О проведении приписки граждан к призывным участкам районов "Алматы" и "Сарыарка" города Астаны Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы"  қаулысын  орындау барысында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды емдеу мекемелерінде Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін Заңның  17-бабына  сәйкес "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері тіркеу бойынша комиссиялар құрсын.
Тармақ 2
2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) медициналық комиссияларды қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) тексеру актісін жасай отырып, комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) қаланың емдеу-сауықтыру мекемелерінде флюорографиядан өту, қан, несіп қорытындыларын тапсыру, электрокардиограммаға түсіру, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуыстарын емдеу жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) комиссияның жұмысы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) тіркеуге жататын азаматтар шақыру қосынына келіп, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери міндетін орындау үшін қажетті әскери есепке тұруына байланысты оқудан уақытша босатсын;
Тармақша 2
2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру туралы хабарласын және осы бойынша уақытылы келсін.
Тармақ 4
4. "Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) комиссияның азаматтарды шақыру қосынына тіркеу жұмыстарының барысында шақыру қосынында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін тіркеудің барлық кезеңіне (қаңтар-наурыз) қызметкер бөлсін.
Тармақ 5
5. "Астана қаласының Еңбек және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2006 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін бағыттау жолымен 30 адам мөлшеріндегі жұмыссыз азаматтардың жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі шаралар" бюджеттік бағдарламасының әкімшілігі болсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсін. Әкім Әкімнің бірінші орынбасары Әкімнің орынбасары Әкімнің орынбасары Әкімнің орынбасары Әкімнің орынбасары Әкім аппаратының басшысы Құжаттамалық сараптама бөлімінің меңгерушісі КЕЛІСІЛГЕН "Алматы" ауданының әкімі "Сарыарқа" ауданының әкімі "Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры "Астана қаласының Еңбек және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры "Астана қаласы Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы