О правилах безопасности граждан на водоемах области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздік ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 14.12.2004 № 139 шешімімен. Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ: «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-41 баптарына сәйкес облыстың су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздік ережелері бекітілсін.
Басқа 1. Қостанай облысының су айдындарындағы азаматтардың қауiпсiздiк ЕРЕЖЕСI
Қостанай облыстық мәслихаты 1998 жылғы 20 қарашадағы он жетiншi сессиясының шешiмiне қосымша Қостанай облысының су айдындарындағы азаматтардың қауiпсiздiк ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Бұл ереже Қостанай облысының су айдындарын көпшiлiк демалу, туризм және спорттық мақсаттарға пайдалану тәртiбiн бекiтедi.
Тармақ 1.2
1.2. Ереже, меншiк нысанына қарамастан су айдындарын пайдаланушылар мен оның иелерiнiң, азаматтардың судағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi және жауапкершiлiгiн анықтайды.
Тармақ 1.3
1.3. Жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында суға түсуге, қайықпен серуендеуге және көпшiлiк демалудың басқа түрлерiн ұйымдастыруға тыйым салынатын орындарды анықтайды, сондай-ақ өздерiнiң әкiмшiлiк шекарасы орналасқан су айдындардың жалпы пайдаланудың басқа шарттарын бекiтедi.
Тармақ 1.4
1.4. Су айдындары жағалауларында құтқару постылары, дайындығы бар құтқарушылар кадрлары болмағанда және суда құтқару қызметi облыстық орталығының аумақтық аудандарының, Қазақстан Республикасы ТЖК төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармасының және облыстық санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарының сәйкестi рұқсатынсыз жағажайлар, еңбек және демалыс лагерлерiн, базаларды, су стансалары мен басқа да көпшiлiк демалыс объектiлерiн ашуға тыйым салынады.
Тармақ 1.5
1.5. Барлық меншiк нысанындағы ұйымдар өздерiне бекiтiлген су айдындарында адамдар өмiрiн қорғауды қамтамасыз етуге, құтқару постыларын жарақтандыру мен ұстауға жауап бередi. Құтқарушыларды оқытуды төтенше жағдайлар комитетiнiң орталық суда қорғау қызметкерлерi жүргiзедi.
Тармақ 1.6
1.6. Экскурсиялар, спорт және судағы мерекелердi өткiзгенде ұйымдар басшылары азаматтардың судағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты кiсiлердi бөлуге және құтқару постыларын қоюға мiндеттi.
Тармақ 1.7
1.7. Ведомстволық және қоғамдық құтқару постыларының жұмысына бақылау жасау осы постылар бағынышты ұйымдардың әкiмшiлiгiне, суда құтқару қызметi облыстық орталығының аумақтық бөлiмдерiне жүктеледi.
Тармақ 1.8
1.8. Жағажайларда, су маңындағы көпшiлiк демалыс орындарында, қайық жалдау стансалары мен сиымдылығы шағын кемелерiнiң аялдау базаларында, өткелдер және кеме тоқтайтын жерлерде көрсетiлген қондырғыларды, суда жүзу құралдарын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк ережелерi iлiнiп қойылуға тиiс.
Тармақ 1.9
1.9. Барлық меншiк нысанындағы ұйымдар басшылары, топырақ алу, мұз ою, халықтық дем алатын орындарындағы су айдындарының табандарын тереңдету кезiнде учаскелердi қоршауға, жұмыс бiткеннен кейiн су табанын тегiстеуге мiндеттi.
Тармақ 1.10
1.10. Суға түсу маусымының ұзақтығы, су-спорттық және құтқару стансаларының, жағажайлардың, суға жүзу бассейндерiнiң жұмыс уақыты жергiлiктi атқарушы органдармен, осы объектiлер бағыныштағы ұйымдардың басшыларымен ұйымдардың басшыларымен келiсiм бойынша белгiленедi.
Тармақ 1.11
1.11. Жеке құтқару құралдары жоқ жағдайда су айдындарында балық және аң /құс/ аулауға тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Жағажайларды, суға жүзу бассейндерiн және су маңындағы көпшiлiк демалыс орындарын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк шаралары
2. Жағажайларды, суға жүзу бассейндерiн және су маңындағы көпшiлiк демалыс орындарын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк шаралары
Тармақ 2.1
2.1. Жағажайлар және су маңындағы көпшiлiк демалуға бөлiнген орындарға мынандай талаптар қойылады: - суға түсу және оған жақын орналасқан жағалық сумақ елдi-мекендердi ұстаудың санитарлық ережелерiне және дене тәрбиесi әрi спортпен шұғылдануға арналған орындардың құрылысы мен ұстаудың санитарлық ережелерiне сәйкес болуға тиiс; - су айдынының табаны тығыз болуға, жағадан 15 метрге дейінгі ен бойына 1,75 метрлік тереңдікке дейінгі шұңғымалар және жарлары, лайлы қоқыс, су өсімдіктері, бұталар, тастар, шыны сынықтары, банкілер және басқа заттар жоқ, жағадан біртіндеп тереңдеп кететіндей болуға тиіс; - жағажайлар мен көпшiлiк демалатын орындар жергiлiктi атқарушы орындар белгiлеген қашықтықта, бiрақ ағын суларды жiберетiн орыннан 500 метр жоғары және пирстерден, кеме тоқтайтын жерлерден, паромдық өткелдерден және мұнай өнiмдерiн сақтайтын орындардан 1000 метр төмен жерлерден бөлiнуге, жағажайға түсетiн жер жайпақтау болуға тиiс; - суға түсуге бөлiнген су объектiсiнiң бөлiгiнде төменгi температуралы жер асты суларының шығатын жерлерi, иiрiмдер, болмауға тиiс, бұл жерлердегi ағыстың жылдамдығы 0,5 м/с аспауға тиiс, ағыстың жылдамдығы күштi болған жағдайда оны ақырындататын құралдар орнатылуға тиiс; - су айдынындағы судың сапасы мәдени-тұрмыстық жағдайларға су пайдалану пункттерiндегi су объектiлерiнiң су құрамы мен сапасына қойылатын гигиеналық талаптарына сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 2.2
2.2. Суға түсетiн жерлерде 1,2-1,3 метр тереңдікте су өлшейтін рейка орнатылады. Суға түсетiн жерлердегі жүзу шекарасы бір-бірінен 2530 метр, тереңдiгi 1,3 метр жерден 25 метр қашықтықта орналасқан қызғылт-сары белгiлермен көрсетiледi. Жүзу шекарасы кемелер жүретiн аймаққа шықпауға тиiс.
Тармақ 2.3
2.3. Әр жағажайдағы суға түсетiн орындарда суға жүзу бiлмейтiндердi және балаларды үйретуге арналған тереңдiгi 1,2 метрден аспайтын жабдықталған учаскелер болуға тиiс. Көрсетiлген учаскелер тростарға бекiтiлген қалтқысыздығымен белгiлендi немесе арнаулы қоршаумен бөлiнедi.
Тармақ 2.4
2.4. Суға түсуге тыйым салынған, оның iшiнде бактериалды және химиялық ластануға байланысты, жерлерде «Суға түсуге тыйым салынады» деген жазуы бар белгiлер орнатылады.
Тармақ 2.5
2.5. Жағажайлар мен су маңайындағы демалыс орындары радиоландырылған және мүмкiндiгiнше телефон әрi радио байланысы болуы керек.
Тармақ 2.6
2.6. Су маңайындағы көпшiлiк демалатын орындарды спиртті ішімдіктерді сатуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Тармақ 2.7
2.7. Ұйымдасқан түрде суға түсетiн орындардағы жағалауда әрбiр 50 метр сайын судан 5 метрден аспайтын қашықтықта құтқару белдiктерi және басқа да құтқару құралдары iлiнген қалқандар қойылады. Белдiктiң бiр жағында «Суға батып бара жатқанға таста», екiншi жағында жағажайдың атауы жазылуға тиiс.
Тармақ 2.8
2.8. Жағажайлар мен су маңайындағы көпшiлiк демалатын орындарда тұрақты түрде кезекшiлiк жасайтын кiсiлерi бар алғашқы медициналық көмек көрсететiн орындар жабдықталады. Алғашқы медициналық көмек көрсету пунктi суда апатқа ұшыраушыларға және жарақат алғандарға көмек көрсетуге арналған қажеттi құралдар әрi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тармақ 2.9
2.9. Көпшiлiк суға түсетiн орындарда, жағажайларда, демалыс базаларында және суға жүзу бассейндерiнде көрнектi жерлерде судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу жөнiндегi материалдары бар қалқандар жабдықталады әрi орналастырылады. Белгiлердi, қалқандарды уақытында орнату үшiн су айдындары иелерi жауап бередi және солардың қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 2.10
2.10. Әрбiр жағажайда оның жұмыс iстейтiн уақытында тәртiптi қадағалайтын жағажай әкiмшiлiгiнiң әкiмi болуға тиiс. 12 жасқа дейiнгi балалардың жанында ересектер болғанда ғана жағажайға жiберiледi.
Тармақ 2.11
2.11. Суға түсуге арналған орындарда және ағыстан 500 метр жоғары жерлерде кiр жууға, жануарларды шомылдыруға тыйым салынады.
Тармақ 2.12
2.12. Суға шомылушыларға мыналарға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады: - белгiлер мен қоршалған жерлерден аса жүзуге; - моторлы, желкендi және өздерi жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға, баржаларға, салдарға әрi басқа жүзу құралдарына жақындап жүзiп баруға; - қайықтардан, катерлерден, су велосипедтерiнен, причалдар мен осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секiруге; - мас қалыпта суға түсуге және шомылуға; - тақтайға, бөренеге, автомашинаның камераларына, допқа және тағы да басқаларға жатып жүзуге; - суға сүңгу мен шомылып жүргендердi құшақтауға байланысты ойындарға жол беруге; - жағажайға ит және басқа жануарларды ертiп әкелуге; - су айдындарын ластау мен қоқыр-соқыс тастауға; - жағада қағаз, банкiлер, шыны және басқа қоқыстарды қалдыруға.
Тармақ 2.13
2.13. Суға жүзу жөнiндегi сабақтар арнаулы бөлiнген орындарда ғана өткiзiлуге тиiс. Адамдардың судағы қауiпсiздiгiн ұйымдастыруға сабақ немесе жаттығу өткiзушi оқытушы (нұсқаушы, жаттықтырушы, тәрбиешi) жауап бередi.
Тармақ 2.14
2.14. Суға жүзуге топтап оқыту кезiнде бiр мезгiлде оқытатындардың саны - 10 адамнан аспауы керек. Оқып жатқан топты оқытушыдан басқа түрде кезекшi құтқарушы және медициналық қызметкер қадағалайды.
Тармақ 2.15
2.15. Спорттың судағы түрлерiмен айналысатын кiсiлердiң барлығы да құтқару тәсiлдерi мен зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуге үйретiлуге тиiс.
Тармақ 2.16
2.16. Биiктiгi 3 метрлiк және одан да артық суға секiру мұнараларының платформаларына шығуға нұсқаушылар (жаттықтырушылар) өздерi қасында болғанда ғана жол бередi.
Тармақ 2.17
2.17. Жыл сайын шомылу маусымы басталар алдында, одан кейiн айына бiр реттен сирек емес кезеңде адамдар суға түсетiн жердiң табанын суға сүңгушiлер қарап, кездейсоқ заттардан тазартуға. Су табанын қарау және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай қарайтын немесе оған су айдыны бекiтiлiп берiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндетiне кiредi. Су аумағын тексеру мен тазартуды суға сүңгушiлер, облыстық суда құтқару қызметi орталығымен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жүргiзедi. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырыс берушiге жағажайдың төлқұжаты берiледi. Сәйкестiк үлгiде ресiмделген құжаттары болмаған жағдайды жағажай тексерiлмеген, өмiр мен денсаулыққа қауiптi болып саналады, ал оны пайдалануға жол берiлмейдi.
Тарау 3. 3. Балалардың судағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
3. Балалардың судағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
Тармақ 3.1
3.1. Балалардың судағы қауiпсiздiгiн жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi және ескерту-түсiндiру iс-шаралар кешенiн, оның iшiнде мыналарды өткiзу арқылы қол жеткiзiледi: - суға шомылу орнын дұрыс таңдау; - балаларды суда жүзуге үйретуге бөлiнген жағажайлар мен су аумақтарын жабдықтау; - ведомстволық посттар мен медициналық пункттердi ашу; - балаларды суда жүзуге оқыту жөнiнен сабақтар ұйымдастыру; - суда өзiн-өзi ұстау су объектiлерiн пайдалану кезiнде сақтық шараларын сақтау ережелерi туралы жүйелi түрде түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзу.
Тармақ 3.2
3.2. Мектеп лагерi, балалар мекемесi жағажайының суға түсетiн орындарында 9 жасқа дейiнгi балаларды шомылдыру және жүзуге үйрету үшiн тереңдiгi 0,7 метрден аспайтын, сондай-ақ бiлмейтiн 9-11 жастағы және одан ересек балаларға арналған тереңдiгi 1,2 метрден аспайтын су аумағы учаскелерi жабдықталуға тиiс. 9 жасқа дейiнгi балаларға арналған учаскелердiң су бетiнен биiктiгi 80 см кем емес қоршаулары болуға тиiс, ол ересектеу балаларға учаскелер тросқа бекiтiлген қалтқылар сызығымен белгiленедi.
Тармақ 3.3
3.3. Мектеп лагерi, балалар мекемелерiнiң жағажайы белгiленген санитарлық талаптарға жауап беруге, қолайлы, жағалау жағынан қоршалуға, көлеңке түсiретiн жабулары болуға тиiс.
Тармақ 3.4
3.4. Балалар жағажайын ашуға оны суда құтқару қызметiнiң өкiлдерi қатынасқан арнаулы құрылған жергiлiктi атқару билiгiнiң комиссиясы тексергеннен кейiн рұқсат етiледi. Тексерiлгенi туралы арнаулы акт жасалды.
Тармақ 3.5
3.5. Суға шомылу кезiндегi балалардың қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк суға жүзу жөнiндегi нұсқаушыға жүктеледi.
Тармақ 3.6
3.6. Балалардың суға түсуiне топта 10 адамнан артық болмаған жағдайда, суда жүзу бiлетiн ересектердiң бақылауымен ұзақтығы 10 минуттен аспайтын уақытқа рұқсат етiледi.
Тармақ 3.7
3.7. Суға жүзу бiлмейтiн балаларды шомылдыру жүзу бiлетiндерден бөлек жүргiзiледi. Бұндай балаларды шомылдыруды балалар лагерi немесе мекемесiнiң басшысы ұйымдастырады және бақылайды.
Тармақ 3.8
3.8. Суға шомылу ұйымдасқан түрде медициналық қызметкердiң және жүзу бiлетiн әрi суда қайғылы жағдайға ұшырағандарға көмек көрсете алатын кiсiлердiң қадағалауымен жүргiзiледi. Шомылуға әдiстемелiк басшылықты суға жүзу жөнiндегi нұсқаушы жүзеге асырады.
Тармақ 3.9
3.9. Суға жүзу жөнiндегi сабақтарды өткiзу ыңғайлы болу үшiн, су аумағына тақалып жатқан жағалаудағы алаңша қоршалады және сәйкестi үлгiде жабдықталады.
Тармақ 3.10
3.10. Балаларды суға түсiрген кезде жағажайдың барлық аумағында суға түсуге және басқа кiсiлердiң болуына, қайықтар мен катерлерде серуендеуге, ойындар мен спорттық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынады.
Тармақ 3.11
3.11. Серуен, қыдыру экскурсиялар кезiнде балаларды суға шомылдыру үшiн табаны тайпақ, бұталардан, тамырлардан, үшкiр тастардан, су балдырлары мен лайдан таза онша терең емес жерлер таңдап алынады. Суға шомылатын орынды тексерудi суға жүзудi, сүңгудi бiлетiн, құтқару және алғашқы көмек көрсету тәсiлдерiн меңгерген ересек адамдар жүргiзедi. Суға шомылу орнының шекаралары белгiлермен, сырғауылдармен және басқа да соған лайықталған заттармен белгiленедi.
Тармақ 3.12
3.12. Суға шомылу барлық сақтық шараларын сақтаған жағдайда ересектердiң бақылауымен жүргiзiледi. Катерлер мен моторлы қайықтарды басқаруға жүзу құралдарын өз бетiнше басқаруға арнайы рұқсаты бар кiсiлер жiберiледi.
Тармақ 3.13
3.13. Мыналарға тыйым салынады: * катердiң, қайықтардың мөлшерден тыс толтырылуына; * 16 жасқа дейiнгi балалардың ересектерсiз серуендеуiне; * 7 жасқа дейiнгi балалардың серуендеуiне; * қайықтан суға секiруге және шомылуға; * олар қозғалып келе жатқанда қорапта отыруға, орындарды ауыстыруға және басқа катерлерге, қайықтарға ауысып мiнуге. Катерлер мен қайықтар бұзылмаған жағдайда, құтқару құралдарының толық жиынтығы, басқа құралдары мен мүлiктерi болуға тиiс.
Тармақ 3.14
3.14. Қараңғылық түскеннен кейiн жағажай әкiмшілiгi су айдыны жағалауын шолып шығу үшiн әскер сақшыларын (кезекшi, жауапты кiсi) бөлуге мiндеттi.
Тарау 6. 6. Мұз айдындары мен ойын алаңдарын мен ойын алаңдарын жабдықтау
6. Мұз айдындары мен ойын алаңдарын мен ойын алаңдарын жабдықтау
Тармақ 6.1
6.1. Суы қатып қалған су айдындарында мұз айдындарын және ойын алаң дарын жабдықтау үшiн тереңдiгi 100-120 см аспайтын жерлер таңдап алынады. Мұз айдынының (ойын алаңының) өн бойындағы мұздың қалыңдығы 25 см кем болмауы керек.
Тармақ 6.2
6.2. Мұз айдынының аумағы белгiлермен қоршалады. Мұз айдынының жанында құтқару құралдары (жiп-арқан, тақтайлар, баспалдақтар және т.б.) iлiнген қалқан орнатылады.
Тармақ 6.3
6.3. Мұз айдынында тұрақты түрде кезекшiлiк ұйымдастырылады.
Тармақ 6.4
6.4. Мұз айдындары мен ойын алаңдарын мынандай жерлерде жабдықтауға тыйым салынады: * өндiрiстiк кәсiпорындардың қалдық суларын ағызатын жерлерге жақын орналасқан; * ағын күштi жерлерде; * қамыс, қоға және т.б. мұзға қатып қалған заттар бар учаскелерде; * мұз астынан балық аулайтын, мұз ойылып алынатын орындар бар учаскелерде; * ойық, бұлақ, шайма сулар маңайында; * көпiрлер астында, бұрылыстар мен енi тар орындарда.
Тарау 7. 7. Мұздағы қауiпсiздiктiң жалпы шаралары
7. Мұздағы қауiпсiздiктiң жалпы шаралары
Тармақ 7.1
7.1. Суы қатып қалған су айдындарын арнаулы мұз (жаяу және автокөлiкарба) өткелдерi бар жерлерден ғана өтуге рұқсат етiледi. Мұндай өткелдерi жоқ жерлерде мұз үстiмен жүрер алдында оны сүйменмен тексеру керек: қатты мұз 2-3 ұрғаннан кейiн ғана ойылады. Мұздың қаттылығын аяқпен ұрып тексеруге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Тармақ 7.2
7.2. Әлсiз мұз үстiмен қозғалуға, жарық жерлерге жақындауға, жағалаудан жұқа мұзға шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге тыйым салынады. Сең жүрген кезде мұз үстiмен сырғанауға, сынған мұздармен өтуге, сондай-ақ таныс емес әсiресе, жарлауыт жерлерден мұзға түсуге болмайды.
Тармақ 7.3
7.3. Өзендi, (су айдынын) тыйым салынған және қауiптi орындар бойынша өтуге болмайды, ескерту қалқандарына ерекше көңiл бөлiнсiн. Мұз бетiнде жылым су пайда болғаннан кейiн мұзға түсуге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Тарау 8. 8. Жүзу құралдарын жалға беру стансаларын (пункттерiн) құру, ұстау және пайдалану ережелерi
8. Жүзу құралдарын жалға беру стансаларын (пункттерiн) құру, ұстау және пайдалану ережелерi
Тармақ 8.1
8.1. Суға жүзу құралдарын жалға беру стансаларын (пункттерiн) құру және пайдалануға беру суда құтқару қызметi облыстық орталығы мен мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарымен алдын ала келiсiм бойынша жергiлiктi атқару органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 8.2
8.2. Қайықтар тұрағы құтқару белдiктерiмен (тұрақтық 10 метрлiк бөлiгiне бiр белдiк), басқа да құтқару құралдары және өрт сөндiру құралдарымен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 8.3
8.3. Жалға беру пунктiнiң су айдыны жүзiп жүретiн белгiлермен көрсетiлуге тиiс, жалға берiлетiн жүзу құралдарына одан әрi өтуге тыйым салынады.
Тармақ 8.4
8.4. Әрбiр стансада құтқару құралдары және жасақшы-құтқарушылары бар кезекшi қайығы, сондай-ақ радиохабарларын тарататын қондырғылары бар құтқару посты құрылады.
Тармақ 8.5
8.5. Жалға берiлетiн кемелер мiндеттi түрде жарамды, қажеттi ескектерi мен тұраққа iлетiн ұшы, су қотаруға арналған ожауы және құтқару құралдары болуға тиiс.
Тармақ 8.6
8.6. Жалға беру стансасының кассалары және демалушыларға арналған сәкiлер жағада орналасуға тиiс. Қайыққа отырғызу және түсiру орындары оларды күтетiн жерден бөлiнiп тасталады. Отырғызу мен түсiру жалға беру стансасының жасақшы-құтқарушысының қадағалауымен жүргiзiледi.
Тарау 9. 9. Топырақ шығару жұмыстарын жүргiзу кезiнде тұрғындардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
9. Топырақ шығару жұмыстарын жүргiзу кезiнде тұрғындардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары
Тармақ 9.1
9.1. Өзен, көл және басқа да су объектiлерi жағалауларына жақын жерлерде, әсiресе адамдардың көпшiлiк суға түсетiн жерлерiнде топырақ шығару жұмыстарын жүргiзу жергiлiктi атқару билiгi органдарымен, суда құтқару қызметiнiң облыстық орталығымен және басқа да мүдделi ұйымдармен келiсiлуге тиiс.
Тармақ 9.2
9.2. Жұмыс аяқталғанға дейiн су толтырылған қазан шұңқырлар маңындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету топырақ шығарумен айналысып жатқан ұйымның басшысына жүктеледі.
Тармақ 9.3
9.3. Су толтырылған қазан шұңқырлардан топырақ алу аяқталғаннан кейін жағалаудан бастап 1,7 метр тереңдікке дейін табанды тегістеу жүргізіледі. Халықтық көпшілік демалыс орындарындағы шағын қазан шұңқырларды топырақ алуды жүргізген кәсіпорындар мен ұйымдар жабады (тегістейді).
Тарау 10. 10. Судағы қауіпсіздік белгілерін жазып қою
10. Судағы қауіпсіздік белгілерін жазып қою
Тармақ 10.1
10.1. Судағы қауіпсіздік белгілері су объектілері жағалауларында азаматтардың су маңайында және суда қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қойылады.
Тармақ 10.2
10.2. Белгілер тікбұрыш формалы, жақтарының көлемі 50*60 см кем емес болып келеді және ағаш тақтайлардан, қалың фанерадан, металл қаңылтырлар мен басқа да қатты материалдардан жасалады. Белгілер көрнекті жерлерде орналастырылады және жерге көмілген бағаналарға (ағаш, металл, темірбетон және т.б.) бекітіледі. Бағаналардың жер бетінен биіктігі 2.5 метрден кем болмауы керек.
Тармақ 10.3
10.3. Белгілердегі жазулар қара немесе ақ сырмен жазылады.
Тармақ 10.4
10.4. Судағы қауіпсіздік белгілерінің сипаттамасы. Белгідегі жазу.                          Белгінің жалпы көрінісі. 1. Суға шомылатын орын       Жасыл рамада. Жазуы жоғарыда. Төменгі жағында (шекарасы метрмен            жүзіп бара жатқан адам кескінделген. Белгі ақ көрсетілген).                          бағанаға бекітіледі. 2. Балалардың суға        Жасыл рамада. Жазуы жоғарыда. Төменгі жағында шомылатын орны (шекарасы  суда тұрған екі бала кескінделген. Белгі ақ метрмен көрсетілген)      бағанаға бекітіледі. 3. Жануарларды суға       Жасыл рамада. Жазуы жоғарыда. Төменгі жағында шомылдыратын орын         жүзіп бара жатқан адам кескінделген. Белгі ақ бағанаға бекітіледі. 4. Суға түсуге тыйым      Қызыл рамада.  Жазуы жоғарыда. Төменгі жағында салынады (шекарасы        жүзіп бара жатқан адам кескінделген. метрмен көрсетілген)      Кескіндеме жоғарғы  сол жақ бұрышынан бастап көлденеңінен қызыл сызықпен сызылған. Белгі қызыл бағанаға бекітіледі. 5. Сүңгуге тыйым          Қызыл рамада.  Жазуы жоғарыда. Төменгі жағында салынады                  сүңгіп жатқан адам кескінделген. Кескіндеме жоғарғы сол жақ бұрышынан бастап көлденеңінен қызыл сызықпен сызылған. Белгі қызыл бағанаға бекітіледі. 6. Жүзу құралдарының      Қызыл рамада.  Жазуы жоғарыда. Төменде қозғалысына тыйым         сыйымдылығы шағын, аспалы моторы бар кеме кескінделген. Кескіндеме жоғарғы сол жақ бұрышынан бастап көлденеңінен қызыл сызықпен сызылған. Белгі суда жүзіп жүреді. Жағажай аумаған қоршаған белгілермен бірге орнатылады. 7. Мұз үстімен жүруге     Өн бойына жасыл түске боялған. Жазуы ортада, (етуге) рұқсат етілген.   ақ. Белгі ақ бағанаға орнатылады.
Тарау 11. 11. Қостанай облысының су айдындарында адам өмірін қорғау ережелерін бұзғанға жауапкершілік
11. Қостанай облысының су айдындарында адам өмірін қорғау ережелерін бұзғанға жауапкершілік
Тармақ 11.1
11.1. Осы ережелерді бұзғаны үшін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.
Тармақ 11.2
11.2. Осы ережелердің талаптарының орындалуына бақылау жасау жергілікті атқару билігі және суда құтқару қызметі орталығының органдарына жүктеледі.
Тармақ 11.3
11.3. Суда адамдар өмірін қорғау ережелерін орындауға бақылау жасау жөніндегі өкілеттіліктерін жүзеге асыру үшін суда құтқару қызметі облыстың орталығының қызметкерлеріне мынандай құқықтар беріледі: - барлық меншік нысанындағы ұйымдарға судағы қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері және нормативті-құқықтық және нормативті-техникалық актілерді сақтау жөніндегі шараларды міндетті түрде орындау үшін нұсқаулар жіберуге; - келісім-шарт негізінде көпшілік пайдаланатын су объектілерін, қозғалу құралдары мен судағы өткелдерге техникалық куәландыру жүргізуге, оларды пайдалануға тыйым салуға, азаматтар, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда оларға белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік жолмен шара қолдануға; - барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың ведомстволық құтқару стансалары мен постарының судағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеу және орындау жөніндегі қызметіне бақылау жасау; - ауа райы күрт бұзылған және олардың суда жүзуге бөлінген аудандар шекарасынан асып кеткен немесе спортшылардың жаттығуға, жандарында катер не моторлы қайық болмағанына қарамастан, шығып кеткен жағдайда барлық шағын көлемді кемелерді тұрақ орындарына қайтаруға.
Тармақ 11.4
11.4. Құтқару қызметі өкілдерінің судағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулары жағажайлар, демалыс базалары, жүзу бассейндері және басқа да су объектілерінің әкімшіліктері, оларды пайдаланатын барлық азаматтар, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы ұйым басшыларына міндетті болып табылады.