Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей - инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ Заңының 29 бабының 6 тармағына, 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасьща сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау жөнінше қосымша шаралар ретінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде қоса берілген Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Жамбыл аудандық жұмыспең қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамсыз етсін.
Басқа 4. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы «29» желтоқсан № 412 қаулысымен бекітілді. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек керсетудің осы Ережелері (әрі қарай - Ережелер) үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің тәртібін анықтайды. (әрі қарай - әлеуметтік көмек).
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде төменгі түсініктер қолданылады: әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінен уәкілетті орган - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың аудандық бөлімі. мүгедек бала - он сегіз жасқа дейінгі, өмір сүру әрекетін шектеуге және әлеуметтік көмек қажеттілігіне әкелетін ауру, зақым, олардың салдарынан, дефектісінен туған ағза функцияларының дұрыс істемеуінен денсаулығы бұзылған тұлға.
Тармақ 3
3. Ата-аналардың не заңды өкілдердің өтінішін ескере, мүгедек -балаларды тәрбиелеу және оқытуды жалпы және арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында іске асырудың мүмкіндігі жоқ жағдайда тәрбиелеу және оқыту үйде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алуға үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек баланың ата-аналарының біреуі не оны алмастыратын тұлға ғана құқылы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қорынан ақшалай төлем түрінде беріледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған (асыраушысынан айрылған) балаларға тағайындалады және төленеді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіру тәртібі
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіру тәртібі
Тармақ 7
7. Ереженің 4 тармағында көрсетілген тұлғалар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға төмендегі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) форма бойынша өтініш
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат (тұпнүсқа және көшірме);
Тармақша 3
3) отбасы құрамын анықтайтын тұрғылықты жерінен анықтама;
Тармақша 4
4) мүгедектікті анықтау туралы әлеуметтік-дәрігерлік сараптама комиссиясы анықтамасы (тұпнүсқа және көшірме);
Тармақша 5
5) ведомствоаралық психолог-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беруші комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытынды;
Тармақша 6
6) баланың тууы туралы куәлігі (тұпнүсқа және көшірме);
Тармақша 7
7) мүгедек баланың үйде нақты оқитыны (тәрбиеленетіні) жөнінде мектептен (тоқсан сайын) анықтама; Қамқоршының (асыраушы) әлеуметтік көмек тағайындау жөнінен өтінішіне қамқорлық (асыраушы) бекіту туралы қамқорлық (асыраушы) органының шешімінен көшірме қосылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тұпнүсқалары кошірмелерімен тексерілгеннен кейін өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінен уәкілетті органның қызметкерлері құжаттар көшірмесін растайды, құжаттармен қоса өтініштерді тіркеу журналына тіркейді және өтініш иесіне өтінішті қабылдағаны туралы белгімен бөлінген түбіртек береді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек әлеуметтік көмек тағайындау үшін барған айдан бастап көмек құқығы туындағаннан кейін белгіленеді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындауды әлеуметтік комек тағайындау төлеу жөнінен уәкілетті орган мүгедек баланың ата-аналарының біреу не оны алмастыратын тұлғаның өтініші бойынша тұрғылықты жер бойынша жүргізеді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек мүгедек баланың демалыста не стационарлық емдеуде болғанына қарамастан Ведомствоаралық психолог-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беруші комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттілігі туралы қорытындыда керсетілген мерзімге тағайындалады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінен уәкілетті орган осы Ереженің 7 тармағында көрсетілген сәйкес құжаттарымен өтініш түскен күннен бастап 10 күн мерзімінде аудандық бюджет қорынан әлеуметтік көмек тағайындау не оған жазбаша дәлелденген қарсылық туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек тағайындауға қарсылық білдірген шешімге сот тәртібімен шағымдануға болады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті тағайындау және тәлеуді тоқтату не қайта төлеу салдарынан шыққан жағдайлар туындағанда (асырап алу, бала өлімі және басқалар) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу сәйкес жағдайлар туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады не қайта төленеді.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек ағымдағы жылда тоқсанына бір рет республикалық бюджет туралы заң бекіткен 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Әлеуметтік көмекті тағайындау өтініш білдірген айдан бастап тағайындалып, ағымдағы жылдың тоқсанының аяғына дейінгі мерзімде алатын болады.
Тармақ 17
17. Тоқсанда өзгеріс боған жағдайда әлеуметтік көмек алу құқығы келесі айда қайта қаралады.
Тарау 4. 4. Жәрдемақы төлеу
4. Жәрдемақы төлеу
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек төлеу Қазақстан Республикасы Халықтық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен соны алу құқығы бар тұлғалардың есептік шотына салу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінен уәкілетті орган жиынтық тізімдер құрайды және екінші деңгейдегі банктер филиалдарына жібереді.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмекті есептеу өткен тоқсанға жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмек тағайындайтын және төлейтін уәкілетті орган кінәсінен уақытында есептелмеген әлеуметтік көмек сомасы бір уақытта басқа мерзіммен шектелмей өткен уақыт үшін ептеледі.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмекті төлеу жөнінен есеп жүргізу және есеп беру тәртібі қолданылып жүрген заңдылықтарга сәйкес анықталады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек беруді қадағалау
5. Әлеуметтік көмек беруді қадағалау
Тармақ 23
23. Төленген қаржыны қадағалау әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінен уәкілетті орган мен екінші деңгейдегі банктің филиалы арасында актілерді салыстырмалы тексеру негізінде іске асырылады.