Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в районном бюджете по программе «Разработка технико-экономического обоснования местных бюджетных инвестиционных проектов (программ) и проведение его экспертизы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама өткізу» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қаралатын қаржыларды пайдалану Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сараптамасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама өткізу» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қаралатын қаржыларды пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет департаментіңде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 3
Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы қаңтар 17 № А-1/8 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама өткізу» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қаралатын қаржыларды пайдалану Ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілді «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама өткізу» бағдарламасы бойынша аудандық бюджетте қаралатын қаржыларды пайдалану Ережесі
Тарау 1. 1. тарау. Жалпы ереже
1. тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сараптамасын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулармен қаулысына сәйкес, және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама жүргізуге бағытталған бағдарлама бойынша аудандық бюджетте қаралатын қаржыларды пайдалану тәртібін анықтайды (бұдан әрі бюджеттік бағдарлама).
Тармақ 2
2. Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті өкілетті орган экономикалық жобалау бойынша өкілетті орган;
Тармақша 2
2) салалық өкілетті орган-жергілікті инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 3
3) технико-экономикалық негіздеме - инвестициялық жобаның, экономикалық сараптамасының негізінде және оны іске асыруды жан-жақты зерттеу нәтижесі бойынша әзірленген инвестициялық жобаларды әзірлеушілер есебі, инвестициялық жобаны іске асыру аясында жорамалданған технико-экономикалық негіздеме құрамында инвестициялық жобаның оңтайлы құрылымы бойынша ұсыныстар, ақылға қонымды маркетингтік, техникалық, қаржылық, институциялық, экологиялық, әлеуметтік және басқа шешімдер бойынша ұсыныстар бар; жергілікті инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесін ұстау және оның құрамының талаптары орталық өкілетті органмен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Аудандық әкімдікпен анықталатын (бұдан әрі-тізім) технико-экономикалық негіздемеге сараптама жүргізу және әзірлеуді қарастырған жергілікті инвестициялық жобалар тізімі негізінде жергілікті инвестициялық жобалардың негіздемесіне технико-экономикалық сараптама жүргізу мен әзірлеу бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырылады.
Тарау 2. 2 тарау. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібі
2 тарау. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібі
Тармақ 4
4. Жергілікті өкілетті орган аудандық бюджеттік комиссияның қарауына салалық өкілетті органның бюджеттік бағдарламасымен ақшаны тарату бойынша ұсыныстарды ұсынады.
Тармақ 5
5. Аудандық бюджеттік комиссия шешімінің негізінде жергілікті өкілетті орган аудандық әкімдіктің бекітуіне жобалар бойынша қаржыландыру мөлшері көрсетілген тізімді ұсынады.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаның әкімдері (жергілікті өкілетті орган) аудандық әкімдіктің қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес белгіленген тәртіпте міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтықты жоспарына өзгертулер енгізу үшін ұсыным қалыптастырады. «Сандықтау аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте көрсетілген бағдарламадан салалық өкілетті органның сәйкесті бюджеттік бағдарламасына жоспарлы тағайындауларды ауыстыру жолымен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтықты жоспарына өзгертулер енгізеді.
Тармақ 7
7. Салалық өкілетті органдар технико-экономикалық негіздемелерге сараптама жүргізу мен әзірлеуді қамтамасыз ету және тізімге сай сәйкесті аудандық бюджеттік бағдарламалар аясында көрсетілген шараларды жүзеге асыруды қаржыландыру үшін қажетті шараларды жүргізеді.
Тармақ 8
8. Салалық өкілетті органдар Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі мен 2003 жылы 30 шілдеде №289 «Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есепті құрастыру және тапсыру Ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 тамызда 2448 нөмірімен тіркелген, нысан бойынша бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есепті жергілікті өкілетті органға ай сайын 5-ші күнге дейін және келесі есеп беру жылының есебін жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде берулері керек.