Об усилении охраны рыбных запасов в период нереста Күшін жойған
Басқа 0
Балық қорын уылдырық шашу кезеңінде қорғауды күшейту туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 3, 14, 19, 20 және 24-баптары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру ережесін бекіту туралы» 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысы негізінде Орал өзенінде және облыстық басқа да сутоған балық шаруашылықтарында уылдырық шашу кезеңінде балықтарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1. Штаб мүшелері:
1. Облыстың сутоған балық шаруашылықтарында уылдырық шашу кезеңінде балық қорларын қорғау шараларын іске асыруға қатыстырылатын жергілікті атқарушы органдар мен қызметтердің жұмысын үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық штаб мына құрамда құрылсын:
В.А. Алексеев - облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы
Ж.М. Тубетов - облыстық мемлекеттік балық қорларын қорғау
және балық аулауды реттеу қызметінің бастығы,
штаб бастығының орынбасары
И.И. Әубәкіров - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары,
штаб бастығының орынбасары
Штаб мүшелері:
Б.Д.Жексенов – облыстық ішкі істер басқармасының балық қорына қылмысты
қол сұғушылықпен күресу жөніндегі су полициясы бөлімінің
бастығы
С.Қ.Құспанов – облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы бастығының
орынбасары
В.И.Маковский – облыстық жол полициясы басқармасының бастығы
В.П.Неелов – облыс әкімі орынбасарының кеңісшісі
К.А.Сәрсенғалиев – ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін қорғауды, өсіруді, пайдалануды
мемлекеттік бақылайтын облыстық инспекцияның бастығы
А.М.Таран – облыстық кеден басқармасының контрабандамен және кеден
ережесін бұзушылармен күресу жөніндегі бөлім бастығы
Тармақ 2
2. Орал қаласының, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Қазталов және Теректі аудандарының әкімдері осындай (қалалық, аудандық) үйлестіру топтарын құрсын, олардың облыстық штабпен өзара әрекеттестігін және балық қорғау шараларын жүзеге асыруға, балық қорғау органдарына көмек көрсетуге байланысты барлық мәселелерді тұрақты түрде оперативті қарап отыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық штаб, қалалық және аудандық үйлестіру топтары Орал өзенінде және басқа да облыстың сутоғандарында балық қорын қорғау жөнінде шаралар жасап бекітсін. Жергілікті атқарушы органдар мен балық қорғауға қатыстырылатын арнайы өкілетті қызметтердің және жұртшылықтың әрекеттестігін, жұмыстарын үйлестіріп отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Улдырық шашу кезеңінде Орал өзенінде қосалқы сутоғандарында жыл сайын 10 сәуірден 15 мамырға дейін, ал басқа сутоғандар 1 мамырдан бастап 15 маусымға дейін ғылыми реттеу мақсаттарынан басқаға балықтың барлық түрін аулауға, сондай-ақ қорғалатын сутоған аймақтарында көлік құралдары мен басқа да техникалық құралдардың болуына тыйым салынсын.
Балық қорғау органдары, көліктерді бақылау комитеті басқармасы уылдырық шашу кезеңінде жүзу құралдарының қозғалысын заңда белгілегенге сәйкес шектеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық мемлекеттік балық қорғау қызметі, облыстық ішкі істер басқармасы, қала мен аудандар әкімдері жыл сайын 10 сәуірге дейін балық қорғау мемлекеттік инспекторларынан, су және жол полициясы қызметкерлерінен және қоғамдық инспекторлардан оперативтік ұтқыр топтар құратын болсын.
Көлік магистралдарында және браконьерлер жүретін жолдарда ұтқыр топтар мен тұрақты постылардың жұмысын ұйымдастырсын;
браконьерліктің жолын қию, уылдырық шашу кезеңінде заңсыз ауланған балықтарды тартып алып, оны белгіленген сауда орындарына тапсыруды қамтамасыз етсін:
уылдырық шашу кезеңінде Орал өзенінің арнайы балык шаруашылығы аймақтарында балық қорғау органдарының келісімінсіз қандайма болмасын жұмыстар жүргізіге тыйым салынсын.
Тармақ 6
6. Қала мен аудандар әкімдері балық қорғау органдарымен бірлесіп:
Орал қаласында, аудан орталықтарында және басқа елді пункттерде тартып алынған балық өнімдерін қабылдап алу және сату жөніндегі сауда нүктелерін белгілесін және оны жыл сайын 10 сәуірге дейін облыстық штаб пен салық органдарының тізіміне беріп отырсын;
балық бірінші кезекте мүгедектерге, соғысқа қатысушылар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға сату қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Облыстық балық қорғау қызметі тартып алынған балық пен балық өнімдерін сату үшін ең аз мөлшерде бөлшек сауда бағасын табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау облыстық комитеттерімен келіссін және оны аудандарға, мүдделі ұйымдарға дейін жеткізетін болсын;
Тартып алынған балық өнімдерін сату үшін сауда ұйымдарымен шарт жасассын.
Тармақ 8
8. Браконьерлерден тартып алынған балық өнімдерін сататын сауда- делдалдық ұйымдар түскен қаржыны 15 күн мерзім ішінде Орал қаласындағы облыстық қазынашылық басқармасындағы айналадағы ортаны қорғау облыстық қорының № 000080400 (төлем қоды 205103) есеп шотына аударсын және мұнда салық комитетінің тиісті РНН-ы, салық органдары мен айналадағы ортаны қорғау қорының жазбалай хабары қоса көрсетілетін болсын.
Тармақ 9
9. Облыстық салық комитеті, айналадағы ортаны қорғау қоры, арнайы өкілетті органдар заңсыз өндірілген балық өнімдерінен түскен қаржының, балық аулау құралдарының, сондай-ақ табиғат қорғау заңын бұзғаны үшін салынған айып-пұлдардың және келтірілген зиянның орнын толтыру үшін түскен сомалардың айналадағы ортаны қорғау қорына дер көзінде және толық түсуін қатаң бақылайтын болсын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы, айналадағы ортаны қорғау қоры балықтың бағалы түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде балық қорғау шараларының жүргізілуін дер кезінде қаржыландарып отырсын.
Тармақ 11
11. Облыстық балық қорғау қызметі, облыстың ішкі істер басқармасы балық өнімдерін тартып алу, ресімдеу, сату және есепке алу істерінде белгілеген заң тәртіптерінің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндалып жариялансын.
Тармақ 13
13. Орал қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық балық қорғау қызметі, облыстық ішкі істер басқармасы, облыстық салық комитеті облыс әкіміне атқарылған жұмыстар туралы қорытынды ақпаратты әр жылдың 20-шы маусымында тапсыратын болсын.