О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Турецкой Республикой о правовой помощи по уголовным делам и выдаче лиц Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісімді бекіту туралы Алматыда 1995 жылғы 15 тамызда жасалған Қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім бекітілсін. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша құқықтық көмек туралы Келісім (2000 жылғы 12 маусымда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 5, 46-құжат) Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы, егемендікті құрметтеу, өзара сыйластық, теңдік және адам құқықтарын сақтау негізінде құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында, - екі ел арасындағы даму үстіндегі қатынастарды ескере отырып, - қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру жөнінде бір-біріне құқықтық көмек көрсетуді ұйғарды және осы мақсатпен мыналар туралы келісті:
Бөлім 1. 1-бөлім Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
1-бөлім Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптар осы бөлімнің ережелеріне сәйкес тиісті Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдарының юрисдикциясына жататын қылмыстық істер бойынша бір-біріне көмек көрсету жөнінде өздеріне міндеттемелер алады.
Тармақ 2
2. Қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимыл іс жүргізу әрекеттерін орындау, құжаттарды жіберу және табыс ету, заттай айғақтарды беру, іс материалдарын жолдау, соттың шешімдерін тану әрі орындау, адамдарды іздестіру сияқты мәселелерді қамтуға тиіс.
Бап 2. 2-бап
2-бап Мынадай жағдайларда құқықтық көмек көрсетуден бас тартылуы мүмкін:
Тармақ 1
1. Егер сұрау салу осындай сұрау салу алған Уағдаласушы Тарап саяси қылмыс ретінде не соған байланысты қылмыс ретінде, не нақты әскери қылмыс ретінде қарап жатқан құқық бұзушылыққа қатысты болса.
Тармақ 2
2. Егер сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап сұрау салуды орындаған жағдайда өз елінің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртібіне нұқсан келуі мүмкін деп санаса.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап 1-баптың 2-тармағының қолданысына жататын қылмыстық іс жасалғандығы туралы мәселеге қатысы бар және сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы жіберген тапсырманы орындау кезінде өзінің ұлттық Заңына сәйкес барлық қажетті ресімдерді атқаруға тиіс.
Тармақ 2
2. Әрбір Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдары ұлттық заңдарға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 3
3. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі куәлар мен сарапшылардың ант қабылдап жауап беруін қалаған жағдайда, егер бұл соңғысының ұлттық заңдарына қайшы келмесе, онда Уағдаласушы Тараптың екіншісі бұл мәселені қабыл алады.
Тармақ 4
4. Уағдаласушы Тараптардың бірі құжаттардың көшірмелеріне сұрау салған жағдайда, екіншісі оларды табыс ете алады. Егер сұрау салған Уағдаласушы Тарап құжаттардың түпнұсқаларына сұрау салса, бұл жағдайда сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап осы мәселенің шешілуіне жәрдемдеседі.
Тармақ 5
5. Сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа берілген ақпаратты құзыретті орган сұрау салынған мәселеге ғана пайдалануы тиіс.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап, егер олар басқа іс бойынша пайдаланылатын болса, құжаттарды не заттай айғақтарды жіберуді кейінге қалдыра алады.
Тармақ 2
2. Құжаттар мен заттай айғақтар екінші Уағдаласушы Тарапқа, егер құжаттар жіберу кезінде өзгеше ескерілмеген болса, қысқа мерзімде қайтарылуға тиіс.
Бап 5. 5-бап
5-бап Егер Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органдарының өкілдері екінші Уағдаласушы Тараптың аумағындағы жекелеген іс жүргізу әрекеттерін орындау кезінде қатысуға тілек білдірсе, соңғысы өзі келіскен жағдайда, сұрау салуда көрсетілген іс жүргізудің уақыты мен өтетін жерін хабарлауға тиіс.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органының құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын, егер бұл тиісті Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмейтін болса, екінші Уағдаласушы Тараптың құзыретті органы орындау үшін қабыл алады.
Тармақ 2
2. Құзыретті органдарға шақыру қажеттілігі туралы жәрдем көрсету жөніндегі сұрау салулар осындай сұрау салуды алатын Уағдаласушы Тарапқа осы адамдардың тиісті құзыретті органға қашан келуі тиіс уақыттың күн тәртібінде көрсетілген мерзімінен кем дегенде екі ай бұрын жіберілуі тиіс.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органдары, осы Келісім шеңберінде өзінің ресми дипломатиялық және консулдық арналары арқылы екінші Уағдаласушы Тарап аумағында жүрген өзінің азаматтарына құжаттар жібере алады.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Егер сұрау салып отырған Уағдаласушы Тарап істі қарау үшін куәгердің немесе сарапшының тікелей өзі келуі аса қажет деп есептесе, екінші Уағдаласушы Тараптың осы аталған адамдарды сұрау салған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарына баруы қажеттігі туралы хабардар етуі үшін бұл мән-жайлар сұрау салуда көрсетілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап осындай сұрау салған Уағдаласушы Тарапқа куәгердің немесе сарапшының берген жауабын хабарлауға тиіс. Осы баптың 1-тармағында ескертілгендей жағдайда, сұрау салуда немесе сотқа шақыру қағазында жол шығындары ескеріле отырып, қажетті шығындардың шамамен алғандағы сомасы көрсетілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Сұрау салған Уағдаласушы Тарап қолданылып жүрген өз тарифтері мен нормаларына сәйкес куәгер мен сарапшының тамағына, жатын орнына және бару-қайту жолына кететін шығындарды өтейді.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарының шақыруы бойынша келген куәгерді немесе сарапшыны азаматтығына қарамастан бұрын жасаған қылмысы үшін бас еркінен айыруға, тұтқындауға немесе қуғындауға болмайды.
Тармақ 2
2. Сұрау салушы Тараптың шақыртуы бойынша келген адам, оның азаматтығына қарамастан осындай сұрау салу алған Уағдаласушы Тараптың аумағына жүріп кеткенге дейін қылмыстық қудалауға тартылмайды.
Тармақ 3
3. Осы баппен қамтамасыз етіліп отырған жеке басқа қол сұғылмаушылық, егер қылмыс жасады деп сезік тудырып отырған куәгер немесе сарапшы, олардың қатысуы ендігі жерде құзыретті органға қажет болмаған кезде қатарынан он бес күннен көбірек жүріп қалса және олар елден кету мүмкіндігін пайдаланбаса немесе кетіп қалып, алайда артынша осы елдің аумағына қайта оралса, өз күшін тоқтатады.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің шеңберінде сұрау салынған нақты адамның сотталғандығы туралы мәліметтер қызмет бабында қажет болған жағдайларды бір мемлекет шегіндегі бір құзыретті органның екіншісіне беретін бұл жөніндегі ақпараттар ауқымын мүмкіндігінше қамтуға тиіс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделгендегіден басқа кез келген жағдайда сұрау салу осындай өтініш алған Уағдаласушы Тараптың ережелеріне немесе қалыптасқан тәжірибесіне сәйкес орындалуға тиіс.
Тармақ 3
3. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тарапты Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматтарына қатысты шығарылған барлық қылмыстық үкімдер туралы хабардар етіп отыруға тиіс. Екі елдің Әділет министрліктері осындай ақпаратқа қатысты бір-бірімен кем дегенде жылына бір рет байланыс жасап тұратын болады.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тармақ 1
1. Құқықтық көмек көрсету жөніндегі сұрау салуларда:
Тармақша а
а) сұрау салған мекеменің атауы;
Тармақша б
б) сұрау салудың мақсаттары мен себептері;
Тармақша в
в) сұрау салуға қатысты адамның азаматтығын растайтын деректер;
Тармақша г
г) адамның аты-жөні мен тұратын жері не сол жеке адамның тұрған жерін анықтау үшін қажетті басқа да ақпарат болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Бұған қоса сұрау салуда адамның жасаған қылмысының қысқаша сипаттамасы көзделуге тиіс.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Әрбір Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың сұрау салуы бойынша, өз заңдарына сәйкес, Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыс жасады деп сезік туғызған өз азаматтарына қарсы қылмысты іс қозғайды.
Тармақ 2
2. Сұрау салуға істің нақты мән-жайын сипаттайтын құжаттар қоса тіркеледі.
Тармақ 3
3. Сұрау салуды алған Уағдаласушы Тарап екінші Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарына қылмыстық істі тергеудің нәтижелері туралы хабарлауға, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін жіберуге тиіс.
Бөлім 2. 2-бөлім Адамдарды ұстау беру
2-бөлім Адамдарды ұстау беру
Бап 12. 12-бап
12-бап Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, өтініш бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе үкімді орындау үшін өздерінің аумақтарында жүрген адамдарды бір-біріне ұстап беруге міндеттенеді.
Бап 13. 13-бап
13-бап Ұстап беруге жататын қылмыстар:
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де заңдарына сәйкес қылмыс болып табылатын және жасаған қылмыс үшін кемінде бір жылға жазалау көзделетін іс-әрекеттер үшін ұстап беру жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де заңдарына сәйкес және егер осы адам алты айдан аса мерзімге бас еркінен айрылуға немесе бұдан басқа да ауыр жазаға сотталған болса, осындай қылмыстар үшін ғана үкімді орындау үшін ұстап беру жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Егер ұстап беру туралы өтініш бір-біріне байланысты емес бірнеше қылмыстарға қатысты болса, олардың әрқайсысы Уағдаласушы Тараптардың екеуінің де заңдарына сәйкес бас еркінен айыруға әкеліп соғатын болса, бірақ олардың кейбіреулері жоғарыда аталған шарттарға сай келмесе, өтініш алған Тарап осындай қылмыстар үшін ұстап беруге келісім бере алады. Уағдаласушы Тараптардың бірінің соты белгілеген жазаның түрін екінші Уағдаласушы Тарап өзгерте алмайды.
Бап 14. 14-бап
14-бап Мына жағдайларда:
Тармақ 1
1. Егер ұстап беру туралы өтініш жіберілген адам сұрау салынған Тараптың азаматы болса;
Тармақ 2
2. Егер сұрау салынған тараптың заңдары бойынша ұстап беруге жол берілмейтін болса;
Тармақ 3
3. Егер қылмыс ішінара немесе түгелдей сұрау салынған Тараптың аумағында жасалса;
Тармақ 4
4. Егер ұстап беру сұралып отырған адамға қатысты сұрау салынған Тараптың аумағында нақ осындай қылмыс үшін үкім шығарылған және ол заңды күшіне енген болса немесе бұл жөнінде іс жүргізу тоқтатылса;
Тармақ 5
5. Егер ескіру мерзімі салдарынан немесе басқа да заңды негіздер бойынша үкімді орындау мүмкін болмаса, ұстап беру жүргізілмейді.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Тармақ 1
1. Қылмыскерді ұстап беру туралы өтініш жазбаша түрде дипломатиялық арналармен жіберіледі.
Тармақ 2
2. Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы өтініш күзетке алу туралы қаулының куәландырылған көшірмесімен, қылмысты әрекеттің іс жүзіндегі мән-жайлардың сипаттамасымен және қылмысты саралаушы заң нормаларының мәтінімен қоса жіберілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Үкімді жүзеге асыру үшін ұстап беру туралы өтініш заңды күшіне енген үкімнің куәландырылған көшірмесімен, сондай-ақ қылмысты сараптаушы заң нормаларының толық мәтінімен қоса жіберілуге тиіс. Егер сотталған адам жазаның бір бөлігін өткерген болса, онда өткерген мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Ұстап беру туралы өтініште ұстап берілуі сұралған адамның азаматтығы туралы мәліметтер және, мүмкіндігінше, сыртқы келбетінің сипаттамасы, оның жеке басына қатысты мәліметтер, тұратын жері туралы ақпарат болуға және суреті мен саусақтарының іздері қоса жіберілуге тиіс.
Бап 16. 16-бап
16-бап Егер ұстап беру туралы өтініште барлық қажетті ақпарат болмаса, сұрау салынған Тарап, сұрау салудан бас тартпас бұрын қосымша мәліметтерді талап ете алады. Бұл үшін ол екі айдан аспайтын мерзім белгілей алады, алайда дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімнің ұзартылуы мүмкін.
Бап 17. 17-бап
17-бап
Тармақ 1
1. Ұстап беру туралы өтінішті алған бойда сұрау салынған Тарап өтініш жіберілуіне қатысты адамды күзетке алу үшін дереу қажетті шаралар қолданады. Осы Келісімің ережелеріне сәйкес ұстап беруге жол берілмейтін жайлардың бұған қатысы жоқ.
Тармақ 2
2. Адамды ұстап беру мерзімі белгіленген кезден бастап 30 тәулік өткен соң, егер сұрау салушы Тарап осы мерзім ішінде ұсталған адамды қабылдамаса, сұрау салынған Тарап оны босатып жіберуге құқылы.
Тармақ 3
3. Адамды уақтылы қабылдап алуға немесе ұстап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар бұл жөнінде осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін бір-біріне хабарлауға тиіс. Бұл орайда Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жаңа мерзім белгілейді.
Бап 18. 18-бап
18-бап
Тармақ 1
1. Кешіктіруді көтермейтін жағдайларда Уағдаласушы Тараптардың бірінің құзыретті органдары ұстап беру туралы өтінішті жібергенге дейін адамды уақытша күзетке алу жөнінде өтінім жасай алады.
Тармақ 2
2. Өтінімде қылмысты әрекеттің іс жүзіндегі мән-жайлары баяндалуға және ұстап беру туралы өтініштің жедел жіберілетіндігі жөнінде хабарлама болуға тиіс. Мұнымен қоса өтінімде осы Келісімнің 15-бабының 2 немесе 3-тармақтарына сәйкес, бұл адамға қатысты қылмыстық қудалау қозғалғандығы немесе сот үкімінің заңды күшіне енгендігі, сондай-ақ мүмкіндігінше бұл адамды сипаттайтын мәліметтер және шамамен оның тұратын жері көрсетілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Уақытша күзетке алу туралы өтінім пошта, телеграф арқылы немесе кез келген өзге әдіспен берілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Егер өтінім қабылдауға тұрарлықтай болса сұрау салынған Тарап ұстауға қажетті шаралар қолданады. Өтінім қабыл алынбаған жағдайда сұрау салушы Тарап хабардар етіледі.
Бап 19. 19-бап
19-бап Егер сұрау салынған Тарап адамды ұстағаннан кейін 40 күн ішінде осы Келісімнің 15-бабында аталған қажетті құжаттарды алмаса, бұл адам күзеттен босатылады.
Бап 20. 20-бап
20-бап Егер белгілі бір адамды ұстап беру туралы өтінім бірнеше мемлекеттерден алынса, олардың қайсысының қанағаттандыруға жататыны туралы мәселені сұрау салынған Уағдаласушы Тарап шешеді.
Бап 21. 21-бап
21-бап Адамды ұстап берумен бірге, Уағдаласушы Тарап өз заңдарына сәйкес мыналарды:
Тармақша а
а) заттай айғақтар болуы мүмкін заттарды;
Тармақша б
б) ұстап беретін адамның бұл затқа деген меншік құқығын іске асырған жағдайда қылмыстық немесе сол сияқты жолмен алынған мүліктерді, басқа да бағалы заттарды қоса беруді;
Тармақша в
в) "б" тармағында аталған мүлікті заңсыз иеленуден, пайдаланудан не оған билік етуден түскен пайданы беруді қамтамасыз етеді.
Бап 22. 22-бап
22-бап
Тармақ 1
1. Егер ұстап берілуге тиісті адамға қатысты Уағдаласушы Тараптардың қайсысынан болсын қылмыстық іс қозғалса немесе ол жазаны өтеп жатқан болса, сұрау салынған Тарап басқа Тарапты бұл адамға қатысты өзі қабылдаған шешім туралы хабардар етеді. Оң шешілген жағдайда осы Келісімнің 17-бабының ережелері қолданылады.
Тармақ 2
2. Сұрау салынған Тарап адамды іс жүргізу әрекеттері аяқталғаннан кейін қайтаруға міндеттенген жағдайда іске қатысы бар мән-жайларды анықтау үшін адамды уақытша ұстап беруі мүмкін.
Бап 23. 23-бап
23-бап Ұстап берілетін адам ұстап беру туралы өтініш білдірілген қылмыс үшін ғана жауапқа тартылуы не сотталуы мүмкін. Бұған мына жағдайлар кірмейді:
Тармақ 1
1. Ұстап беретін Тараптың басқа қылмыс бойынша жауапқа тартуға не соттауға келісім беруі. Бұл жағдайда басқа Уағдаласушы Тарапқа, ұсталатын адамға бұл жөнінде хабарлай отырып, 15-баптың ережелеріне сәйкес өтініш жіберіледі.
Тармақ 2
2. Егер адам ұстап берілсе және қылмыстық іс тоқтатылған соң немесе ақтаушы үкім шығарылғаннан кейін 45 күннің ішінде аумақтан кетпесе немесе осы елге қайта оралса, оның басқа жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Бап 24. 24-бап
24-бап Егер тергеу немесе сотта іс қарау барысында ұстап берілуге тиісті адамның әрекетіне сараптауды өзгерту үшін қажетті жағдайлар туындаса, сұрау салушы Тарап бұл туралы хабарлай отырып қайта сұрау жібереді.
Бап 25. 25-бап
25-бап Уағдаласушы Тараптар ұстап берілген адамдарды қылмыстық қудалау нәтижелері туралы бір-біріне өзара ақпарат берісіп отырады.
Бап 26. 26-бап
26-бап Уағдаласушы Тараптардың бірі екіншісінің келісімі бойынша немесе бір-бірінің келісімінсіз, бірақ осы Келісімнің 23-бабының 2-тармағын сақтай отырып, ұсталған адамды үшінші мемлекетке бере алады. Бұл үшін үшінші Тараптың ұстап беру туралы өтініш құжаттарының көшірмелері келісімі қажет етілетін Уағдаласушы Тарапқа жіберіледі.
Бап 27. 27-бап
27-бап
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екінші Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша осы Тарапқа үшінші мемлекет ұстап берген адамдарды өз аумағы арқылы алып өтуге рұқсат береді. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің ережелеріне сәйкес ұстап беру міндетті болып табылмайтын жағдайда одан бас тартуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары әрбір нақтылы жағдайда алып жүру әдісін, бағытын және басқа да транзиттік өткізу шарттарын келісіп алады.
Бап 28. 28-бап
28-бап
Тармақ 1
1. Адамдарды ұстап беруге байланысты оны ұстап беру кезінде туындаған шығындарды сұрау салған Тарап көтереді.
Тармақ 2
2. Транзитті тасымалдауды қоса алғанда, басқа ла шығындарды сұрау салынған тарап көтереді.
Бап 29. 29-бап
29-бап Егер осы бөлімдегі ережелерде ұстап беру рәсіміне және уақытша күзетке алуға қатысты өзгеше көзделмесе, онда тек сұрау салынған Тараптың заңдары қолданылады.
Бөлім 3. 3-бөлім Қорытынды ережелер
3-бөлім Қорытынды ережелер
Бап 30. 30-бап
30-бап Осы Келісімнің ережелерін орындау үшін жіберілетін құжаттар сұрау салушы құзыретті органның қойған қолымен және мөрімен куәландырылады.
Бап 31. 31-бап
31-бап 1-бөлімнің ережелерін орындау кезінде Уағдаласушы Тараптардың бірде-бірі екінші Тарапқа өз аумағында құқықтық көмек көрсетуден туындаған шығындарды өтемейді, бұларға:
Тармақ 1
1. тәуелсіз сарапшыларды күтуге және олар жүргізілген сараптамаға кеткен шығындар;
Тармақ 2
2. тасымалдау жөніндегі шығындар кірмейді.
Бап 32. 32-бап
32-бап Осы Келісім бойынша жасалатын қатынастар, әдетте, Уағдаласушы Тараптардың Әділет министрліктері арқылы жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда дипломатиялық немесе консулдық арналар пайдаланылуы мүмкін.
Бап 33. 33-бап
33-бап Сұрау салу, өтініштер, өтінімдер және өзге де құжаттар сұрау салынған Тараптың тілінде куәландырылған аударма түрінде берілуге тиіс. Сұрау салынған Тараптың тіліне аудару қиын болған жағдайда ағылшын тілі пайдаланылады. Жіберілетін құжаттар екі дана болып жасалады.
Бап 34. 34-бап
34-бап Егер осы Келісімнің сұрау салынған Тарабы осы Келісімнің қандай да бір талаптарын орындауға мүмкіндігі болмаса не толық немесе ішінара бас тартса сұрау салушы Тарапқа бас тартуының себептерін көрсете отырып шұғыл түрде хабарлауға және сұрау салу жөніндегі құжаттарды кері қайтаруға тиіс.
Бап 35. 35-бап
35-бап Сұрау салу кезінде Уағдаласушы Тараптар өздерінің заңдары, құқықтық жүйесі және сот практикасы жөнінде ақпарат алмасуға тиіс.
Бап 36. 36-бап
36-бап Осы Келісім бойынша пікір алшақтығы туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды дипломатиялық арналар арқылы шешеді.
Бап 37. 37-бап
37-бап Осы Келісім бекітілуге жатады және Анкара қаласында өтетін бекіту грамоталарымен алмасудан кейін 30 күн өткенде күшіне енеді.
Бап 38. 38-бап
38-бап Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалды. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы оның күшін бұза алады, бұл жөнінде екінші Уағдаласушы Тарап хабардар етіледі. Мұндай жағдайда Келісім өзінің күшін жойған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысын тоқтатады. Осыны куәландыру үшін Уағдаласушы Тараптардың өкілетті өкілдері осы Келісімге қол қойды. Осы Келісім Алматы қаласында 1995 жылғы 15 тамызда әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, бұл орайда барлық мәтіндердің күші бірдей болады. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру барысында пікір алшақтығы туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Түрік Республикасы үшін үшін