Об утверждении Правил исчисления банками второго уровня ставок вознаграждения при распространении информации о величинах вознаграждения по финансовым услугам Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін есептеу ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  32-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін есептеу жөніндегі қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Басқа 8. Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін есептеу ережесі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2 қаулысымен бекітілді Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемелерін есептеу ережесі Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң)  32-бабының  4-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары жөніндегі ақпаратты тарату кезінде анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары банкаралық заемдарға және/немесе банкаралық депозиттерге қолданылмайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұйымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық сыйақы мөлшерлемесі, мұны негізге ала отырып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шамасы айқындалады;
Тармақша 2
2) жай жылдық сыйақы мөлшерлемесі - депозитті тартудың барлық кезеңінде депозиттің бастапқы сомасына қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі;
Тармақша 3
3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - осы Ереже белгілеген әдістемеге сәйкес есептелген берілген заемдар және/немесе тартылған депозиттер бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі;
Тармақша 4
4) заемға байланысты клиент депозиті - берілген заемды қамтамасыз ететін не заем шартының талаптары бойынша оның болуы міндетті болып табылатын депозит;
Тармақша 5
5) қаржылық қызмет көрсету - заемдарды беру және/немесе депозиттерді тарту бойынша банк ұсынған қызметтер.
Тарау 2. 2-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
2-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
Тармақ 2
2. Қаржылық қызмет көрсету бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты таратқан кезде, оның ішінде жариялаған кезде есептеу тәртібін осы Ереже белгілейтін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін банктер қосымша көрсетуді. Ақпаратты таратқан кезде, оның ішінде жариялаған кезде қаржылық қызмет көрсету мерзімі ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мәні өзгерген жағдайда, банктер: берілген заемдар бойынша - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мәнін, тартылған депозиттер бойынша - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең төменгі мәнін көрсетеді.
Тармақ 3
3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін банктер әрбір ұсынылған қаржылық қызмет көрсету бойынша есептейді.
Тармақ 4
4. Берілген заемдар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі сыйақы төленген немесе сыйақы мөлшерлемесі өзгерген әрбір күнге мынадай тәртіппен есептеледі: мына формула бойынша базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі: j = [((s f  + k) * (365/p) + L * (y - z))/(d - L)] * 100 мұнда: j - сыйақы есептелген кезеңдегі базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен); s f  - кезеңдегі есептелген сыйақының нақты сомасы; k - сыйақы сомасынан басқа, бір жолы, қаржылық қызмет көрсетуді алу үшін және сыйақыны есептеу кезеңінде банктің барлық қаржылық қызмет көрсетуге байланысты қызметтерін қоса отырып, клиенттің барлық төлемдерінің сомасы; p - сыйақы есептеу кезеңіндегі күнтізбелік күндер саны; L - берілген заемға байланысты клиент депозиттерінің сомасы; y - заемдарға байланысты емес, осы қаржылық ұйымның ұқсас (мерзімі мен валютасы бойынша) депозиттері бойынша орташа алынған базалық сыйақы мөлшерлемесі; z - берілген заемға байланысты депозиттер бойынша орташа алынған базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі; d - сыйақы есептелетін негізгі борыш сомасының бөлігі; мына формула бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: i =([1 + j/m] m  -1) * 100, мұнда: i - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (процентпен); j - сыйақы есептелген кезеңдегі базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен); m - бір жылғы сыйақыны есептеу саны.
Тармақ 5
5. Тартылған депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай тәртіппен есептеледі: мына формула бойынша базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі: j = m * ((1 + n * i п ) 1/(m*n)  - 1) * 100, мұнда: j - базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен); m - бір жылы осы ұзақтық кезеңдерінің саны; n - тартылған депозит мерзімі (жылдармен); i п  - жай жылдық сыйақы мөлшерлемесі (процентпен); мына формула бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: i = [1 + j / m] m  - 1) * 100, мұнда: i - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (процентпен); j - базалық номиналды сыйақы мөлшерлемесі (процентпен); m - бір жылғы осы ұзақтық кезеңдерінің саны.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 6
6. Көрсетілген талапты сақтамаған жағдайда уәкілетті орган Банктер туралы заңның  47-бабында  көзделген санкцияларды банкке қолдана алады.
Тармақ 7
7. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешілуі тиіс.