Об утверждении Правил проведения конкурса на замещение вакантной должности государственной службы в центральных исполнительных органах Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізудің Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 өкімін орындау, азаматтардың мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуін, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеруді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізу туралы қоса беріліп отырған Қағида бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолдануға енгізілсін.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізудің Қағидасы
3. Бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлармен жұмыс жөніндегі департаментіне жүктелсін. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізудің Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4141 және "Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері" туралы 1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 Өкімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. Осы Қағида байқау комиссияларын қалыптастыру мен олардың жұмысының, сондай-ақ орталық атқарушы органдар аппараттарындағы бос лауазымдарды алуға байқаулар өткізудің тәртібін белгілейді. Байқау: - азаматтардың өздерінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуі құқығын қамтамасыз етеді; - мемлекеттік қызметшілердің үшінші және одан төменгі санаттағы бос лауазымын алуға өткізіледі.
Тарау 2. 2. Байқауға қатысудың тәртібі мен шарттары
2. Байқауға қатысудың тәртібі мен шарттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау құжаттар байқауы нысанында өткізіледі. Байқау комиссиясының шешімі бойынша байқауға қатысушылар қажет болған жағдайда әңгімелесуге шақырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) байқауды өткізудің шарттары мен мерзімдерін бекітеді.
Тармақ 3
3. Байқаудың өткізілетіні туралы хабарландыруды Агенттік республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында ("Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая газета") мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Жариялау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі анықтаған тәртіпте осы Министрлік арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Байқау өткізілетіні туралы хабарландыруда мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) Агенттіктің орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефон және факс нөмірлері;
Тармақша 2
2) орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефон және факс нөмірлері көрсетіле отырып, бос лауазымдық орындары бар орталық атқарушы органның атауы;
Тармақша 3
3) негізгі лауазымдық функциональді ерекшеліктері көрсетілген байқау бойынша алынатын лауазымдардың атауы;
Тармақша 4
4) үміткерлерге қойылатын талаптар;
Тармақша 5
5) байқауға қатысу туралы өтініштер берілетін мерзім;
Тармақша 6
6) байқауға қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
Тармақша 7
7) тест өткізілетін мерзімдер. Хабарландыруда қосымша ақпарат болуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Байқау ол жарияланған күннен бастап бір айдан аспайтын уақыт ішінде өткізіледі.
Тармақ 6
6. Байқауға қатысуға мынадай азаматтар жіберіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тиісті санаттарына қатысты өзгеше белгіленбесе, он сегіз жастан кіші емес;
Тармақша 3
3) тиісті білімі мен кәсіби даярлық деңгейі бар, біліктілік талаптарына сай, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда мамандығы бойынша тиісті стажы бар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызметтің тиісті лауазымын алуға үміткерлер (бұдан әрі - үміткер) байқау жарияланғаннан кейін Агенттікке мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) белгіленген нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) кадр есебі бойынша жеке парағы;
Тармақша 3
3) Агенттік бекіткен нысан бойынша толтырылған анкета;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 5
5) еңбек кітапшасының белгіленген тәртіппен расталған көшірмесі;
Тармақша 6
6) денсаулық жағдайы туралы белгіленген нысандағы анықтама;
Тармақша 7
7) 3х4 көлемдегі 2 фотосурет. Үміткерлер бұған қосымша өз біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты басқа да ақпарат (біліктілігін арттырғаны, ғылыми дәрежелер және атақтар берілгені туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдарының көшірмелерін және т.с.с.) бере алады.
Тармақ 8
8. Агенттік байқауға қатысуға тілек білдірген азаматтар ұсынған құжаттарды қабылдайды және саралайды. Ұсынылған құжаттарды талдаудың негізінде Агенттік үміткерлерді тест тапсыруға жіберу не жібермеу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Үміткерлерді тестен өткізудің шарттарын Агенттік белгілейді.
Тармақ 10
10. Тесттен өтуге жіберілген үміткерлер тесттен Агенттікте өтеді. Тесттің нәтижелерін Агенттік осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттарға қоса тіркеп, байқау комиссиясына береді.
Тармақ 11
11. Тестке және байқауға қатысуға байланысты шығыстарды (тест, байқау өткізілетін жерге бару және қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, байланыстың барлық түрін пайдалану) азаматтар өз қаражатының есебінен төлейді.
Тармақ 12
12. Байқауға осы Қағиданың 7-тармағында көзделген құжаттар мен тест туралы анықтама ұсынған үміткерлердің құжаттары ғана қатыстырылады.
Тармақ 13
13. Құжаттары байқауға жіберілген үміткер бос лауазымды алуға арналған байқаудың қатысушысы болады.
Тармақ 14
14. Байқауға қатысуға:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 6-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін;
Тармақша 2
2) соттың заңды күшіне енген шешімімен әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
Тармақша 3
3) соттың заңды күшіне енген шешімімен белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазым алу құқығынан айырылған азаматтар;
Тармақша 4
4) заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда қатыстырылмайды.
Тарау 3. 3. Байқау комиссиясы
3. Байқау комиссиясы
Тармақ 15
15. Байқауды өткізу туралы шешімді Агенттік орталық атқарушы органдар ұсынған бос лауазымдар тізімінің негізінде қабылдайды.
Тармақ 16
16. Орталық атқарушы органдар бос лауазымдардың тізімін Агенттік белгілеген нысандар мен мерзімдер бойынша береді.
Тармақ 17
17. Байқау комиссиясы Агенттік төрағасы мен Агенттіктің байқау өткізу жөніндегі шешімінің негізінде бос лауазымдарға алуға өтініштерді көрсеткен орталық атқару органы басшысының бірлескен бұйрығымен құрылады.
Тармақ 18
18. Комиссияның құрамына Агенттіктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның, мүдделі орталық атқарушы органның және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 19
19. Байқау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхаттармен куәландырылады. Агенттіктің өкілдері комиссияларға сенімхатсыз қатысады.
Тармақ 20
20. Комиссия төрағалары Агенттік өкілдері болады.
Тармақ 21
21. Байқау комиссиясы ұсынылған құжаттардың негізінде байқауға қатысушыларға баға береді және осы Қағидада белгіленген тәртіп бойынша бос лауазымды алу үшін қатысушылардың арасынан адамдарды іріктейді.
Тармақ 22
22. Комиссияның мәжілісіне комиссияның жалпы құрамының үштен екісі қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Тармақ 23
23. Қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілігі жақтап дауыс берген жағдайда байқауға қатысушы оң қорытынды алады. Байқау комиссиясы мүшелерінің дауыс саны тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 24
24. Байқау комиссиясының шешімі орталық атқарушы орган жариялаған бос лауазымдық қызметке тұруға немесе мұндай қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
Тармақ 25
25. Байқау комиссиясының оң қорытындысын алған байқауға қатысушылар бос лауазымды алуға, яғни, мемлекеттік қызметке тұруға құқылы.
Тармақ 26
26. Байқау комиссиясының шешімі шыққаннан кейін екі апта мерзім ішінде бос лауазым жөнінде жариялаған орталық атқарушы органның басшысы оң қорытынды алған байқауға қатысушыны жарияланған қызметке қабылдауға міндетті. Бұл ретте мемлекеттік қызметке тұрудың заңдарда көзделген талаптары орындалуға тиіс.
Тармақ 27
27. Байқау комиссиясының оң қорытындысын алған азаматтың мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде шындыққа сай келмейтін мәліметтерді ұсынғаны, құжаттарды қолдан жасағаны, фактілерді қасақана бұрмалағаны және т.с.с. анықталса, бұл жарияланған бос лауазымға қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
Тармақ 28
28. Байқау комиссиясының оң қорытындысын алмаған, бірақ байқау комиссиясы мемлекеттік қызметке алуға болады деп ұсыным жасаған байқауға қатысушылар Агенттік құрған кадрлар резервіне алынуы мүмкін.
Тармақ 29
29. Кадрлар резервіне алынған қатысушылар байқаудан өткеннен бастап бір жылдың ішінде орталық атқарушы органда байқаудан өтпей-ақ тиісті бос лауазымды ала алады.
Тармақ 30
30. Егер байқау нәтижелері бойынша бос лауазым талаптарына сай келетін қатысушылар анықталмаса, онда Агенттік төрағасының қайталап байқау өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Тармақ 31
31. Осы Қағидамен реттелмеген мәселелер туындаған жағдайда Агенттік өз бетінше тиісті шешім қабылдай алады.
Тармақ 32
32. Комиссияның осы Қағидадағы тәртіп бойынша және оның талаптарын сақтай отырып қабылдаған шешімі түпкілікті шешім болып табылады.
Тармақ 33
33. Байқау комиссиясының шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған комиссия мүшелері, сондай-ақ хаттама жүргізіп отырған адам қол қояды. Хаттаманы Агенттіктің байқау комиссиясының құрамына кірмейтін өкілі жүргізеді.
Тармақ 34
34. Байқауға қатысушылар байқау комиссиясының шешімімен келіспейтіні туралы Агенттікке арыз беруге немесе бұл шешімдерге заңдарда көзделген тәртіппен шағым беруге құқылы. Агенттік байқау комиссиясының шешімімен келіспейтіні туралы келіп түскен арыздарды қарайды және қараудың нәтижелері жөнінде арыз берушіге хабарлайды. Осы Қағиданың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылғаны анықталған жағдайда Агенттік байқау комиссияларының шешімдерін толығымен немесе ішінара жоя алады немесе байқауды қайта өткізу туралы шешім қабылдай алады.
Тармақ 35
35. Байқауға қатысушылар өздеріне қатысты бөлігінде, комиссия мүшелері, басқа да уәкілетті органдардың өкілдері осы Қағиданың 7, 10 және 33-тармақтарында көрсетілген байқау құжаттарымен танысуға құқылы.
Тармақ 36
36. Байқаудың әрбір қатысушысына байқаудың нәтижелері туралы ол аяқталған күннен бастап бір айдың ішінде жазбаша нысанда хабарланады. Оқығандар: Умбетова А.М. Қасымбеков Б.А.