Об утверждении Инструкции (основы) по разработке рабочего плана счетов бухгалтерского учета для организаций, составляющих финансовую отчетность в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 5-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (М.Т.Мамашев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 426 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз)
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған.
Тармақ 2
2. Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі - шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды.
Тармақ 3
3. Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарына, осы Нұсқаулыққа және бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу растығы қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2. Шоттардың жұмыс жоспары
2. Шоттардың жұмыс жоспары
Тармақ 4
4. Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды.
Тармақ 5
5. Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.
Тармақ 6
6. Шоттардың жұмыс жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.
Тармақ 3. 3. Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу тәртібі
3. Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта белгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.
Тармақ 8
8. Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі - кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан - синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды.
Тармақ 4. 4. Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері
4. Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері
Тармақ 8
8. Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды: 1-бөлім - "Қысқа мерзімді активтер", 2-бөлім - "Ұзақ мерзімді активтер", 3-бөлім - "Қысқа мерзімді міндеттемелер", 4-бөлім - "Ұзақ мерзімді міндеттемелер", 5-бөлім - "Капитал мен резервтер", 6-бөлім - "Кірістер", 7-бөлім - "Шығыстар", 8-бөлім - "Өндірістік есепке алу шоттары".
Тармақ 5. 5. 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөлімінің шоттары
5. 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөлімінің шоттары
Тармақ 9
9. 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер: оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса; ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе; пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі. Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Тармақ 10
10. "Қысқа мерзімді активтер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды: 1000 - "Ақша қаражаты", 1100 - "Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары", 1200 - "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1300 - "Қорлар", 1400 - "Ағымдағы салық активтері", 1500 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер", 1600 - "Өзге қысқа мерзімді активтер".
Тармақ 11
11. 1000 "Ақша қаражаты" кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 1010 - "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты", онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1020 - "Кассадағы валютамен ақша қаражаты", онда кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1030 - "Жолдағы теңгемен ақша қаражаты", онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1040 - "Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты", онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1050 - "Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты", онда ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1060 - "Депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражаты", онда депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1070 - "Арнайы шоттардағы ақша қаражаты", онда арнайы шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.
Тармақ 12
12. 1100 "Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары" кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 1110 - "Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар", онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады; 1120 - "Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері", онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады; 1130 - "Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар", онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады; 1140 - "Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары", онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады: ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар; саудаға арналған қаржы активтері; 1150 - "Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.
Тармақ 13
13. 1200 "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек" кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 1210 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 1220 - "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 1230 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 1240 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 1250 - "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда қызметкерлердің: активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар; қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі; 1260 - "Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады; 1270 - "Алуға қысқа мерзімді сыйақылар", онда мыналар: акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі; 1280 - "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек; 1290 - "Күмәнді талаптар бойынша резерв", онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 1300 "Қорлар" кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай топтарды қамтиды: 1310 - "Шикізат және материалдар", онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар есепке алынады; 1320 - "Дайын өнім", онда дайын және аяқталмаған өнім есепке алынады; 1330 - "Тауарлар", онда сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлардың қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі; 1340 - "Аяқталмаған өндіріс", онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады; 1350 - "Өзге қорлар", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады; 1360 - "Қорларды есептен шығару бойынша резерв", онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 1400 "Ағымдағы салық активтері" кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 1410 - "Корпорациялық табыс салығы", онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі; 1420 - "Қосылған құн салығы", онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі; 1430 - "Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
Тармақ 16
16. 1500 "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер" кіші бөлімі егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 1510 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер", онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық; 1520 - "Сатуға арналған істен шығатын топтар", онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт.
Тармақ 17
17. 1600 "Өзге қысқа мерзімді активтер" кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған және мынадай баптарды қамтиды: 1610 - "Берілген қысқа мерзімді аванстар", онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады; 1620 - "Алдағы кезеңдердің шығыстары", онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар есепке алынады; 1630 - "Өзге қысқа мерзімді активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.
Тармақ 6. 6. 2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары
6. 2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары
Тармақ 18
18. 2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары, ұйымның ұзақ мерзімді ретінде топтастырылатын активтерін есепке алуға арналған. 2 "Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары мынадай кіші бөлімдерді қамтиды: 2000 - "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар", 2100 - "Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек", 2200 - "Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар", 2300 - "Инвестициялық жылжымайтын мүлік", 2400 - "Негізгі құралдар", 2500 - "Биологиялық активтер", 2600 - "Барлау және бағалау активтері", 2700 - "Материалдық емес активтер", 2800 - "Кейінге қалдырылған салықтық активтер", 2900 - "Өзге ұзақ мерзімді активтер".
Тармақ 19
19. 2000 "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан тұрады: 2010 - "Ұзақ мерзімді берілген қарыздар", онда ұйым бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздар есепке алынады; 2020 - "Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар", онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады; 2030 - "Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар", онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады: ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар; 2040 - "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.
Тармақ 20
20. 2100 "Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек" кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2110 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі", онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі; 2120 - "Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі; 2130 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі; 2140 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады; 2150 - "Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі", онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі; 2160 - "Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек", онда алдағы кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады; 2170 - "Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар", онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі; 2180 - "Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша берешек.
Тармақ 21
21. 2200 "Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар" кіші бөлімі мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2210 - "Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар", онда үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған және тәуелді ұйымдарға берілетін инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі. Үлестік қатысу әдісі дегеніміз - есепке алудың бұл әдісіне сәйкес инвестициялар бастапқы кезде іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алынады, ал содан соң инвестордың инвестиция объектісіндегі таза активтер үлесінің сатып алғаннан кейінгі болған өзгеруіне түзетіледі.
Тармақ 22
22. 2300 "Жылжымайтын мүлікке инвестициялар" бөлімі инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алуға арналған. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар дегеніміз - жалдау төлемдерін немесе капиталдың құн өсімінен немесе екеуінен де табыс алу мақсатында билігіндегі (иесінің немесе қаржылық жалдау шарты бойынша жалға алушының) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат, не ғимараттың бір бөлігі, не екеуі де), бірақ мыналар: өндірісте пайдалану немесе әкімшілік мақсаттар үшін тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету; немесе: кәдімгі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2310 - "Жылжымайтын мүлікке инвестициялар", онда жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар есепке алынады; 2320 - "Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы", егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікті бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүліктің барлық объектілері іс жүзіндегі шығындардан жинақталған амортизацияны және құнсызданған активтердің жинақталған шығындарын қоспай өлшенетін іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алудың моделін таңдаса, онда құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындардың сомалары осы шотта шоғырландырылады.
Тармақ 23
23. 2400 "Негізгі құралдар" кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2410 - "Негізгі құралдар", 2420 - "Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы". Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады. Негізгі құралдар бірнеше түрге бөлінеді. Негізгі құралдардың түрі дегеніміз - сипаты және ұйымның қызметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас активтердің бірлестігі. Мыналар: жер; жер және ғимараттар; машиналық құралдар; кемелер; ұшақтар; автокөліктік құралдар; жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік; және кеңсе жабдығы жекелеген түрлердің мысалдары болып табылады. Негізгі құралдарды бірнеше түрлерге бөлуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады. Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады. Құнсызданудан пайда болған амортизация мен шығындарды шоғырландыруға 2420 "Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы" шоттар тобы арналған.
Тармақ 24
24. 2500 "Биологиялық активтер" кіші бөлімі ауыл шаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған және мынадай шоттар тобынан тұрады: 2510 - "Өсімдіктер", 2520 - "Жануарлар". Биологиялық актив дегеніміз - жануар немесе өсімдік. Биологиялық актив бастапқы таныған сәтте және баланстың әрбір күнгі жағдайы бойынша әділ құнын жеткілікті сенімді деңгейде өлшеуге болмайтын жағдайлардан басқа есеп айырысу өткізу шығыстарын қоспай әділ құны бойынша өлшенеді.
Тармақ 25
25. 2600 "Барлау және бағалау активтері" кіші бөлімі минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды есепке алуға арналған. Барлау және бағалау активтерін бастапқы бағалауға мыналар: барлауға арналған құқықтарды иелену; топографиялық, геологиялық, геохимиялық және геофизикалық зерттеулер; барлап бұрғылау; шұңқырларды қазу; сынақты алу; минералдық ресурстарды шығарудың техникалық жүзеге асушылығы мен коммерциялық пайдалылығын бағалауға қатысты қызмет бойынша шығыстар енгізілуі мүмкін. 2610 - "Барлау және бағалау активтері", онда шығыстарды барлау және бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялар көрсетіледі. 2620 - "Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы және құнсыздануы", онда барлау және бағалау активтерінің амортизациясының және құнсыздануының сомалары шоғырландырылады.
Тармақ 26
26. 2700 "Материалдық емес активтер" кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған. Материалдық емес активтер дегеніміз - басқа тараптарға жалға беру мақсатында немесе әкімшілік мақсатында өндірісте пайдалану немесе тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізу үшін ұсталатын нақты нысаны жоқ сәйкестендірілетін монетарлық емес актив. Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан тұрады: 2710 - "Гудвилл", онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. Гудвилл дегеніміз - жеке сәйкестендіруге және бөлек тануға болмайтын активтерден туындайтын алдағы экономикалық пайдалар; 2720 - "Гудвиллдің құнсыздануы", онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі; 2730 - "Өзге материалдық емес активтер", онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы: тауарлық белгілер; титулдық және баспа құқықтары; компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру; лицензиялар мен франшизалар; өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар; рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер; және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер. 2740 - "Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы", онда материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын амортизация мен залалдардың сомалары шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, бірақ жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі.
Тармақ 27
27. 2800 "Кейінге қалдырылған салықтық активтер" кіші бөлімі қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2810 "Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер", онда мыналарға: шегерілетін мезгілдік айырмаға, алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге; және алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге байланысты алдағы кезеңде өтелуге жататын пайдаға салынатын салықтардың сомасы есепке алынады. Мезгілдік айырма дегеніміз - активтің немесе міндеттеменің теңгерім құны мен олардың салық базасы арасындағы айырма. Шегерілетін мезгілдік айырма дегеніміз - нәтижесінде тиісті актив немесе міндеттеме теңгерім құнының орны толтырылған немесе өтелген жағдайда алдағы кезеңдердің пайдасына (салық залалына) салық салуды анықтаған кезде шегерімдер болып табылатын мезгілдік айырма.
Тармақ 28
28. 2900 "Өзге ұзақ мерзімді активтер" кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2910 - "Берілген ұзақ мерзімді аванстар", онда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады; 2920 - "Алдағы кезеңдердің шығыстары", онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады; 2930 - "Аяқталмаған құрылыс", онда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы: негізгі құралдарды салумен байланысты, жабдықты монтаждау бойынша, келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар; 2940 - "Өзге ұзақ мерзімді активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.
Тармақ 7. 7. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары
7. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары
Тармақ 29
29. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған. Егер ұйымның қалыпты операциялық циклы барысында міндеттемені төлеу жорамалданса немесе ол баланс күнінен кейін он екі ай ішінде орындалуға тиіс болса ол қысқа мерзімді міндеттеме ретінде жіктеледі. Барлық қалған міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде жіктеледі.
Тармақ 30
30. 3 "Қысқа мерзімді міндеттемелер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды: 3000 - "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер", 3100 - "Салықтар бойынша міндеттемелер", 3200 - "Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер", 3300 - "Қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3400 - "Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері", 3500 - "Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер".
Тармақ 31
31. 3000 "Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері" кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, 1 жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есептеуге арналған. Қаржы міндеттемелері - бұл шартпен уағдаласылған міндеттемелер: - басқа ұйымның ақша қаражаттарын немесе өзге қаржы активтерін беруге; немесе - ықтимал тиімсіз шартпен басқа ұйыммен қаржы құралдарымен алмасуға. 3000 "Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері" кіші бөлімі шоттардың келесі топтарын қамтиды: 3010 - "Қысқа мерзімді банктік қарыз", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады; 3020 - "Қысқа мерзімді алынған қарыз", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен банктік емес ұйымдардан алынған қарыздар есепке алынады; 3030 - "Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрініс табады; 3040 - "Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі", мұнда ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мысалы қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер есепке алынады; 3050 - "Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.
Тармақ 32
32. 3100 "Салық бойынша міндеттемелер" кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды: 3110 - "Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы", мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады; 3120 - "Жеке табыс салығы", мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3130 - "Қосылған құн салығы", мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады; 3140 - "Акциздер", мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3150 - "Әлеуметтік салық", мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3160 - "Жер салығы", мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3170 - "Көлік құралдары салығы", мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3180 - "Мүлік салығы", мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3190 - "Өзге салықтар", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
Тармақ 33
33. 3200 "Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер" кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды: 3210 - "Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер", мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3220 - "Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер", мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3230 - "Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер", мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3240 - "Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер", мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
Тармақ 34
34. 3300 "Қысқа мерзімді кредиторлық берешек" кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды: 3310 - "Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешегі көрініс табады; 3320 - "Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады; 3330 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады; 3340 - "Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады; 3350 - "Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек", мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады; 3360 - "Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек", мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады; 3370 - "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі", мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 3380 - "Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар", алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады; 3390 - "Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
Тармақ 35
35. 3400 "Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері" кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған. Бағалау міндеттемелері мынадай жағдайларда мойындалады, егер: ұйымның өткен оқиғалар нәтижесінде ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) болса; міндеттемені өтеу үшін экономикалық пайданы мұндай істен шығу талап етілмейді деген ықтималдылықтан жоғары қамтитын ресурстарды істен шығару талап етілу ықтималдығы; міндеттеме сомасының сенімді есеп айырысуы жасалуы мүмкін. Бағалау міндеттемелерінің кредиторлық берешек және есептеулер сияқты басқа міндеттемелерден айырмашылығы бар, себебі міндеттемелерді өтеу үшін қажет болашақ шығындар уақытына немесе сомасына қатысты тұрлаусыздық бар. Берілген кіші бөлімшоттардың мынадай топтарын қамтиды: 3410 - "Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер", мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады; 3420 - "Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер", мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады; 3430 - "Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады; 3440 - "Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда шоттардың алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
Тармақ 36
36. 3500 "Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер" алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды: 3510 - "Алынған қысқа мерзімді аванстар", мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады; 3520 - "Алдағы кезеңдердің кірістері", мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрініс табады; 3530 - "Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері", мұнда сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері көрініс табады; 3540 - "Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер", мұнда алдағы топтарды көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
Тармақ 8. 8. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер бөлімінің шоттары"
8. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер бөлімінің шоттары"
Тармақ 37
37. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған. 4 "Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды: 4000 - "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер", 4100 - "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", 4200 - "Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", 4300 - "Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер", 4400 - "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер".
Тармақ 38
38. 4000 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер" кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды: 4010 - "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар", бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады; 4020 - "Ұзақ мерзімді алынған қарыздар", бір жылдан асатын мерзіммен банктік емес ұйымдардан алынған қарыздар есепке алынады; 4030 - "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.
Тармақ 38
38. 4100 "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек" кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды: 4110 - "Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек", мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады; 4120 - "Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады; 4130 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады; 4140 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады; 4150 - "Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек", мұнда бір жылдан астам қаржылық және операциялық жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады; 4160 - "Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар", мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және төлеуге арналған өзге ұзақ мерзімді сыйақылар көрініс табады; 4170 - "Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
Тармақ 39
39. 4200 "Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері" кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған және баптардың мынадай топтарын қамтиды: 4210 - "Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер", мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады; 4220 - "Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады; 4230 - "Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады; 4240 - "Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері", мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
Тармақ 40
40. "Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер" кіші бөлімі мерзімі ұзартылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған және шоттар топтарын қамтиды: 4310 "Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер", мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады. Салық салынатын уақыттағы айырмалар - активтің немесе міндеттеменің теңгерімдік құны өтелгенде немесе жабылғанда, болашақ кезеңдердің салық салынатын пайдаларын (салық зияндарын) анықтаған жағдайда, салық салынатын сомалардың пайда болуына алып келетін уақытша айырмашылықтар.
Тармақ 41
41. 4400 "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер" кіші бөлімі алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарын қамтиды: 4410 - "Алынған ұзақ мерзімді аванстар", мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады; 4420 - "Алдағы кезеңдердің кірістері", мұнда болашақ есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы есепті кезеңде алынған кірістер көрініс табады; 4430 - "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер", мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
Тармақ 9. 9. 5 "Капитал мен резервтер" бөлімінің шоттары
9. 5 "Капитал мен резервтер" бөлімінің шоттары
Тармақ 42
42. 5 "Капитал мен резервтер" бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын үлес. Берілген бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды: 5000 - "Шығарылған капитал", 5100 - "Эмиссиялық кіріс", 5200 - "Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар", 5300 - "Резервтер", 5400 - "Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)".
Тармақ 43
43. 5000 "Шығарылған капитал" кіші бөлімі шығарылған капиталды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 5010 - "Жарияланған капитал", мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады; 5020 - "Төленбеген капитал", онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
Тармақ 44
44. 5100 "Эмиссиялық кіріс" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды: 5110 - "Эмиссиялық кіріс", онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс ескеріледі.
Тармақ 45
45. 5200 "Сатып алынған меншікті үлес құралдары" бөлімшесі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды: 5210 "Сатып алынған меншікті үлес құралдары" шоттарының тобын қамтиды, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
Тармақ 46
46. 5300 "Резервтер" бөлімшесі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі, және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 5310 - "Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал", онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі; 5320 - "Қайта бағалауға арналған резерв", онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі; 5330 - "Шетелдік валютаның қайта есептеуге арналған резерв", онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс; 5340 - "Басқа да резервтер" онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
Тармақ 47
47. 5400 "Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)" бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған шығынды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 5410 - "Есептік жылдың пайдасы (шығыны)", онда есептік жылдың пайдасы немесе шығыны көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады; 5420 - "Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету", онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (шығынды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі; 5430 - "Өткен жылдардағы пайда (шығын)", онда өткен жылдардағы пайда (шығын) көрсетіледі.
Тармақ 10. 10. 6 "Кірістер" бөлімінің шоттары
10. 6 "Кірістер" бөлімінің шоттары
Тармақ 48
48. 6 "Кірістер" бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған және мынадай бөлімшелерді қамтиды: 6000 - "Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс", 6100 - "Қаржыландырудан алынатын кірістер", 6200 - "Басқа да кірістер", 6300 - "Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер", 6400 - "Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі". Кіріс - ол активтердің түсімі немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайданы ұлғайту, ол капиталға қатысушы тұлғалардың жарналарымен байланысты ұлғайтудан өте жақсы капиталдың ұлғаюына келтіреді. Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5410 "Есепті жылдың пайдасы (залал)" тобының шоттарына жабылады.
Тармақ 49
49. 6000 "Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс" бөлімшесі шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6010 - "Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс", онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі; 6020 - "Сатылған өнімді қайтару", онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6030 - "Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер", онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.
Тармақ 50
50. 6100 "Қаржыландырудан түсетін кіріс" бөлімшесі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6110 - "Сыйақылар бойынша кірістер", онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар; 6120 - "Дивидендтер бойынша кірістер", онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6130 - "Қаржылық жалдау бойынша кірістер", онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6140 - "Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер", онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6150 - "Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер", онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі; 6160 - "Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер", онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
Тармақ 51
51. 6200 "Басқа да кірістер" бөлімшесі басқа да кірістерді есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6210 - "Активтердің шығуынан алынатын кірістер", онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6220 - "Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер", онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі; 6230 - "Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер", онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6240 - "Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер", онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6250 - "Бағамдық айырмадан түсетін кірістер", онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі. Ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар шетелдік қызметке бағамдық айырманы қоспағанда олардың туындау кезеңінде кіріс немесе шығыс ретінде танылады; 6260 - "Операциялық жалдаудан түсетін кірістер", онда активтерге операциялық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6270 - "Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер", онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6280 - "Басқа да кірістер", онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
Тармақ 52
52. 6300 "Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер" бөлімшесі қысқартылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған және мынадай шоттар тобын қамтиды: 6310 "Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер", онда міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кірістерге байланысты операциялар көрсетіледі.
Тармақ 53
53. 6400 "Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі" үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6410 - "Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі; 6420 - "Бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.
Тармақ 10. 10. 7 "Шығыстар" бөлімінің шоттары
10. 7 "Шығыстар" бөлімінің шоттары
Тармақ 54
54. 7 "Шығыстар" бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған және мынадай бөлімшелерді қамтиды: 7000 - "Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны", 7100 - "Өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар", 7200 - "Әкімшілік шығыстар", 7300 - "Қаржыландыруға арналған шығыстар", 7400 - "Басқа да шығыстар", 7500 - "Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар", 7600 - "Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі", 7700 - "Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар". Шығыстар - ол активтердің жылыстауы немесе азаюы немесе міндеттемелердің туындауы нысанында есепке алу кезеңінің ішінде экономикалық пайданың азаюы, ол капиталға қатысушы тұлғаларды бөлумен байланысты азайтумен салыстырғанда капиталдың азаюына әкеп соғады. Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5410 "Есепті жылдың пайдасы (залалы)" тобының шоттарына жабылады.
Тармақ 55
55. 7000 "Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды: 7010 - "Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны", онда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны ескеріледі.
Тармақ 56
56. 7100 - "Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды: 7110 - "Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар", онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.
Тармақ 57
57. 7200 "Әкімшілік шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды: 7200 - "Әкімшілік шығыстар", онда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары ескеріледі.
Тармақ 58
58. 7300 "Қаржыландыруға арналған шығыстар" бөлімшесі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 7310 - "Сыйақылар бойынша шығыстар", онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі; 7320 - "Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар", онда активтерге қаржылық жалдау алынған шығыстар көрсетіледі, мәселен негізгі құралдарға; 7330 - "Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар", онда әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар көрсетіледі; 7340 - "Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар", онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.
Тармақ 59
59. 7400 "Басқа да шығыстар" бөлімшесі басқа да өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған, ол әдеттегі қызмет барысында туындайды және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 7410 - "Активтердің шығуынан алынатын шығыстар", онда активтерді сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселен сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар; 7420 - "Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар", онда активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар ескеріледі; 7430 - "Бағамдық айырма бойынша шығыстар", онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі; 7440 - "Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар", онда резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар ескеріледі; 7450 - "Операциялық жалдау бойынша шығыстар", онда операциялық жалдау бойынша шығыстар ескеріледі; 7460 - "Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар", онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар ескеріледі; 7470 - "Басқа да кірістер", онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да шығыстар ескеріледі.
Тармақ 60
60. 7500 "Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды: 7510 - "Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар", онда қысқартылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулар бойынша шығыстар ескеріледі.
Тармақ 61
61. 7600 "Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес" бөлімшесі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 7610 - "Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес", онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі; 7620 - "Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес" онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.
Тармақ 62
62. 7700 "Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар" бөлімшесі шоттардың мынадай тобын қамтиды: 7710 - "Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар", онда корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар ескеріледі.
Тармақ 11. 11. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімінің шоттары
11. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімінің шоттары
Тармақ 63
63. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімінің шоттары өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған ұйымдардың шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады. 8 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімі 8000 "Өндірістік есепке алу шоттары" бөлімшесінен тұрады, ол шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 8010 - "Негізгі өндіріс", онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізатқа және материалдарға, еңбек ақы төлеуге және негізгі өндірісте тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақы сомасынан алынатын аударымға, негізгі өндіріске және басқаға жататын жүкқұжат шығыстарына арналған шығындар ескеріледі; 8020 - "Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары", онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығыстар ескеріледі; 8030 - "Қосалқы өндірістер", онда өндірістердің шығындары ескеріледі, ол ұйымның негізгі өндірісі үшін қосалқы болып табылады; 8040 - "Жүкқұжат шығыстары", онда негізгі және қосалқы шығыстар, сондай-ақ меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.
Басқа 82. Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының синтетикалық шоттары топтарының тізбесі
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа (негізге) қосымша Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының синтетикалық шоттары топтарының тізбесі 1-бө­лім. Қы­сқа мер­зім­ді ак­тив­тер 1000 Ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1010 Кас­са­да­ғы тең­ге­мен ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1020 Кас­са­да­ғы ва­лю­та­мен ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1030 Жол­да­ғы ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1040 Ағым­да­ғы банк­тік шот­тар­да­ғы тең­ге­мен ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1050 Ағым­да­ғы банк­тік шот­тар­да­ғы ва­лю­та­мен ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1060 Де­по­зит­тік банк­тік шот­тар­да­ғы ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1070 Ар­найы шот­тар­да­ғы ақ­ша қа­ра­жат­та­ры 1100 Қы­сқа мер­зім­ді қар­жы­лық ин­ве­сти­ци­я­лар 1110 Қы­сқа мер­зім­ді бе­рі­л­ген қары­здар 1120 Са­уда­ға ар­нал­ған қы­сқа мер­зім­ді қар­жы­лық ак­тив­тер 1130 Өте­у­ге дей­ін ұста­ла­тын қы­сқа мер­зім­ді ин­ве­сти­ци­я­лар 1140 Са­ту­ға ар­нал­ған қол­да бар қы­сқа мер­зім­ді қар­жы­лық ин­ве­сти­ци­я­лар 1150 Өзге қы­сқа мер­зім­ді қар­жы­лық ин­ве­сти­ци­я­лар 1200 Қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек 1210 Са­тып алушы­лар мен тап­сы­рыс­шы­лар­дың қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 1220 Ен­ші­лес ұй­ым­дар­дың қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 1230 Қа­уым­да­сты­ры­л­ған және бір­лес­кен ұй­ым­дар­дың қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 1240 Фи­ли­ал­дар мен құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 1250 Қыз­мет­кер­лер­дің қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 1260 Жал­дау бой­ын­ша қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек 1270 Алу­ға ар­нал­ған қы­сқа мер­зім­ді сый­а­қы­лар 1280 Өзге қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек 1290 Күм­ән­ді та­лап­тар бой­ын­ша ре­зерв 1300 Қор­лар 1310 Ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар 1320 Дай­ын өнім 1330 Та­у­ар­лар 1340 Аяқ­тал­ма­ған өн­ді­ріс 1350 Өзге қор­лар 1360 Қор­лар­ды есеп­тен шы­ға­ру бой­ын­ша ре­зерв 1400 Ағым­да­ғы са­лық­тық ак­тив­тер 1410 Кор­по­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы 1420 Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы 1430 Өзге са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер 1500 Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер 1510 Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер 1520 Са­ту­ға ар­нал­ған іс­тен шы­ға­тын топ 1600 Өзге қы­сқа мер­зім­ді ак­тив­тер 1610 Бе­рі­л­ген қы­сқа мер­зім­ді аван­стар 1620 Ал­да­ғы ке­зең­дер­дің шы­ғы­ста­ры 1630 Өзге қы­сқа мер­зім­ді ак­тив­тер 2-бө­лім. Ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер 2000 Ұзақ мер­зім­ді қар­жы­лық ин­ве­сти­ци­я­лар 2010 Ұзақ мер­зім­ді бе­рі­л­ген қары­здар 2020 Өте­у­ге дей­ін ұста­ла­тын ұзақ мер­зім­ді ин­ве­сти­ци­я­лар 2030 Са­ту үшін қол­да бар ұзақ мер­зім­ді қар­жы­лық ин­ве­сти­ци­я­лар 2040 Өзге ұзақ мер­зім­ді қар­жы­лық ин­ве­сти­ци­я­лар 2100 Ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек 2110 Са­тып алушы­лар мен тап­сы­рыс­шы­лар­дың  ұзақ мер­зім­ді бе­ре­ше­гі 2120 Ен­ші­лес ұй­ым­дар­дың ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 2130 Қа­уым­да­сты­ры­л­ған және бір­лес­кен ұй­ым­дар­дың ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 2140 Фи­ли­ал­дар мен құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 2150 Қыз­мет­кер­лер­дің ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­ше­гі 2160 Жал­дау бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек 2170 Алу­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді сый­а­қы­лар 2180 Өзге ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек 2200 Үле­стік қа­ты­су әді­сі­мен есеп­ке алы­на­тын ин­ве­сти­ци­я­лар 2210 Үле­стік қа­ты­су әді­сі­мен есеп­ке алы­на­тын ин­ве­сти­ци­я­лар 2300 Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ин­ве­сти­ци­я­лар 2310 Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ин­ве­сти­ци­я­лар 2320 Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ин­ве­сти­ци­я­лар­дың амор­ти­за­ци­я­сы және құн­сызда­нуы 2400 Негіз­гі құ­рал­дар 2410 Негіз­гі құ­рал­дар 2420 Негіз­гі құ­рал­дар­дың амор­ти­за­ци­я­сы және құн­сызда­нуы 2500 Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер 2510 Өсім­дік­тер 2520 Жа­ну­ар­лар 2600 Бар­лау және ба­ға­лау ак­тив­те­рі 2610 Бар­лау және ба­ға­лау ак­тив­те­рі 2620 Бар­лау және ба­ға­лау ак­тив­те­рі­нің амор­ти­за­ци­я­сы және құн­сызда­нуы 2700 Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 2710 Гу­двилл 2720 Гу­двилл­дің құн­сызда­нуы 2730 Өзге ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 2740 Өзге ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­дің амор­ти­за­ци­я­сы және құн­сызда­нуы 2800 Кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған са­лық­тық ак­тив­тер 2810 Кор­по­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған са­лық­тық ак­тив­тер 2900 Өзге ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер 2910 Бе­рі­л­ген ұзақ мер­зім­ді аван­стар 2920 Ал­да­ғы ке­зең­дер­дің шы­ғы­ста­ры 2930 Аяқ­тал­ма­ған құ­ры­лыс 2940 Өзге ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер 3-бө­лім. Қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер 3000 Қы­сқа мер­зім­ді қар­жы­лық мін­дет­те­ме­лер 3010 Қы­сқа мер­зім­ді банк­тік қары­здар 3020 Алын­ған қы­сқа мер­зім­ді қары­здар 3030 Қа­ты­су­шы­лар­дың ди­ви­денд­те­рі мен кі­рі­сте­рі бой­ын­ша қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 3040 Ұзақ мер­зім­ді қар­жы­лық мін­дет­те­ме­лер­дің ағым­да­ғы бө­лі­гі 3050 Өзге қы­сқа мер­зім­ді қар­жы­лық мін­дет­те­ме­лер 3100 Са­лық­тар бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер 3110 Тө­ле­у­ге ти­іс­ті кор­по­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы 3120 Же­ке та­быс са­лы­ғы 3130 Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы 3140 Ак­ц­и­з­дер 3150 Әле­умет­тік са­лық 3160 Жер са­лы­ғы 3170 Кө­лік құ­рал­да­ры са­лы­ғы 3180 Мү­лік са­лы­ғы 3190 Өзге са­лық­тар 3200 Бас­қа да мін­дет­ті және ер­кін тө­лем­дер бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер 3210 Әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер 3220 Зей­не­та­қы ауда­рым­да­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер 3230 Бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша өзге мін­дет­те­ме­лер 3240 Бас­қа да ер­кін тө­лем­дер бой­ын­ша өзге мін­дет­те­ме­лер 3300 Қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 3310 Бе­ру­ші­лер мен мер­ді­гер­лер­ге бе­рі­ле­тін қы­сқа мер­зім­ді бе­ре­шек 3320 Ен­ші­лес ұй­ым­дар­ға бе­рі­ле­тін қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 3330 Қа­уым­да­сты­ры­л­ған және бір­лес­кен ұй­ым­дар­ға бе­рі­ле­тін қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 3340 Фи­ли­ал­дар мен құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­ге бе­рі­ле­тін қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 3350 Ең­бе­ка­қы тө­леу бой­ын­ша қы­сқа мер­зім­ді бе­ре­шек 3360 Жал­дау бой­ын­ша қы­сқа мер­зім­ді бе­ре­шек 3370 Ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің ағым­да­ғы бө­лі­гі 3380 Тө­ле­у­ге ар­нал­ған қы­сқа мер­зім­ді сый­а­қы­лар 3390 Өзге қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 3400 Қы­сқа мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі 3410 Қы­сқа мер­зім­ді ке­пі­л­гер­лік мін­дет­те­ме­лер 3420 Заң­ды на­ра­зы­лық­тар бой­ын­ша қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер 3430 Қыз­мет­кер­лер­ге сый­а­қы­лар бой­ын­ша қы­сқа мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі 3440 Өзге қы­сқа мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі 3500 Өзге қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер 3510 Алын­ған қы­сқа мер­зім­ді аван­стар 3520 Ал­да­ғы ке­зең­дер­дің кі­рі­сте­рі 3530 Са­ту­ға ар­нал­ған іс­тен шы­ға­тын топ­тың мін­дет­те­ме­ле­рі 3540 Өзге қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер 4-бө­лім. Ұзақ мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер 4000 Ұзақ мер­зім­ді қар­жы­лық мін­дет­те­ме­лер 4010 Ұзақ мер­зім­ді банк­тік қары­здар 4020 Алын­ған ұзақ мер­зім­ді қары­здар 4030 Өзге ұзақ мер­зім­ді қар­жы­лық мін­дет­те­ме­лер 4100 Ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 4110 Бе­ру­ші­лер мен мер­ді­гер­лер­ге бе­рі­ле­тін ұзақ мер­зім­ді бе­ре­шек 4120 Ен­ші­лес ұй­ым­дар­ға бе­рі­ле­тін ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 4130 Қа­уым­да­сты­ры­л­ған және бір­лес­кен ұй­ым­дар­ға бе­рі­ле­тін ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 4140 Фи­ли­ал­дар мен құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­ге бе­рі­ле­тін ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 4150 Жал­дау бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді бе­ре­шек 4160 Тө­ле­у­ге ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді сый­а­қы­лар 4170 Өзге ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек 4200 Ұзақ мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі 4210 Ұзақ мер­зім­ді ке­пі­л­гер­лік мін­дет­те­ме­лер 4220 Заң­ды на­ра­зы­лық­тар бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі 4230 Қыз­мет­кер­лер­ге сый­а­қы­лар бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі 4240 Өзге ұзақ мер­зім­ді ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі 4300 Кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған са­лық­тық мін­дет­те­ме­лер 4310 Кор­по­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған са­лық мін­дет­те­ме­ле­рі 4400 Өзге ұзақ мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер 4410 Алын­ған ұзақ мер­зім­ді аван­стар 4420 Ал­да­ғы ке­зең­дер­дің кі­рі­сте­рі 4430 Өзге ұзақ мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер 5-бө­лім. Ка­пи­тал мен ре­зерв­тер 5000 Шы­ға­ры­л­ған ка­пи­тал 5010 Жа­ри­я­лан­ған ка­пи­тал 5020 Тө­лен­бе­ген ка­пи­тал 5100 Эмис­си­я­лық кі­ріс 5110 Эмис­си­я­лық кі­ріс 5200 Са­тып алын­ған же­ке мен­шік үле­стік ас­пап­тар 5210 Са­тып алын­ған же­ке мен­шік үле­стік ас­пап­тар 5300 Ре­зерв­тер 5310 Құ­ры­л­тай­шы құ­жат­тар­мен бел­гі­лен­ген ре­зерв ка­пи­та­лы 5320 Қай­та ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған ре­зерв 5330 Ше­тел қыз­ме­ті бой­ын­ша ше­тел ва­лю­та­сын қай­та есеп­те­у­ге ар­нал­ған ре­зерв 5340 Өзге ре­зерв­тер 5400 Бө­лін­бе­ген кі­ріс (жа­был­ма­ған шы­ғын) 5410 Есеп­тік жыл­дың пай­да­сы (шы­ғы­ны) 5420 Есеп са­я­са­ты­ның өзге­руі нәти­же­сін­де пай­да­ны (шы­ғын­ды) тү­зе­ту 5430 Өт­кен жыл­дар­да­ғы пай­да (шы­ғын) 6-бө­лім. Кі­рі­стер 6000 Өнім­дер­ді өт­кі­зу мен қыз­мет­тер көр­се­ту­ден түс­кен кі­ріс 6010 Өнім­дер­ді өт­кі­зу мен қыз­мет­тер көр­се­ту­ден түс­кен кі­ріс 6020 Са­ты­л­ған өнім­ді қай­та­ру 6030 Ба­ға­дан және са­ту­дан же­ңіл­дік­тер 6100 Қар­жы­лан­ды­ру­дан түс­кен кі­рі­стер 6110 Сый­а­қы­лар бой­ын­ша кі­рі­стер 6120 Ди­ви­денд­тер бой­ын­ша кі­рі­стер 6130 Қар­жы­лық жал­да­удан түс­кен кі­рі­стер 6140 Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке ин­ве­сти­ци­я­лар­мен бо­ла­тын опе­ра­ци­я­лар­дан түс­кен кі­рі­стер 6150 Қар­жы­лық ас­пап­тар­дың әділ құ­ны­ның өзге­ру­і­нен түс­кен кі­рі­стер 6160 Қар­жы­лан­ды­ру­дан түс­кен өзге кі­рі­стер 6200 Өзге кі­рі­стер 6210 Ак­тив­тер­ді іс­тен шы­ға­ру­дан түс­кен кі­рі­стер 6220 Өте­у­сіз алын­ған ак­тив­тер­ден алын­ған кі­рі­стер 6230 Мем­ле­кет­тік суб­си­ди­я­лар­дан түс­кен кі­рі­стер 6240 Құн­сызда­ну­дан шы­ғын­дар­ды қал­пы­на кел­ті­ру­ден түс­кен кі­рі­стер 6250 Ба­ғам ай­ыр­ма­сы­нан түс­кен кі­рі­стер 6260 Опе­ра­ци­я­лық жал­да­удан түс­кен кі­рі­стер 6270 Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер­дің әділ құ­ны­ның өзге­ру­і­нен түс­кен кі­рі­стер 6280 Өзге кі­рі­стер 6300 Тоқ­та­ты­ла­тын қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты кі­рі­стер 6310 Тоқ­та­ты­ла­тын қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты кі­рі­стер 6400 Үле­стік қа­ты­су әді­сі бой­ын­ша есеп­ке алы­на­тын ұй­ым­ның пай­да үле­сі 6410 Қа­уым­да­сты­ры­л­ған ұй­ым­дар­дың пай­да үле­сі 6420 Бір­лес­кен ұй­ым­дар­дың пай­да үле­сі 7-бө­лім. Шы­ғы­стар 7000 Өт­кі­зі­л­ген өнім мен көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің өзін­дік құ­ны 7010 Өт­кі­зі­л­ген өнім мен көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің өзін­дік құ­ны 7100 Өнім­дер­ді өт­кі­зу мен қыз­мет­тер­ді көр­се­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар 7110 Өнім­дер­ді өт­кі­зу мен қыз­мет­тер­ді көр­се­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар 7200 Әкім­ші­лік шы­ғы­стар 7210 Әкім­ші­лік шы­ғы­стар 7300 Қар­жы­лан­ды­ру­ға шы­ғы­стар 7310 Сый­а­қы­лар бой­ын­ша шы­ғы­стар 7320 Қар­жы­лық жал­дау бой­ын­ша пай­ыз тө­ле­у­ге шы­ға­тын шы­ғы­стар 7330 Қар­жы­лық ас­пап­тар­дың әділ құ­ны­ның өзге­ру­і­нен бо­ла­тын шы­ғы­стар 7340 Қар­жы­лан­ды­ру­ға өзге шы­ғы­стар 7400 Өзге шы­ғы­стар 7410 Ак­тив­тер­дің іс­тен шы­ғуы бой­ын­ша шы­ғы­стар 7420 Ак­тив­тер­дің құн­сызда­нуы бой­ын­ша шы­ғы­стар 7430 Ба­ғам ай­ыр­ма­сы бой­ын­ша шы­ғы­стар 7440 Ре­зерв құ­ру және үміт­сіз та­лап­тар­ды есеп­тен шы­ға­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар 7450 Опе­ра­ци­я­лық жал­дау бой­ын­ша шы­ғы­стар 7460 Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер­дің әділ құ­ны­ның өзге­ру­і­нен бо­ла­тын шы­ғы­стар 7470 Өзге шы­ғы­стар 7500 Тоқ­та­ты­ла­тын қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар 7510 Тоқ­та­ты­ла­тын қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар 7600 Үле­стік қа­ты­су әді­сі­мен есеп­ке алы­на­тын ұй­ым­ның шы­ғын үле­сі 7610 Қа­уым­да­сты­ры­л­ған ұй­ым­дар­дың шы­ғын үле­сі 7620 Бір­лес­кен ұй­ым­дар­дың шы­ғын үле­сі 7700 Кор­по­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша шы­ғы­стар 7710 Кор­по­ра­ци­я­лық та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша шы­ғы­стар 8-бө­лім. Өн­ді­рі­стік есеп­тің шот­та­ры 8000 Өн­ді­рі­стік есеп­тің шот­та­ры 8010 Негіз­гі өн­ді­ріс 8020 Же­ке мен­шік өн­ді­рі­стің жар­ты­лай фаб­ри­кат­та­ры 8030 Кө­мек­ші өн­ді­рі­стер 8040 Жүк­құ­жат шы­ғы­ста­ры