Об утверждении Инструкции по учету проверок деятельности государственных учреждений Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын  іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1374  Қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шара Жоспарының 10-тармағына сәйкес, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Г.В.Ким) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шара қабылдасын және осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жолдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.
Тармақ 4. Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу бойынша НҰСҚАУЛЫҚ
4. Осы бұйрық 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығымен бекітілді Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу бойынша НҰСҚАУЛЫҚ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексерісті есепке алу бойынша Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6 бабының  6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекемелер қызметінде бақылау және қадағалау өкілеттігіне ие мемлекеттік органдар жүргізетін тексерістерді есепке алуды белгілейді.
Тармақ 2
2. Тексерістерді тағайындау туралы актілерді тіркеуді (бұдан әрі - тексерістер тағайындау туралы акт) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар аумақтарында, әскери гарнизондарда және көліктік аймақтарда тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеуді аумақтық меншіктілікке сәйкес уәкілетті органның тиісті бөлімшелері жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Аталған есепке алу субъектілері (бұдан әрі - есепке алу субъектілері) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті барлық мемлекеттік органдар болып табылады.
Тармақ 5
5. Осы Нұсқаулық:
Тармақша 1
1) жедел-іздеу іс-шаралары шегінде;
Тармақша 2
2) қозғалған қылмыстық істерді, сот әділдігін және орындау өндірісін, төтенше жағдайларды тергеу шегінде;
Тармақша 3
3) өзінің аумақтық, құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелеріне қатысты есепке алу субъектілері тексеріс өткізумен байланысты қатынастарға қолданылмайды;
Тармақша 4
4) қылмыстық ізге түсу органдарында тергеу және анықтау, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында және атқару өндірісінде.
Тармақ 6
6. Ақпараттық есепке алу құжаттарын ресімдеуде аталған Нұсқаулықпен белгіленген талаптар бұзылған жағдайда уәкілетті орган оларды қосымша ресімдеуге қайтарады.
Тармақ 2. 2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Тармақ 7
7. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тексеріс объектісі - тексерілетін мемлекеттік мекеме;
Тармақша 2
2) тексеріс - заңнамалық актілермен белгіленген құзырет шегінде бақылау немесе қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың объектілерге барып олардың Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын сақтауын анықтау мақсатында тексеру жүргізу іс-әрекеттері;
Тармақша 3
3) тексеріс тағайындау туралы акті - тексерілетін объектіге тексеріс жүргізу үшін негіз болып табылатын есепке алу субъектісінің құжаты (қаулы, нұсқама, бұйрық, тапсырма, жолдау қағазы және т.б.).
Тармақ 3. 3. Ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу
3. Ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу
Тармақ 8
8. Тексерісті тіркеу, барлық қажетті деректемелерді міндетті түрде толтыра отырып, есепке алу субъектісі шығарған тексеріс тағайындау туралы акті және осы Нұсқаулықтың 1 к  қосымшасына  сәйкес N2-П нысанды карточка (бұдан әрі - N 2-П нысанды карточка) негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Тексеріс тағайындау туралы акті және N 2-П нысанды карточка тексеріс басталғанға дейін тексерілуші объектінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелерде тексеруді тіркеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Тексеріс тағайындау туралы акті уәкілетті органға екі данада (түпнұсқа және көшірме) ұсынылады. Тіркеуден кейін, актінің түпнұсқасы кешіктірілмей есепке алу субъектісіне қайтарылады. Актінің көшірмесі уәкілетті органда қалады. Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуге ұсыну кезінде есепке алу субъектісінің тексеру тағайындау үшін негіз болған қажетті құжаттары, сондай-ақ оны жүргізуге өкілеттігінің барлығын растайтын нормативтік құқықтық актілері болуы қажет.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның қызметкері тіркеу үшін ақпараттық есепке алу құжаттарын, N 2-П нысанды карточкаларды және оларға талон-қосымшаларды алғаннан кейін, осы Нұсқаулықтың 2 к  қосымшасына  сәйкес Актілерді тіркеу журналына (бұдан әрі - Журнал) есепке алу субъектісіне қайтарылатын актіге қойылатын бір мезгілде N 2-П нысанды карточканың тіркеу нөмірі болып табылатын реттік нөмір бере отырып мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеру туралы тиісті жазба енгізеді.
Тармақ 12
12. Тексеріс тағайындау актісінің келесі бетіне уәкілетті органның қызметкері осы Нұсқаулықтың  5 қосымшасына  сәйкес тексеріс тағайындау туралы актіні тіркеу туралы мөр қояды. Уәкілетті орган тексерісті тіркеуде тексеріс тағайындау актісі мен N 2-П карточкасы ұсынылған сәттен бастап дереу жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Тексеру мерзімі ұзартылған немесе ол тоқтатылған, жаңартылған, сондай-ақ есептен шығарылған жағдайда есепке алу субъектісі уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың  6 қосымшасына  сәйкес N 2.1.-П нысанды карточканы (бұдан әрі - 2.1.-П нысанды карточка) тексерістің жоспарланған аяқталу мерзімінен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 13-1
13-1. Есепке алу субъектілері мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүргізілген тексерулер бойынша және Уәкілетті органда тексеру тағайындау туралы тіркелген актілер бойынша жарты жылда бір реттен кем емес салыстыру жүргізеді:
Тармақша 1
1) салыстыру есепке алу субъектілеріне жолданатын Уәкілетті орган басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі;
Тармақша 2
2) есепке алу субъектісі Уәкілетті органға кестемен белгіленген мерзімде Журналды беруге міндетті;
Тармақша 3
3) салыстыру барысында мынадай сұрақтар айқындалуға жатады: тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны; тексерудің түрі; тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу үшін уақытылы ұсыну; талон - қосымшаны есепке алу үшін уақытылы ұсыну; жүргізілмеген тексерулерді есептен шығару туралы хабарлауды (жазбаша хабарламаны) уақытылы ұсыну;
Тармақша 4
4) салыстырудың нәтижелері бойынша табылған бұзушылықтар көрсетілетін акт құрылады;
Тармақша 5
5) салыстыру актісіне салыстыру жүргізген, олардың айқындылығына жеке жауап беретін Уәкілетті органның және есепке алу субъектілерінің қызметкерлері қол қояды, ол уәкілетті орган мен есепке алу субъектісінің басшыларымен бекітіледі;
Тармақша 6
6) салыстыру актісі екі данада құрылады, олардың біреуі Уәкілетті органда қалдырылып, екіншісі тексеру жүргізген есепке алу субъектісіне тапсырылады. Өзара салыстыру жүргізу кезінде есепке алу субъектісі уәкілетті органға алдағы тоқсандық тексерулерді жүргізу жоспарын ұсынады.
Тармақ 13-2
13-2. Есепке алу субъектісінде салыстыру немесе тексеру жүргізу кезінде тексеру тағайындау туралы тіркелмеген актілер немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығарусыз жүргізілген тексерулер анықталған жағдайда, есепке алу субъектісі оларды анықтаған кезден бастап үш жұмыс күнінің ішінде анықталған тіркелмеген тексерулерге ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюға міндетті. Аталған деректерді анықтаған орган тіркелусіз немесе тексеру тағайындау жөніндегі актіні шығарусыз тексерілген әрбір объектіге ақпараттық есепке алу құжаттарын қоюға барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Тармақ 4. 4. N 2-П, N 2.1-П нысанды карточкаларды, оларға қосымша талондарды және Журналды толтыру
4. N 2-П, N 2.1-П нысанды карточкаларды, оларға қосымша талондарды және Журналды толтыру
Тармақ 14
14. N 2-П, N 2.1-П нысанды карточкалардың сол жағында орналасқан деректемелерді тексерісті жүзеге асырушы адамдар қысқартусыз жазба әріптермен толтыруы тиіс.
Тармақ 15
15. N 2-П нысанды, N 2.1-П нысанды карточкалардың оң жағында орналасқан сандық ақпараттық көрсеткіштерінде уәкілетті органның қызметкері толтыратын код белгілерінің нөмірлері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. N 2-П нысанды карточкада: тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) 2-ші тармақта тексерісті тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
Тармақша 3
3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
Тармақша 4
4) 4-ші тармақта тексерілуші объектінің атауы;
Тармақша 4-1
4-1) 4-1-тармақта-Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
Тармақша 5
5) 5-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс негізі: 1 - жоспарлық, 2 - тапсырмалар немесе сұраулар бойынша, 3 - өтініштер бойынша, 4 - заң бұзушылық сипаттарын тікелей анықтау бойынша, 5 - азаматтардың өміріне және денсаулығына қауіп туындау және авариялық жағдайларда, 6 - алдыңғы тексерістер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау, 7 - ұсынылған мәліметтердің нақтылығын қайта тексеру, 8-өзге де;
Тармақша 6
6) 5.1-тармақта тексеріс жүргізу мәселесі;
Тармақша 7
7) 6-шы тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
Тармақша 8
8) 7-ші тармақта тексерісті тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органның атауы (есепке алу субъектісі);
Тармақша 9
9) 7.1-тармақта тексерісті жүзеге асырушы адам (адамдар) мәліметтері;
Тармақша 10
10) 8-ші тармақта тексеріс жүргізу мерзімі; уәкілетті органның қызметкері мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 11
11) 9-шы тармаққа прокуратура немесе уәкілетті органдар анықтаған тіркелмеген тексерістер туралы деректер; 10, 11, 12 тармақтарда N2-П нысанды карточканың келіп түскен күнін, Журнал бойынша реттік нөмірін, карточканы қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, лауазымы мен қолы қамтылады.
Тармақ 17
17. N2.1-П нысанды карточкада: тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) 2-ші тармақта тексеруді тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
Тармақша 3
3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексеріс тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
Тармақша 4
4) 4-ші тармақта тексерілетін объектінің атауы;
Тармақша 4-1
4-1) 4-1-тармақта-Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
Тармақша 5
5) 5-ші тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
Тармақша 6
6) 6-шы тармақта тексеріс мерзімінің ұзартылған күні;
Тармақша 7
7) 7-ші тармақта тексерістің тоқтатылған күні;
Тармақша 8
8) 8-ші тармақта тексерістің жаңартылу күні. 10-14-тармақтарды уәкілетті органның қызметкері толтырады.
Тармақ 18
18. N2-П, N2-1-П нысанды карточкалар уәкілетті органның Журналында тіркелген сәттен бастап есепке алынды деп саналады.
Тармақ 19
19. Тексеріс нәтижелері бойынша әрбір тексерілген объектіге белгіленген үлгіде, тексерісті жүзеге асырушы адам қысқартусыз жазба әріптермен толтыратын және тексеріс біткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылатын, осы Нұсқаулықтың 3 к  қосымшасына  сәйкес N 2-П нысанды карточканың қосымшасы болып табылатын, талон-қосымша (бұдан әрі - талон-қосымша) толтырылады. Талон-қосымшада: тексерісті жүзеге асырушы адам мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) 1-ші тармақта орталық мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 2
2) 2-ші тармақта тексерісті тағайындаған есепке алу субъектісінің атауы;
Тармақша 3
3) 3-ші тармақта код белгілеу жолымен тексерісті тағайындаған органның мәртебесі: 1 - республикалық; 2 - облыстық; 3 - қалалық; 4 - аудандық;
Тармақша 4
4) 4-ші тармақта тексерілетін объектінің атауы;
Тармақша 4-1
4-1) 4-1-тармақта-Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
Тармақша 5
5) 5-ші тармақта есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығарылған күні;
Тармақша 6
6) 6-шы тармақта тексерісті тағайындау туралы актінің уәкілетті органда тіркелген күні және уәкілетті органның Журналы бойынша оның тіркеу нөмірі;
Тармақша 7
7) 7-ші тармақта тексерістің басталған күні;
Тармақша 8
8) 8-ші тармақта тексерістің аяқталған күні;
Тармақша 9
9) 9-шы тармақта тексеріс жүргізудің нәтижелері;
Тармақша 10
10) 10-шы тармақта тексеріс жүргізген адамның (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы, қызмет телефонының нөмірі; уәкілетті органның қызметкері мынадай мәліметтерді көрсетеді;
Тармақша 11
11) 11-ші тармақта талон-қосымшаның уәкілетті органға келіп түскен күні;
Тармақша 12
12) 12-ші тармақта уәкілетті органның талон-қосымшаны қабылдап алған уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы.
Тармақ 20
20. Уәкілетті органның қызметкері талон-қосымшаны алу кезінде есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің түпнұсқасының келесі бетіне тегін, атын, әкесінің атын, лауазымын және алған күнін көрсете отырып қол қояды.
Тармақ 21
21. Тексеріс уәкілетті органға талон-қосымша ұсынылған сәттен бастап аяқталды деп саналады.
Тармақ 22
22. Тексерісті тағайындау туралы актіні, N 2-П нысанды карточканы және талон-қосымшаны тіркеу олар туралы Журналға мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Журналды уәкілетті орган жүргізеді және ол бірыңғай үлгідегі құжат болып саналады.
Тармақ 24
24. Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс. Жазбалар толық, айқын, таза түрде енгізіледі, түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді. Қате жазбалар келісіледі және жауапты адамның қолымен куәландырылады. Уәкілетті органның қызметкері Журналға мынадай жазбалар енгізеді:
Тармақша 1
1) 1-ші бағанға ақпараттық есептік құжаттардың реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) 2-ші бағанға тексеріс тағайындау туралы акті мен N2-П нысанды карточканың тіркелген күні мен уақыты, есепке алу субъектісіне қайтарылатын тексеріс тағайындау туралы актіге қойылатын осы құжаттардың тіркеу нөмірлері, сондай-ақ құжаттарды тапсырған есепке алу субъектісі қызметкерінің қолы;
Тармақша 3
3) 3-ші бағанға есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы актісінің нөмірі мен оның шығарылған күні;
Тармақша 4
4) 4-ші бағанға есепке алу субъектісінің атауы, тексерісті тағайындаған адам тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
Тармақша 5
5) 5-ші бағанға тексерісті жүргізуші адамның (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
Тармақша 6
6) 6-шы бағанға тексерілетін объектінің атауы және оның орналасқан жері;
Тармақша 7
7) 7-ші бағанға тексеріс тағайындау негізі;
Тармақша 8
8) 8-ші бағанға тексерісті жүргізу мерзімі;
Тармақша 9
9) 9-шы бағанға тексеріс мерзімінің ұзартылуы немесе оның тоқтатылуы туралы;
Тармақша 10
10) 10-шы бағанға уәкілетті органға талон-қосымшаның тапсырылған күні туралы;
Тармақша 11
11) 11 бағанға тағайындалған тексерістердің жүргізілмеген негіздері: 1-ші индекспен есептен шығарылған жүргізілмеген тексерістер және тіркелген тексерістердің жүргізілмеу негіздері көрсетіледі; 2-ші индекспен қосымша ресімдеуге қайтарылған тексеріс тағайындау туралы актілер.
Тармақ 5. 5. Комитеттің және оның аумақтық органдарының "Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 2-П нысанды статистикалық есептілікті құруы және ұсынуы
5. Комитеттің және оның аумақтық органдарының "Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 2-П нысанды статистикалық есептілікті құруы және ұсынуы
Тармақ 25
25. N 2-П карточкалары және уәкілеттік органның Журналы негізінде, осы Нұсқаулықтың  4 қосымшасына  сәйкес, әрбір есепке алу субъектісі және N 2-П нысанды жалпы жинақтық есеп бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылатын "Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" N 2-П (бұдан әрі - N 2-П есеп) нысанды статистикалық есептілік жасалады.
Тармақ 26
26. N2-П нысанды есептің толықтылығына, объективтілігіне, дұрыстығына жеткіліктілігі мен уақытылы ұсынылуына оны жасау бойынша міндет жүктелген уәкілетті органның қызметкері, сондай-ақ уәкілетті орган бөлімшесінің басшысы не есепті жасау кезеңінде оның міндетін атқарған адам жауапкершілік көтереді.
Тармақ 27
27. Аумақтық органдардан келіп түскен N2-П нысанды есептердің негізінде Комитет әрбір есепке алу субъектісі бойынша есептер және республика бойынша жалпы жинақтық есеп жасайды.
Тармақ 28
28. N 2-П нысанды есеп мәліметтердің жолдары мен бағандары барлық есепке алу субъектілері бойынша сәйкес келетін үдемелі нәтижемен бірыңғай нысанда құрылады:
Тармақша 1
1) 1-жолда есептік кезеңнің аяғына талон-қосымша келіп түспеген жүргізілмеген тексерістердің қалдығы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-жолда тексеріс тағайындау туралы тіркелген актілердің жалпы саны көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-жолда тексерілген объектілердің саны көрсетіледі (N2-П нысанды қойылған карточкалар бойынша);
Тармақша 4
4) 4-жол (талон-қосымшасы болған кезде) аяқталған тексерістердің санын көрсетеді;
Тармақша 5
5) 5-жол тексеру түріне тәуелсіз есептік кезеңде екі реттен көп тексерілген объектілер санын көрсетеді;
Тармақша 6
6) 6-жол есептік кезеңде әр түрлі себептер бойынша жүргізілмеген тағайындалған тексеріс санын көрсетеді;
Тармақша 7
7) 7-жол тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркемей жүргізілген тексерістердің жалпы санын көрсетеді;
Тармақша 8
8) 8-жол тіркелмеген тексерістердің жалпы санынан есепке алу субъектісінің тексеріс тағайындау туралы акті шығармай жүргізген тексерістер туралы мәліметтерді көрсетеді;
Тармақша 9
9) 9-жол қосымша рәсімдеуге қайтарылған тексеріс тағайындау туралы актілердің жалпы санын көрсетеді;
Тармақша 10
10) 1-8 бағандардың көрсеткіштері тексеріс тағайындау негізіне тәуелді, ондағы ұсынылған код белгілеуге сәйкес N2-П нысанды карточканың 5-тармағының мәліметтерінен құрылады.
Тармақ 29
29. Аумақтық органдар N2-П нысанды есептерді Комитетке есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне тапсырады. N2-П нысанды есепті тапсыру күні, оның Комитетке электрондық поштамен келіп түскен күні болып саналады.
Тармақ 30
30. Түпнұсқа және электрондық поштамен келіп түскен мәліметтердің арасында айырмашылықтар болған жағдайда электрондық пошта бойынша келіп түскен есептердің мәліметтері негізге алынады.
Тармақ 31. 2-П Н. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ТЕКСЕРІСТІ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
31. Республика бойынша N2-П нысанды жинақтық есепті Комитет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күні тапсырады. Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу Нұсқаулығына 1-қосымша 2-П Н. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ТЕКСЕРІСТІ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 1. ______________________________________ Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы 2. ______________________________________ Тек­се­рі­сті та­ғай­ын­да­ған есеп­ке алу субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы 3. Рес­пуб­ли­ка­лық - 1, об­лы­стық - 2, қа­ла­лық - 3, аудан­дық - 4. (ке­ре­гін сызып қою) 1. /_/_/_/ 2. /_/_/_/_/ 3. /_/ 4. Тек­се­ре­тін объ­ек­ті­нің ата­уы __________ 4-1. БСН_________________________________ _________________________________________ _________________________________________ (ор­на­лас­қан же­рі: аудан, ел­ді-ме­кен) _________________________________________ 5. Тек­се­ріс негі­зі: 1 - жос­пар­лық, 2 - тап­сыр­ма­лар неме­се сұ­ра­у­лар бой­ын­ша, 3 - өті­ніш­тер бой­ын­ша, 4 - заң бұ­зу­шы­лық си­паттар­дың ті­ке­лей анық­та­луы бой­ын­ша, 5 - аза­мат­тар­дың ден­са­улы­ғы­на және өмі­ріне қа­уіп тө­ну­де және ава­ри­я­лық жағ­дай­лар­да, 6 - ал­дың­ғы тек­се­рі­стер нәти­же­сін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды шек­теу ту­ра­лы та­лап­тар­дың орын­да­луын ба­қы­лау, 7- ұсы­ны­л­ған ақ­па­рат­тар­дың нақ­ты­лы­ғын қай­та тек­се­ру, 8 - бас­қа­ла­ры. 5.1. Тек­се­ріс мә­се­ле­сі __________________ (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер нор­ма­ла­рын сақ­тау) _________________________________________ (тек­се­ру­ге жа­та­тын мін­дет­ті та­лап­тар) _________________________________________ 6.  Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­нің нө­мі­рі, оның шы­ға­ры­л­ған кү­ні N___________ "____" _________________200___ж. 7. Тек­се­рі­сті жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы _________________________________________ 7.1 Тек­се­рі­сті жү­зе­ге асы­ра­тын адам (адам­дар) те­гі, ла­у­а­зы­мы, қо­лы _________________________________________ 8. Тек­се­рі­стің өт­кі­зі­лу мер­зі­мі: "__"____200_­жыл­дан "__"____200_­жы­л­ға дей­ін __________________________________________ Уәкі­лет­ті ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі тол­ты­ра­ды 9. Тек­се­ріс уәкі­лет­ті ор­ган­да тір­кел­мей жүр­гі­зіл­ді (1) 10. Кар­точ­ка­ның ҚСжА­ЕК неме­се ҚСжА­ЕКБ ке­ліп түс­кен кү­ні "___"__________200___ж. 11. ҚСжА­ЕКБ тір­кеу жур­на­лы бой­ын­ша тір­кеу нө­мі­рі N ___________ 12. Тір­ке­у­ге 2-П ны­сан­ды кар­точ­ка­ны қа­был­да­ған уәкі­лет­ті ор­ган қыз­мет­ке­рі­нің те­гі, ла­у­а­зы­мы, қо­лы ____________________ _________________________________________ 4. /_/_/_/ 5. /_/ 5.1. /_/_/_/ 6. /_/_/_/_/_/_/ /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні­айы жы­лы 8. /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы 9. /_/ 10. /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы 11. /_/_/_/_/_/ 13. Бас­қа да бел­гі­лер ___________________ табылады; Оған қол қойған адамдар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. Карточканың сақталу мерзімі 2 жыл. Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу Нұсқаулығына 2-қосымша Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексеріс тағайындау туралы актілерді, N2-П нысанды карточкаларды және оларға талон-қосымшаларды тіркеу журналы NN Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­нің және N2-П ны­сан­ды кар­точ­ка­ның тір­кел­ген кү­ні және уа­қы­ты, Уәкі­лет­ті ор­ган­ның тір­кеу нө­мі­рі, сон­дай-ақ құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған адам­ның қо­лы Есеп­ке алу субъ­ек- ті­сі­нің тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­сі­нің нө­мі­рі және оның шы­ға­ры­л­ған кү­ні Есеп­ке алу субъ­ек- ті­сі­нің ата­уы, тек­се­ріс та­ғай­ын­да­ған тұл­ға­ның аты-жө­ні және ла­у­а­зы­мы Тек­се­рі­сті жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ның (адам­дар) аты-жөн­де­рі, ла­у­а­зым­да­ры Тек­се­ріс объ­ек- ті­сі­нің ата­уы, оның ор- на­лас­қан же­рі 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Тек­се­ріс та­ғай­ын. да­удың негі­зі Тек­се­ріс жүр­гі­зу мер­зі­мі Тек­се­рі­стің мер­зі­мін ұзар­ту не оны тоқ­та­ту ту­ра­лы бел­гі Уәкі­лет­ті ор­ган­ға N2-П ны­сан­ды кар­точ­ка­ға та­лон- қо­сым­ша­ны ұсын­ған күн Тек­се­ріс жүр­гі­зі­л­ген жоқ 1 - жүр­гі- зіл­ме­ген тек­се­ріс есеп­тен алын­ды 2 - тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті қо­сым­ша ре­сім­де­у­ге қай­та­рыл­ды 7 8 9 10 11 Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу Нұсқаулығына 3-қосымша N2-П нысанды мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерicті есепке алу карточкасына талон-қосымша 1. ______________________________________ Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы 2. ______________________________________ Тек­се­рі­сті та­ғай­ын­да­ған есеп­ке алу субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы 3. Рес­пуб­ли­ка­лық (1), об­лы­стық (2), қа­ла­лық (3), аудан­дық (4). (ке­ре­гін сызып қою) 1. /_/_/_/ 2. /_/_/_/_/ 3. /_/ 4. Тек­се­рі­ле­тін объ­ек­ті­нің ата­уы ________ _________________________________________ _________________________________________ _________________________________________ (ор­на­лас­қан же­рі: аудан, ел­ді-ме­кен) 4-1. БСН_________________________________ 5. Тек­се­рі­сті та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­нің нө­мі­рі, оның шы­ға­ры­л­ған кү­ні N___________ "_____" _________________200___ж. 6. Жур­нал бой­ын­ша тір­кеу нө­мі­рі және кү­ні N________________ "_____"____________200____ж. 7. Тек­се­ріс ба­стал­ған күн "__" _____200_ж. 8. Тек­се­ріс аяқ­тал­ған күн "__" _____200_ж. __________________________________________ 9. Тек­се­ріс нәти­же­ле­рі: 1 - бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ған жоқ; 2 - бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ды. 10. Тек­се­рі­сті жү­зе­ге асыр­ған адам (адам­дар) ла­у­а­зы­мы, аты-жө­ні, қо­лы Қыз­мет те­ле­фо­ны­ның нө­мі­рі________________ _________________________________________ _________________________________________ _________________________________________ __________________________________________ Уәкі­лет­ті ор­га­ның қыз­мет­ке­рі тол­ты­ра­ды 11. Та­лон­ның ҚСжА­ЕК неме­се ҚСжА­ЕКБ ке­ліп түс­кен кү­ні "___" ___________ 200 __ ж. 12. Та­лон-қо­сым­ша­ны қа­был­да­ған адам ла­у­а­зы­мы, аты-жө­ні, қыз­мет те­ле­фо­ны­ның нө­мі­рі___________________________________ __________________________________________ 5. /_/_/_/_/ /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы 6. /_/_/_/_/ /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы 7. /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы 8. /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы 9. /_/ 11. /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы табылады; Аталған құжатқа қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен анықталған тәртіпте жауапқа тартылады. Кәртішкенің сақталу мерзімі 2 жыл. Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу Нұсқаулығына 4-қосымша "Мемлекеттік мекемелерде тексеріс тағайындау актісін тіркеу туралы" N 2-П нысанды есеп Бар- лы­ғы Жос- пар­лық Тап­сыр­ма­лар неме­се сұ­ра­у­лар бой­ын­ша Өті­ніш­тер бой­ын­ша А Б 1 2 3 4 Есеп­тік ке­зең­нің со­ңын­да аяқ­тал­ма­ған тек­се­рі­стер қал­ды­ғы 1 Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы тір­кел­ген ак­ті­лер са­ны 2 Тек­се­рі­л­ген объ­ек­ті­лер са­ны (2-П ны­сан­ды қой­ы­л­ған кар­точ­ка­лар) 3 Аяқ­тал­ған тек­се­рі­стер са­ны (та­лон-қо­сым­ша­ның болған кез­де) 4 Есеп­тік ке­зең­де 2-рет­тен көп тек­се­рі­л­ген объ­ек­ті­лер са­ны 5 Әр түр­лі се­беп­тер бой­ын­ша жүр­гі­зіл­ме­ген та­ғай­ын­дал­ған тек­се­рі­стер са­ны 6 Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­лер­ді тір­ке­мей жүр­гі­зі­л­ген тек­се­рі­стер­дің бар­лық са­ны 7 Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті шы­ғар­май есеп­ке алу субъ­ек­ті­ле­рі жүр­гіз­ген тек­се­рі­стер­дің са­ны (7 жол­дан) 8 Қо­сым­ша ре­сім­де­у­ге қай­та­ры­л­ған тек­се­рі­стер та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­лер­дің са­ны 9 кестенің жалғасы Заң бұ­зу­шы­лық си­патта­рын ті­ке­лей анық­та­луы бой­ын­ша Аза­мат­тар­дың өмі­ріне және ден­са­улы­ғы­на қа­уіп туын­да­уы және ава­ри­я­лық жағ­дай­лар­да Ал­дың­ғы тек­се­рі­стер нәти­же­сін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ту­ра­лы та­лап­тар­дың орын­да­луын ба­қы­лау Ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер­дің нақ­ты­лы­ғын қай­та тек­се­ру өзге де Б 5 6 7 8 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу Нұсқаулығына 5-қосымша ҚР БП Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ко­ми­тет бас­қар­ма­сы _________________________________ об­лыс (ай­мақ) бой­ын­ша _________________________________ аудан (қа­ла) бой­ын­ша Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті ТІР­КЕЛ­ДІ N _______________ "____"_________________200__­жыл. Уәкі­лет­ті ор­ган қыз­мет­ке­рі­нің қо­лы _____________________________ ҚР БП Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ко­ми­те­ті Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті ТІР­КЕЛ­ДІ N _______________ "____"_________________200__­жыл. Уәкі­лет­ті ор­ган қыз­мет­ке­рі­нің қо­лы _____________________________ Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу Нұсқаулығына 6-қосымша 2.1-П Н. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕКСЕРІСТІ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 1. ______________________________________ Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы 2. ______________________________________ Тек­се­рі­сті та­ғай­ын­да­ған есеп­ке алу субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы 3. Рес­пуб­ли­ка­лық - 1, об­лы­стық - 2, қа­ла­лық - 3, аудан­дық - 4. (ке­ре­гін сызып қою) 1. /_/_/_/ 2. /_/_/_/_/ 3. /_/ 4. Тек­се­ре­тін объ­ек­ті­нің ата­луы _________ _________________________________________ _________________________________________ (ор­на­лас­қан же­рі: аудан, ел­ді-ме­кен) 4-1. БСН_________________________________ _________________________________________ 5. Тек­се­ріс та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­нің нө­мі­рі, оның шы­ға­ры­л­ған кү­ні N__________ "_____" _________________200___ж. 6. Тек­се­ріс "__"____________200___ жы­л­ға дей­ін ұзар­тыл­ды 7. Тек­се­ріс тоқ­та­тыл­ды "__"_______200__ж. 8. Тек­се­рі­стің жа­ңар­ты­л­ған кү­ні "_____"_____________200__ж. 9. Тек­се­ріс жүр­гі­зі­л­ген жоқ (сызып қою): __________________________________________ Уәкі­лет­ті ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі тол­ты­ра­ды 10. Өт­кі­зіл­ме­ген тек­се­ріс есеп­тен алын­ды - 1; 11. Қай­та­рыл­ды - 2. 12. Қай­та жа­са­у­ға ҚСжА­ЕК неме­се ҚСжА­ЕКБ ке­ліп түс­кен кү­ні "__"___________200___ж. 13. N2-П ны­сан­ды тір­ке­у­ге кар­точ­ка­ны қа­был­да­ған уәкі­лет­ті ор­ган қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы, қо­лы­_________________ _________________________________________ 14. Бас­қа да бел­гі­лер ___________________ 6. /_/_/ /_/_//_/_/ кү­ні айы жы­лы /_/_/ /_/_/ /_/_/ кү­ні айы жы­лы 7. /_/_/ /_/_/ /_/_ кү­ні айы жы­лы 8. /_/_/ /_/_//_/_/ кү­ні айы жы­лы 10. /_/ 11. /_/ 12. /_/_//_/_//_/_/ кү­ні айы жы­лы