Об изменениях в административно-территориальном устройстве города Экибастуза Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңы
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3-4) тармақшыларына, Екібастұз қалалық мәслихаты (ІІІ сайланған ІІІ сессиясы) мен қала әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы "Екібастұз қаласының Көктөбе ауылын академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл етіп қайта атау туралы" № 3.21, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы (ІІІ сайланған ІХ сессиясы) "Комсомол ауылдық округінің Комсомол ауылын тарату және оны деректер есебінен алып тастау туралы" № 3.135, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы (ІІІ сайланған ІХ сессиясы) "Көктөбе ауылының № 1 бөлімшесін тарату және оны деректер есебінен алып тастау туралы" № 3.136, 2005 жылғы 24 мамырдағы (ІІІ сайланған ХІV (кезектен тыс) сессиясы) "Төтр Құдық елді мекенін поселке санатынан ауыл санатына жатқызу туралы" № 3.191 бірлескен шешімдеріне сәйкес, аталған елді мекендер тұрғындарының пікірлерін ескеріп, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көктөбе ауылы академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы деп қайта аталсын;
Павлодар облысы Екібастұз қаласының Көктөбе ауылының № 1 бөлімшесі кейіннен деректер есебінен алынып тасталып, таратылсын;
Екібастұз қаласының Комсомол ауылдық округінің Комсомол ауылы кейіннен деректер есебінен алынып тасталып, таратылсын;
Төрт Құдық елді мекен поселке санатынан ауыл санатына жатқызылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.