Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мугедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2005 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 3 тармағының 2 тармақшасына, 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мугедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және білім алатын мугедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмектің тағайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының, орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С. Баяшевқа жүктелсін. Келісілді: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы З.Т. Булатецкая Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы Т.Т. Власова Аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы В.Р.Риде Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Б.З. Ыбраев
Басқа 4. Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Аққайың ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 09 желтоқсан № 273 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мугедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету осы Ережесі (Бұдан әpi – Ереже) үйде тәрбиеленетін және білім алатын мугедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмекті (Бұдан әpi - әлeyмeттiк көмек) төлеу және тағайындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады: әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті орган – «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі; мугедек - бала - аурулар, жарақаттар салдарынан, өмip сүруіне және оны әлеуметтік қорғауға әкелетін кемшіліктердің себебінен организмнің функциясы табандылық шалдығумен, денсаулығының бұзылуы бар он сегізге дейінгі жастағы тұлға.
Тармақ 3
3. Мугедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарындарында тәрбиелеуді және білім беруді жузеге асыру мүмкіншілігі болмаған жағдайда ата-аналарыдың немесе заңды өкілдерінің тілегін ескере отырып тәрбиелеу және білім беру үйде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алуға үйде тәрбиеленетін және білім алатын мугедек - баланың, ата-анасының бipeyi, немесе оның орнын алатын адамнын құқығы бар.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен ақшалай төлем туpiнде беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек туған, асырап алынған және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мугедек - балаларға тағайындалады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек мугедек-балаларға баска әлеуметтік көмек түрлерін немесе алименттер алудан және жанұя кipiciнe қарамастан тағайындалады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш
Тармақ 8
8. Ереженің 4 тармағында көрсетілген адамдар, мекен-жайы бойынша уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) үлгі бойынша өтініш (1 қосымша);
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат (түп нұсқа және көшірме);
Тармақша 3
3) тұрғылықты мекен-жайын растайтын азаматтарды тіркеу журналы (түп нұсқа және көшірме);
Тармақша 4
4) мугедектікті белгілеу туралы дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (түп нұсқа және көшірмe);
Тармақша 5
5) мугедек-баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңесімен берілген қорытындысы (түп нұска);
Тармақша 6
6) баланың туу туралы куәлігі (түп нұска және көшірме);
Тармақша 7
7) мектептен анықтама (тоқсан сайын). Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы корғаншының (қамқоршының) өтінішіне қорғаншылық және қамқоршылық органының корғаншылық (қамқоршылық) орнату туралы шешімінің үзіндісі қосыла беріледі;
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттарды түп нұсқалары көшірмелермен салыстырылғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органдардын қызметкерлері әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша құжаттардың көшірмелерін куәландырады, өтінішті қосымша құжаттарымен тіркеу журналында тіркейді және өтініш берушіге өтініштің үзбелі талонын қабылдау туралы белгісімен бepeдi.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмектің тағайындалу өтініш берген айдан бастап, көмекке құқық пайда болғаннан кейін әлеуметтік көмек тағайындалады. Өтініш берген күні қажетті құжаттары бар өтінішті берген күні болып саналады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау мугедек-баланың мекен-жайы бойынша ата-анасының, немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның берген өтініші бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша уәкілетті органымен жургізіледі.
Тармақ 13
13. Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің берген мугедек-балаға үйде білім беру (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытындысында көрсетілген кезеңіне әлеуметтік көмек тағайындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті орган құжаттар тускен куннен кейін 10 кун ішінде жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті тағайындау немесе жазбаша дәлелдеумен оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (2 қосымша).
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту туралы шешім сот тәртібінде шағым беруге мумкін.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді тоқтату немесе қайта жаңарту (бала асырап алу, баланың өлуі және тағы басқалары) болған жағдайда әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу келесі айда, сәйкесті жағдайлар болғанда, содан кейін айда тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек сәйкесті жылға, тоқсан ішінде бір рет республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген мөлшерінде тағайындалады.
Тармақ 18
18. Тоқсанда өзгерістер болған жағдайда әлеуметтік көмек алу құқығы келесі тоқсанда қайта қарастырылады.
Тарау 4. 4. Жәрдемақы төлемі
4. Жәрдемақы төлемі
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмекті төлеу қаржылық операцияларды жузеге асыруға құқығы бар мекемелер арқылы жузеге асырылады.
Тармақ 20
20. Әлуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы ай сайынғы тізімдер жинағын қалыптастырады және Ереженің 19 тармағында көрсетілген мекемелерге жібереді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмекті есепке алу өткен ай бойынша жургізіледі.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмекті тағайындайтын және төлейтін уәкілетті органның кінәсi бойынша дер уақытында есеп жургізілмеген әлеуметтік көмек сомалары біржолы, қандай да біp мерзімі шектелусіз өткен уақытқа есеп жургізіледі.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есеп жургізу және есеп беруді жасау тәртібі қолданыстағы заңға сәйкес анықталады. Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне 1 қосымша Аққайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімінің бастығы __________________ Өтініш Маған мугедек балама _______________________________________ (Teгi, аты, әкесінің аты) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді өтінемін Тегі _______________________________ Аты ________________________________ Әкесінің аты _______________________ ӘЖК ________________________________ СТН ________________________________ Мекен-жайы _________________________ Үй тел. __________________ жұмыс тел __________________ Жеке басын күәландыратын құжат түрі ___________________ (құжат түрі көрсетілсін) Сериясы __________________ нөмірі _____________________ Кім берген ____________ қашан берілді _________________ __________________ банктің _______________ филиалындағы жеке шотының № __________________ Өзгерістер болған жағдайда олардың өзгеруі туралы 10 күнінің ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпаратты және жасанды құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім. 2005 жылғы «____»______________ __________________ (өтініш берушінің қолы) Өтініш қабылданды 2005 жылғы «____»______________ ______________________________________ (А.Т.Ә. және құжатты қабылдаған адамның қолы) _________________________________________________________________ (қию сызығы) ________ дана көлемінде қосыла берілген құжаттарымен _____________ азаматының өтініші 2005 жылғы «___»_______________ қабылданды ______________________________________________________ (А.Т.Ә. және құжатты қабылдаған адамның қолы) Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне 2 қосымша Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мүгедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім 2005 жылғы «____»______________ Iстің № __________ Тегі ____________________________________ Аты ____________________________________ Әкесінің аты ____________________________________ азаматының үйінде тәрбиеленетін және білім алатын ______________________________________________________ мүгедек балаға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарастырып Комиссия шешім қабылдады 1. __________________ аралығындағы кезеңге __________________ көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалсын. 2. Әлеуметтік көмекті төлеуден бас тарту себебі: ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ Комиссия төрайымы __________________ Т.А.Ә Комиссия мүшелері __________________ Т.А.Ә __________________ Т.А.Ә __________________ Т.А.Ә