Об утверждении Положения об участковых комиссиях по проведению обследования материального положения семей, обратившихся за получением государственной адресной социальной помощи и государственного пособия, назначаемого и выплачиваемого на детей до восемнадцати лет Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны сұраған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы 5 бабы 3 тармағына, сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны сұраған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссия туралы (бұдан әрі -Ереже) қоса берілген ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері 2006 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Ережеге сәйкес қалаларда, ауылдық (кенттік) округтерде учаскелік комиссиялар құруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы. Омаровқа жүктелсін.
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2005 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 324 қаулысымен бекітілді
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны сұраған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны сұраған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссия (бүдан әрі-учаскелік комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік (селолық округтің, қаланың) аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалық орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-11, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі №1685, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулыларын, осы Ережені басшылыққа алады және өз жұмысын жариялылық және алқалылық негізінде құрады.
Тармақ 3
3. Құрамында төраға, хатшысы және комиссия мүшелері бар учаскелік комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің шешімімен құрылады.
Учаскелік комиссия мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі-әлеуметтік көмек) және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны (бұдан әрі-балаларға арналған жәрдемақы) сұраған отбасылардың материалдык жағдайына тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акті жасалады және оның қорытындысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкіміне табыс етіледі.
Тармақ 4
4. Учаскелік комиссия құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері және хүқық қорғау органдарының жүмыскерлері енгізіледі. Осы ретте комиссия құрамына ауылдық округ құрамындағы әрбір елді мекеннің өкілдері енгізілуі тиіс.
Учаскелік комиссия хатшысының міндеттері ауылдық округтер аппараттарында жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мәселелерімен айналысатын жұмыскерге, ал Петропавл қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі маманға жүктеледі.
Тармақ 5
5. Учаскелік комиссия қызметін бақылауды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі, ал Петропавл қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы іске асырады.
Тармақ 6
6. Учаскелік комиссия жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдеріне әлеуметтік көмек көрсету және балаларға берілетін жәрдемақыны тағайындау жөніндегі қызметіне жан басына шаққандағы орташа табысы мемлекетпен белгіленген кедейлік шегінен, азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларын тексеру жолымен жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және қызметін қамтамасыз ету
2. Учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 7
7. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік көмекті және балаларға берілетін жәрдемақыларды алуға үміткер арызданушылардың материалдық жағдайын нақты тексеру арқылы іске асырады.
Адамдарға (отбасыларға) жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайлары туралы акті жасайды және оған комиссияның барлық мүшелері мен арызданушылар кол қояды.
Учаскелік комиссияның актісі негізінде қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды шағарылады, ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкіміне жіберіледі.
Тармақ 8
8. Жанжалдық жағдайда (отбасы құрамы, материалдық жағдайы өзгергенде, жасырын кіріс болғанда, әлеуметтік көмекті мақсатсыз пайдаланған жағдайда және басқа жағдайда) учаскелік комиссиялар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің тапсырмасы бойынша бес күн мерзімінде (құжат пакеті толық болған кезде) әлеуметтік көмекті және балаларға берілетін жәрдемақыларды алуға арыз берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына қосымша тексеру жүргізеді, және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкіміне табыс етілетін қорытындылар әзірлейді.
Тармақ 9
9. Учаскелік комиссиялардың тиісті органдардан арызданушыларың материалдық жағдайы туралы ұсынған құжаттарын растау арналған қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Учаскелік комиссиялар тиісті әкімшілік-аумактық бірлік халқының әлеуметтік жағынан жұтаң жіктерінің әлеуметтік көмек және олардың балаларына берілетін жәрдемақыларды алуға үміткер азаматардың мәліметтер банкін кұруға қатысады.
Тармақ 11
11. Учаскелік комиссия қорытындысына арызданушы уәкілетті органда не болмаса сотта шағымдана алады.
Тармақ 12
12. Егер мәжілісте учаскелік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, онда учаскелік комиссия мәжіліс заңды болады.
Тармақ 13
13. Арызданушының және оның отбасының материалдық жағдайын тексеру колданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде, отбасы мүшелерінің ересек біреуі қатысқан жағдайда жүргізіледі.
Арызданушы мен оның отбасының материалдық жағдайын тексеру отбасы мүшелерінің үлкен біреуі қатысқан жағдайда, қолданылып жүрген заңнамада белгілеген мерзімде жүргізілуі тиіс.
Арызданушы оның материалдық жағдайына тексеру жүргізгізуге бас тарқан жағдайда учаскелік комиссия акт жасайды және қорытынды шығарады, оған сәйкес азамат әлеуметтік көмек және балаларға берілетін жәрдемақы алу құқығын жояды.
Тарау 3. 3. Учаскелік комиссиялар жауапкершілігі
3. Учаскелік комиссиялар жауапкершілігі
Тармақ 15
15. Учаскелік комиссия мүшелері әлеуметтік көмекті және балаларға берілетін жәрдемақыларды алуға арыз берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеру туралы актіде мазмұндалған мәліметтердің анықтығына жауапты болады.
Тармақ 16
16. Арызданушының және оның отбасының материалдық жағдайын тексеруді учаскелік комиссия азаматтардың жеке өмірін сыйлауды қадағалау, олардың адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекет болмайтын жағдайда жүргізуі тиіс.
Комиссия мүшелері арызданушы мен оның отбасы мүшелері туралы оларға мәлім болған құпия мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті
және он сегіз жасқа дейінгі балаларға
тағайындалатын және төленетін
мемлекеттік жәрдемақыны сұраған
отбасылардың материалдық жағдайына
тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік
комиссия туралы ережеге қосымша
_____________ ауданының (қаласының)
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі
_____________________________
(ауылдық округ, қаланың)
учаскелік комиссиясынан
ҚОРЫТЫНДЫ
_______________________________ отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік
(Т.А.Ә.)
көмек және (немесе) мемлекеттік жәрдемақы беру қатеттілігі туралы Отбасы
мына мекен-жайда: _____________________________________________________
(елді мекен, аудан, көше, үйдің және пәтердің №, телефоны)
тұрады.
Отбасының материалдық жағдайы туралы актіні және адамның (отбасының)
табысы туралы ұсынылған мәліметтерді қарастырып учаскелік комиссия
былай ШЕШТІ:
_________отбасы мүшелеріне _____________теңге мөлшерінде
(саны) (сомасы)
ай сайынғы жан басына шаққандагы орташа табысы бар ____________
(Т.А.Ә.)
адам (отбасы) әлеуметтік көмекке және мемлекеттік жәрдемақы алуға
мұқтаж (мұқтаж емес).
Комиссия төрағасы __________________
(т.а.ә.)
комиссия мүшелері __________________
__________________
__________________
Ескерту: әлеуметтік көмекке және (немесе) мемлекеттік жәрдемақыға
мұқтаж еместігі туралы қорытынды шығарған кезде оның себебі көрсетілсін.