О городской комиссии по делам семьи и женщин при акиме города Курчатова Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Курчатов қаласының әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссия туралы Қазақастан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 17) тармакшасына сәйкес отбасы мүдделерін қорғау, қаланың әлеуметтік-экономикалык, саяси және мәдени өміріне әйелдерді кеңінен қатыстыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Курчатов қаласының әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссия күрылсын (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Курчатов қаласынын әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссия туралы Ереже бекітілсін (2-косымша).
Тармақ 3
3. Курчатов қаласының әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссия күрамы Курчатов қалалык мәслихатының сессиясына бекітуге берілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бакылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: Курчатов қалалық әділет Басқармасының бастығы Е. ИМАНМӘДИЕВ Курчатов қаласының полиция бөлімінің бастығы Қ. ИСҚАҚОВ Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Ш. ТҮЛЕУТАЕВ Курчатов қалалық мәслихатының депутаты Н. ҚАДЫРОВА «Курчатов қаласының аураханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігері А. СҰЛТАНОВ «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Курчатов қалалық филиалының төрағасы Г. КУЛИКОВА
Басқа 5. Курчатов қаласының әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссия күрамы
Курчатов каласы әкімдігінің 2005 жылғы «13» желтоқсан № 693 қаулысына 1 – қосымша Курчатов қаласының әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссия күрамы
Басқа 6
Курчатов каласы әкімдігінің 2005 жылғы «13» желтоқсан № 693 қаулысына 2-қосымша
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Курчатов қаласының әкімі жанындақғ отбасы және әйелдер істері жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік - кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құкықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативті кұқықтық актілері, қала әкімінің шешімі, Қазакстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі тапсырмалары
2. Комиссияның негізгі тапсырмалары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі тапсырмалары болып:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындаты отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттык комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсыныстарына сәйкес отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша кешенді қалалық бағдарламалар кұру;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психологиялық қолдау бойынша өзге іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) халықтың денсаулық жағдайын, ана мен баланы қорғау, отбасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың үдерістеріне кешенді талдау өткізу;
Тармақша 4
4) отбасының, әйелдердің және балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі нақты алатын орны туралы мәселер бойынша акпараттық база құруға қатысу;
Тармақша 5
5) жергілікті өкілетті және аткарушы органдарда әйел өкілеттіктерін кеңейтуге ықпал ету;
Тармақша 6
6) әйелдерді тарта отырып, шағын және орта бизнес мәселелері бойынша ұсыныстарды жасау және оған қатысу;
Тармақша 7
7) жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, сондай-ак коғамдық ұйымдардың (келісім бойынша) отбасы, әйелдер мен балалар жағдайын жақсартуға бағытталған шешім жобаларын және ұсыныстарды карауға қатысу;
Тармақша 8
8) көп балалы және аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қолдауды, мектептік жалпылай білім алуды қамтамасыз етуді, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға және отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша өзге әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ыкпал етуге;
Тармақша 9
9) Комиссияның құзырындағы мәселелер бойынша жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 10
10) бұкаралық ақпарат құралдарымен калада отбасы, әйелдер мен балалар жағдайларын толықтай және объективті түрде көрсету мақсатында өзара әрекет;
Тармақша 11
11) барлық мүдделі ұйымдармен өзінің күзыры аясында әріптестік ету, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар мен жиналыстар өткізу.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттігі
3. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия өзінің құзыры шегінде кұкылы:
Тармақша 1
1) өзінің отырыстарына Әкімдікке тікелей бағынысты мемлекеттік органдар басшыларын шакыруға және оларды тыңдауға;
Тармақша 2
2) өз қызметін жүзеге асыруға қажетті кұжаттарды, материалдар мен ақпараттарды белгіленген тәртіпте сұрауға;
Тармақша 3
3) отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін заңдардың бұзылу фактілері бойынша тексеру және қызметтік тергеу жүргізу туралы сәйкес мемлекеттік орган басшыларына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) Комиссия отырысын дайындауға, қалалык бағдарламаларды әзірлеуге және тексеруге катысу үшін қоғамның беделді де кәсіби даярланған өкілін штаттан тыс сарапшы ретінде белгіленген тәртіпте тарту;
Тармақша 5
5) әйелдер санатынан басшылық лауазымға үміткерлер ұсынуға ыкпал ету;
Тармақша 6
6) отбасы, әйелдер мен балалар жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге және басқа үйымдарға статистикалық, талдау, әдістемелік және өзге да ақпараттық материалдарды, сондай - ак ұсыныстар жіберуге;
Тармақша 7
7) Комиссия азаматтардан келіп түскен арыз - өтініштерді, бұқаралық акпарат құралдарының хабарламаларын қарау нәтижесінде қажет шешім қабылдау үшін сәйкес мемлекеттік органның немесе лауазымдық тұлғаның қарауына материалды жіберуге:
Тарау 4. 4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия өз кызметін кала әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады;
Тармақ 6
6. Комиссияны орынбасары бар төраға басқарады.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамына жергілікті мемлекеттік органдар мен басқа ұйым өкілдері енеді. Комиссияның жеке кұрамы мен оның санын Комиссия төрағасының ұсыныс етуімен әкім белгілейді.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі, бірақ ол әр санда бір реттен кем болмауы тиіс.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы, егер оған Комиссияның барлык мүшелерінің үштен екісі қатысқанда, заңды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия жұмысының жетекшілігін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырысының күн тәртібін күрастырады;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарын шақырады және сол отырырыстарда төрағалық ететді. Төраға жок балған уакытта оның тапсырмасы бойынша отырыста орынбасары немесе Комиссияның мүшесінің біреуі төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерінен бір адам Комиссия отырысының күн тәртібіне енген мәселе бойынша баяндамашы болып белгіленеді;
Тармақша 5
5) Комиссия жұмысының қорытындысы туралы әкім алдында тоқсан сайын есеп береді;
Тармақша 6
6) әкімдік қаулысында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметтін қамтамасыз ету
5. Комиссия қызметтін қамтамасыз ету
Тармақ 11
11. Комиссия жұмысын оның ақпараттык - талдаулык қамтамасыз ету және үйымдастыру функцияларын орындайтын секретариаты – Курчатов қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жүзеге асырады.