О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске Күшін жойған
Басқа 0
Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі бекітілсін (жалғанды).
Басқа 2. Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару Ережелері
Орал қалалық мәслихатының
2005жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13
шешімімен бекітілген
Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы ереже Орал қаласы, сонымен қатар Деркөл, Зашаған, Желаев, Круглоозерное кенттік округтері аумақтарында қолданылады.
Тармақ 1
1. Осы ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Ит – көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез келген жануарлар.
Тармақша 2
2) Мысық – көлемі, түсі және өзге да белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар.
Тармақша 3
3) Иттер мен мысықтарды серуенге шығару – жануарлардың иесінің жалдайтын немесе меншігі болып табылатын орын-жайлардан тыста болуы. Иттер мен мысықтардың өзінің ит немесе мысық иесінің меншікті немесе жалдайтын аумағында болуы да серуенге шығуы болып саналады.
Осы ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сонымен қатар бұдан әрі мәтін бойынша «Иелер» деп аталатын иттер мен мысықтарды серуенге шығаратын барлық тұлғаларға таралады.
Тармақ 2
2. Иттер мен мысықтардың иелері осы жануарлармен жалпы пайдаланылатын орындардың ластанбауына жол бермеуді қоса алғанда (ластауды міндетті түрде тазалау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды және оларды ұстаудың ережелерін қатаң сақтауға міндетті, сонымен қатар, міндетті түрде адамдар қауіпсіздігін және үйде 23.00-ден 6.00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 3
3. Екінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) иттерді жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршаған аумақта, қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберісте көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет;
Тармақша 2
2) иттер мен мысықтарды балалар мен жас өспірімдер мекемелерінің, жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерінің (санаториялар, демалыс үйлері, пансионаттар) «зообұрыштарында», «тірі бұрыштарында» санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен ұстауға;
Тармақ 4
4. Иттер мен мысықтарды қалалық көліктерде тасымалдау жолаушылардың тыныштығын бұзбайтын жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл орайда иттер міндетті түрде тұмылдырықта және тізгінде болуы қажет немесе арнайы торларда, сөмкеде болуы қажет.
Мысықтарды сөмкеде немесе қолға ұстап тасымалдауға рұқсат етіледі.
Аура иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктермен тасымалдауға тыйым салынады.
Тыйым салынатын жазбалар болмаған жағдайда иелеріне итінің тұмылдырығы және қысқа тізгінінің бар болуымен мекемелерде, азық-түліктік емес дүкендерде, поштада жүруіне рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер қаңғыбастар деп саналап, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімтіктерін жинау бойынша мамандырылған мекемелердің міндетті аулауына және оларды жеті тәулік бойы арнайы торларда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады. Иттер мен мысықтарды аулау үшін тек қана ауды, шеңберлі, сапты дорбаны, еліктіргіш, алдамшы жемдерді пайдалануға рұқсат етіледі. Буындырғыштарды пайдалану және өзге адамгершілікке жатпайтын тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
Аулау уақыты болып қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімтіктерін жинау бойынша мамандырылған мекемелер мен «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тіркеу журналында тіркелген жануарлардың аулану уақыты саналады. Тіркеу журналында жануардың түрі, оның жынысы, түсі, кескінінің фото суреті (электронды түрде болуы мүмкін) және жануарларға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет. Тіркеу журналы (5) бес жыл бойына сақталуы тиіс.
Жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандырылған мекемелерге немесе «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жануарларды кері қайтарып алуы үшін хабарласуына болады.
Тармақ 6
6. селекциялық құнды иттер мен мысықтарды, сонымен қатар ауру жануарларды қала аумағының сыртына алып шығуға тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Иттер пен мысықтардың иелерінің міндеттері
2. Иттер пен мысықтардың иелерінің міндеттері
Тармақ 7
7. Иттер мен мысық иелері міндетті:
Тармақша 1
1) сатып алған күннен бастап екі апталық мерзімде өздерінің жануарларын, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі қалалық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекциясы бөлімінде тіркетуге;
Тармақша 2
2) жануарларға вакцина егуді тұрақты жүргізуге;
Тармақша 3
3) иттер мен мысықтардың адамдарды және басқа да жануарларды тістеп алуы, жарақаттау жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық станцияларға тез хабарлауға;
Тармақша 4
4) адамдарды және басқа да жануарларды тістеп алған немесе оларға жарақат салған үй жануарларын тез арада қалалық ветеринарлық станциясына тексеруге және карантиндік шараларды жүргізу үшін жеткізуге;
Тармақша 5
5) көшелерде жануарлармен тек қысқа шылбырмен, тұмылдырықпен жүріп өтуге;
Тармақша 6
6) жер учаскесін пайдаланатын жағдайда иттерді тек жақсы қоршалған аумақта бос серуендетуге немесе байлауда ұстауға. Иттің болу туралы 1-тармақтың 3-тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес учаскенің кіре берісінде тиісті ескерту жазулары болуы қажет.
Тармақша 7
7) жануарларды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, оларды қараусыз, тамақсыз, ауыз сусыз қалдырмауға, ұрып-соқпауға, ауырып қалған жағдайда дер кезінде ветеринарлық көмекке жүгінуге;
Тармақша 8
8) аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ торларын, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, тынымбақтарды, саябақтарды, демалыс орындарын ластамауға, ал ластаған жағдайда арнайы лайықталған құралдар көмегімен (пакет, күрекше) міндетті тазалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) одан әрі ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа адамға беруге немесе ветеринарлық мекемелерге тапсыруға;
Тармақша 10
10) жануарлар өліп қалған жағдайда оның өлімтігін өлген жануарлардың өлімтіктерін кәдеге жарату бойынша мамандырылған ұйымдарға тапсыруға;
Тармақша 11
11) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер жүргізуге және емдеу-профилактикалық өңдеу үшін әкелуге;
Тармақша 12
12) иттері бар иелер үнемі иттерінің мойынына жақсы көрінетін, иттің аты, оның тұқымы, иесінің мекен-жайы мен телефоны, (созылмалы, қауіпті) аурулардың бар болуы туралы жазылған сырға бекітілген қарғы тағуы қажет. Сырғада иесінің қалауынша итке қатысты өзге де ақпараттарды да көрсетуге болады.
Тармақша 13
13) Тұрғын үй маңына иттер мен мысықтармен серуендеу кезінде иттердің иелері тыныштықты қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақша 14
14) иттің немесе мысықтың отбасында болуы жағдайында немесе кәмелетке толмаған балалардың жануарлармен бірге тұруы кезінде әр тоқсан сайын жануарларға ішек және тері паразиттерінен өңдеу жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 15
15) адамға итпен немесе мысықпен жарақат келтірілген жағдайда соттық тәртіп бойынша емдеу ақысын толық төлеуге, соның ішінде зардап шегушінің жарақат алғанға дейінгі бастапқы қалпына, жеке мәліметтерін және кейпін толық қалпына келтіруге дейінгі косметикалық операция құнын төлеуге;
Тармақша 16
16) егер ит немесе мысық басқа итке, мысыққа немесе басқа да жануарларға өлімші халге дейінгі жарақат келтірген жағдайда соттық тәртіп бойынша иесі өліп қалған жануардың құнын төлеуі қажет немесе талап бойынша жануардың сапасы мен жасына сай келетін жануар ұсынуы қажет.
Тарау 3. 3. Ит немесе мысық иесінің құқықтары
3. Ит немесе мысық иесінің құқықтары
Тармақ 8
8. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік заңмен қорғалады.
Тармақ 9
9. Жануар оның иесінен тек құтыру ауруы болған жағдайдан басқа уақытта оның келісімімен ғана алынады. Жануар иесінен адамды тістеп, жарақат салған жағдайда адамға жұғатын аурудың немесе қауіпті аурулардың болуына зерттеу жүргізу үшін оның келісімінсіз алынады. Егер алынған жануардың дені сау деп танылса иесіне кері қайтарылады.
Тармақ 10
10. Иесі итін қысқа шылбырға байланған тұмылдырығы бар күйде дүкеннің немесе басқа да мекеменің жанына шектеулі уақытқа ғана қалдыра алады. Бұл жағдайда ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі, агрессия белгілерін көрсетпеуі қажет.
Тармақ 11
11. Ілестіріп жүрген адамдарсыз қоғамдық орындарда жүрген иттер мен мысықтар, иесімен дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының алдарында байлаулы қалдырылғандардан басқалары қадағалаусыз қалғандар деп танылып, арнайы қызметтермен аулауға жатады.
Тарау 4. 4. Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі
4. Осы ережелерді сақтамағаны үшін жануар иесінің жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Ветеринарлық-санитарлық шараларды сақтамағаны үшін иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 310-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 13
13. Осы ережелерді бұзғаны үшін жануар иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 14
14. Жануарларға, олардың өліміне немесе зақымдануына әкеліп соқтыратын қатыгездікпен қарағаны үшін иесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 276-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй кооперативтеріне, пәтер иелерінің кооперативтеріне, кондоминиумдарға иттер мен мысықтарды ұстау ережесін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар
5. Тұрғын үй кооперативтеріне, пәтер иелерінің кооперативтеріне, кондоминиумдарға иттер мен мысықтарды ұстау ережесін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар
Тармақ 15
15. Пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, кондоминиумдарға ұсынылады:
Тармақша 1
1) пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй кооперативтеріне, кондоминиумдарға бекітілген аумақта немесе құрылыс салудан бос және кооперативке жапсарлас шағын ауданның (маххаланың) аумағында кестелер мен белгілерді орнатумен иттерді серуендету орынын белгілеу;
Тармақша 2
2) иттердің серуендеу орны белгіленген аула аумақтарын санитарлық жағдайда ұстау;
Тармақша 3
3) жануарлар кіре алмайтындай жер астына, шатырларға және тағы басқа да жабық күйдегі қосымша жайларға кіру есігін ұстау;
Тармақша 4
4) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзінің аумағында үйсіз қаңғыбас иттер мен мысықтардың болуын хабарлау.
Тарау 6. 6. Иттер мен мысықтардың иелеріне салынатын тыйымдар
6. Иттер мен мысықтардың иелеріне салынатын тыйымдар
Тармақ 16
16. Иттер мен мысықтардың иелеріне тыйым салынады:
Тармақша 1
1) балалар аула алаңдары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп және оқу орындары аумақтарында, денсаулық сақтау, спорт алаңдары нысандарында, саябақтарда, су алаңдары мен қалалық жағажайларда жануарларды серуендетуге;
Тармақша 2
2) мас күйдегі адамдарға және 14 жастан төмен балаларға қоғамдық орындар мен көліктерде жануарларды серуендетуге және олармен осы орындарда жүруіне;
Тармақша 3
3) жануарларды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарына әкелуге және ұстауға;
Тармақша 4
4) иттер мен мысықтарды жалпыға бірдей қолданылатын орындарға ұстауға:
кіре берістерде, баспалдақтардың торларында, шатырларда, жер астында, жатақхананың дәліздерінде;
Тармақша 5
5) өліп қалған иттер мен мысықтардың өлімтігін лақтыруға немесе өздігінен көмуге;
Тармақша 6
6) иттерді ветеринарлық куәліксіз, шылбырсыз және тұмылдырықсыз серуенге шығаруға;
Тармақша 7
7) иттерді көп пәтерлі үйлердің балкондарында ұстауға;
Тармақша 8
8) құтыруға қарсы вакцинадан өтпеген иттерді серуендетуге