О переименовании села Павловка и Павловского сельского округа Успенского района Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Успен ауданы Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңы
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың транскрипцияларын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" № 281
қаулысына
, Успен ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2004 жылғы 25 қарашадағы "Успен ауданының Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы" № 76/12 бірлескен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына, облыс әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы "Успен ауданы Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы" № 8/1 қаулысына сәйкес және Павловка селосы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Успен ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Успен ауданының Павловка селосы мен Павловка ауылдық округінің атаулары Қоңыр Өзек селосы мен Қоңыр Өзек ауылдық округі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.