Об утверждении Правил по санитарной очистке, благоустройству и озеленению территорий населенных пунктов района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аршалы ауданының елді-мекен аймақтарын көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалау бойынша Ережені бекіту туралы Аршалы ауданы әкімдігінің ауданның елді-мекен аймақтарын көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалау Ережесі туралы ұсынысын көріп шығып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: Аршалы ауданның елді-мекен аймақтарын көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалау жөніндегі Ереже бекітілсін. (Ереже ұсынылады). Келісілген: Аршалы ауданы қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Олейник Н.Ф. 13.01.2006
Басқа 1
Аршалы ауданының елді мекендерінің аумақтарын көркейту Ережесі Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», Заңдарына, Қазақстан Республикасының Су Кодексіне сәйкес жасалған. Осы ереже Аршалы ауданы әкімшілік аумағында барлық тұлғалар үшін міндетті ауданды көркейту, нормативтік санитарлық жағдайы және отырғызылған жас ағаштарды қорғауды қамтамасыз ету бірыңғай тәртібі белгіленген.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғым, анықтама және қысқарту.
1. Негізгі ұғым, анықтама және қысқарту.
Тармақ 1
1. Осы ережеде қолданылған ұғымдар, анықтамалар мен қысқартулар : Уәкілдік орган - мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының заңдылықтарының негізінде, көркейтуге байланысты қатынастарды реттеу айналасында өкілдік жүргізеді.
Тармақ 2
2. Аумақты көркейту - ауылдық әкімшілік аумақта бірнеше жұмыстардың және бөлшектердің жиынтығы, адам өмірі қызметіне қолайлы, жәйлі жағдайлармен қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Ғимарат және инженерлік тораптар-инженерлік көркеюдің ең маңызды элементі, халықты және кәсіпорындарды жылумен, сумен, жарықпен қамту үшін, сол сияқты ауылдық аумақтардың су қабаттарының су жинау және бөлу үшін арналған.
Тармақ 4
4. Егілген жас ағаштар - жоспарланған шешімнің элементтері, санитарлық-гигиеналық жағдай және көркейту деңгейін көтеру және сәулетті безендірулерімен (көгал алаңдар,ағаштар, бұталар, гүл шоқтары) қамтиды.
Тармақ 5
5. Санитарлық тазалау - жинау, бөлу, залалсыздандыру, қайта өңдеу және қалдық қоқыстарды көму жүйелері; Тұрмыстағы қатты шығындылар - бұл тұрмыс қоқысы, қоғамдық ғимараттардан және тұрғын-үйлерден жиналған, пәтерлердің ағымдағы жөндеуінің қалдықтары, жергілікті жылуландырудағы жылу жүйесі қалдықтары, жаяу жол және аула аумақтарында жиналған күл, көмір, үйде пайдаланған үлкен заттар; Тұрмыстағы сұйық шығындылар - канализацияланбаған үй иелерінің шығындылары; Қалдықтарды шығару (бөлу) - қоқыс төгетін орынға тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ ), көң сақтайтын орындарға тасымалдау; Қалдықтарды көму - қоршаған ортаға зиян заттардың түсуінен сақтау мақсатында, әрі карай пайдалануға жатпайтын қалдықтарды (полигон) белгіленген орынға бөлектеу;
Тармақ 6
6. Полигон - қоршаған ортаны қорғау бойынша, аудандық мемлекеттік инспекциясы және жергілікті санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша, жергілікті орындаушы органның анықталған қаулысымен қалдықтарды көму және қоймаландыру үшін тағайындалған, жалпылама пайдаланылатын арнайы орын;
Тармақ 7
7. Жер жұмыстары - котловандарды өңдеу, қазу, жабу, құм төсеу, аумақтарды жыртуға байланысты жұмыстар;
Тармақ 8
8. Жер пайдаланушы - заңды немесе жеке тұлға, меншік түріне және мақсатына қарамай пайдаланушы (кәсіпорын, мекеме, комерциялық құрлым, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалгерлер,копперативтік меншіктік пәтерлер (КМП және басқалар) аудан әкімшілігіндегі жер учаскелері
Тармақ 9
9. Жеке меншікте болған үй құрлысына немесе оның бөлігіне (бірге иелену) үй иесі - заңды немесе жеке тұлға.
Тармақ 10
10. Ауылдық округ әкімінің шешіміне сәйкес, оған тиісті объектілерге (ғимарат, имарат, транспорттық магистралдар және басқалар) орналасу үшін, жерден пайдаланушыға меншік немесе пайдалану берілген жер учаскесі - кесіліп берілген аумақ.
Тармақ 11
11. Заңды немесе жеке тұлғаларға қызмет көрсету мен күту үшін белгіленген, оған қызмет көрсету үшін пайдалануға кесіліп берілген аумаққа тартылған жер учаскесі - бекітілген аумақ. Аудан шегінде бекітілген аумақ болып:
Тармақша 1
1) көше аумақтарын (жаяу жол, көгал алаң және басқада көркейту бөліктері);
Тармақша 2
2) ауланың ішкі аумағы, кондоминиуммен немесе басқада келісіп берілмеген (бір аулада бірнеше жерден пайдалануына бар болса). Бекітілген аумақ кесіліп берілген аумақ немесе екі жақты келісім бойынша шекара теңгерімінде белгілнеді;
Тармақша 3
3) кесіліп берілген аумактың көлденеңінен 15 м ара қашықтықта көше жағынан - көшенің «қызыл сызығы» ұзақ болмаған көлемде.
Тармақ 12
12. Көше-аумағы, жүретін бөлік, жаяужол, егілген жас ағаштар, аялдамалар, жер асты және жердің бетіндегі инженерлік тармақтар орналасқан.
Тармақ 13
13. Қоғамдық орын - жалпы пайдаланылатын демалу аймағы (демалыс орыны, жаға жай және басқалар) алаңдар, серуен жолдар және басқалар;
Тармақ 14
14. Құрылыс болмаған аумақтар - барлық жер астындағы және жер үстіндегі құрылыстың түрлері, жобалаудың негізгі нормаларын қолдануды шектеген.
Тармақ 15
15. МСЭҚДБ - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бөлімі.
Тарау 2. 2. Жалпы қағида
2. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Осы ереже (бұдан әрі де -Ереже) Аршалы ауданы аумағында көркейту және санитарлық тазалықты қоршаған ортаны толығымен қолдау және жасау бойынша кешенді шаралар өткізу тәртібін анықтап, сәулеттік, санитарлық, экологиялық сипатта объектілер жағдайларының және көркейту бөлшектерінің негізгі талаптарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Аудан аумағында жасаушылардың болмаса өзінің қызметін жүргізушілердің меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереже нормативтік құжат болып, ауданда көркейтуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін өзіне алады, сол сияқты осы ережені орындамаған жеке және заңды тұлғаларды барлық меншік түрлеріндегілерге міндетті және жауапкершілікке құқықты.
Тармақ 4
4. Ұйымдар, меншік түріне қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар осы ережені сақтауға міндетті.
Тармақ 5
5. Тиісті өкілеттілік органдармен объектілердің және көркейту бөлшектерінің, инженерлік инфрақұрлымдарын қадағалауды жүзеге асыруды өткізеді.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғалар, тұрғын үй иелері, сол сияқты тұрғын үй кұрылысында құрылған, құрылып жатқан тұрғын үй емес ғимараттардың меншік иелері мен жалгерлер тұрғын үй қорын ұстауға және техникалық пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті. Кәсіпорын, мекеме, үй құрылысы иелері мен оның жалгерлері міндетті:
Тармақша 1
1) Ғимараттың техникалық жарамдылығына, шаруашылық және тұрмыстық құрылыс және имараттарды ұстауға, оның сыртқы түрлерінің қажетті жағдайларда қолдан біруақытта жөндеуден өткізуге;
Тармақша 2
2) Ғимарат кіре берісіне жарық беретін лампының, хабарландыру үшін қалқандар және күл-қоқыс салатын орынның болуына;
Тармақша 3
3) Көп пәтерлі үйлердің кіре беріс есіктерінде пәтер нөмірі белгіленген кестелердің болуына;
Тармақша 4
4) Ғимарат жер төлесі мен шатырларын құлыптап жауып және жертөле терезелерінің бір бөлігін ашық қалдырып жыл бойына оның желденуі үшін ұстауға;
Тармақша 5
5) Аулада, кіре берісте, жертөледе және баспалдақ алаңында, электр жарығының дұрыстығын ұстауға;
Тармақша 6
6) су құбырларының канализация, жылу жүйесінің дұрыстығын және жертөледе су болмауды ұстауға;
Тармақша 7
7) ғимаратқа кіретін есіктің дұрыстығын ұстауға;
Тармақша 8
8) құрлыс-монтаж жұмыстарының барлық түрлерінде кұрлымның нормалары мен ережелердің сақталуын өткізуге;
Тармақша 9
9) құрылыс жұмыстарын өткізу немесе үй иесінің шаруашылық құрлыстарына бөлу кезінде қазылған орындарды, құрлыс алаңы орындарын өз уақытында тәртіпке келтіруді, күл-қоқыстарын шығаруға қызмет ғимараты мен тұрғын үйдің құрлысын жөндеу кезінде, өндіруші жұмыс жүргізу мен құрлыс, пәтер иесі, үйді жалгердің шаруашылық барысында жасалуға;
Тармақша 10
10) Өндірістік, қызметтік және тұрғын-үй ғимараттарды, кіре беріс жолдарды қалыпты жағдайда және дұрыстап ұстауға;
Тармақша 11
11) Қызмет ғимараттарының және тұрғын-үйлердің аулаларында, канализация жүйесіне қосылмаған, жинайтын және жуынды құйатын имарат су өткізбейтін шұңқырлар және олардың айналасы асфальтталған немесе қатты затпен қапталған болу керек, арнайы кәсіпорындарда таза емес сұйықтарды шығаруы туралы келісім шарты және басқа да дәлелдейтін құжаттары болу керек;
Тармақша 12
12) Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, кооперативтік меншікті пәтерлер және үй иелері, жеке тұрғын-үй иелері бекітілген аумақтарында және оларға кіретін учаскелерге жас ағаштар отырғызуға, уақытында және жүйелі түрде арам шөптерді жұлуға міндетті;
Тармақша 13
13) Ауылдық округ әкімдерінің өкімі осы объектіні құрлыс салуға жер учаскесінің берілгені туралы, немесе участокты осы мақсат үшін пайдалануға рұқсаты, тапсырмашыға тиісті меншік құқығы немесе жерді пайдалануға, имараттың уақытша және күрделі құрлысын орналастыруға негізгі рұқсат құжат болып табылады;
Тармақша 14
14) Қоғамдық және мәдениет орталықтарын, май құю стансаларын, ғимараттардың алдыңғы жағындағы түсті жарықтар, офистік әкімшілік ғимараттарын, киоскаларға, павильондарға түрлі түстермен безендірулер талапқа сәйкес болуы керек және қазіргі техникалық жарықты пайдаланумен орындалуы керек
Тармақша 15
15) Ауданның келісілген бас жоспарына сәйкес, автокөліктерге май кұятын стансаларда (ЖЖМС) (жол белгілері, белгілеулер, жарнама орнатқыларында, қоршаулар), ЖЖМ стансалар алаңындағы сызықты канализация - өндірістік немесе дренаждық ыдыстан аққанда, жинау жағына еңіс алу керек, суаттардық мұнай өнімдерімен ластануынан және топырақты қорғау бойынша шаралық комплекстерін кабылдау.
Тармақ 8
8. Елдімекен бөлімшелерінің көшелерінде тыйым салынады:
Тармақша 1
1) Қоқыс төгетін жер анықталмай, көшелерге қоқыс шығаруға;
Тармақша 2
2) отырғызылған жас ағаштарды бүлдіруге және сындыруға;
Тармақша 3
3) көшенің, жолдардың және жол имараттарының, жас ағаштардың, белгілердің, жол козғалысын ұйымдастыратын және реттейтін заттардың және басқа жол құрлымдарын бұзуға;
Тармақша 4
4) көліктердің жолмен және көше бойына жүруі, жалпы қарамы, салмағы және нормдан артық жүк тиеу мемлекеттік стандартта анықталған.
Тармақша 5
5) Жолдың, көшенің жүретін бөлігінің ластануы;
Тармақша 6
6) Ауылшаруашылық техникасымен және машиналармен, кұрлыс материалдарымен, жол имаратының қандайда бір затымен жолды немесе көшені көлегелеп жабуға;
Тармақша 7
7) Олға және көшенің жүретін бөлігіне ағынды су және канализацияны жіберуге;
Тармақша 8
8) Шынжыр табанды техниканың жүруіне, басқа ерекше жағдайларда ғана, қысқы уақыттарда жүретін көше бөліктерін қардан тазалау үшін ;
Тармақша 9
9) жағылатын-ыстық материалдарды құюға, көліктерге жағатын және жөндейтін заттарды, арту, түсіру, артық жүк тиеу және жүкті бекіту, машинаны тазалау және жуу;
Тармақша 10
10) үгіттеу материалдарын, хабарландыруларды, маңдайша жазуларын, плакаттарды, жарнамаларды, және жол қабаттарының бұзылуларымен байланысты жұмыстарды келісімсіз жүргізуге;
Тармақша 11
11) Мал жаюға, алаңдарда, серуендеу орындарында, суға түсетін жерлерге және тағы басқа халық демалатын орындарда итпен қыдыруға;
Тармақша 12
12) Автомашинаны, тракторды, мотоциклді, велосипедті және басқа көліктік заттарды жууға, аулаларда, су алатын құдықтарда, өзен және суаттарда кілем, кілем тектес заттарды жууға;
Тармақша 13
13) Сауда аяқталғаннан кейін, көшелерде, жаяу жолдарда, алаңдарда, сатқан орындарында босаған жәшік, бөшке, шыны ыдыстарды, жылжымалы сату жабдықтарды тастап кетуге;
Тармақша 14
14) Жазғы кезеңдерде тәртіп және тазалықты қолдау мақсатында әр аптаның - жұмасы барлығына бірдей санитарлық күн болып белгіленді, соған байланысты меншік түріне қарамай, кәсіпорындардың, мекемелердің әріптестерінің міндетті түрде қатысуын, сол сияқты жеке үй иелерінің бекітілген аумақтарын жинау;
Тармақша 15
15) кәсіпорындар және мекемелер, меншік түріне карамай, жеке үй иелері сәлеттік және санитарлық талаптарға келісіп,бекітілген аумаақтарына және бөлінген шекараларға келесі жұмыстарды өз есебтерінен жүйелі орындауға міндетті,аумақтағы аулаларды жинау -күнделікті ауа райына және кезеңге байланысты ,жаяу жолдарды сулау және құм төсеу, мүмкіндікке қарай , қоқыс және қар шығару, дренаждарды және су ағымдарын тазалау.
Тарау 3. 3. Аудан аумағын тазалау тәртібі
3. Аудан аумағын тазалау тәртібі
Тармақ 9
9. Бекітілген және бөлінген аумақтарды, жаяу жолдарды, алаңдарды және көшелерді жинау кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке тұрғын-үй иелерімен бекітілген және бөлінген аумақтар шегінде, шекараларда жүргізіледі: ұзындығы бойынша - участоктың немесе ғимараттың барлық бойына (жаппай құрлыс болмаған жағдайда 15 шаршы қосылады), ені бойынша - көшенің ортасына дейінгі ауданда. Көшенің қарама-қарсы жағында (ауданда) құрлыс болмаған жағдайда, бекітілген аумақ көшенің ені немесе кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың ауданы бойынша анықталады.
Тармақ 10
10. Трансформаторлар немесе бөліп беретін подстансалар кіретін аумақты, басқа инженерлік имараттарды, автоматтық режимде жұмыс істейтін (қызметкерсіз) сондай-ақ тоқ жіберу сызығының тұрағын жинау осы объектілердің иелері жүргізеді;
Тармақ 11
11. Орындары бар заңды және жеке тұлғалар өзерінің бекітілген аумақтарын өз күштері есебімен жинайды;
Тармақ 12
12. Темір жолдар, көпірлер, үйіңді еңістер, бұрлыстар, жол арқылы өтетін өткелдер, аумақтарда иеліктен шығарылған шектелген аймақтар, бірақ соңғы рельстен ені 50 шаршы метрден кем болмаса, аумақтарды жинау, осы имарат қанаушыларымен, кіре беріс жол иелерімен және темір жол мекемелерінің күштерімен жиналады;
Тармақ 13
13. Барлық ғимараттар, бұзуға жататын қоршалуы керек, 15 шаршы метрден кем болмайтын аумақ иелерімен жиналуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін, қайта өңдеу міндетті түрде жүргізіледі. Бұзылуға кеткен ғимарат қатаң келісілген мерзімде жүргізілу керек, ғимарат бұзылғаннан кейін, құрлыс қоқыстар қоқыс төгетін орынға шығарылу керек (қатты тұрмыс қалдықтар полигоны).
Тармақ 14
14. Автокөлік тұрағы және автобус аялдамалар аумағын, осы бекітілген аумақтарды жинау кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдарға жүктеледі. Автостансаларды ұстау және жинау, олардың иелерімен 15 метр шеңбердегі аумақта.
Тармақ 15
15. Автобус аялдамасын 15 метр щеңберде қардан және қоқыстан тазалау және жинау кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жүктеледі, бұл объектілер мүліктік комплексіне кіреді.
Тармақ 16
16. Аумақтың тазалығының сақталуы, жинау, ЖЖМ стансасының кіретін, кіретін және шығатын аумақтарын (жүріп өтетін бөлігіне дейін) және кіре берістеріне объекті иелері жүргізеді.
Тармақ 17
17. Жеке сауда нүктелері бар заңды және жеке тұлғалар және басқа халыққа қызмет көрсету бойынша пунктері, сондай-ақ осы орындардың жалгерлері күн бойына тазалықты сақтауға міндетті, және жұмыс аяқталғаннан кейін, кіретін аумақтарына, құрлыстан 15 метр шеңберде және көшенің жүріп өтетін бөлігіне дейін, күштеріне сәйкес қоқыстардан және кірден тазалауды жүргізуі керек. Көгал алаңдарындағы, киоскалардың шатырларындағы, және басқа сауда объектілеріндегі бос ыдыс, кап-қораптарға жинауға болмайды.
Тармақ 18
18. Су шығаратын құдықтардың айналасындағы аумақтарды жинау, 15 метр шеңберде, меншік түріне қарамай, қызмет көрсететін кәсіпорындармен жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Тұрғын-үйдің кіре берісінде, адамдардың жаппай демалатын орындарында, су шығаратын кұдықтардың жанында көліктерді жөндеуге, тазалауға және жууға тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Суаттарды және өзен жағасындағы аумақтарды жинау, бекітілген кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Барлық алаңдар, көшелер, бау-бақшалар, парктер, сапар жайлар, базарлар, аялдамалар және басқа қоғамдық орындар бір-бірінен 100 метр қашықтықтан артық болмауы керек. Міндетті түрде қоқыс салатын 2 ыдыс орнатылуы керек. Урналар тазалау үшін ыңғайлы және белгіленген болу керек.
Тармақ 22
22. Объектілердің ерекшеленген аумақтарында (базар, суға шомылатын жер, емдеу- сауықтыру мекемесі) санитарлық кызметтің келісімісіз санитарлық жабдықтауларды орнатуға және салуға, қалдықтарды жинауға, автокөліктерді жууға, бос ыдыстарды және орындарда ағаштарды осы мақсатта бөлінбеген жерлерде сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 23
23. Сарғайған жапырақтардың түсетін кезінде, кейбір орындарда уақытылы жинау керек, әйпесе желдің ықпалымен көшелердің жүретін бөлігін, жаяужолдарды немесе көгал алаңдарды басуы мүмкін. Жапырақтарды тұрғын үй құрлысы аумақтарының алдында және парктерде жағуға болмайды.
Тармақ 24
24. Шатырларды қардан тазалау және төбелерден және су ағатын құбырлардан үйілген қарды алу, имарат және имарат иелерінің күшімен, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Ғимараттардың төбесінің қарын, қатқан тоң мұздақтарды тазалау, оны жаяужолдарға ақтыруға тек қана жарық кезінде, көшеге қараған беткейлердің қарын ақтыруға болады, сондай-ақ басқа жақтарының карын ауланың ішкі аумақтарына карай жүргізуге болады. Қарды жаяужолдарға және көшенің жүретін беттеріне лақтырып тастауға болмайды.
Тармақ 26
26. Аумақтағы ауланың алынатын қарын, жаяу жүру қозғалысына және автокөліктердің еркін жүруіне кедергі болмайтын орындарға үйуіне рұқсат етіледі.
Тармақ 27
27. Қоқыс салатын жәшіктер толған-толғанынша қоқыстан тазартылып және залалсызданады, қысқы уақыттары айына 1 рет және жазғы уақыттары аптасына 1 рет. Қоқыс ыдысын таза ұстауға бөлінбеген және бекітілген аумақтардағы жер пайдаланушылар жауап береді.
Тармақ 28
28. Базар аумақтарында (оның ішінде шаруашылық, базар аудандары) қатты қаптамалармен қапталып, жаңбыр және еріген қар суларының ағысы үшін, су құбыры жағына еңіс алу керек. Қоғамдық әжетханалар және қоқыс жинайтын орнатқылар сауда орындарынан 25 метр қашықтықта орналасуы керек.
Тармақ 29
29. Бекітілген жас ағаштар аумақтарын және бау-бақша аумақтарын, жер төбе, сарайлар, гараждарды жинау және ұстау меншік иелерімен немесе қоғамдық ұйымдармен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Қатты тұрмыс қалдықтарын және қоқыс шығару мен жинау тәртібі
4. Қатты тұрмыс қалдықтарын және қоқыс шығару мен жинау тәртібі
Тармақ 30
30. Жинақтау жүйесінің жоспарын ұйымдастыруда жинауға және бөлуге қатты қаптаулармен қапталған арнайы аудандар жабдықталады 350-400 адамдардың қоқыс жинауына. Ауданның көлемі орнатылған қоқыс жинайтын жәшіктердің қажетті санына есептелуі керек, бірақ бесеуден артық болмауы керек. Қоқыс жинайтын урнадан алаңның шетіне дейінгі аралық бір метрден кем болмауы керек. Қоқыс жинайтын алаңды және кіретін аумақтарды ұстауға кәсіпорындар, ұйымдар ғимаратты қанаушылар немесе тұрғын үй қоры жауап береді.
Тармақ 31
31. Келісім шартта анықталатын,қатты тұрмыс қалдықтарын бөлу және жинау жүйесі, аумақтарда қалдықтарды жинайтын объектілердің, қатты тұрмыс қалдықтарын жиірек шығаруын қарау
Тармақша 1
1) Жаппай тұрғын үйлер үшін - үй иелерімен анықталған (КСК), кестеге келісіп, контейнерлерде қатты тұрмыс қалдықтарын және қоқыстардың жиналып қалғанда, бірақ үш күнде бір реттен сирек емес, ал қызуы 15 градус жылы болғанда күнделікті.
Тармақша 2
2) Қоғамдық және мәдениет бағытындағы объектілер үшін, қажеттілігіне қарай, аптасына екі рет;
Тармақша 3
3) Аз қабатты құрылыс үй иелері үшін - қажеттілігіне қарай, аптасына бір рет;
Тармақша 4
4) Қатты тұрмыс қалдықтарының жинау мөлшері 0,7 кг -нан 1,2 кг дейін. Тәулігіне бір адамға.
Тармақ 3
3. Азаматтар және пәтержалдаушылар, жеке меншік құқығы бар үй иелері, міндетті:
Тармақша 1
1) Қоқыс жинау үшін, тағайындалған ыдысты, қап-қорапты таза қалпында ұстауға және қақпағын тығыз жабуы керек;
Тармақша 2
2) Көшеге қоқысты ыдысымен қоюға болмайды, қоқысты қоқыс шығаратын орынға және машинаға төгу керек;
Тармақша 3
3) Кіре берістерде, аула маңында әжетханалармен және қазылған шұңқырлармен қамту;
Тармақша 4
4) Көп пәтерлі үйлерден және қора-қопсы тектес үйлер, азаматтардың өз беттерімен жалға алған орындары немесе жеке тұлғалардың келісім шарттары бойынша немесе арнайы техникасы және осы мақсат үшін, механизмі бар кәсіпорындар қатты және сұйық тұрмыс қалдықтарын, қоқыстарды шығаруды жүргізеді.
Тармақ 32
32. Аула аумақтарын және қоқыс жинағышты таза ұстауға үй иелері жауапты;
Тармақ 33
33. Қоқыс жәшіктерін, қоқыс жинайтын бөшкелерді, контейнерлерді, кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда қазылған шұңқырларды көпшілік тұратын үйлерді және барлық меншік түріндегі тұрғын үйлерді залалсыздандыру, құрлыс үй иелеріне жүктеледі.
Тармақ 34
34. Жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізгендегі асфальт сынықтарын шығаруды ұйымдар жүргізеді, ауылдың бас көшелерінде жұмыстар жылдамырақ жүргізіліп, қалған көшелерде және аулаларда - тәулік бойына жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Аудан аумағындағы бұзылған жол қабаттарын, жаяу жолдарды, көгал алаңдар және басқада объектілерге байланысты жүргізілетін жұмыс тәртібі
5. Аудан аумағындағы бұзылған жол қабаттарын, жаяу жолдарды, көгал алаңдар және басқада объектілерге байланысты жүргізілетін жұмыс тәртібі
Тармақ 35
35. Аудан аумағында шаруашылық бөлшектеріне, жаяужол, көгалдық алаңдар, жол орынын толтыру және басқа объектілердің қирауына байланысты, елдімекен құрлысы, құрлыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолы бөлімі берген жазбаша рұқсаты болған жағдайда ғана, заңды немесе жеке тұлға жер жұмыстарын жүргізе алады.
Тармақ 36
36. жұмыс жүргізуші имараттың және инженерлік тораптардың зақымданудан сақтандыру және қажетті қауіпсіздендіру шарасын қабылдау үшін, жұмыс жүргізуші тәуліктен кеш емес, жұмыс басталғанға дейін, жұмыс орнына мүдделік мекеменің өкілін шақырып, онымен бірігіп, торабтың және имараттың нақты орналасуын анықтап және оның толығымен сақталуға шара қабылдауға міндетті.
Тармақ 37
37. Күшіндегі заңдылықтарға сәйкес, құрылысқа және берілген объектілерге заңды құжаттарды ресімдегеннен кейін, аумақтарды тазарту бойынша жұмыстарға және ескірген құрылысқа кіріседі.
Тармақ 38
38. Құрылысты құлатып қырып немесе бөлшектегеннен кейін, құрылыс қалдықтарын (қоқыс) тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы орын полигонға шығарылып, ал участок қайта өңдеуге жатады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан халыққа қызмет көрсету бойынша, бөлімшелердің және сауда кәсіпорының ғимаратын ресімдеу және аумақтарды көркейту тәртібі.
6. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан халыққа қызмет көрсету бойынша, бөлімшелердің және сауда кәсіпорының ғимаратын ресімдеу және аумақтарды көркейту тәртібі.
Тармақ 39
39. Тұрғын-үй, әкімшілік және басқа ғимараттардың және олардың аумағына кіретін, сауда кәсіпорындары, халыққа қызмет көрсету бойынша пунктер, офистер және басқа объектілердің сәулеттік келбетін жақсарту және сақтау үшін, қожайындары - заңды тұлғалар меншік түріне қарамастан, жеке кәсіпкерлер аудан құрылысы және елдімекен құрылысы бөлімімен келісілген, олармен бірігіп жасалған жобаға келісіп, аумақтарына кіретін ғимараттардың алдыңғы жағын көркейту және безендіру бойынша іс шаралар кешенін орындауға тиіс.
Тармақ 40
40. Жобада қаралған іс-шаралар кешеніне келесі жұмыс көлемінің орындалуы кіреді:
Тармақша 1
1) Ғимараттың алдыңғы жағын әрлеу (ғимараттың алдыңғы жағынның сәулеттік келбетінің сақталуын қамтып, әртүрлі материалдармен және басқалармен қаптау);
Тармақша 2
2) ғимараттың жалпы стиліне сәйкес, үй қанатына маңдайша орнату;
Тармақша 3
3) Жас ағаштарды, көгал алаңдарын, автомашина тұрағын және кіре беріс алаңдар, жаяу жол орнату және т.б. аумақты көркейту бойынша жұмыстың орындалуына кіреді;
Тармақша 4
4) Көркейтудің элементтерін орнату - көп пәтерлі тұрғын үйдің аумағына балалар ойнайтын алаң орнату, қоршаулар, қоқыс салатын урналар , орындықтар және т.б.
Тармақша 5
5) Көшеден автожол бөлігінің жүретін жеріне дейін және ғимараттың аумағына кіретін жарық үшін, сыртқа жарық орнату (жарық жарнамасы) жеткілікті;
Тармақша 6
6) Қажетті шағын ақпараттармен, жалпы стильде, түрлі түстермен жасалған маңдайша жазуларын орнату;
Тармақ 41
41. Жинау және ұзақ уақыт бойына пайдаланғанды ұстауға және пайдаланудан бөлінген аумақтарды, құлатылған кұрлыстан кейінгі аумақты жер пайдаланушы немесе тапсырмашы пайдалаудан бөлінген аумақты жүргізеді
Тармақ 42
42. Пайдаланылатын аумақты жинау және пайдаланылмайтынды ұстауға, заңды тұлғаға бекітілмеген аумақ және ғимарат, имарат, және басқа объектілерге кірмейтін, бюджет есебінен қаржыландыру шектеліп бөлінген;
Тарау 7. 7. Елді мекендер орындары аумақтарын санитарлық ұстауға жауапкершілік
7. Елді мекендер орындары аумақтарын санитарлық ұстауға жауапкершілік
Тармақ 43
43. Қазақстан Республикасының денсаулықты сақтау туралы заңына сәйкес, көшелерді, аулаларды және басқа елді мекен аумақтарында тазалықты сақтау ережелерін қадағалау, сол сияқты жалпылама пайдаланатын орындарда полиция органдары санитарлық қадағалау органдарымен бірігіп және қоршаған ортаны қорғау бойынша аудандық мемлекеттік инспекциясы арқылы іске асырылады;
Тармақ 43
43. Ауылдық аумақтардың әкімдері:
Тармақша 1
1) Мекемелер күшімен жинауға жататын аумақтарды бекітуді жүргізеді;
Тармақша 2
2) Қоршаған ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын сақтау бойынша іс-шаралар жасау;
Тармақша 3
3) Іс-шаралардың орындалуы үшін, халықты ұйымдастырып және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) Үшайлықты өткізу бойынша, штабтарда және округтік әкімдердің мәжілісінде көркейту және санитарлық тазалау мәселелерін қарау.
Тарау 8. 8. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
8. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 45
45. Осы Ережені бұзғандарға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік кұқыкбұзушылық туралы» Кодексінде қаралған ықпалшара қолданылады.
Тармақ 46
46. Осы Ереженің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, өз әр бір құзыреті шегінде бақылаушы және өкілетті органдар жүзеге асырады.