар "137207" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 33, 458-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында: "2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердің есебінен қаржыландырылатын басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2006-2008 жылдарға арналған тізбесінде: "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 319-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 325-жолда: 6-бағандағы "750000" деген сандар "971901" деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағандағы "1727618" деген сандар "1505717" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 327-жолдың 5, 7-бағандарындағы "820000" деген сандар "1182793" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.