Об утверждении Правил выдачи разрешения на создание страховой (перестраховочной) организации Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесін бекітсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2002 жылы 24 тамыздағы N 317 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2000 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 5
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Басқа 0. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 12 қаулысымен бекітілді Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесі Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) рұқсат беретін тәртібі мен талабын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талабы
1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талабы
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты алу үшін уәкілетті органға "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген құжаттар ұсынылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері уәкілетті органымен келісуге тиіс.
Тармақ 3
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган сұратқан соңғы құжаттарын өтініш иесі берген күннен бастап үш айдың ішінде уәкілетті мемлекеттік орган қарауға тиіс.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша береді. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға оларға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Тармақ 5
5. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында көрсетілген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартылады. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабында көрсетілген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаты қайтарылып алынады.
Тарау 2. 2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 6
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты алу үшін өтініш осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жасалады.
Тармақ 7
7. Құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) жөніндегі мәліметтер осы Ереженің 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша жасалады.
Тармақ 8
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасайтын бизнес-жоспарға актуарий қол қояды және тігілген әрі номерленген түрінде бір данада беріледі. Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген.
Тармақ 9
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының талаптарына сәйкес беріледі.
Тармақ 10
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты алған кезде құрылтай құжаттарының алғашқы беттері осылайша бекітіледі: "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ____________ 20__ жылы "___" ____________". Осы құжаттар уәкілетті мемлекеттік органның мөрімен бекітіледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының келісілген құрылтай құжаттарының бір данасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заң іс құжаттарына тігіледі. Қалған даналары өтініш берушіге әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін қайтарылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Басқа 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесінің 1-қосымшасы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берілген N___ рұқсат Осы рұқсат____________________________________________________ ______________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы) құруға берілді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат уәкілетті органмен келісілген құрылтай құжаттарымен бірге Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсынылуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын бермейді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат оны берген күннен бастап алты ай ішінде заңды күшке ие болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған кезде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс. Басшы (басшының орынбасары) ___________________________ ____ жылы "___" _____________
Басқа 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты алуға өтініш
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесінің 2-қосымшасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшысына Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатты алуға өтініш Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсатын алуға өтінішті жасау құқығы берілген уәкілетті тұлға болып табылатын ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің аты-жөні және құрылтайшы атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің өкілеттігін растайтын нотариалды куәландырылған құжатқа сілтеме) ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің жұмыс орны және лауазымы, тұратын жері) "____" __________________________________ жылғы N __________________ ____________________________________________________ шешіміне сәйкес ____________________________________________________________________ (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және орналасқан жері) ____________________________________________________________________ құруға рұқсат берілсін. Құрылтайшылар өтінішке қоса берілетін құжаттардың дұрыстығына, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпаратты уақтылы ұсынуға жауап береді. Қосымшасы (жіберілетін құжаттардың атауымен тізбесі, даналардың және олардың әр қайсысы бойынша парақ саны көрсетілсін): ___________________________________________________________________ (құрылтайшылар атынан өтініш беруге уәкілетті адамның қолы, күні)
Басқа 3. Құрылтайшы - жеке тұлға жөніндегі мәліметтер
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесінің 3-қосымшасы Құрылтайшы - жеке тұлға жөніндегі мәліметтер ____________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы) 1. Құрылтайшы ______________________________________________________ (аты-жөні) 2. Туған күні ______________________________________________________ 3. Азаматтығы ______________________________________________________ 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (номері, сериясы, берілген күні және кім берді)_______________________________________ ____________________________________________________________________ 5. Тұратын жері ____________________________________________________ 6. Жұмыс орны, лауазымы ____________________________________________ 7. Білімі __________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (оқу мекемесі, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетілсін) 8. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме __________________________ ____________________________________________________________________ (орны, қызметі, жұмыс істеген уақыты) 9. Растайтын құжаттардың қосымшасымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін жұмсалатын дерек көздерін және ақша сомаларын сипаттау__________________________________________________ ____________________________________________________________________ 10. Құрылтайшының жарғылық капиталына қатысқаны және өзге заңды тұлғалардың акцияларын иелену туралы мәліметтер: заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері __________________________ ____________________________________________________________________ олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз)_______ ____________________________________________________________________ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жеке әрбір заңды тұлғаның дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы (салымы) __________________________________ ____________________________________________________________________ 11. Құрылтайшының жақын туыстарының (әкесі, шешесі, ағасы, әпкесі, балалары), ерінің (жұбайының), сондай-ақ ерінің (жұбайының) жақын туыстарының жарғылық капиталында қатысу немесе құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және өзге заңды тұлғалардың дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иелену туралы мәліметтер: - жақын туыстың аты-жөні, туысқандық дәрежесі ______________________ ____________________________________________________________________ - заңды тұлғалардың атауы және орналасқан жері _____________________ ____________________________________________________________________ - осы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер____________________________________________________________ - олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ - жарғылық капиталындағы қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жеке әрбір заңды тұлғаның дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы (салымы) __________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (қолы, күні)
Басқа 4. Құрылтайшы - заңды тұлға жөніндегі мәліметтер
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесінің 4-қосымшасы Құрылтайшы - заңды тұлға жөніндегі мәліметтер ____________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы) 1. Құрылтайшы ______________________________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) 2. Орналасқан жері _________________________________________________ ____________________________________________________________________ (почталық индексі байланыс телефоны) 3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер______________ ____________________________________________________________________ (құжаттың атауы, номері, берілген күні, кім берді) 4. Қызмет түрі _____________________________________________________ ____________________________________________________________________ (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін) 5. Қазақстан Республикасының резиденті, резидент емес болып табыла ма (резидент емес үшін қай елдің резиденті болып табылады)___ ____________________________________________________________________ 6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы - заңды тұлғаның басшысы туралы ақпарат ____________________________________ ____________________________________________________________________ (аты-жөні, туған күні және жылы) Білімі _____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (оқу мекемесі, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетілсін) 7. Құрылтайшының жарғылық капиталына қатысу және өзге заңды тұлғалардың акцияларын иелену туралы мәліметтер: осы заңды тұлғалардың атауы және орналасқан жері__________________ ____________________________________________________________________ осы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер____________________________________________________________ олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз)_______ ____________________________________________________________________ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жеке әрбір заңды тұлғаның дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы (салымы) __________________________________ ____________________________________________________________________ 8. Дауыс беруші акциялардың кемінде он процентін немесе құрылтайшының жарғылық капиталында қатысу үлесін тікелей немесе жанама иеленетін акционерлердің немесе құрылтайшы қатысушыларының тізбесі: осы заңды тұлғалардың атауы және орналасқан жері немесе аты-жөні және тұратын жері __________________________________________________ ____________________________________________________________________ осы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер____________________________________________________________ олардың қызмет түрі (негізгі қызмет түрлерін атап көрсетіңіз)_______ ____________________________________________________________________ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі акциялар санының жеке әрбір заңды тұлғаның дауыс беруші акциялардың жалпы санына арақатынасы (салымы) __________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (құрылтайшының - заңды тұла басшысының қолы, күні) ____________________________________________________________________ (құрылтайшының - заңды тұлғаның мөрі)
Басқа 5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру ережесінің 5-қосымшасы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы мәселелер
1-тарау. Жалпы мәселелер Осы бөлімнің мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ қызметіне қысқаша шолу беру болып табылады.
Тармақ 1
1. Сақтандыру ұйымын құру мақсаттары.
Тармақ 2
2. Қызметтің негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау: саласы, сыныптары, түрлері.
Тармақ 2-1
2-1. Сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттары.
Тарау 2. 2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы ақпарат
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы ақпарат
Тармақ 3
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері.
Тармақ 4
4. Филиалдарды және (немесе) өкілдерді құру.
Тармақ 5
5. Жала алатын немесе тартылатын заңгерлер, бухгалтерлер, актуарийлер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлық ұйым туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстарды.
Тармақ 6
6. Ішкі аудит қызметінің принциптері.
Тармақ 7
7. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз етуді.
Тармақ 8
8. Өндірістік қорларды: бөлменің (жеке не жала алынған), компьютерлік және басқа да бағдарламалық қамтамасыз ету техниканың болуы.
Тарау 3. 3-тарау. Маркетингтік зерттеулер және рыноктың сегменті
3-тарау. Маркетингтік зерттеулер және рыноктың сегменті
Тармақ 9
9. Саланы дамыту болжамдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру болжанады.
Тармақ 10
10. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын дамытуға бәсекелестіктің ықпалы: негізгі бәсекелелері, өнімдерді, баға стратегиясын, жарнама әдістерін салыстыру, Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе жеке аймақтарға, заңды және жеке тұлғаларға рыноктық сегментінің бағдары.
Тармақ 11
11. Рыноктағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыныбы бөлшегінде болжалынатын үлесі.
Тармақ 12
12. Мақсатты рыноктың демографиялық талдау: жасы, жынысы, әлеуметтік экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметті тұтынушыларының өмір (салты) мәні.
Тармақ 12-1
12-1. Сақтандыру портфелінің, сақтандыру сыныбы бойынша қызмет көрсетуді ұсыну рыногы сегментінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің негізгі сипаттары (рынок көлемі, әлеуетті сақтанушылар, географиялық жер).
Тарау 4. 4-тарау. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері және оларды бөлу
4-тарау. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері және оларды бөлу
Тармақ 13
13. Сақтандыру түрлерінің (сақтандыру өнімдерінің) тізбесі.
Тармақ 14
14. Сақтандыру өнімдерінің мазмұны.
Тармақ 15
15. Сақтандыру өнімдерін сату кезде көрсетілетін қосымша қызметтер.
Тармақ 16
16. Сақтандыру өнімдерінің негізгі сатып алушылары.
Тармақ 17
17. Аймақтар бойынша сақтандыру өнімдерін бөлу.
Тарау 5. 5-тарау. Сақтандыру андеррайтингі
5-тарау. Сақтандыру андеррайтингі
Тармақ 18
18. Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын критерилері (қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді топтастыру, сақтандыру өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да критерийлері туралы деректерді талдау).
Тармақ 19
19. Сақтандыру тарифты айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал жасайтын белгіленген сол сияқты ауыспалы шығыстарын көрсете отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарының шектеулі шамалары.
Тармақ 20
20. Сақтандыру андеррайтингісіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпараты.
Тарау 6. 6-тарау. Баға стратегиясы
6-тарау. Баға стратегиясы
Тармақ 21
21. Статистикалық деректердің немесе оларды сақтандыру рыногының басқа қатысушыларынан алу жөніндегі уағдаластықтың болуы туралы ақпарат.
Тармақ 22
22. Сақтандыру мөлшерлемелерін есептеу және оларды сақтандыру мөлшерлеме мөлшерінің жоспарланатын диапазоны, статистикалық деректердің көздері, пайдаланатын әдістемесінің қысқаша сипаты жататын сақтандыру сыныбы бойынша экономикалық негіздеу тәртібі.
Тармақ 23
23. Бағаның рыноктың қажеттілігіне сәйкес болуын негіздеу.
Тармақ 24
24. Баға стратегиясына және статистикалық ақпаратты жинауға жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.
Тарау 7. 7-тарау. Жылжыту стратегиясы және сақтандыру өнімдерін сату тәсілдері
7-тарау. Жылжыту стратегиясы және сақтандыру өнімдерін сату тәсілдері
Тармақ 25
25. Сақтандыру өнімдерін сату жүйесін ұйымдастыру және өткізуді ынталандыру (жарнама, почта, тікелей сату, интернет, сатуды жылжыту және басқалары.)
Тармақ 26
26. Сақтандыру өнімдерін іске асыру тәсілдері: тікелей сату, сақтандыру агенттері арқылы сату, интернет-сату және басқа тәсілдері.
Тармақ 27
27. Жарнамаға шығатын шығын болжамы.
Тарау 8. 8-тарау. Қаржылық жоспар
8-тарау. Қаржылық жоспар
Тармақ 28
28. Болжанатын бухгалтерлік баланс және оның қосымшасы.
Тармақ 29
29. Сақтандыру сыныптар бөлшегінде болжанатын кіріс пен шығыстар.
Тармақ 30
30. Болжанатын әкімшілік шығыстар.
Тармақ 31
31. Ақша ағымы туралы болжанатын есеп.
Тармақ 32
32. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздері.
Тармақ 33
33. Қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып сол сияқты сақтандыру сыныптары бөлшегінде қайта сақтандырушы үлесін ескерусіз шығындылық коэффициенттерінің болжамы.
Тармақ 34
34. Екінші деңгейдегі банктердің салымдарының құны және мемлекеттік емес бағалы қағаздары жиырма бес және елу процентке азайған; сақтандыру резервтері жиырма бес және елу процентке ұлғайған; сақтандыру төлемдері елу және жетпіс процентке ұлғайған; акционерлерге тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатқан жағдайларда төлем қабілетсіздігін және қаржылық тұрақтылығын сипаттау.
Тармақ 35
35. Акционерлерге дивидендтерді төлеу.
Тармақ 35-1
35-1. Сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру резервтерінің есептелуі.
Тармақ 35-2
35-2. Ең жақсы және ең жаман жағдайда тәуекелдерді бағалау.
Тармақ 35-3
35-3. Пруденциалдық нормативтерді сақтау болжамы.
Тарау 9. 9-тарау. Инвестициялық саясат
9-тарау. Инвестициялық саясат
Тармақ 36
36. Инвестициялаудың мақсаттары.
Тармақ 37
37. Инвестициялардың типі бойынша диверсификациялауды және активтердің сапасын бағалауды қоса отырып инвестициялық портфелін және оның кірістілігін қалыптастыру.
Тармақ 38
38. Активтердің типіне, сондай-ақ тыс жерден тартылған құрал-жабдықтарына байланысты инвестициялық шектеулер.
Тармақ 39
39. Инвестициялық саясатына жауапты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары.
Тарау 10. 10-тарау. Қайта сақтандырудың саясаты
10-тарау. Қайта сақтандырудың саясаты
Тармақ 40
40. Тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:
Тармақша 1
1) сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар және қайта сақтандыру әдістері, олардың өзара арақатынасы;
Тармақша 2
2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері: рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы; қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: рыноктағы компанияның уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекен-жайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы; қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы;
Тармақша 3
3) қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру шарттарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;
Тармақша 4
4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы, сондай-ақ шетел қайта сақтандырушылардың болжалды үлесі.
Тармақ 41
41. Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:
Тармақша 1
1) қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органның лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы - ұйымға экономикалық ықпал жасау шараларының болуы, өткен жылдары осы ұйыммен жүргізген жағымсыз жұмыс тәжірибесі;
Тармақша 2
2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әр түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомасының лимиті, қайта сақтандыруға беру шарттары бойынша).
Тарау 11. 11-тарау. Ұйымдастыру құрылымы
11-тарау. Ұйымдастыру құрылымы
Тармақ 42
42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымы.
Тармақ 43
43. Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, басқарманың бірінші басшысы және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері туралы ақпарат: біліктілігі, білімі, жұмыс тәжірибесі.
Тармақ 44
44. Басты мамандарының оның ішінде сақтандыру, қайта сақтандыру, андеррайтинг, ішкі аудит бөлімшелерінің қаржы директорының, басшыларының функционалдық міндеттерін сипаттау.
Тармақ 45
45. Мамандар білімінің болжалды деңгейі.
Тармақ 46
46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысуға ниеті бар кеңесшілер және қауымдастықтар туралы ақпараты.
Тармақ 47
47. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.
Тармақ 48
48. Қызметкерлерді және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.