Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Реепубликасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет Кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 1405 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 59 «Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелінсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Жангелдин ауданының әділет баскармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 7 сәуірдегі
№ 102 қаулысына
қосымша
Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервін пайдалану Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Осы Ереже Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервің пайдалану тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінің қатаң нысаналы мақсаты бар және осы Ережеде Жангелдин ауданы әкімдігінің каржы резервінен ақша бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
Тармақ 2
2. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінін ақша бөлу туралы қаулысын дайындау:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте осы мақсатқа арналған ақша болмаған жағдайда;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардын міндеттемелерін өтеу жөніндегі жағдайларын қоспағанда Жангелдин ауданы әкімдігінін қаржы резервінің ақшасын қажетсіну ағымдағы қаржы жылында туындаған және оларға қажеттілік бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұрынғы міндеттемелеріне байланысты болмағанда.
Тармақ 3
3. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінен бөлінген каржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін тиісті бюджетке ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Төтенше резервті табиғи және техногендік синаттағы төтенше жағдайларды жоюға пайдалану тәртібі
2. Төтенше резервті табиғи және техногендік синаттағы төтенше жағдайларды жоюға пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. Жергілікті ауқымдағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның қаржы резервінен ақша болу туралы өтініштерді "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарайды.
Тармақ 5
5. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жагдайда "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен Жангелдин ауданы әкімдігіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы қаулының жобасын енгізеді.
Тарау 3. 3. Жергілікті атқарушы органның резервтерін шұғыл шығындарға пайдалану тәртібі
3. Жергілікті атқарушы органның резервтерін шұғыл шығындарға пайдалану тәртібі
Тармақ 6
6. Жангелдин ауданында саяси, экономикалык және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ак Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінен өзгеде күтпеген шығындарға ақша бөлу жағдайлары туындаған кезде тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге ақша бөлу туралы өтініш береді.
Тармақ 7
7. Бюджетті аткару жөніндегі уәкілетті орган берілген өтініш негізінде Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінде көзделген есепте шұғыл шығындарға ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қортынды береді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органның өтінішіне оң қортынды берілген жағдайда Жангелдин ауданы әкімдігінің каржы резервінен шұғыл шығындарға ақша бөлу туралы қаулынын жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.
Тарау 4. 4. Жангелдин ауданы әкімдігінің шұғыл шығындарға арналған резервін сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдалану тәртібі
4. Жангелдин ауданы әкімдігінің шұғыл шығындарға арналған резервін сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдалану тәртібі
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда Жангелдин ауданы әкімдігінің шұғыл шығындарға арналған резервінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізуге міндетті жергілікті атқарушы орган қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерге барлық сот инстанцияларына шағымдануы тиіс.
Тармақ 11
11. Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резервінен жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға ақша бөлу туралы әкімдіктін, қаулы жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есептілік
5. Бақылау және есептілік
Тармақ 12
12. Жангелдин ауданының қаржы резервінен бөлінген ақшаны алатын бюджет бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың пайдалануы, көлемі және орындалған жұмыстардың құны туралы есеп беруі тиіс.
Тармақ 13
13. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган, ай сайын Жангелдин ауданы әкімдігінің қаржы резерві ақшасының пайдалануы және оның тиісті кезендегі қалдықтары туралы Жангелдин ауданы әкімдігіне ақпарат ұсынады.