Об утверждении Правил размещения наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах Астраханского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан ауданының елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Жарнамалар туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 489 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшада беріліп отырған, Астрахан ауданының елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулы Астрахан ауданының әділет Басқармасында тіркелген күннен бастап күшінe енеді, «Маяк» газетінде жариялануға жатады.
Басқа 3
Астрахан ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 09 желтоқсан №495 қаулысымен бекітілген Астрахан ауданының елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ Астрахан ауданының елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру Ережелері (бұдан әрі - Ереже) ауданның елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастырудың жағдайлары мен тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Сыртқы (визуалды) жарнама - тұлғалардың белгіленбеген тобы үшін және жеке және заңды тұлғаның мүддесін қалыптастыруға немесе қолдауға, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді таратуға әсер етуге арналған плакаттар, стендтер, жарықты көрсеткіш тақтасы, билбордтар, транспаранттар, жарқағаздар және өзге де стационарлық орналастыру объектілері түрінде таратылады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган - қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға мүдделі тұлғалар - сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға мүдделі заңды және жеке тұлғалар (өтініш берушілер).
Тарау 2. 2. Жарнамаға койылатын жалпы талаптар
2. Жарнамаға койылатын жалпы талаптар
Тармақ 4
4. Сыртқы (визуалды) жарнама объектілерінің мәтіндері:
Тармақша 1
1) міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылуы тиіс;
Тармақша 2
2) Мынадай ретпен жайғастырылады: сол жағына немесе жоғарғы жағына - мемлекеттік тілде, оң жағында немесе төменгі жағында орыс тілінде бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттілігі - не қарай визуалды ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерде берілуі мүмкін.
Тармақша 3
3) жарнаманың мазмұны бір тілден екінші тілге аударылғанда оның негізгі мазмұны бұзылмауы тиіс;
Тармақша 4
4) грамматикалық және стилистикалық қателіктерге жол берілмеуі тиіс;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарымен өндіріске енгізілуге және таратуға тиым салынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жарнамалауға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыру көлік қозғалысы кауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау жағдайларын және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарын сақтау жағдайында елді мекендердегі ортаның эстетикалық, сәулет, көркемдеуші сапалары есепке алынып жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Сыртқы (визуалды) жарнама табиғат қорғау заңдарын бұзатын әрекеттерге түрткі болмауы керек.
Тармақ 8
8. Сыртқы (визуалды) жарнама нәсіл, ұлттық, тұлғалардың кәсіптік немесе әлеуметтік санатына, жасының үлкен-кішілігіне немесе жынысқа бөлу, тіл, діни философиялық, саясат және өзге де сенімдері жайында тіл тигізу, салыстыру, бейнелеу жолымен адамгершілік пен ізгіліктің қоғамдық нормаларын бұзатын мәтіндік, көру ақпаратын құрамауы керек.
Тармақ 9
9. Темекі өнімдерін сыртқы (визуалды) жарнамалау сауда орындарынан басқа жерлерде тиым салынады.
Тармақ 10
10. Арақ-шарап өнімдерін сыртқы (визуалды) жарнамалауға тиым салынады.
Тармақ 11
11. Сыртқы (визуалды) жарнама дүние жүзілік немесе ұлттық мәдениеттің игілігіне айналған өнер объектілерін, мемлекеттік рәміздерді (елтаңба, ту, әнұран), кез келген мемлекеттің валютасын, діни рәміздерді қандай да заңды немесе жеке тұлғаларды, қызметті, мамандықты және тауарларды ұятқа батырмауы керек.
Тармақ 12
12. Сыртқы (визуалды) жарнама көлік, жаяу жүргінші қозғалысына және көшелердің көлік жолдары мен жаяу жолдарын тазалауға кедергі жасамауы керек.
Тармақ 13
13. Тарихи, мәдени және сәулет құндылығы бар ескерткіштерге, обелискілерге, ғимараттарға, сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтарға сыртқы (визуалды) жарнамаларды ілуге тиым салынады.
Тарау 3. 3. Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін рұқсат алу тәртібі
3. Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін рұқсат алу тәртібі
Тармақ 14
14. Сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыру Астрахан ауданының елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру Қағидасымен белгіленген талаптарға сәйкес берілетін шешімдер негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Ауданның елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін, өтініш берушілер орналастыру орнын көрсетіп, уәкілетті органға өтініш береді. Өтініште:
Тармақша 1
1) аты-жөні, әкесінің аты, салық төлеушінің тіркелуін (СТН) растайтын көшірме, пошталық мекен-жай және өтініш берушінің телефоны (жеке тұлға үшін);
Тармақша 2
2) кәсіпорынның, ұйымның атауы, аты-жөні, әкесінің аты, салық төлеушінің тіркелуін (СТН) растайтын көшірме, мемлекеттік тіркелім туралы куәліктің көшірмесі, банк реквизиттері, пошталық мекен-жай және өтініш берушінің телефоны (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Өтінішке түсі мен көлемі көрсетіліп, сыртқы (визуалды) жарнама объектілерінің нобайлық жобасы қоса беріледі.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган өтініш берушілердің құжаттарын қарағаннан кейін сәулет-жоспарлық тапсырма (СЖТ) және сәулет жобасын (бұдан әрі Паспорт) әзірлеуге қажетті мәліметтерді беруге немесе оларды беруден бас тартқанына дәлелдеу беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 18
18. СЖТ және бастапқы қажетті мәліметтер негізінде өтініш беруші сыртқы (визуалды) жарнама объектілерінің Паспортын әзірлейді. Паспортты келісу мен бекітуді уәкілетті орган және басқа да мүдделі қызметттер жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Сыртқы (визуалды) жарнаманы бекіткеннен кейін уәкілетті орган сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыру құқығына рұқсат береді.
Тармақ 20
20. Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру мерзімі бір жылдан аспайды және мерзімінің аяқталуына қарай өтініш берушінің өтінішінің негізінде ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Сыртқы (визуалды) жарнама объектілеріне өтініш берушілер уәкілетті орган сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға рұқсат бергеннен кейін үш күннің ішінде ауылдық округ әкімінің атына өтініш беруге және уақытша ақылы жер пайдалану (жалға алу) құқығы туралы шарт жасасуға міндетті.
Тарау 4. Жауапкершілік
Жауапкершілік
Тармақ 22
22. Ауданның елді мекендерінде сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастырудың міндетті Қағидаларының орындалуына бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін тиісті құжаттарды ресімдемей орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 24
24. Сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін өз бетімен орналастырғаны үшін тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 25
25. Өтініш берушілер сыртқы (визуалды) жарнама объектілеріне күтім жасайды және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сыртқы (визуалды) жарнаманың техникалық ахуалына, сыртқы тұрпатына жауаты болады.