«Об утверждении Правил оказания социальной помощи инвалидам и детям-инвалидам» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек көрсету ережесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Мүгедектер мен мүгедек балаларға тиісті медициналық мекемелерде емделуге темір жолмен бару-келу жолақысына әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін (3 қосымша).
Тармақ 4
4. Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек көрсету ережесі бекітілсін (4 қосымша).
Тармақ 5
5. Қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз ету үшін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін (5 қосымша).
Тармақ 6
6. Щучье аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 ақпандағы 3039 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 3 ақпандағы № С-13/7 «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешімі күшін жойған деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 8
Щучье аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне 1 қосымша Сауықтыру жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек көрсету ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бойынша, сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеуді сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды және төлейді.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, әлеуметтік материалдық көмек тағайындалған мүгедектер мен мүгедек балалардың тізімдерін құрайды, Щучье ауданының каржы бөліміне өтінім тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.
Тарау 2. 2. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау тәртібі.
2. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарды қоса ұсынумен, оны алуға құқығы бар адам береді.
Тармақ 7
7. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы шешімі сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
Тармақ 11
11. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындауға құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) мүгедектер үшін - жеке куәлік; мүгедек балалар үшін туу туралы куәлік және ата-аналарының (қамқоршының)жеке куәліктері;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, әлеуметтік жеке сауықтыру бағдарламасы;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, мүгедектік туралы анықтама.
Тармақ 12
12. Мүгедектер мен мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнүсқа және көшірме түрінде тапсырылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнүсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттардың жоқтығы мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмектің мөлшері.
4. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмектің мөлшері.
Тармақ 14
14. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек жылына бір рет 5000 теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу.
5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу.
Тармақ 15
15. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 34
Щучье аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне 2 қосымша Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережесі.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бойынша, жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек профилактикалық емнен өту қажеттігі мақсатында, сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған мүгедектер мен мүгедек балалардың тізімдерін қүрайды, Щучье ауданының қаржы бөліміне қаржыландыруға өтінім тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.
Тарау 2. 2. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
2. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарды қоса ұсынумен, оны алуға құқығы бар адам береді.
Тармақ 7
7. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дүрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылдаған мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
Тармақ 11
11. Мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындауға құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-кеңестік комиссияның (ДКК) мүгедектің шипажайда профилактикалық емдеу курсынан өтуінің қажеттігі туралы қорытындысы;
Тармақша 2
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәліктің көшірмесі -мүгедектер үшін; туу туралы куәлік - мүгедек балалар үшін;
Тармақша 4
4) сауықтырудың жеке бағдарламасының көшірмесі;
Тармақша 5
5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 6
6) шипажайлық-курорттық карта.
Тарау 4. 4. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмектің мөлшері.
4. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 12
12. Мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға арналған әлеуметтік көмектің мөлшерін Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тиісті емдеу мекемелері ұсынған, шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерінің бағаларына сәйкес белгілейді.
Тарау 5. 5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмекті төлеу.
5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмекті төлеу.
Тармақ 13
13. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық жолдамаларды сатып алуға әлеуметтік көмекті төлеу профилактикалық емдеу курсынан өту қажеттігі мақсатында жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен, тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы тиісті емдеу мекемелеріне қаржы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Басқа 59
Щучье аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне 3 қосымша Мүгедектер мен мүгедек балаларға тиісті медициналық мекемелерде емделуге темір жолмен бару-келу жолақысына әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бойынша, мүгедектер мен мүгедек балаларға тиісті медициналық мекемелерде емделуге темір жолмен бару-келу жолақысына әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек, Астана қаласы мен Алматы қаласындағы және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларындағы тиісті медициналық мекемелерде емделуге немесе тексерілуге мұқтаж мүгедектер мен мүгедек балаларға тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған мүгедектер мен мүгедек балалардың тізімдерін құрайды, Щучье ауданының қаржы бөліміне қаржыландыруға өтінім тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.
Тарау 2. 2. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
2. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарды қоса ұсынумен, оны алуға құқығы бар адам береді.
Тармақ 7
7. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау құжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылдаған мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
Тармақ 11
11. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындауға құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) Ақмола облысының Денсаулық сақтау департаментінің медициналық мекемелерде емделуге немесе тексерілуге жолдамасы;
Тармақша 2
2) жеке куәліктің көшірмесі
Тармақша 3
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі
Тармақша 4
4) жолдық билет;
Тармақша 5
5) эпикризден үзінді
Тармақша 6
6) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 7
7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 12
12. Жолақыға әлеуметтік көмек тапсырылған медициналық мекеме орналасқан жерге дейінгі және кері қайтудың жолдық билеті негізінде, бірақ теміржол көлігінің жүрдек поезының купелік вагонының бағасынан аспайтын мөлшерде көрсетіледі. Жанына адам ертіп жүруге құқы бар: - 18 жасқа толмаған балалардың; - Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің байламына сәйкес науқастардың.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу.
Тармақ 13
13. Мүгедектер мен мүгедек балаларға тиісті медициналық мекемелерде емделуге темір жолмен бару-келу жолақысына әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 86
Щучье аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне 4 қосымша Жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек көрсету ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бойынша, сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті төлеуді Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды және төлейді.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, әлеуметтік материалдық көмек тағайындалған мүгедектер мен мүгедек балалардың тізімдерін құрайды, Щучье ауданының қаржы бөліміне өтінім тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.
Тарау 2. 2. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау тәртібі.
2. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарды қоса ұсынумен, оны алуға құқығы бар адам береді.
Тармақ 7
7. Пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын мүгедектер мен мүгедек балалардың отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті ресімдеуге құқы бар.
Тармақ 8
8. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау үшін құжаттарды қарау кұжаттар тапсырылған күннен бастап 10 күндік мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 10
10. Өтініш беруші өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты.
Тармақ 11
11. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындау туралы шешімі сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
Тармақ 12
12. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек тағайындауға құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) мүгедектер үшін - жеке куәлік; мүгедек балалар үшін туу туралы куәлік және ата-аналарының (қамқоршының)жеке куәліктері;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, әлеуметтік жеке сауықтыру бағдарламасы;
Тармақша 4
4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, мүгедектік туралы анықтама.
Тармақ 13
13. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнүсқа және көшірме түрінде тапсырылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 14
14. Құжаттардың жоқтығы мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек тағайындаудан бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмектің мөлшері.
4. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмектің мөлшері.
Тармақ 15
15. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмек жылына бір рет 7000 теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу.
5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу.
Тармақ 16
16. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Мүгедектер мен мүгедек балаларға отын сатып алуға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы ж.зеге асырылады.
Басқа 113
Щучье аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне 5 қосымша Қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз ету үшін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бойынша, мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне, күндіз болу кабинетіне, түзету кабинетіне бару үшін қала ішіндегі көліктерде тегін жүруді қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағы 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне, күндіз болу кабинетіне, түзету кабинетіне бару үшін қала ішіндегі көліктерде тегін жүру Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен төленеді.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есептеуді жүргізеді, қала ішіндегі көліктерде тегін жүруге мұқтаж мүгедек балалардың тізімдерін құрайды, Щучье ауданының қаржы бөліміне өтінім тапсырады.
Тармақ 5
5. Ереженің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таралмайды.
Тарау 2. 2. Мүгедек балаларды қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз ету тәртібі.
2. Мүгедек балаларды қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз ету тәртібі.
Тармақ 6
6. Мүгедек баланың ата-анасы (қамқоршысы) мүгедек баланы қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз етуге өтінішті тиісті құжаттармен қоса Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне береді.
Тармақ 7
7. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуді жеткізушіге біржолғы тегін жол талоны қажеттікті ұсынады.
Тармақ 8
8. Жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуді жеткізуші ұсынылған қажеттікке сәйкес Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне біржолғы тегін жол талондарын төлеуге шот- фактураны тапсырады.
Тармақ 9
9. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуді жеткізушімен тегін жол талондары үшін есеп айырысады.
Тармақ 10
10. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедек балалардың ата-аналарына (қамқоршыларына) қала ішіндегі көліктерде тегін жүруге біржолғы талондар береді.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
3. Қажетті құжаттардың тізбесі.
Тармақ 11
11. Мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне, күндіз болу кабинетіне, түзету кабинетіне бару үшін қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз етуге құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) ата-ананың (қамқоршының) жеке куәлігі және туу туралы;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі берген, мүгедектік туралы анықтама;
Тармақ 12
12. Мүгедектер мен мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау үшін қажетті кұжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде тапсырылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 13
13. Құжаттардың жоқтығы мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне, күндіз болу кабинетіне, түзету кабинетіне бару үшін қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз етуден бас тартуға әкеп соғады.
Тарау 4. 4. Мүгедек балаларды қала ішіндегі көліктерде тегін жүруге берілетін біржолғы талондар санының мөлшері
4. Мүгедек балаларды қала ішіндегі көліктерде тегін жүруге берілетін біржолғы талондар санының мөлшері
Тармақ 14
14. Мүгедек балаларға қала ішіндегі көліктерде тегін жүру үшін 1 жүруге 2 біржолғы талоннан, айына 9 рет жүруге біржолғы талондар беріледі.
Тарау 5. 5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу.
5. Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмекті төлеу.
Тармақ 15
15. Мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне, күндіз болу кабинетіне, түзету кабинетіне бару үшін қала ішіндегі көліктерде тегін жүрумен қамтамасыз ету әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен, тиісті операция түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен конкурста жеңген ұйым арқылы жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуді жеткізушіге қаржы аударумен жүзеге асырылады.