Об утверждении Правил размещения и эксплуатации объектов наружной (визуальной) рекламы в городе Степногорске Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру және пайдалану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және кұрылыс кызметі туралы», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 каңтардаты № 2797 Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласындағы сырткы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру және пайдалану Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Тармақ 3
3. Осы каулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары В.В. Ператинскийге жүктелсін.
Басқа 4
Степногорск қаласы әкімдігінің
15.12.2005 жылғы № ә-7-772
қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Степногорск қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру және пайдалану, ресімдеу Ережесі
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығына сәйкес әзірленген. Ереже жарнама саласындағы қызмет көрсетудің кәсіпкерлік қызметтерін дамытуға жағдай жасау, қондырғыларды ретімен орналастыру (сыртқы жарнама нысандары және оны ресімдеу), сыртқы жарнама құралдарының тұтастық жүйесін құрастыру және сәулет пен қала құрылысының жаңаша талаптарына сәйкес, техникалық пайдалану нормаларын сақтау есебімен жаңаша түрдегі материалдарды қолданып, қаланы сәулетті-көркемді параметрлермен ресімдеу мақсатында әзірленген.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар
1. Негізгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Жарнамалық қондырғыны бөлшектеу - бұзу және оларды орнатылған орнынан алып тастау.
Тармақ 2
2. Имидж - жарнама тауар (сауда белгісі), жұмыс, қызмет көрсету бейне (мәтін) түрінде көрсетілген жеке не заңды тұлғалардың мүдделерін қолдауға немесе қалыптастыруға бағытталған жарнамалық ақпарат.
Тармақ 3
3. Сыртқы (көрнекі) жарнама-сыртқы жарнама құралының көмегімен кез келген түрде таратылған және орналастырылған, тұлғалардың белгісіз ортасына және қалалық кеңістіктен көрнекі қабылдауға арналған, жеке не заңды тұлғаларына, тауарларына, сауда белгілеріне, жұмысы мен кызмет көрсетуіне қызығушылығын қолдауға және олардың өткізіліміне ықпал жасайтын ақпарат.
Тармақ 4
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына - жол сыртында, көшелерде, өтетін жерлерде, алаңдарда, жиектерде, бақтарда, саябақтар мен скверлерде, павильондар мен дүңгіршектерде орналасқан стационарлық пен уақытша, жалпақ және кеңістіктік-көлемді, сәулелі, газды сәулелі стендтер, қалқандар, плакаттар, панно, экрандар, тумбалар, ілінбе жарнамалар, көрсеткіштер, транспаранттар, тартымдар, билбордтар, қабырғалар, шатырлар, қондырғылар және үйлердің витриналары мен терезелерінде, көпірлер, эстакадалар, жол желістерінде, уақытша құрылыс қондырғыларында орналасқандары жатады.
Тармақ 5
5. Жарнама тұтынушылары - занды немесе жеке тұлғалар, олардың назарына жеткізілген немесе жеткізілетін жарнама.
Тармақ 6
6. Жарнама берушісі - жарнаманы одан әрі тарату, өндіру, орналастыру үшін жарнама ақпараттарын ұсынған заңды немесе жеке тұлғалар.
Тармақ 7
7. Жарнама өндірушісі - жарнаманы тарату үшін, жарнама ақпараттарын дайын қалпына келтіруді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар.
Тармақ 8
8. Жарнама таратушылары - жарнамашыларды ұсына және қолдана отырып, жарнама ақпараттарын орналастыру мен таратуды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган – «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.
Тармақ 10
10. Көркем-сәндік шешім - сыртқы ресімдеуде жаңа технологияларды қолдана отырып, нысанның сыртқы келбетіне пішін беру.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 11
11. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру дегеніміз - жарнама тұтынушыларының назарына жарнамалық ақпаратты жарнаманы стационарлық орналастыру нысандарының көмегімен жеткізу, ол кеңістік қозғалысының жоқтығымен сипатталады.
Тармақ 12
12. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының мәтіндері қазақ (мемлекеттік) және орыс тілдерінде міндетті түрде орындалуы керек, ал егер көрсетілген кәсіпорында белгіленген тәртіп бойынша тіркелген логотипі, сауда маркасы, тауар белгісі және шетел тілінде жазылған атауы бар болса, тиісті құжатты көрсеткен жағдайда оларды түпнұсқа түрінде қосымша қолдануға болады.
Тармақ 13
13. Егер де мекеменің немесе ұжымның тіркелген белгісі немесе логотипі болған жағдайда, белгі немесе логотип аударылмай, түпнұсқа күйінде қолданылады. Егер аббревиатура мекеменің тіркелген белгісі немесе логотипі болмаса, мәтінде қысқартылған ілмелер және аббревиатуралар қолданылмайды.
Тармақ 14
14. Жарнама мен ресімделу элементтері азаматтарды озбырлыққа, агрессияға, үрей туғызуға, сонымен қатар азаматтардың денсаулығы мен олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті әрекеттерді туғызуға шақырмауы тиіс.
Тармақ 15
15. Жарнама мен ресімделу элементтері Қазақстан Республикасы азаматтарының ары мен абыройына қысым мен қорлау, ұлтаралық араздық, мәдени-тарихи, салт-дәстүрлерге қайшылық тудырмауы тиіс.
Тармақ 16
16. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының орналасуы мен пайдалануының жағдайын уәкілетті орган анықтайды.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган, осы ережемен белгілеген өкілеттік аясында, қабылдаған шешімдері меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұжымдар, сонымен бірге Степногорск қаласының азаматтарына бірдей міндетті.
Тармақ 18
18. Сыртқы жарнама нысандары және оның ресімделуі:
шатыр қондырғылары-үй немесе шатырға карниздің бойымен түгелдей немесе жартылай жоғары орналастырылған алуан түрлі көлемді және жалпақты қондырғылар;
бөлек тұратын қалқанды қондырғылар - газондар, грунттар, асфальттарда орнықтырылатын екі жақты және сыңар жақты, жалпақты немесе көлемді конструкциялар;
үй және ғимараттардың қабырғаларында орналастырылатын брандмауэрлы панно-құрылымдар;
үйлер (торец) мен құрылыстардың бет жақтарында орналастырылатын конструкциялар;
уақытша не болмаса үнемі тұратын қоршауларда орналастырылатын қалқанды қондырғылар;
кеңістік-көлемді құрылым түрдегі қондырғылар;
қала жарығы мачталары (бағаналар), тіреуіштері мен бөлек тұрған тұрақтарындағы «лайтбокс» тәрізді сәуле қораптары;
көшенің жүргіншілер, жаяулылар өтетін бөлігіндегі жұмсақ негізде жасалған транспаранттар - «тартпалар» (аспалар);
үйлер мен құрылыстардың шатырлары мен қабырғаларында осы ғимараттар мен имараттарда орналасқан кәсіпорындардың немесе азаматтардың аттарына катысы және ақпараттық сипаты бар ілмелі жарнамалар, жазулар, көрсеткіштер;
логотип, фирма атауы, сауда маркасын қолдана отырып, жарнама үшін алуан түрмен ресімделген витриналар мен терезелер;
логотип, фирма атауы, сауда маркасын қолдана отырып, соның ішінде жарнама стендтары мен басқа да элементтерге өзі желімделетін үлдірлерді қондыру арқылы фирмалық стильде ресімделген сауда павильондары мен дүңгіршектері;
осындай жарнамалар мен ақпараттарға жататын тікелей катысты кәсіпорындар немесе азаматтардың бөлме есіктері мен терезелерінің үстіңгі жағында орналастырылатын жалаушалар мен басқа да жұмсақ маталардағы, соның ішінде күннің көзінен қорғайтын зонттар, сонымен катар қондырғылардағы жарнамалар мен ақпараттар;
осындай ақпаратқа жататын кәсіпорындар немесе азаматтарға тікелей қатысты ақпараттық сипаты бар уақытша койылатын ауыспалы калқандар, стендтер (штендер);
саяси партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық немесе басқа да ұжымдар өткізетін сайлау алдындағы немесе басқа да акцияларға байланысты әлеуметтік және саяси жарнамалар. Саяси жарнамалардың орналастырылуы мен таратылуы заңнама іс-әрекетімен қаралған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
орналастыру уақытының шектелуімен, қаланың белгіленген учаскелерінде орналастырылған жарнама және ақпаратты хабарлары бар уақытша сыртқы жарнама құралдары;
шығарылмалы қалқанды құрылымдар (штендерлер) - өз жұмыс уақыттары көрсетіліп, қалада орналастырылған кәсіпорындардың уақытша сыртқы жарнама құралы. Штендерлер екі жақты болуы керек және жеке сәулелеуі болмауы керек. Жаяулар жүретін жерде кедергі жасайтын штендерлерді және де жүргізушілер қабылдауына бағдарланған штендерлерді орнатуға рұқсат берілмейді.
Тармақ 19
19. Сыртқы жарнама нысандарының сәулетті-кеңістіктегі шешімі және ресімделуі айналадағы салынып жатқан құрылыстың көркемді-эстетикалық сапасына сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 20
20. Сыртқы жарнама құралдары жаяу жүрушілер өтетін өткелдер және көшелер мен тротуарлардың механикалық тазартылуына кедергі жасамауы тиіс.
Тармақ 21
21. Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды тарихи және мәдени ескерткіштер, тарихи нысандар аумағында орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 22
22. Құрылыс-жинақтау жұмыстары бекітілген жобалау құжаттары мен сәйкестілік уәкілеттігі бар, мемлекеттік сараптау органдары берген сараптау қорытындысымен қатаң сәйкестікте орындалуға тиіс.
Тармақ 23
23. Сыртқы жарнама нысандарының және ресімделуінің инженерлік-техникалық шешімі Қазақстан Республикасының «Казақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы бойынша осы ықпал түрі үшін заңнамада белгіленген нормативтеріне және рұқсат етілетін деңгейге (жүк) сәйкес пайдаланудың барлық мерзімінде құрылымның мықтылығын, қаттылығын, төзімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 24
24. Сыртқы жарнама және ресімделу нысандарының материалдары аумақтың табиғи-климаттық жағдайына байланысты, экологиялық және санитарлы-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына сәйкес қауіпсіздік пен экология сапасының жаңаша түріне жауапты болуы тиіс.
Тармақ 25
25. Сыртқы жарнама нысандары мен ресімделудегі жарнама өндірісінің технологиясы барлық пайдалану мерзімінде қажетті сапалы параметрлер деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 26
26. Жарнама тарату нысанының нұсқау нөмірімен таңбалануы керек. Нысанның нөмірі, берілген нысанның төлқұжаты тізілімінде тіркелгендей, жарнама тарату нысанының тіркеу нөміріне сәйкес беріледі.
Тармақ 27
27. Жарнама тасушы орнатылғанда жолдың жабылған беті мен газондар, ұқсас материалдар мен технологияларды пайдалана отырып жарнама тарату орналастырғанға дейін қандай күйде болса, сол қалпына келтірілуі керек.
Тармақ 28
28. Жарнама тасушының инженерлік-техникалық шешімдері жарнама тасушыға бекітілетін ғимараттар мен құрылыстардың көтергіш мүмкінділіктерін ескеріп, олардың пайдалану сапасының шығындануына жол бермеу керек.
Тармақ 29
29. Көлік құралдарында таратылатын жарнамалар жол қозғалысы қауіпсіздігінің талабын қамтамасыз етіп, және нақты көлік құралының динамикалық өзгешелігіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 30
30. Көлік құралдарындағы жарнаманың таратылу эскизінің ресімделуі уәкілетті органмен келісіліп, көлік иелерімен шарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 31
31. Ұжымның заңды тұлға атауы жазылған ақпараттар мен оның ведомстволық құрамдылығы көрсетілген мекемелік тақтайшалар ұжымдағы кіре берістерге орналастырылады:
- оның көлемі 0,3 тен 1,5 ш.м. сәйкес келуі керек.
- республикалық және облыстық бағыныштағы мекемелердің мекеме тақтайшалары тіркеуге жатпайды.
Тарау 3. 3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнату және ресімдеу саласында мемлекеттік реттеу
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнату және ресімдеу саласында мемлекеттік реттеу
Тармақ 32
32. Степногорск қаласындағы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру саласын ресімдеуді реттеу келесі мемлекеттік органдар жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) тіл дамыту органы.
Тармақ 33
33. Уәкілетті органның құзырына жатады;
жарнама беруші дайындаған жарнаманың нобайы және т.б. ақпараттармен келісу;
дайын жарнамалық кұрылымдарды қабылдау;
рұқсат қағаздарды беру және кері қайтарып алу;
рұқсат қағаздарды беру тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
жарнама жеткізушілердің есебін жүргізу;
бекітілген жоба құжаттамасының және рұқсат беру талаптарынан ауытқу және немесе бұзушылыққа жол бермеу және анықтау шараларын қолдану;
сыртқы (көрнекі) жарнама және ресімдеу құралы бойынша дайындалған жобалық -орындаушы құжаттарын танысу үшін алу.
Тармақ 34
34. Тілдерді дамыту органының құзырына жатады:
орнатылған жарнаманың бейнелеу дұрыстығын, олардың мөлшер сәйкестігін, сонымен қатар жарнама жеткізуші орнатқан жарнаманың бейнелеу транскрипциясының дүрыстығын бақылау;
жарнама беруші жазып, дайындаған ақпаратының транскрипцияға сәйкестігіне, жарнаманың нобайына және басқа да ақпараттарға келісім беру;
тіл туралы заңнаманы бұзған тұлғаларға шара қолдану.
Тармақ 35
35. Осы тармақта көрсетілген субъектілер сыртқы (көрнекі) жарнама саласында және Қазақстан Республикасы заңнама шеңберінде ресімдеу кезінде басқа да функцияларды жүзеге асыра алады.
Тарау 4. 4. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орнату мен ресімдеуге рұқсат алу тәртібі
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орнату мен ресімдеуге рұқсат алу тәртібі
Тармақ 36
36. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын орнату, белгіленген талапқа, орнатылған тәртіпке сәйкес және Степногорск қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнату жағдайы рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Степногорск қаласында сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орнатуға рұқсат алу үшін тапсырыс беруші уәкілетті органға келесі құжаттар тізбесін ұсынады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен белгіленген түрдегі өтініш;
Тармақша 2
2) жарнама жеткізушінің нобайлық жобасында габарит мөлшері көрсетілген (жалпы өңі фотоколлаж техникасымен орындалуы керек) және қысқа техникалық сипаттамасы болу керек;
Тармақша 3
3) жер учаскесін бөліп берудің сұлбасы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасындағы салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгенін растайтын туралы куәлік;
Тармақша 5
5) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу нөмірі туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 6
6) тапсырыс берушінің жеке куәлігінің (жеке тұлға үшін) көшірмесі;
Өтініштің қаралатын ұзақ мерзімі -он жұмыс күні.
Сыртқы жарнама нысанының нобайлық жобасы және габарит мөлшері ресімделуі көрсетіліп (жалпы өңі фотоколлаж техникамен орындалуы керек) қысқа техникалық мінездемесі жайлы қосымшасы бар өтініштерін жарнама беруші немесе жарнама таратушы қаланың бас сәулетшінің атына жолдайды, нобай түрлі -түсті болып, қазақ және орыс тілдерінде компьютерде орындалуы керек (қазақ тіліндегі мәтіндері Степногорск қаласының тілдерді дамыту бөлімінде бекітілуі тиіс).
Тармақ 38
38. Жарнама таратушы мен жарнама өндірушінің төмендегідей құжаттар жиынтығының болуы сыртқы жарнама нысандарының орнығуы мен пайдалануының шарты болып есептеледі:
көтергіш құрылымдарды дайындау және жинақтау лицензиясы; шатырлы қондырғылар мен бөлек тұрған құрылымдарға арналған сыртқы жарнама нысандарын сараптаудан өткізудің есебі.
Тармақ 39
39. Дұрыс тұжырым болған жағдайда уәкілетті орган қалалық қызметтермен келісу үшін нысанды орналастырудың жоспарлау сұлбасымен (қала топожоспарынан алынған үзінді) жер жұмыстарын жүргізу ордерін береді.
Тармақ 40
40. Жоғарыда көрсетілген процедуралар орындалған жағдайда жарнама таратушы мен жарнама өндіруші ҚР «Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 489-492 баптарына сәйкес сыртқы жарнаманы орналастыру үшін ақы төлейді.
Тармақ 41
41. Дұрыс шешім болған жағдайда уәкілетті органмен берілген құжаттар негізінде (жарнама орнының төлқұжаты) жарамды мерзімі көрсетілген сыртқы жарнаманы (көрнекі) орналастырудың рұқсатын ресімдейді. Рұқсат беру мерзімі - 1 күн.
Тармақ 42
42. Сыртқы жарнама нысандарының монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін жарнама өндіруші нысанды пайдалануға беру үшін сыртқы жарнама нысандарының нобайлық жобасын салыстыруға Степногорск к. қала құрылысы және құрылыс бөлімінің маманын шақырады.
Тармақ 43
43. Сыртқы жарнама нысанын пайдаланудың мерзімі 1 жылға дейін белгіленеді және пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш берушінің өтініші негізінде пайдалану мерзімін ұзартуға болады.
Тарау 5. 5. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына және ресімделуіне қойылатын арнаулы талаптар
5. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарына және ресімделуіне қойылатын арнаулы талаптар
Тармақ 44
44. Сыртқы жарнама құралсыз және ақпаратсыз не болмаса сыртқы жарнама нысанының берілген тәртіптен ауытқуы бар, сонымен қатар жарнама тасушы мен сыртқы жарнама құралдарының берілген көркем-декоративті шешімінен (параметрден) ауытқуы бар жарнама тасушыны пайдалануға бір айдан артық рұқсат етілмейді.
Тармақ 45
45. Қолданылып жүрген заңнама талабына қайшы және де берілген инженерлі-техникалық параметрлерден ауытқуы бар сыртқы жарнама нысандарын пайдалануға және ресімдеуге рұқсат етілмейді. Ақаудың түріне қарай 10 күннің ішінде ақаулар жойылуы тиіс. Ақау жойылғанға дейін жарнама тасушының иемденуші өкілетті уәкілдің қадағалауында болуы тиіс. Белгіленген мерзімде ақауды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда нысанды не болмаса сыртқы жарнама құралдарын оларды ары қарай бөлшектеп, олардың пайдалану мерзімі тоқтатылады.
Тармақ 46
46. Жарнама тасушының бөлшектеуі сыртқы жарнама нысандарының орналастыру мерзімі мен рұқсатының қызметі аяқталғанын білдіреді.
Тармақ 47
47. Жарнама беруші және жарнама таратушы жарнама нысанымен пайдалануды бақылау бойынша «Степногорск қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ шешімін көрсетілген мерзімде орындауы тиіс.
Тармақ 48
48. Ротация (ауыстыру) өткізу үшін жарнама беруші не болмаса жарнама таратушы Степногорск қаласының тілдерді дамыту бөлімінде келісілген экспозиция эскизі қосылған өтінішті Степногорск қаласының бас сәулетшісінің атына жолдайды.
Тармақ 49
49. Жарнама - ақпарат кеңістігін қолданудың ережелері мен тәртібін орындаған кезде жарнама беруші немесе жарнама таратушы төлқұжат іс әрекетінің мерзімін ұзартуға қүқылы.
Тармақ 50
50. Төлқұжат іс әрекетінің мерзімін ұзарту үшін жарнама беруші немесе жарнама таратушының төлқұжат іс әрекеті мерзімінің аяқталуына 1 ай қалған уақытта өтінішін Степногорск қаласының бас сәулетшісі атына жолдайды.
Тармақ 51
51. Сыртқы жарнама нысаны мен ресімделуде, осы ережеде берілгендей бұзушылықтар, сонымен қатар оларды орнықтыруға рұқсат беру мерзімінің өтіп кеткендігіне, қайта тіркеуден өтпегеніне байланысты, көрсетілген нысандар осы ережеде белгіленген тәртіп бойынша бөлшектеуге жатады.
Тарау 6. 6. Сыртқы жарнама мен ақпарат құралдарын жобалау, монтаждау мен пайдаланудағы техникалық талаптар
6. Сыртқы жарнама мен ақпарат құралдарын жобалау, монтаждау мен пайдаланудағы техникалық талаптар
Тармақ 52
52. Сыртқы жарнама нысандарының міндетті түрде техникалық сараптауына келесі конструкциялар жатады:
3,0 х 6,0 шаршы метр форматты бөлек түрган қалқанды конструкциялар;
шатыр қондырғылар.
Сыртқы жарнама нысандарының жобалау, өндіру және монтаждау лицензиясы бар жауапты ұйымдарыменмен жүргізіледі.
Тармақ 53
53. Жарнама беруші не болмаса жарнама таратушы (жарнама берушімен ұсынылған ақпараттар бұрмаланбаса) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ескерілгендей, жарнама-ақпарат хабарларының дұрыстығына бақылау жүргізеді. Сыртқы жарнама құралдарын орнатқан кезде сапа параметрлерін сақтауға жарнама өндіруші жауапты.
Тармақ 54
54. Сыртқы жарнама нысандарын әрі қарай пайдалану осы ережеде көрсетілгендей кемшіліктер мен заңнама ережелері белгіленген мерзімнің сақталмауы және дұрыс ресімделмеуі уәкілетті органның комиссиясының қарауына ұсынылады, уәкілетті органның комиссиясы нысанды пайдалануды тоқтатып, бөлшектеуге беру және орнықтыру орнын басқа жарнама беруші немесе жарнама таратушыға беру туралы шешім шығара алады.
Тармақ 55
55. Өз еркімен орналастырылған сыртқы жарнама нысандары уәкілетті органның жұмылдыруымен мердігерлер шығынының орнын толтыру арқылы жарнама берушінің, жарнама таратушы немесе мердігерлердің өз күшімен бөлшектеуге жатады. Осы Ереженің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Бекітілген жоба құжаттамасы бойынша келісімі мен инженерлік-техникалық параметрлерінің сақталуына жарнама өндіруші немесе жарнама жеткізушінің иегері жауапты.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 56
56. Ведомстволық бағыныштылығына және меншік нысанына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғаларға сыртқы (көрнекі) жарнаманы ресімдеу, орнату, пайдалануы үшін осы Ереже таратылады.
Тармақ 57
57. Ережемен қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларымен реттеледі.