О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысында : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында: "2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген 5-бөлiмде: 2005-2007 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде: реттiк нөмiрi 4-жолда: 7-бағандағы "195500" деген сандар "107000" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "350000" деген сандар "438500" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 8-жолда: 7-бағандағы "115000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "100000" деген сандар "185000" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 9-жолда: 7-бағандағы "135000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "80000" деген сандар "185000" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 10-жолда: 7-бағандағы "162497" деген сандар "150000" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "547903" деген сандар "520500" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "400000" деген сандар "439900" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-2-жолмен толықтырылсын: "10-2. Атырау облысының БҒМ 2005- 2062088 290997 500000 1271091 Атырау қаласында 2007 мұнай-газ саласы бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық салу "; "Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда: 8-бағандағы "8885186" деген сандар "9357783" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "5075380" деген сандар "6664871" деген сандармен ауыстырылсын; "БАРЛЫҒЫ" деген жолда: 8-бағандағы "202845840" деген сандар "203318437" деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағандағы "161183302" деген сандар "162772793" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында: 225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 011 "Бiлiм беру және ғылым объектілерiн салу және қайта жаңарту" бағдарламасы бойынша: төртiншi абзацтағы "195500" деген сандар "107000" деген сандармен ауыстырылсын; сегiзiншi абзацтағы "115000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацтағы "135000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын; оныншы абзацтағы "162497" деген сандар "150000" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Атырау облысының Атырау қаласында мұнай-газ саласы бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық салу 290997";
Тармақша 3
3) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 231-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: үшiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi абзацтардағы "және құрылысын бастау", "және құрылысын салуды бастау" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Атырау облысының Атырау қаласында мұнай-газ саласы бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекеттiк сараптамадан өткiзу."; 7-тармақтағы "Астана қаласында дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернатын," және ", Қарағанды қаласында көру проблемалары бар балалар үшiн 250 орындық мектеп-интернатын, Алматы қаласында көру проблемалары бар балалар үшiн 250 орындық мектеп-интернатын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң кiтапханасын," деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884 қаулысында : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында: "2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген 5-бөлiмде: 2006-2008 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде: "Бiлiм берудi дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде: реттiк нөмiрi 1-жолда: 6-бағандағы "195500" деген сандар "107000" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "350000" деген сандар "438500" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 4-жолда: 6-бағандағы "115000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "100000" деген сандар "185000" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жолда: 6-бағандағы "135000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "80000" деген сандар "185000" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 6-жолда: 6-бағандағы "162497" деген сандар "150000" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "427403" деген сандар "439900" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 8-1-жолмен толықтырылсын: "8-1. Атырау облысының БҒМ 2005- 2062088 290997 500000 1271091 Атырау қаласында 2007 мұнай-газ саласы бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық салу "; "Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда: 7-бағандағы "19940687" деген сандар "20440687" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "29827801" деген сандар "31389889" деген сандармен ауыстырылсын; "БАРЛЫҒЫ" деген жолда: 7-бағандағы "142279148" деген сандар "142779148" деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағандағы "134490681" деген сандар "136052769" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.