О внесении дополнений в Закон Республики Казахстан "О труде в Республике Казахстан" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 24, 149-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 56-бапта: 1-тармақ "демалыс уақыты" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де уақыт" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "3-1. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.".
Бап 2
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.