Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.10.21. N 1578 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы ереже;
Тармақша 2
2) 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болуға рұқсат етілсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 3
3. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1553 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж; N 48, 450-құжат),
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1553 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 ақпандағы N 66 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж; N 4, 24-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі N 418 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын және дипломатиялық қызмет органдарының біртұтас жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің халықаралық шарттарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. Министрліктің заңдарда белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Министрлік өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтедi. Министрлiктiң құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат санының лимитi шегінде Сыртқы iстер министрi белгiлейдi 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
Тармақ 7
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi)" мемлекеттiк мекемесi. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрліктің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ.
Тарау 2. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Министрліктің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар табыс ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясат бағытын іске асыру және сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымас беріктігін, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын заемдар мен гранттардың есебінен іске асыру үшін тікелей шет елдік инвестицияларды, басқа да қаржылық ресурстарды тартуға қатысу;
Тармақша 7
7) сыртқы экономикалық байланыстар және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарына кіруі саласында шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізу;
Тармақша 8
8) дүние жүзіндегі саяси және экономикалық жағдайды, шетелдік мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін зерделеу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдарды сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен іске асыру;
Тармақша 3
3) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізуін және халықаралық шарттарға қол қоюын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде ғаламдық және аймақтық мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға ықпал ету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар мен қаржы ресурстарын тарту мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны халықаралық қорға және ұтымды пайдалану, Әлемдік мұхиттың ресурстарын игеру, ғарыштық кеңістікті зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандығын, оның қорғанысын және ұлттық қауіпсіздігін, құқықтық тәртіпті қорғауды, Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық және қаржы байланыстарын, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де алмасуларды дамыту мен кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың мәжілістерін дайындау және өткізу жөніндегі бірлескен жұмысын үйлестіру;
Тармақша 10
10) жоғары және үкімет деңгейлеріндегі мемлекетаралық алмасуларды протоколдық қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) шет елдерде де, Қазақстан Республикасының аумағында да Министрліктің орталық аппаратын және оның өкілдіктерін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, дипломатиялық қызмет кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 12
12. Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ заңдардың талаптарын ескере отырып, аталған ұйымдарға ақпарат беруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларының Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінен, консулдық мекемелерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың жанындағы өкілдіктерінен (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) келіп түсетін, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық байланыстарын жақсартуға жәрдемдесетін инвестициялық жобалардың, өтінімдердің, басқа да ұсыныстардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қарауына сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері жөніндегі заң және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) шетелдегі мекемелерді құру туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту және елдің шетелдерде оң шырайын қалыптастыру жөнінде бастамашыл ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 7
7) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
Тармақша 8
8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп, шет елдегі мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексерулер мен тексерістер жүргізуге қатысуға;
Тармақша 10
10) берілген құқықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде Қазақстан Республикасының жер учаскелеріне, ғимараттарына, құрылыстарына және өзге де мүлкіне иелік етуге, оларды пайдалануға және басқаруға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне жүктеген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Министрліктің мүлкі
3. Министрліктің мүлкі
Тармақ 13
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Сыртқы істер министрі (бұдан әрі - Министр) басқарады. Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болады.
Тармақ 17
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлік жүктелген міндеттердің орындалуы, оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Министр осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің Вице-министрлері мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
Тармақша 6
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Министрдің жанынан Алқа құрылады, оның жеке және сандық құрамын Министр бекiтедi. Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің, Министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, оның шетелдегі мекемелерінің практикалық жұмысының негізгі мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тарау 5. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.