Об установлении стоимости разовых талонов и размеров ставок фиксированного суммарного налога с единиц объектов налогообложения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бір жолдық талондар құнын және бір салық объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 (2005 жылғы 05 қазандағы № 1001 енгізілген өзгерістерімен) «Қазақстан Республикасында өндірілетін, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» Қаулысын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1,2 қосымшаларға сәйкес Абай ауданының базарларындағы және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріндегі эпизодтық сипаттағы бір жолдық талондар құны белгіленсін.
Тармақ 2
2. № 3 қосымшаға сәйкес Абай ауданында орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері белгіленсін.
Тармақ 3
3. № 4 қосымшаға сәйкес Абай ауданында орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық төлеушілеріне акциз ставкаларының мөлшерлері белгіленсін.
Тармақ 4
4. № 5 қосымшаға сәйкес Абай ауданының елді мекендерінде орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастыру үшін ставкалар мөлшерлері белгіленсін.
Тармақ 5
5. Бұрын қабылданған шешімдердің күші жойылсын: 2005 жылғы 02 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 1721, 2005 жылғы 19 ақпандағы № 8 (3553) «Абай-ақиқат» аудандық газетінде жарияланған, 2005 жылғы 13 қаңтардағы «Бір жолдық талондар құнын және салық салу объекті бөлігінен белгіленген салық жиынтығының ставкалар мөлшерін белгілеу туралы» № 15/164 шешім; 2005 жылғы 07 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-9-2, 2005 жылғы 09 шілдедегі 28 (3571) «Абай-ақиқат» аудандық газетінде жарияланған, 2005 жылғы 03 маусымдағы «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 13 қаңтардағы «Бір жолдық талондар құнын және салық салу объекті бөлігінен белгіленген салық жиынтығының ставкалар мөлшерін белгілеу туралы» № 15/164 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 19/198 шешім; 2005 жылғы 31 қазандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-9-7, 2005 жылғы 05 қарашадағы № 45 (3588) «Абай-ақиқат» аудандық газетінде жарияланған, 2005 жылғы 06 қазандағы «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 13 қаңтардағы «Бір жолдық талондар құнын және салық салу объекті бөлігінен белгіленген салық жиынтығының ставкалар мөлшерлерін белгілеу туралы» № 15/164 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 23/229 шешім.
Тармақ 6
6. Шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Абай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы А. Орынбеков 14.12.05 ж.
Басқа 1. Абай ауданының базарларындағы бір жолдық талондар құны және 2006 жылға арналған эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері
2005 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті 27 сессиясының № 27/256 шешіміне № 1 қосымша Абай ауданының базарларындағы бір жолдық талондар құны және 2006 жылға арналған эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері № р/с Базар атауы Мамандаандыру Сауда орнының түрі Айлық есептік көрсеткіштен % бір күнге бір жолғы талон құны 1 Базар, жеке кәсіпкер, Бейісбеков, Абай қаласы өдірістік сату орны 15,2 азық-түліктік ет сату орны 22,1 сату орны 16,0 сүт сату орны 5,7 қолдан сату 3,7 саяжайдан сату 1,5 2 Базар, жеке кәсіпкер, Жуковский, Абай қаласы өдірістік сату орны 15,2 азық-түліктік ет сату орны 22,1 сату орны 16,0 дүңгіршектен сату 22,7 сүт сату орны 5,7 қолдан сату 3,7 саяжайдан сату 1,5 3 Базар, жеке кәсіпкер, Каменов, Абай қаласы өдірістік сату орны 9,1 азық-түліктік сату орны 13,3 ет сату орны 22,1 4 Базар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Әсен өдірістік сату орны 9,1 азық-түліктік сату орны 13,3 машинадан 68,1 саяжайдан сату 1,5 5 Базар, жеке кәсіпкер, Әбілғазин, Топар кенті азық-түліктік ет сату орны 22,1
Басқа 2
2005 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті 27 сессиясының № 27/256 шешіміне № 2 қосымша № р/с Эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің түллері Айлық есептік көрсеткіштен % бір күнге бір жолғы талон құны Сату: (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): 1 2 3 1 Газеттер мен журналдар 7,00 2 Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет) 1,00 3 Бақша дақылдары 13,00 4 Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер 10,00 5 Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау өнімдерін 4,00 6 Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп 4,00 7 Сыпырғылар, сыпыртқылар, орма жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық 4,00 8 Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу 1) жақын шетелден 120 2) алыс шетелден 120 9 Үй жануарлары мен құстарды жаю 3,80 10 Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері 24,00 11 Жеңіл және жалға алынған автомобильдермен жолаушыларды тасу (қала ішінде) 5,70 12 Жеңіл және жалға алынған автомобильдермен жолаушыларды тасу (аудандық және қала аралық) 11,50 13 Жеңіл және жалға алынған автомобильдермен жүктерді тасу (қала ішінде) 19,50 14 Жеңіл және жалға алынған автомобильдермен жүктерді тасу (аудандық және қала аралық) 45,70 15 Шашлық және бұқтырылған тауық етін сату 38,00 Ескерту: айлық көрсеткіштен алынған пайыз мөлшеріндегі соманы 50 тиыннан жоғары 1-ге дейінгі үлкен шамаға дөңгелектеу.
Басқа 3. Абай ауданында орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері
2005 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті 27 сессиясының № 27/256 шешіміне № 3 қосымша Абай ауданында орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері № Көрсетілетін қызметтер Тіркелген жиынтық салық салу объектісі Бір жылғы айлық есептік көрсеткішіндегі бір объектіге тіркелген жиынтық салығының ставкасы 1 Ойын бизнесі саласында 1) ойын мекемесі тарап ретінде өз өкілдері арқылы қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстелі; 740 2) ойын мекемесі өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретінде қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстелі; 740 3) ақшалай ұтысы бар ойын автоматы; 120 4) тотализатор кассасы; 200 5) букмекерлік кеңсе кассасы; 100 2 Ұтыс ақшасыз ойын автоматтары бойынша Ұтыс ақшасыз ойын автоматы 9 3 Боулинг (кегельбан) бойынша Ойын жолы 210 4 Картинг бойынша Карт 26 5 Бильярд бойынша Бильярд үстелі 55 6 Ұйым бойынша Ұйымдастырушы 161
Басқа 4. Абай ауданында орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық төлеушілері бойынша акциз ставкаларының мөлшерлері
2005 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті 27 сессиясының № 27/256 шешіміне № 4 қосымша Абай ауданында орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық төлеушілері бойынша акциз ставкаларының мөлшерлері № Көрсетілетін қызметтер Акциздік салықпен салық салу объектісі Бір жылғы айлық есептік көрсеткішіндегі бір объектіге акциз ставкасы 1 Ойын бизнесі саласында Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 10
Басқа 5. Абай аудананың елді мекендерінде орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнамасын орналастыру үшін ставкалар төлемдері
2005 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті 27 сессиясының № 27/256 шешіміне № 5 қосымша Абай аудананың елді мекендерінде орналасқан 2006 жылға арналған бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнамасын орналастыру үшін ставкалар төлемдері № Сыртқы жарнама объектісінің атауы Бекітілген айлық есептік көрсеткішінен тиісті жылға % қатынастағы ставка төлемдері 1 2 3 1 5 кв. метрге дейінгі сыртқы жарнаманың объектісі (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға және электр бағандарына орналастырылған) 0,5 2 Көлемдік сыртқы жарнама – 5-тен 10 кв.м-ге дейін (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға орналастырылған) 1,0 3 Дүңгіршектердегі, уақытша үлгіде жасалған павильондардағы және шағын сәулеттік құрылыстардағы жарнамалар 0,5