О присяжных заседателях Қолданыста
Басқа 0
Алқабилер туралы
Осы Заң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқабилердiң қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, алқабилердiң құқықтық мәртебесiн, тәуелсiздiгінің кепiлдiктерiн, олардың қызметiн қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 2
2) алқабиге кандидат - Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес кейiннен алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың бірыңғай тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмi - азаматтардың тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасы айқындайтын санын қамтитын, облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) алқабиге кандидаттардың тiзiмi;
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақша 8
8) кездейсоқ таңдау - iрiктеудiң кездейсоқтығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн технологияларды пайдалана отырып, алқабиге кандидаттардың бірыңғай тiзiмiнен азаматтарды iрiктеу;
Тармақша 9
9) облыстық және оған теңестiрiлген соттың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi азаматтар саны - соттардың алқабилердiң қатысуымен қарауына жататын iстердің жылдық орташа саны негiзiнде белгіленетiн азаматтардың болжамды саны.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан, Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Алқабидiң мәртебесi
3-бап. Алқабидiң мәртебесi
Тармақ 1
1. Алқабилердiң құқықтық жағдайы осы Заңда айқындалады.
Тармақ 2
2. Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөніндегі өкілеттіктер берілген.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының алқабилері тең мәртебеге ие.
Бап 4. 4-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі
4-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі
Тармақ 1
1. Алқабилерді іріктеу процесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімі соттың сұрау салуы бойынша
Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесі және «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері арқылы электрондық нысанда қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімін қалыптастыру үшін
цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесіне мәліметтер ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімі әліпби тәртібімен қалыптастырылады. Тізімде алқабиге кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы (жасы жиырма бесте болса – қосымша күні мен айы) және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көрсетіледі.
Бап 5. 5-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізіміне енгізілетін
азаматтардың саны
5-бап. Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізіміне енгізілетін
азаматтардың саны
Алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғылықты жері бойынша тіркелген және осы Заңның 10-бабының талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы айқындайтын шамада енгізіледі.
Бап 6. 6-бап. Алқабиге кандидаттардың бастапқы тiзiмдерiн жасау рәсiмi
6-бап. Алқабиге кандидаттардың бастапқы тiзiмдерiн жасау рәсiмi
Бап 7. 7-бап. Алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасау рәсiмi
7-бап. Алқабиге кандидаттардың қосалқы тiзiмiн жасау рәсiмi
Бап 8. 8-бап. Алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмiн жасау рәсiмi
8-бап. Алқабиге кандидаттардың бiрыңғай тiзiмiн жасау рәсiмi
Бап 9. 9-бап. Алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмi
9-бап. Алқабиге кандидаттардың қосымша тiзiмi
Бап 10. 10-бап. Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар
10-бап. Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне:
Тармақша 1
1) алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған;
Тармақша 2
2) өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар;
Тармақша 4
4) судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;
Тармақша 5
5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді.
Тармақ 2
2. Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен:
Тармақша 1
1) қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар;
Тармақша 2
2) өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар;
Тармақша 3
3) алпыс бес жастан асқан адамдар;
Тармақша 4
4) дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алып тасталады.
Бап 11. 11-бап. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi
11-бап. Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен осы Заңда белгiленген тәртiппен алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Сот отырысының орны мен басталу уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге міндетті. Азаматтың дәлелсiз себептермен келмей қалуы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 12. 12-бап. Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне енгiзбеу, заңсыз енгiзу немесе тiзiмнен шығарып тастау бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешiмдеріне шағым жасау
12-бап. Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне енгiзбеу, заңсыз енгiзу немесе тiзiмнен шығарып тастау бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешiмдеріне шағым жасау
Бап 13. 13-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiндегi шектеулер
13-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiндегi шектеулер
Тармақ 1
1. Алқаби:
Тармақша 1
1) өзінің iшкi нанымы бойынша iстiң мән-жайын өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға;
Тармақша 3
3) заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жердi және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға;
Тармақша 4
4) төрағалық етушiге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етiлген құжаттардың мазмұнын және iске қатысты, өзiне түсiнiксiз басқа да мәселелердi түсiндiрудi сұрап өтiнiш жасауға;
Тармақша 5
5) сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқылы.
Тармақ 2
2. Алқаби:
Тармақша 1
1) сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;
Тармақша 2
2) алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ, егер сот отырысында үзiлiс жарияланған немесе істі тыңдау кейiнге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;
Тармақша 3
3) сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Алқаби:
Тармақша 1
1) iстi тыңдау кезiнде сот отырысының залынан кетуге;
Тармақша 2
2) iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнің рұқсатынсыз iс бойынша сөйлесуге;
Тармақша 3
3) iстi қарау барысында мәлiметтердi сот отырысынан тыс жинауға;
Тармақша 4
4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Алқабидiң өз мiндеттерiн атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулердi сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүмкiндігіне әкеп соғады.
Бап 14. 14-бап. Алқабидің анты
14-бап. Алқабидің анты
Тармақ 1
1. Алқаби ретiнде қылмыстық сот iсін жүргiзуге қатысу үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен іріктелген адам мынадай мазмұнда ант қабылдайды:
"Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін".
Тармақ 2
2. Алқаби "Ант етемiн" деген сөздердi айтумен антты қабылдауын растайды.
Бап 15. 15-бап. Азаматтың алқаби мiндеттерiн атқару тәртiбi мен мерзiмдерi
15-бап. Азаматтың алқаби мiндеттерiн атқару тәртiбi мен мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Iстi қарауға қатысу үшiн сотқа алқабиге кандидаттардың қажеттi санын шақыртуды алқабилердің қатысуымен қылмыстық iстi қарайтын соттың төрағалық етуші судьясының өкiмiне сәйкес сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Азаматтар сотта алқабидiң мiндеттерiн атқаруға күнтiзбелiк жыл iшiнде көп дегенде бiр рет, қылмыстық iс қаралатын барлық уақытқа шақырылады.
Тармақ 3
3. Сотқа шақырылған, бiрақ алқабилер алқасының құрамына iрiктеп алынбаған адамдар басқа сот отырысына алқаби ретiнде қатысу үшiн тартылуы мүмкiн.
Бап 16. 16-бап. Алқабидiң еңбегiне ақы төлеу. Алқабиге кандидаттар мен алқабилердiң шығыстарын төлеу. Алқабилердiң еңбек қатынастарындағы кепiлдiктерi
16-бап. Алқабидiң еңбегiне ақы төлеу. Алқабиге кандидаттар мен алқабилердiң шығыстарын төлеу. Алқабилердiң еңбек қатынастарындағы кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Алқабиге облыстық және оған теңестiрілген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен аудандық сот және оған теңестiрілген сот судьясының (1 жылға дейін өтілі бар) лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнiнiң санына) барабар, оның негiзгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейдi.
Тармақ 2
2. Алқабиге кандидатқа (алқабиге) iссапар шығыстары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде өтеледi.
Тармақ 3
3. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқару уақыты еңбек стажын есептеген кезде есепке алынады.
Тармақ 4
4. Алқабидің мiндеттерiн атқару кезiнде оның негiзгi жұмыс орны сақталады. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқаруы кезiнде оны жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан шығаруға немесе ақысы төмен жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.
Бап 17. 17-бап. Алқабидің тәуелсiздiгiне кепiлдiктер
17-бап. Алқабидің тәуелсiздiгiне кепiлдiктер
Тармақ 1
1. Алқаби сотта өз мiндеттерiн атқарған кезеңде оған судьялардың тәуелсiздiгiне заңдарда белгіленген кепiлдiктер қолданылады.
Тармақ 2
2. Сотта мiндеттерiн атқару кезiнде алқабидiң тәуелсiздiгi:
Тармақша 1
1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;
Тармақша 2
2) сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысу бойынша алқабидiң қызметiне кiмнiң болса да араласуына жауаптылық қаупi арқылы тыйым салумен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 3
3. Алқаби, оның отбасы мүшелерi және олардың мүлiктерi мемлекеттiң қорғауында болады. Қылмыстық iстi жүргiзетiн орган, егер сотта мiндеттерiн атқарушы алқабиден тиiсті өтiнiш келіп түссе, сондай-ақ аталған адамдардың қауiпсiздiгiне немесе олардың мүлiктерiнiң сақталуына қауiп төнудiң басқа да айғақтары анықталған жағдайларда, алқабидiң, оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Бап 18. 18-бап. Алқабиге өз мiндеттерiн атқаруына кедергі келтiретiн тұлғалардың жауаптылығы
18-бап. Алқабиге өз мiндеттерiн атқаруына кедергі келтiретiн тұлғалардың жауаптылығы
Алқабиге мiндеттерiн атқаруына кедергі келтiретiн тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Бап 19. 19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.