Об утверждении Правил предоставления в имущественный наем (аренду) объектов коммунальной собственности без права последующего выкупа Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2 қосымшаға сәйкес облыс әкімиятының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (М.Б.Әлібекова), коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік басқару органдары коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді жалдауға (жалға) беру кезінде бекітілген Қағиданы басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Тұрысбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6
1 қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2006 жылғы 9 қаңтардағы
N 5 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейінен сатып алу
құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру
Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзiрлендi. Мемлекеттік коммуналдық меншіктің мүліктері мен мүліктері мен объектілерін мүлiктiк жалға (жалдауға) берудiң негiзгi принциптерiн, сондай-ақ жалдау ақысының есеп айырысу тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 1
1. Осы Қағида мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы, оның ішінде мемлекеттік мекеменің балансындағы мемлекеттік объектілерін мүліктік жалға беру тәртібін, сондай-ақ жалдау ақысының есеп айырысу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мүліктік жалдау (жалдау) объектісі деп коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы оның ішінде мемлекеттік мекемелердің балансындағы орын-жайлар, ғимараттар, имараттар, жабдықтар мен өзге де мүліктер ұғынылады.
Ғимараттар - жергілікті маңызды санатына жатқызылған ерекше мемлекеттік меншiк объектiлерi болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткiштерi, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органымен оларды қолдану мен пайдалану шарттарын келiсу болғанда мүлiктiк жалға (жалдауға) берiледi.
Тармақ 3
3. Жалға беруші - жалдау шартындағы объектіні жалға беруді жүзеге асыратын уәкілетті органның жағы.
Жалға алушы - жалдау шартындағы мүлікті белгілі бір төлем үшін уақытша иеленуге және пайдалануға алушы жақ.
Тармақ 4
4. Облыс департаменттері, басқармалары немесе Маңғыстау облысының әкімияты мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың уәкілетті органы (құрылтайшысы) болып табылса, олардың балансындағы объектілерді, мүлiктiк жалға (жалдауға) берудi жүзеге асыру кезінде жалға беруші ретінде "Маңғыстау облысының қаржы Департаменті" мемлекеттік мекемесі кіріседі.
Қала және аудан әкімияттары мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыдардың уәкілетті органы (құрылтайшысы) болып табылса, олардың балансындағы объектілерді, мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезінде жалға беруші ретінде қаланың /ауданның коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті тиісті мемлекеттік органы болады.
Объектінің баланс ұстаушысымен келісім бойынша коммуналдық меншік объектілерін жалға беру (жалдауға) жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінен түсетін мүліктік жалдау қаражаты (жалдау ақысы) тиісінше жергілікті бюджетке бағытталады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүлікті 3 жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға беру кезінде жалға беруші ретінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын түседі. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндегі мүлікті 3 жылдан астам мерзімге мүліктік жалға беру кезінде, осы жалға беру тиісті уәкілетті органымен және Маңғыстау облысының қаржы Департаментімен келісіледі.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жалдау ақысын есептік ставкаларын дербес өзі белгілейді.
Тармақ 7
7. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін қаражаттың есеп жүргізу және оларды тиімді пайдалану мақсатында, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, қалалар мен аудандар әкімияттары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей белгіленген нысан бойынша Маңғыстау облысының қаржы Департаментіне ақпарат тапсырады.
Тармақ 8
8. Маңғыстау облысы әкімиятының қаулысымен бекітілген, Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде, Объектiлердiң орналасқан жерi, түрi, жай-күйi, сондай-ақ мақсаты ескерiлген жалдау ақысының есептеу ставкалары мен көтерiлiп отыратын (төмендеп отыратын) коэффициенттердiң мөлшерлерi қолданылады. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар жалдау төлемдерінен босатылады.
Тармақ 9
9. Жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлеу ақшамен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Кейіннен сатып алу құқығынсыз объектілерді
мүліктік жалға (жалдауға) берудің тәртібі
2. Кейіннен сатып алу құқығынсыз объектілерді
мүліктік жалға (жалдауға) берудің тәртібі
Тармақ 10
10. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) өтiнiмдердi кез келген заңды және жеке тұлғалар беруi мүмкiн. Өтiнiмдер Жалға берушiге берiледi.
Қолда бар объектіге өтінім болмаған жағдайда, мүліктік жалға беру тендер өткізу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Келiп түскен өтiнiмдердi қарау және олар бойынша шешiм қабылдау бiр ай мерзiмде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру туралы келiп түскен өтiнiмдер, құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн), төлқұжат немесе жеке тұлғаны куәландыратын өзге де құжат (жеке тұлғалар үшiн) болғанда қарастырылады.
Тармақ 13
13. Жалға берушi өтiнiмдi және ұсынылған құжаттарды қарастырудың нәтижелерi бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) Объектiнi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру туралы;
Тармақша 2
2) осы Объект бойынша Жалдаушының тендерлiк iрiктеуiн өткiзу туралы;
Тармақша 3
3) жазбаша себептерiн көрсете отырып бас тарту туралы шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды.
Өтiнiшкерлерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын екi не одан көп өтiнiм болса, Объектiнi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру тендердiң қорытындылары бойынша ғана мынадай жағдайларын қоспағанда берiлуi мүмкiн:
Тармақша 1
1) өтінішкерлердің бірі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар болса. Мынадай жағдайда объект осы мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға тендер өткезбестен мүліктік жалға беріледі.
Тармақша 2
2) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелердің балансындағы жекелеген кешендері мен ғимараттарын мүліктік жалға беру. Осынау объектілерді беру облыс әкімиятының жекелеген қаулылары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Маңғыстау облысының қаржы департаменті немесе қаланың/ауданның коммуналдық меншігін басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар жалға беруші болған жағдайда, Маңғыстау облысы әкімиятының қаулысымен бекітілген, Объектiлердiң орналасқан жерi, түрi, жай-күйi, сондай-ақ мақсаты ескерiлген жалдау ақысының есептеу ставкалары мен көтерiлiп отыратын (төмендеп отыратын) коэффициенттердiң мөлшерлерi қолданылады.
Тармақ 15
15. Жалға берушi тендер өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде:
Тармақша 1
1) тендер өткiзiлетiн күн мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн анықтайды;
Тармақша 2
2) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
Тармақша 3
3) тендерлiк комиссияны қалыптастырады;
Тармақша 4
4) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
Тармақша 5
5) тендерлiк комиссия отырыстарының хаттамаларын бекiтедi;
Тармақша 6
6) тендер жеңiмпазымен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
Тармақша 7
7) тендер аяқталғаннан кейiн осы Қағиданың 31-тармағымен белгiленгеннен басқа жағдайларда, тендерге қатысушыларға кепiлдiк жарналарды қайтарады;
Тармақша 8
8) тендердi өткiзуге қажеттi өзге функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Жалға берушімен құрылған, тендердi ұйымдастырушы ретiнде тендерлiк комиссия әрекет етедi.
Тармақ 17
17. Тендерлiк комиссияның құрамына Жалға берушiнiң, баланс ұстаушының, өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледі, сондай-ақ тәуелсiз мамандар мен сарапшылар қатыстырылуы мүмкiн. Жалға берушiнiң өкiлi Комиссияның төрағасы болып табылады.
Комиссияның құрамы Жалға берушiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тендерлік комиссиясының мүшелігіне міндетті түрде уәкілетті органның (құрылтайшының) өкілі кіреді.
Тармақ 19
19. Тендерлiк комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Жалға берушi белгiлеген мерзiмде және Объект туралы ол ұсынған деректердiң негiзiнде ұқсас объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде, облыс әкімиятының қаулысымен бекітілген жалдау ставкасынан төмен болмайтын, жалдау ақының ставкасы негiзгiсi болып табылатын тендердiң шарттарын әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) тендерлiк құжаттаманы және тендер жариялау үшiн басқа да қажеттi құжаттарды дайындайды;
Тармақша 3
3) тендер өткiзедi;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда тендерлiк және басқа қажеттi құжаттаманы дайындау, өтiнiмдердi жинау және талдау бойынша жұмысты өткiзу жөнiндегi мамандар мен сарапшылар тартады;
Тармақша 5
5) тендерлiк комиссия отырысының тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтаған тұжырымы немесе өзге де шешiмі бар хаттамасын ресiмдейдi;
Тармақша 6
6) осы Қағидамен көзделген өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Жалға берушi тендер құжаттамасының нақты тәртiбiн, құрамын және дайындаудың шарттарын анықтайды.
Тармақ 21
21. Жалға берушi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тендер өтуiне дейiн кемiнде 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткiзу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етедi.
Тармақ 22
22. Тендер өткiзу туралы хабарламада мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 2
2) мүлiктiк жалдың (жалдаудың) мерзiмi;
Тармақша 3
3) кепiлдiк жарнаны енгiзудiң мөлшерi, мерзiмдерi мен тәртiбi;
Тармақша 4
4) тендердiң шарттары және жеңiмпазды таңдау өлшемдерi;
Тармақша 5
5) жалдау ақысының ең төменгі ставкасы;
Тармақша 6
6) тендер өткiзiлетiн күн, уақыты мен орны;
Тармақша 7
7) тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың мекен-жайы, мерзiмдерi;
Тармақша 8
8) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртiбi туралы мәлiмет;
Тармақша 9
9) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
Тармақша 10
10) тендерлiк құжаттаманы алатын және тендер объектiсiмен танысатын мекен-жайы, мерзiмдерi мен шарттары;
Тармақша 11
11) Жалға берушiнiң ұйғарымы бойынша басқа да ақпарат болуы тиiс.
Тармақ 23
23. Тендерлiк құжаттама тендерге қатысушының жазбаша сұрауы бойынша, тендер комиссиясы белгiлейтiн тәртiппен жиынтықта ұсынылады.
Тармақ 24
24. Тендерлiк құжаттама мынадай негiзгi бөлiмдерден тұруы тиiс:
Тармақша 1
1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
Тармақша 2
2) Өтiнiммен және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптар;
Тармақша 3
3) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;
Тармақша 4
4) тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерi;
Тармақша 5
5) мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартының жобасы;
Тармақша 6
6) тендерге қатысуға өтiнiмнiң үлгiсi.
Тармақ 25
25. Тендерге қатысушыларды тiркеу, тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен басталады және тендер өткiзiлетiн күнінен бір күн бұрын сағат 18.00-де аяқталады.
Тармақ 26
26. Жалға берушi тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн жалға берілетін Объектi (объектілер) және тендер өткiзу ережесi туралы ақпаратқа барлық ниет бiлдiрушiлердiң еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 27
27. Үмiткер тендерге қатысу үшiн Жалға берушi белгiлеген мерзiмдерде мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:
Тармақша 1
1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шарттарын орындау мен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемесi бар тендерге қатысуға өтiнiм;
Тармақша 2
2) желiмделген конвертте тендерлік комиссиямен анықталған ең төменгі ставкасынан төмен болмайтын жалдау төлем ставкасын және объектіні қолдау бойынша ұсыныстар;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалар - жарғының, заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң, статистикалық карточканың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн, сондай-ақ өкiлдерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжат;
Тармақша 4
4) шетелдiк заңды тұлғалар - орыс тiлiне нотариалды расталған аудармасымен бiрге құрылтайшылық құжаттарын ұсынады;
Тармақша 5
5) жеке тұлғалар - төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжат;
Тармақша 6
6) кепiлдiк жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
Тармақша 7
7) бюджет алдында берешегi жоқ туралы мәлiмет;
Тармақша 8
8) хабарламада көрсетiлген өзге де құжаттар.
Тармақ 28
28. Тендерге қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдер мен тәртiпте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жалға берушiнiң депозиттiк шотына кепiлдiк жарна енгiзедi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны алушы болып табылады.
Тармақ 29
29. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна айына жалдау ақысының 1-ден бастап 5 ставкаға дейінгі мөлшерiнде (Жалға берушiнiң ұйғарымы бойынша) белгiленедi.
Тармақ 30
30. Кепiлдiк жарна тендерге қатысушының мынадай мiндеттемелерiнiң:
Тармақша 1
1) тендерде жеңiс жағдайында тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдың;
Тармақша 2
2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасудың қамтамасыз етiлуi болып табылады.
Тармақ 31
31. Тендерде жеңген және мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасқан тендерге қатысушының кепiлдiк жарнасы мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бойынша тиесiлi төлемдер есебiне жатады.
Тармақ 32
32. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны:
Тармақша 1
1) тендерге қатысушыға - тендер өткiзуден бір күн бұрын оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда;
Тармақша 2
2) жеңiмпазға - тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда, кепiлдi жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрілмеген мерзiмде, ал егер Жалға берушiнiң шотына ақша тендер өткеннен кейiн түссе, олар түскен күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмей қайтарылады.
Тармақ 33
33. Тендерге қатысушы кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр Объектiге тендерге қатысу құқығын бередi.
Тармақ 34
34. Өтiнiмдердi қабылдау және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаларды тiркеу қажет етiлетiн құжаттардың толық жиынтығы болғанда өткiзiледi.
Тармақ 35
35. Тендерге қатысушының:
Тармақша 1
1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негізiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға;
Тармақша 2
2) тендерге шығарылатын Объект бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды тегiн алуға;
Тармақша 3
3) Объектiнi алдын-ала қарауға;
Тармақша 4
4) оның құқықтары бұзылғанда сотқа жүгiнуге;
Тармақша 5
5) бұл туралы Жалға берушiге жазбаша хабарлай отырып, тендердiң басталуынан бір күн бұрын өз өтiнiмiн кері шақыртып алуға құқығы бар.
Тармақ 36
36. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде екіден аз өтiнiм тіркелген болса (үшінші және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.
Тармақ 37
37. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашу алдында комиссия, қатысушылардың немесе олардың тиiстi дәрежеде уәкiлеттiк берiлген өкiлдерiнiң қатысумен, олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi.
Тармақ 38
38. Тендерлiк комиссия ұсынылып отырған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Ұсынылып отырған ұсыныстар тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, көрсетiлген ұсыныстар одан әрi қарауға жатпайды және мұндай өтiнiм берген тұлға тендердiң қатысушы мәртебесiн жоғалтады, бұл тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
Тармақ 39
39. Тендерлiк комиссия конверттердi ашып, ұсыныстарды жариялағаннан кейiн ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
Тендер қатысушыларының (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ.
Тармақ 40
40. Тендерлiк комиссияның шешiмi қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған ретте тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 41
41. Тендерлiк комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлiк комиссия мүшелерiнiң 2/3-сi қатысса, заңды болып табылады.
Тармақ 42
42. Тендерлiк комиссияның шешiмi бойынша тендер объектiсiн пайдалану үшiн жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған және тендерлiк құжаттамадағы барлық талаптарға жауап беретiн тендердiң қатысушысы тендер жеңiмпазы деп танылады.
Тарау 3. 3. Тендер нәтижесін ресімдеу
3. Тендер нәтижесін ресімдеу
Тармақ 43
43. Тендерлiк комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешiмi тендерлiк комиссия мүшелерi қол қоятын және жалға берушi бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.
Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы тұлға да қол қояды.
Тармақ 44
44. Хаттамада мынадай мәлеметтер:
Тармақша 1
1) тендерлік комиссия құрамы;
Тармақша 2
2) объектiнiң атауы;
Тармақша 3
3) объектiнiң техникалық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) тендердiң шарттары;
Тармақша 5
5) тендерге қатысушылардың тізімі;
Тармақша 6
6) тендерге қатысушылардың және олардың ұсыныстары туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) жалдау ақысының ұсынылып отырған ставкалары;
Тармақша 8
8) тендердiң жеңiмпазы;
Тармақша 9
9) мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартына қол қою жөнiндегi тараптардың мiндеттемелерi болуы тиiс.
Тармақ 45
45. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi тендердiң жеңiмпазына берiледi және оның мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Тармақ 46
46. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда жеңiмпазбен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты жасалады.
Тарау 4. 4. Мүліктік жалдау шартының талаптары
және ресімдеу тәртібі
4. Мүліктік жалдау шартының талаптары
және ресімдеу тәртібі
Тармақ 47
47. Конкурс нәтижелері бойынша немесе объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы шешiм қабылдаған күннен кейін Жалға беруші мен Жалға алушы 10 күн ішінде жалдау шартын жасасады, және Жалға беруші объектіні қабылдау-тапсыру кесімін бекiтедi.
Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда, Жалға берушi жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде екi болса) анықтауға не жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 48
48. Мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартында мiндеттi түрде мыналар болуға тиiс:
Тармақша 1
1) Объектiнiң техникалық сипаттамасы;
Тармақша 2
2) Жалдаушыға жалға берiлген мүлiктiң тапсырылатын мерзiмi мен шарттың қолданылу мерзiмi;
Тармақша 3
3) жалдауға алынған мүлiктi пайдалану ақысын енгiзу тәртiбi, мөлшерi және мерзiмдерi;
Тармақша 4
4) Жалға берушiнiң мiндеттерi:
шартта белгiлеген тәртiппен Жалдаушының Объектiнi иеленуi мен пайдалануына кедергi болатын iс-қимыл жасамауға;
Тармақша 5
5) Жалдаушының мiндеттерi:
объектiнi тиiстi дәрежесінде ұстау, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларға зақым келтiруi мүмкiн әрекеттер жасамау;
мүлiктi ақаусыз түзу жағдайда ұстау, егер заңнамамен немесе шартпен өзгедей көзделмесе, өз есебiнен ағымдағы жөндеудi және мүлiктi ұстау жөнiндегi шығыстарды көтеру;
жалға берушiнiң алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау;
жалға берушiнiң, баланс ұстаушының, санитарлық қадағалау қызметiнiң және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртiбiне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң объектiге және оған жақын орналасқан жер учаскесiне кiруiне рұқсат беру, көрсетiлген олқылықтарды олар белгiлеген мерзiмде жою;
Жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана Объектiнi iшкi жалдауға (қосалқы жалгерлiкке) беруге, мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға (қайта жалдауға) беруге, Объектiнi ақысыз пайдалануға беруге тиiс. Жалдаушы шарт бойынша көрсетiлген жағдайларда қайта жалдауды қоспағанда, Жалға берушiнiң алдында жауапты болып қалады;
мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өз құқықтарын кепiлге бермеуге немесе, оларды салым ретiнде шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде енгiзбеуге;
шарт белгiлеген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен жалдау ақысын енгiзуге;
шарт белгiлеген мерзiмде Объектiнi қанағаттанарлық жағдайда қайтаруға;
Тармақша 6
6) Шартты мерзімінен бұрын бұзудың негіздемелері мен талаптары мыналар:
Жалдаушының заңды тұлға ретiнде таратылуы;
Жалдаушының мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын бұзуы;
заңнамалық кесiмдерімен немесе шартпен көзделген жағдайларда, Жалға берушiнiң немесе Жалдаушының талабы бойынша;
егер Жалдаушы шартпен белгiленген төлеу мерзiмi аяқталғанда екiден көп уақыт мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi енгiзбесе;
Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген өзге де жағдайлар.
Тармақ 49
49. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Тармақ 50
50. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткiштерiн мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде, мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартына объектiнi сәулет, тарих және мәдениет ескерткiшi ретiнде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.
Тармақ 51
51. Коммуналдық меншiктегi тарих, сәулет және мәдениет ескерткiштерiн мақсатты пайдалануы бойынша мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде, жалдау ақысының ставкалары облыс әкімиятының қаулысымен белгiленеді.
Тармақ 52
52. Мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартында ескерiлетiн дүркiндi немесе бiр жолғы енгiзiлетiн төлемдердiң тұрлаулы сомасында, барлық жалданатын мүлiк үшiн тұтастай немесе оның құрамдас бөлiгiнiң әрбiрi үшiн бөлек белгiленедi.
Ғимараттағы үй-жайлардың бiр бөлiгiн жалдау үшiн төлемдi есептеу кезiнде, жалпы пайдаланатын орындарға жылысталуды Жалдаушы осы алаңдарды үлестiк пайдалануына үйлесiмдi ескеру қажет.
Тармақ 53
53. Мүлiктiк жалға (жалдауға) беру үшiн төлемге коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемдер, ағымдағы және күрделi жөндеуге аударымдар, Объектiге қызмет көрсетуге арналған төлемдер кiргiзiлмейдi. Жалдаушы бұл төлемдердi ведомстволық қорғауға, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызметтерге тiкелей төлейдi.
Тармақ 54
54. Мүлiктi пайдалану үшiн жалдау ақысының ставкалары, егер мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартымен өзгедей көзделмесе, жылына бiр реттен артық өзгертiлмейдi.
Тармақ 55
55. Егер Жалдаушы өз қаражатының есебiнен және Жалға берушiнiң келiсiмiмен Объект үшiн зиянсыз ажырамайтын жақсартулар жасаса, шарт тоқтатылғаннан кейiн, Жалдаушы егер шартпен өзгедей көзделмесе, осы жақсартулардың құнын өдіріп алуға құқылы.
Егер шартпен өзгедей көзделмесе, Жалдаушы өткiзген ажырайтын Объектiлердi жақсартулар оның меншiгi болып табылады.
Егер заңнамалық кесiмдермен немесе шартпен өзгедей көзделмесе, Жалдаушы Жалға берушiнiң келiсiмiнсiз өткiзген ажырамайтын жақсартулардың құны өндіріп алуға жатпайды.
Тармақ 56
56. Баланс ұстаушы Объектiнi Жалдаушыға Жалға берушiнiң қатысуымен қабылдау - тапсыру кесімі бойынша жүргізеді, онда мыналар:
Тармақша 1
1) кесiм жасалған орын мен күн;
Тармақша 2
2) оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi өкілдер, құжаттардың атауы мен деректемелері;
Тармақша 3
3) Объект оған сәйкес берiлуi өткiзiлетiн мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартының нөмiрi мен қол қойылған күнi;
Тармақша 4
4) берiлетiн Объектiнiң, анықталған ақаулықтар тізбесімен бiрге техникалық жағдайы;
Тармақша 5
5) тараптардың мөрлерiмен расталған өкiлдердiң қолдары.
Тармақ 57
57. Қабылдау-тапсыру кесiмi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады, оның біреуі Жалға берушiде, біреуі баланс ұстаушыда сақталады және біреуі Жалдаушыға тапсырылады.
Тарау 5. 5. Дауларды шешу
5. Дауларды шешу
Тармақ 58
58. Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер бойынша жалға беру шартының тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 59
59. Объектiнi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде туындайтын даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiмен қарастырылады.
Басқа 144
Маңғыстау облысы әкімиятының
2006 жылғы 9 қаңтардағы
N 5 қаулысына 2 қосымша
Күші жойылған деп тануға жатқызылған Маңғыстау
обласы әкімияты қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесі туралы" N 157 қаулысы (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда N 1106 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 27 наурыздағы "Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру Ережесін бекіту туралы" N 66 қаулысы (әділет басқармасында 2003 жылғы 25 сәуірде N 1453 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы "Маңғыстау облысы әкімиятының "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесі туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы N 157 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда N 1106 болып тіркелген) толықтыру енгізу туралы" (әділет басқармасында 2003 жылғы 31 наурызда N 1435 болып тіркелген) N 50 қаулысы;
Тармақ 4
4. Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі "Маңғыстау облысы әкімиятының "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесі туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы N 157 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда N 1106 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (әділет басқармасында 2003 жылғы 14 мамырда N 1455 болып тіркелген) N 90 қаулысы;
Тармақ 5
5. Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы "Маңғыстау облысы әкімиятының "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесі туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы N 157 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда N 1106 болып тіркелген) толықтыру енгізу туралы" (әділет басқармасында 2004 жылғы 06 мамырда N 1689 болып тіркелген) N 73 қаулысы;
Тармақ 6
6. Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы "Маңғыстау облысы әкімиятының "Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 наурыздағы N 66 қаулысына (әділет басқармасында 2003 жылғы 25 сәуірде N 1453 болып тіркелген) толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" (әділет Департаментінде 2005 жылғы 09 наурызда N 1865 болып тіркелген) N 20 қаулысы;
Тармақ 7
7. Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы "Маңғыстау облысы әкімиятының "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесі туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы N 157 (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда N1106 болып тіркелген), облыс әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 50 (әділет басқармасында 2003 жылғы 31 наурызда N 1435 болып тіркелген) қаулысымен, облыс әкімиятның 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 90 (әділет басқармасында 2003 жылғы 14 мамырда N 1455 болып тіркелген) қаулысымен, облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 73 (әділет басқармасында 2004 жылғы 06 мамырда N 1689 болып тіркелген) қаулысымен, өзгерістер енгізілген қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (әділет Департаментінде 2005 жылғы 09 наурызда N 1866 болып тіркелген) N 21 қаулысы;
Тармақ 8
8. Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 01 шілдедегі "Маңғыстау облысы әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" N 213 қаулысы (Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 3 тамызда N 1917 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жығы 29 қарашадағы "Коммуналдық меншік объектілерін (мүліктерін) кейіннен сатып алу құқығынсыз жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" N 327 қаулысы.