О правилах благоустройства территории населенных пунктов Целиноградского района Күшін жойған
Басқа 0
Целиноград ауданы елді мекендеріндегі аумақтарды көркейту ережесі туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 6 бабына, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылығы туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстің 3 бабы 2 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданы елді мекендеріндегі аумақтарды көркейту ережелерін бекіту.
Тармақ 2
2. Осы шешім Целиноград ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың «Целиноград ауданы елді мекендеріндегі аумақтарды көркейту ережесі» 30.11.2005 жылғы № 140/20-3 шешімімен
Бекітілді
Целиноград ауданы елді мекендеріндегі аумақтарды көркейту ережесі
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халыққа санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылық туралы», «Қазақстан Республикасында сәулет, құрылыс және құрылыс қызметі туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жасалған.
Осы ереже Целиноград ауданы әкімшшік аумағында барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті, ауданды көркейту санитарлық жағдайын қорғауын қамтамасыз ету бірыңғай тәртібі белгіленген.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғым, анықтама және қысқарту
1. Негізгі ұғым, анықтама және қысқарту
Тармақ 1
1. Осы ережеде қолданылған ұғымдар анықтамалар мен қысқартулар:
Тармақша 1
1) уәкілдік орган - мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының заңдылықтары негізінде, көркейтуге байланысты қатынастарды реттеу айналасында өкілдік жүргізеді;
Тармақша 2
2) аумақты көркейту - ауылдық әкімшілік аумақта бірнеше жұмыстардың және бөлшектердің жиынтығы, адам өмірі қызметіне қолайлы, жәйлі жағдайлармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ғимарат және инженерлік торабтар - инженерлік көркеюдің ең маңызды элементі, халықты және кәсіпорындарды жылумен, сумен, жарықпен қамту үшін, сол сияқты ауылдық аумақтардың су қабаттарының су жинау және бөлу үшін арналған;
Тармақша 4
4) егілген жас ағаштар - жоспарланған шешімнің элементтері, санитарлық-гигиеналық жағдай және көркейту деңгейін көтеру және сәулетті безендірулерімен (көгал алаңдар, ағаштар, бұталар, гүл шоқтары) қамтиды;
Тармақша 5
5) санитарлық тазалау - жинау, болу, залалсыздандыру, қайта өңдеу және қалдық қоқыстарды көму жүйелері;
Тармақша 6
6) тұрмыстағы қатты шығындылар - бұл тұрмыс қоқысы, қоғамдық ғимараттардан және тұрғын-үйлерден жиналған, пәтерлердің ағымдағы жөндеуінің қалдықтары, жергілікті жылуландырудағы жылу жүйесі қалдықтары, жаяу жол және аула аумақтарында жиналған күл, көмір, үйде пайдаланған үлкен заттар;
Тармақша 7
7) тұрмыстағы сұйық шығындылар - канализацияланбаған үй иелерінің шығындылары;
Тармақша 8
8) қалдықтарды шығару (бөлу) - коқыс төгетін орынға тұрмыстық қатты калдықтарды (ТҚ) көң сақтайтын орындарға тасымалдау;
Тармақша 9
9) қалдықтарды көму - қоршаган ортаға зиян заттардың түсуінен сақтау максатында, әрі қарай пайдалануға жатпайтын қалдықтарды (полигон) белгіленген орынға бөлектеу;
Тармақша 10
10) полигон - қоршаган ортаны қорғау бойынша, аудандық мемлекеттік инспекциясы және жергілікті санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша, уәкілетті органның шешімімен қалдықтарды көму және қоймаландыру үшін тағайындалған, жалпылама пайдаланылатын арнайы орын;
Тармақша 11
11) жер жұмыстары - котловандарды өңдеу, қазу, жабу, құм төсеу, аумақтарды жыртуға байланысты жұмыстар;
Тармақша 12
12) жер пайдаланушы - заңды немесе жеке тұлға, аудандық әкімшілік шеңберіндегі жер участкесін пайдаланушы;
Тармақша 13
13) жеке меншікте болған үй құрлысына немесе оның бөлігіне (бірге иелену) иесі - заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 14
14) уәкілетті органдардың шешіміне сәйкес, оған тиісті объектлерге (ғимарат, имарат, транспорттық магистралдар және басқалар) орналасу үшін, жерден пайдаланушыға меншік немесе пайдалану берілген жер учаскесі - кесіліп берілген аумақ;
Тармақша 15
15) заңды немесе жеке тұлғаларға қызмет көрсету мен күту үшін белгіленген, оған қызмет көрсету үшін пайдалануға кесіліп берілген аумаққа тартылға,гі жер учаскесі бекітілген аумақ;
бекітілген аумақ болып:
көше аумақтарын (жаяу жол, көгал алаң және басқада көркейту бөліктері);
ауланың ішкі аумағы (бір аулада бірнеше пайдалануышы бар болса, бекітілген аумақ екі жақты келісім бойынша шекара теңгерімінде белгіленеді);
Тармақша 16
16) көше - аумағы, жүретін бөлік, жаяужол, егілген жас ағаштар, аялдамалар, жер асты және жердің бетіндегі инженерлік тармақтар орналасқан;
Тармақша 17
17) қоғамдық орын - жалпы пайдаланылатын демалу аймағы (демалыс орыны, жаға жай және басқалар) алаңдар, серуен жолдар және басқалар;
Тармақша 18
18) құрылыс болмаған аумақтар - барлық жер астындағы және жер үстіндегі құрылыстың түрлері, жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектеген.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Ереже (бұдан кейін - Ереже) Целиноград ауданы аумағында көркейту және санитарлық тазалықты қоршаған ортаны толығымен қолдау және жасау бойынша кешенді шаралар өткізу тәртібін анықтап, сәулеттік, санитарлық, экологиялық сипатта объектілер жағдайларының және көркейту бөлшектерінің негізгі талаптарын анықтайды.
Тармақ 3
3. Осы Ереже аудан аумағында жасаушылардың болмаса өзінің қызметің жүргізушілердің меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 4
4. Ереже нормативтік заңдылық құжаты болып, ауданда көркейтуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін өзіңе алады, сол сияқты осы ережені орындамаған жеке және заңды тұлғаларды барлық меншік түрлеріндегілерге міндетті және жауапкершілікке құқықты.
Тармақ 5
5. Ұйымдар, меншік түріне қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар осы ережені сақтауға міндетті.
Тармақ 6
6. Тиісті өкілеттілік органдармен объектілердің және көркейту бөлшектерінің, инженерлік инфрақұрлымдарын қадағалауды жүзеге асыруды өткізеді.
Тармақ 7
7. Жеке және заңды тұлғалар аудандық әкімшілік шекаралар шеңберінде жер телімдерін пайдалануға.
Кәсіпорын, мекеме, үй құрылысы иелері мен оның жалгерлері міндетті:
Тармақша 1
1) ғимараттарды, шаруашылық және үй құрылымдарын техникалық жарамдылық жағдайында ұстау, олардың жөндеу жұмыстары жүргізу, сыртқы бейнесіне жарамды жағдай жасау. Аудан ауылдарының сәулет бейнесін және құрылымдарын қалыптастыру мақсатында, ғимараттардың қасбетін және қоршауының жөндеу жұмыстарын аудандық, қала құрылым, құрылыс, коммуналды-тұрмыстық шаруашылық, жолаушы таситын көлік, авто жолдар органымен келісілуі қажет;
Тармақша 2
2) ғимарат кіре берісіне жарық беретін лампының, хабарландыру үшін қалқандар және күл-қоқыс салатын орынның болуына;
Тармақша 3
3) көп пәтерлі үйлердің кіре беріс есіктерінде пәтер нөмірі белгіленген кестелердің болуына;
Тармақша 4
4) ғимарат жер төлесі мен шатырларын құлыптап жауып және жертөле терезелерінің бір бөлігін ашық қалдырып жыл бойына оның желденуі үшін ұстауға;
Тармақша 5
5) аулада, кіре берісте, жертөледе және баспалдақ алаңында, электр жарығының дұрыстығын ұстауға;
Тармақша 6
6) су құбырларының канализация, жылу жүйесінің дұрыстығын және жертөледе су болмауды ұстауға;
Тармақша 7
7) ғимаратқа кіретін есіктің дұрыстығын ұстауға;
Тармақша 8
8) құрылыс - монтаж жұмыстарының барлық түрлерінде құрлымның нормалары мен ережелердің сақталуын өткізуге;
Тармақша 9
9) құрылыс жұмыстарын өткізу немесе үй иесінің шаруашылық құрлыстарына бөлу кезінде қазылған орындарды, құрлыс алаңы орындарын өз уақытында тәртіпке келтіруді, күл-коқыстарын шығаруға қызмет ғимараты мен тұрғын үйдің құрлысын жөндеу кезінде, өндіруші жұмыс жүргізу мен құрлыс, пәтер иесі, үйді жалгердің шаруашылық барысында жасалуға;
Тармақша 10
10) өндірістік, қызметтік және тұрғын-үй ғимараттарды, кіре беріс жолдарды қалыпты жағдайда және дұрыстап ұстауға;
Тармақша 11
11) қызмет ғимараттарының және тұрғын-үйлердің аулаларында, канализация жүйесіне қосылмаған, жинайтын және жуынды құйатын имарат су өткізбейтін шұңқырлар және олардың айналасы асфальтталған немесе қатты затпен қапталған болу керек, арнайы кәсіпорындарда таза емес сұйықтарды шығаруы туралы келісім шарты және басқа да дәлелдейтін құжаттары болу керек;
Тармақша 12
12) кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, кооперативтік меншікті пәтерлер және үй иелері, жеке тұрғын-үй иелері бекітілген аумақтарында және оларға кіретін учаскелерге жас ағаштар отырғызуға, уақытында және жүйелі түрде арам шөптерді жұлуға міндетті;
Тармақша 13
13) ауылдық округ әкімдерінің өкімі осы объектіні құрылыс салуға жер учаскесінің, берілгені туралы, немесе участкені осы мақсат үшін пайдалануға рұқсаты, тапсырмашыға тиісті меншік құқығы немесе жерді пайдалануға, имараттың уакытша және күрделі құрлысын орналастыруға негізгі рұқсат құжат болып табылады;
Тармақша 14
14) павильондардың, киоскілердің, әкімшілік ғимараттардың, офистерінің, қоғамдық және мәдениет орталықтарының жанар май құятын стансалардың түрлі түсті безендірулерді ғимарттардың алдыңғы жағындағы түсті жарықтар сәулет және қала құрылым талаптарына сәйкес болу керек;
Тармақша 15
15) ауданның келісілген бас жоспарына сәйкес, автокөліктерге май құятын стансаларда (ЖЖМС), жол белгілері, белгілеулер, жарнама орнатқыларында, қоршаулар, ЖЖМС алаңындағы сызықты канализация - өндірістік немесе дренаждық ыдыстан аққанда, жинау жағына еңіс алу керек.
Тармақ 8
8. Елдімекен бөлімшелерінің көшелерінде тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қоқыс төгетін жер анықталмай, көшелерге қоқыс шығаруға;
Тармақша 2
2) отырғызылған жас ағаштарды бүлдіруге және сындыруға;
Тармақша 3
3) көшенің, жолдардың және жол имараттарының, жас ағаштардың, белгілердің, жол қозғалысын ұйымдастыратын және реттейтін заттардың және басқа жол құрлымдарын бұзуға;
Тармақша 4
4) жолдың, көшенің жүретін бөлігінің ластануы;
Тармақша 5
5) ауылшаруашылық техникасымен және машиналармен, құрлыс материалдарымен, жол имаратының қандайда бір затымен жолды немесе көшені көлегелеп жабуға;
Тармақша 6
6) жолға және көшенің жүретін бөлігіне ағынды су және канализацияны жіберуге;
Тармақша 7
7) шынжыр табанды техниканың жүруіне, басқа ерекше жағдайларда ғана, қысқы уакыттарда жүретін көше бөліктерін қардан тазалау үшін ;
Тармақша 8
8) жағылатын-ыстық материалдарды құюға, көліктерге жағатын және жөндейтін заттарды, арту, түсіру, артық жүк тиеу және жүкті бекіту, машинаны тазалау және жуу;
Тармақша 9
9) ауылдық округтің әкімімен келісілмей жарнамаларды, плакаттарды, маңдайша жазуларын хабарландыруларды және үгіттік мәліметтерді орнатуға;
Тармақша 10
10) мал жаюға, алаңдарда, серуендеу орындарында, суға түсетін жерлерге және тағы басқа халық демалатын орындарда итпен қыдыруға;
Тармақша 11
11) автомашинаны, тракторды, мотоциклді, велосипедті және басқа көліктік заттарды жууға, аулаларда, су алатын құдықтарда, өзен және суаттарда кілем, кілем тектес заттарды жууға;
Тармақша 12
12) сауда аяқталғаннан кейін, көшелерде, жаяу жолдарда, алаңдарда, сатқан орындарында босаған жәшік, бөшке, шыны ыдыстарды, жылжымалы сату жабдықтарды тастап кетуге;
Тармақша 13
13) жазғы кезеңдерде тәртіп және тазалықты қолдау мақсатында әр аптаның - жұмасы барлығына бірдей санитарлық күн болып белгіленді, соған байланысты меншік түріне қарамай, кәсіпорындардың, мекемелердің әріптестерінің міндетті түрде қатысуын, сол сияқты жеке үй иелерінің бекітілген аумақтарын жинау;
Тармақша 14
14) кәсіпорындар және мекемелер, меншік түріне қарамай, жеке үй иелері сәлеттік және санитарлық талаптарға келісіп, бекітілген аумақтарына және бөлінген шекараларға келесі жұмыстарды өз есептерінен жүйелі орындауға міндетті, аумақтағы аулаларды жинау - күнделікті ауа райына және кезеңге байланысты, жаяу жолдарды сулау және құм төсеу, мүмкіндікке қарай, қоқыс және қар шығару, дренаждарды және су ағымдарын тазалау.
Тарау 3. 3. Аудандағы елді мекендердің аумағын тазалау тәртібі
3. Аудандағы елді мекендердің аумағын тазалау тәртібі
Тармақ 9
9. Бекітілген және бөлінген аумақтарды, жаяу жолдарды, алаңдарды және көшелерді жинау кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке тұрғын-үй иелерімен бекітілген және бөлінген аумақтар шегінде, шекараларда жүргізіледі:
ұзындығы бойынша - участоктың немесе ғимараттың барлық бойына (жаппай құрлыс болмаған жағдайда 15 шаршы қосылады), ені бойынша - көшенің ортасына дейінгі ауданда. Көшенің қарама-қарсы жағында (ауданда) құрлыс болмаған жағдайда, бекітілген аумақ көшенің ені немесе кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың ауданы бойынша анықталады.
Тармақ 10
10. Трансформаторлар немесе бөліп беретін подстансалар кіретін аумақты, басқа инженерлік ғимараттарды, автоматтық режимде жұмыс істейтін (қызметкерсіз), сондай-ақ тоқ жіберу сызығының тұрағын жинау осы объектілердің иелері жүргізеді.
Тармақ 11
11. Орындары бар заңды және жеке тұлғалар өзерінің бекітілген аумақтарын өз күштері есебімен жинайды.
Тармақ 12
12. Темір жолдар, көпірлер, үйіңді еңістер, бұрлыстар, жол арқылы өтетін өткелдер, аумақтарда иеліктен шығарылған шектелген аймақтар, бірақ соңғы рельстен ені 50 шаршы метрден кем болмаса, аумақтарды жинау, осы ғимарат қанаушыларымен, кіре беріс жол иелерімен және темір жол мекемелерінің күштерімен жиналады.
Тармақ 13
13. Барлық ғимараттар (бұзуға жататын қоршалуы керек, 15 шаршы метрден кем болмайтын аумақ иелерімен жиналуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін, қайта өңдеу міндетті түрде жүргізіледі. Бұзылуға кеткен ғимарат қатаң келісілген мерзімде жүргізілу керек, ғимарат бұзылғаннан кейін, құрлыс қоқыстар қоқыс төгетін орынға шығарылу керек (қатты тұрмыс қалдықтар полигоны).
Тармақ 14
14. Автокөлік тұрағы және автобус аялдамалар аумағын, осы бекітілген аумақтарды жинау кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдарға жүктеледі. Автокөлік тұрағы және автобус аялдамалар аумағын ұстау және жинау, олардың иелерімен 15 метр щеңбердегі аумақта.
Тармақ 15
15. Аумақтың тазалығының сақталуы, жинау, ЖЖМ стансасының кіретін, кіретін және шығатын аумақтарын (жүріп өтетін бөлігіне дейін) және кіре берістеріне объекті иелері жүргізеді.
Тармақ 16
16. Жеке сауда нүктелері бар заңды және жеке тұлғалар және басқа халыққа қызмет көрсету бойынша пунктері, сондай-ақ осы орындардың жалгерлері күн бойына тазалықты сақтауға міндетті, және жұмыс аякталғаннан кейін, кіретін аумақтарына, құрлыстан 15 метр щеңберде және көшенің жүріп өтетін бөлігіне дейін, күштеріне сәйкес қоқыстардан және кірден тазалауды жүргізуі керек.
Көгал алаңдарындағы, киоскалардың шатырларындағы, және басқа сауда объектілеріндегі бос ыдыс, қап-қораптарға жинауға болмайды.
Тармақ 17
17. Су шығаратын құдықтардың айналасындағы аумақтарды жинау, 15 метр щеңберде меншік түріне қарамай, қызмет көрсететін кәсіпорындармен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Суаттарды және өзен жағасындағы аумақтарды жинау, бекітілген кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Барлық алаңдар, көшелер, бау-бақшалар, парктер, сапар жайлар, базарлар, аялдамалар және басқа коғамдық орындар бір-бірінен 100 метр кашыктыктаьі артық болмауы керек. Міндетті түрде коқыс салатын 2 ыдыс орнатылуы керек.Урна^иГар тазалау үшін ыңғайлы және белгіленген болу керек.
Тармақ 20
20. Сарғайған жапырақтардың түсетін кезінде, кейбір орындарда уақытылы жинау керек, әйпесе желдің ықпалымен көшелердің жүретін бөлігін, жаяужолдарды немесе көгал алаңдарды басуы мүмкін. Жапырақтарды тұрғын үй құрлысы аумақтарының алдында және парктерде жағуға болмайды.
Тармақ 21
21. Қар түсетін кезінде, кейбір орындарда уақытылы жинау керек, әйпесе желдің ықпалымен көшелердің жүретін бөлігін, жаяужолдарды немесе көгал алаңдарды басуы мүмкін.
Тармақ 22
22. Ғимараттардың төбесінің қарын, қатқан тоң мұздақтарды тазалау, оны жаяужолдарға ақтыруға тек қана жарық кезінде, көшеге қараған беткейлердің қарын ақтыруға болады, сондай-ақ басқа жақтарының қарын ауланың ішкі аумақтарына қарай жүргізуге болады. Қарды жаяужолдарға және көшенің жүретін беттеріне лақтырып тастауға болмайды.
Тармақ 23
23. Аумақтағы ауланың алынатын қарын, жаяу жүру қозғалысына және автокөліктердің еркін жүруіне кедергі болмайтын орындарға үйуіне рұқсат етіледі.
Тармақ 24
24. Қоқысты жинау жәшіктері қысқы уақытта айына бір рет және жазғы уақытта аптасына бір реттен тоу жағдайын қарай тазалықта және зарардандырылады. Бекітілген және тіркелген аймақтардағы қоқыс жәшіктерін тазалықта ұстау жауапкершілігі жер пайдаланушаларға жүктеледі.
Тармақ 25
25. Жасыл ағаштар отырғызылған тіркелген аумақтарды гараждарды, шаруашылық құрылыстарды, қоймаларды және бақшалық учаскелерді жинау және ұстау меншік иелеріне жүктеледі.
Тарау 4. 4. Қатты тұрмыс қалдықтарын және қоқысты шығару және жинау тәртібі
4. Қатты тұрмыс қалдықтарын және қоқысты шығару және жинау тәртібі
Тармақ 26
26. Ауданның көлемі орнатылған қоқыс жинайтын жәшіктердің қажетті санына есептелуі керек, бірақ бесеуден артық болмауы керек. Қоқыс жинайтын урнадан алаңның шетіне дейінгі аралық бір метрден кем болмауы керек. Қоқыс жинайтын алаңды және кіретін аумақтарды ұстауға кәсіпорындар, ұйымдар ғимаратты қанаушылар немесе тұрғын үй қоры жауап береді.
Тармақ 27
27. Жеке тұлғалармен және осы мақсатқа арналған арнайы машиналары бар шаруашылық құрылышыларымен келісім шартта анықталатын, қатты тұрмыс қалдықтарын жинау және шығару жүйесі, аумақтарда қалдықтарды жинайтын объектілердің, қатты тұрмыс қалдықтарын жиірек шығаруын қарау:
Тармақша 1
1) жаппай тұрғын үйлер үшін - үш күнде бір реттен сирек емес, ал қызуы 15 градус жылы болғанда күнделікті;
Тармақша 2
2) қоғамдық және мәдениет бағытындағы объектілер үшін, қажеттілігіне қарай, аптасына екі рет.
Тармақ 28
28. Жеке меншік құқығы бар азаматтар қокысты және қатты-тұрмыстық шығындарды шығару өз бетімен немесе осы мақсатқа арналған арнайы техникалары бар жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен келісім-шарт жасау арқылы істеуге міндетті.
Тармақ 29
29. Аулалардағы және коқыс жәшіктерінің ұстау жауапкершілігі үй иелеріне жүктеледі.
Қоқыс жәшіктерін, қоқыс жинайтын бөшкелерді, контейнерлерді, кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда қазылған шұңқырларды, көпшілік тұратын үйлерді және барлық меншік түріндегі тұрғын үйлерді залалсыздандыру, құрлыс үй иелеріне жүктеледі.
Тарау 5. 5. Аудан аумағындағы бұзылған жол қабаттарын, жаяу жолдарды, көгал алаңдар және басқада объектілерге байланысты жүргізілетін жұмыс тәртібі
5. Аудан аумағындағы бұзылған жол қабаттарын, жаяу жолдарды, көгал алаңдар және басқада объектілерге байланысты жүргізілетін жұмыс тәртібі
Тармақ 30
30. Шаруашылық бөлшектеріне, жаяужол, көгалдық алаңдар, жол орынын толтыру және басқа объектілердің қирауына байланысты, елдімекен құрлысы, құрлыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолы бөлімі берген жазбаша рұқсаты болған жағдайда ғана, заңды немесе жеке тұлға жер жұмыстарын жүргізе алады.
Тармақ 31
31. Жұмыс жүргізуші имараттың және инженерлік торабтардың зақымданудан сақтандыру және қажетті кауіпсіздендіру шарасын қабылдау үшін, жұмыс жүргізуші тәуліктен кеш емес, жұмыс басталғанға дейін, жұмыс орнына мүдделік мекеменің өкілін шақырып, онымен бірігіп, торабтың және имараттың нақты орналасуын анықтап және оның толығымен сақталуға шара қабылдауға міндетті.
Тармақ 32
32. Күшіндегі заңдылықтарға сәйкес, құрлысқа және берілген объектілерге заңды құжаттарды ресімдегеннен кейін, аумақтарды тазарту бойынша жұмыстарға және ескірген құрлысқа кіріседі.
Тармақ 33
33. Құрлысты құлатып қырып немесе бөлшектегеннен кейін, құрлыс қалдықтарын (қоқыс) тұрмыстық қатты калдықтарды арнайы орын полигонға шығарылып, ал участок қайта өңдеуге жатады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан халыққа қызмет көрсету бойынша, бөлімшелердің және сауда кәсіпорының ғимаратын ресімдеу және аумақтарды көркейту тәртібі
6. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан халыққа қызмет көрсету бойынша, бөлімшелердің және сауда кәсіпорының ғимаратын ресімдеу және аумақтарды көркейту тәртібі
Тармақ 34
34. Тұрғын-үй, әкімшілік және басқа ғимараттардың және олардың аумағына кіретін, сауда кәсіпорындары, халыққа қызмет көрсету бойынша пунктер, офистер және басқа объектілердің сәулеттік келбетін жақсарту жөне сақтау үшін, қожайындары - заңды тұлғалар меншік түріне қарамай, жеке кәсіпкерлер аудан құрылысы және елдімекен құрлысы бөлімімен келісілген, олармен бірігіп жасалған жобаға келісіп, аумақтарына кіретін ғимараттардың алдыңғы жағын көркейту және безендіру бойынша іс-шаралар кешенін орындауға тиіс.
Тармақ 35
35. Жобада қаралған іс-шаралар кешеніне келесі жұмыс көлемінің орындалуы кіреді:
Тармақша 1
1) ғимараттың алдыңғы жағын әрлеу (ғимараттың алдыңғы жағынның сәулеттік келбетінің сақталуын қамтып, әртүрлі материалдармен және басқалармен қаптау);
Тармақша 2
2) ғимараттың жалпы стиліне сәйкес, үй қанатына маңдайша орнату;
Тармақша 3
3) жас ағаштарды, көгал алаңдарын, автомашина тұрағын және кіре беріс алаңдар, жаяу жол орнату аумақты көркейту бойынша жұмыстың орындалуына кіреді;
Тармақша 4
4) көркейтудің элементтерін - қоршаулар, қоқыс салатын урналар және орындықтарды орнату.
Тармақша 5
5) көшеден автожол бөлігінің жүретін жеріне дейін және ғимараттың аумағына кіретін жарық үшін, сыртта жарық орнату (жарық жарнамасы) жеткілікті;
Тармақша 6
6) қажетті шағын ақпараттармен, жалпы стильде, түрлі түстермен жасалған маңдайша жазуларын орнату.
Тарау 7. 7. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
7. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Тармақ 36
36. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдылығына және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Әкімішілік шараларды қолдануда құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес келітірілген материалдық залалды өтеуден және жіберілген қателіктерді жоюдан босатпайды.