Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил сдачи, принятия и хранения рукописей неопубликованных произведений

Бұйрық · № 1-од · қабылданған 30.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-26565/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил сдачи, принятия и хранения рукописей неопубликованных произведений Күшін жойған Бұйрық ·№ 1-од ·30.01.2006
14.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил сдачи, принятия и хранения рукописей неопубликованных произведений

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1-од · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил сдачи, принятия и хранения рукописей неопубликованных произведений
Атауы (қаз.)
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-од
Қабылданған күні
30.01.2006
Көрсетілген редакция
14.10.2010 AI26565_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004073_
ЭКБ идентификаторы
26565
Редакция идентификаторы
AI26565_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:58

0 Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы

"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен бекітілген Зияткерлік меншік құқығы комитеті туралы ереженің 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі бекітілсін.

2 2. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының орынбасары Б.Қ.Әлиғожинға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

0 Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Зияткерлік
меншік құқығы комитеті төрайымының
2006 жылғы 30 қаңтардағы
N 1-НҚ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ЕРЕЖЕСІ

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) жасалған, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртібін реттейді және белгілейді.

2 2. Осы ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) автор - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға;

2 2) авторлық құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары;

3

3) жариялау - автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілеріне өзге құқық иеленушінің келісімімен туындының немесе фонограмманың даналарын көпшіліктің орынды қажеттіліктерін қанағаттандыратын мөлшерде меншік құқығын не туындының немесе фонограманың данасын иелену құқығын сату, прокатқа тапсыру немесе өзгедей беру арқылы көпшілікке ұсыну;

4 4) туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды;

5 5) қолжазба - қолмен жазылған немесе жазу машинкасында, дербес компьютерде қайта жазылған түпнұсқа немесе мәтіннің көшірмесі;

6 6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7 7) туындының данасы - туындының кез келген материалдық нысанда дайындалған көшірмесі.

2 2-тарау. Қолжазбаларды тапсыру және қабылдау тәртібі

3

3. Сақтауға жарияланбаған туындылардың қолжазбалары, сондай-ақ туынды шығармалардың (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндемелер, шолулар және ғылыми, әдеби және өнер туындыларының басқа да өңдеулері), сондай-ақ жинақтардың (энциклопедиялар, антологиялар, дерекқорлар) және материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналасуы бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын басқа да құрамдас туындылардың қолжазбалары қабылданады.

4 4. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын қабылдауды және сақтауды уәкілетті орган бойынша (осы Ережеге 1-қосымша ) автордың немесе авторлардың өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған шығарма авторының тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

5 5. Құжаттарды сенім білдірілген тұлға арқылы тапсыру кезінде:

1 1) автордың заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған сенімхаты;

2 2) сенім білдірілген өкілдің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

6 6. Сақтауға ұсынылатын құжаттар нөмірленуі, тігілуі және автордың қолымен бекітілуі қажет.

7 7. Қолжазба тапсырған адамға қолжазбаның қабылданған күні, автордың тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжаттағы мәліметтері, туындының атауы, нысаны немесе жанры, оның төлтумалық дәрежесі (төлтума немесе туынды) көрсетілген анықтама беріледі.

3 3-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау

8 8. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау кезінде қолжазбаның маңыздылығын білдіретін белгілері мен қасиеттерін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.

9 9. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау үшін уәкілетті органда сөрелері, темір есік пен тор терезе, күзеті бар және өртке қарсы белгі беру орнатылған арнайы бөлме жабдықталады. Осындай бөлме болмаған жағдайда арнайы қойма (темір шкаф және т.б.) бөлінеді.

10 10. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға бірінші басшының бұйрығымен тағайындалған уәкілетті органның қызметкері жауапты болып табылады.

Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға арналған бөлмеге кіру, оларды сақтауға және есепке алуға жауапты тұлғаның қатысуымен ғана мүмкін болады, ол (немесе алмастыратын қызметкер) болмаған жағдайда, бөлмеге тек кемінде үш қызметкер болған кезде және осы ғимараттың кілтінің телнұсқасы бар уәкілетті орган басшысының рұқсатымен және қатысуымен кіруге болады. Осындай жағдайларда екі данада акт жасалады, онда бөлмеден (қоймадан) қандай себептермен қандай қолжазбалар алынғаны немесе қойылғандығы көрсетіледі. Актінің бірінші данасы жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кітабына тиісті мәліметтер енгізу үшін сақтауға жауапты адамға, ал екіншісі қолжазбаны сұратқан адамға тапсырылады.

11 11. Жарияланбаған туындылардың қолжазбалары өтініш негізінде авторға және құқық иеленушіге, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

4 4-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу

12

12. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу үшін уәкілетті органда қоса берілген нысан бойынша (осы Ережеге 2, 3-қосымшалар ) кітап жүргізіледі, ол жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және тіркеуге жауапты адамда болады. Кітапты жүргізу қатаң есептілік құжаттарды жүргізу ережесі бойынша жүзеге асырылады.
Кітаптың әрбір беті нөмірленеді, кітап мөр басылып, бірінші басшының қолымен бекітіліп тігіледі.
Сақтауға қабылданған қолжазбалардың электронды деректер базасы қосымша құрылуы мүмкін.

13 13. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кітабына жазба жасауды жарияланбаған қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға жауапты тұла туындыларды жүргізеді.

14 14. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға жауапты тұлға есепке алу кітабына тіркеу кезінде қабылданатын жазбалардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.

15 15. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын жазба кітабына тіркеу хронологиялық тәртіппен жүргізіледі, әрбір қолжазба жеке жазылады, бұл ретте әрбір қолжазбаға реттік нөмір беріледі.

16 16. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға және есепке алуға жауапты адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде қолжазбалардың сақталуына жауапкершілік алады.

1 ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік
құқығы комитеті төрайымының
2006 жылғы 30 қаңтардағы N 1-нқ
бұйрығымен бекітілген
Ережеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік құқығы
комитетінің төрағасына
__________________________
__________________________
__________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
__________________________
__________________________
__________________________
тел._______________________
__________________________
(төлқұжат деректері
ӨТІНІШ
Мен (Біз)___________________________________________________________
(автордың(лардың) тегі, аты, әкесінің аты)
мен (біз)____________________________________________________жасаған
(жасалған күні)
____________________________________________________________________
______________________________________________________________атаулы
____________________________________________________________________
(зияткерлік меншік объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды(ымызды) растаймын(мыз)
және осы туындының қолжазбасын Зияткерлік меншік
құқығы комитетінде сақтауға қабылдауды сұраймын(мыз).
Сондай-ақ, осы туынды ешқайда жарияланбағанын осымен растаймын(мыз).
Өтінішке: 1.__________________________
__________________________
2.__________________________
__________________________
3.__________________________
___________________________________________________ қосымша беріледі
200 __ ж "____" _____________ __________________________________
(автордың(лардың) қолы)

2 Жарияланбаған туындыларын қолжазбаларын есепке алу кітабы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік
құқығы комитеті төрайымының
2006 жылғы 30 қаңтардағы N 1-нқ
бұйрығымен бекітілген
Ережеге 2-қосымша
Жарияланбаған туындыларын қолжазбаларын есепке алу кітабы
N
Тір­кел­ген
кү­ні
Қол­жаз-
ба­ның
ата­уы
Ав­тор­дың
те­гі, аты,
әке­сі­нің
аты
Құқық-
ие­ле­ну­ші
Жа­у­ап­ты
ла­у­а­зым-
ды тұл-
ға­лар­дың
қо­лы
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
7

3 Жарияланбаған туындылар қолжазбаларының түсуін және тапсырылуын есепке алу кітабы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Зияткерлік меншік
құқығы комитеті төрайымының
2006 жылы 30 қаңтардағы N 1-нқ
бұйрығымен бекітілген
Ережеге 3-қосымша
Жарияланбаған туындылар қолжазбаларының түсуін және тапсырылуын есепке алу кітабы
N
Түс-
кен
кү­ні
Қол-
жаз-
ба-
ның
ата­уы
Ав-
тор-
дың
те­гі,
аты,
әке-
сі­нің
аты
Құқық
ие­ле-
ну­ші
Қол­жаз-
ба­лар
қай­да
және
неге
негіз-
де­ліп жі­бе-
рі­ле­ді
Қол­жаз-
ба­ны
қа­был-
да­ған
адам-
ның
ла­уа-
зы­мы
және
те­гі
Алын-
ған
кү­ні
және
алын-
ға­ны
ту­ра-
лы
қо­лы, ме­ке-
ме­нің
мөр­та-
ба­ны
Қол­жаз-
ба­лар-
да­ғы
қай­та-
ры­л­ған,
бе­ріл-
ген
адам­ның
те­гі,
аты,
әке­сі-
нің аты
Ес­кер-
ту
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы