Об утверждении ставок к налоговой базе для исчисления роялти при строительстве и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей полезных ископаемых Күшін жойған
Басқа 0
Пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкаларды бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкалар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы заңды тұлғалар үшін 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап және жеке тұлғалар үшін алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкалар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1312 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкалар
Тармақ 1
1. Мұнай мен газды сақтау үшін жер асты құрылыстарын салу
және (немесе) пайдалану кезіндегі роялти ставкалары:
Салық салу объектісі,
млн. м 3
Жер қойнауын пайдаланғаны
үшін роялти ставкасы,
теңге/мың. м 3
5000-ға дейін
11
5000-10000
13
10000-15000
15
15000-нан жоғары
17
Тармақ 2
2. Радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көму үшін жер
асты инженерлік құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезіндегі
роялти ставкалары:
Салық салу объектісі,
млн. м 3
Жер қойнауын пайдаланғаны
үшін роялти ставкасы,
теңге/мың. м 3
15-ке дейін
11
15-30
13
30-45
15
45-тен жоғары
17
Тармақ 3
3. Ағын суларды көму үшін жер асты инженерлік құрылыстарын
салу және (немесе) пайдалану кезіндегі роялти ставкалары:
Салық салу объектісі,
млн. м 3
Жер қойнауын пайдаланғаны
үшін роялти ставкасы,
теңге/млн. м 3
50-ге дейін
11
50-100
13
100-ден жоғары
15