Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-4-тармақтарына, 18-1-бабына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) 1-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру нұсқаулығы.
Тармақша 2
2) 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі.
Тармақ 2
2. Әкімдігінің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығы туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 1932, 2003 жылғы 15 қаңтарда № 4 «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2003 жылғы желтоқсандағы № 837 «Рудный қаласы әкімдігінің 2002 жылғы карашадағы № 855 «Әлеуметтік жүмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекетгік тіркеу нөмірі 2695, 2004 жылғы 28 қаңтарда № 7 «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 248 «Рудный қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулығы туралы» қаулысына өзгерірістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-8, 2005 жылғы 25 мамырда № 40 «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған, Рудный қаласы әкімдігінің 2005 жылғы кыркүйектегі № 768 «Рудный қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-21) қаулысы күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Рудный қаласы әкімінің орынбасары С.Б.Бөрібаеваға жүктелсін
Басқа 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы
Рудңый қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардагы № 3 қаулысына 1-қосымша Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және каржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жасалатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) «жастар практикасы» - олар практикалық тәжірибиге, білімге, дағдыға ие болу мақсатында, жұмыс тәжірибесі жоқ бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімдерімен курстық дайындық түлектерін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері тарайды.
Тармақ 4
4. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жұмыс берушілермен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасайды.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру уәкілетті органның жолдамасымен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету шартымен кәсіптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Шартта жақтардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемдері және еңбек ақының мөлшері мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздері болу керек.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие .
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартына сәйкес және орындалатын жұмыстың түрі мен көлеміне байланысты жұмыс берушілермен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың әрқайсысына жұмыс істеген уақытына еңбек ақысына
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға заңнама белгілеген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысына шығыстарды қайтару үшін орындалған жұмыстардың актісін, есепті, жұмыс уақытын есептеу табелін ұсынады.
Басқа 19. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Рудңый қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қаңтардагы № 3 қаулысына 2-қосымша Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу туралы тәртібі (бұдан әрі - жұмыс берушілерді іріктеу) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға қамтамасыз ету және бюджетті қаражатты тиімді пайдалануға бағытталған және Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушілерді іріктеу Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс жазбаша өтініштерімен және бөлінген бюджет қаражаттары шегінде уақытша жұмыс орындары санымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушілерді іріктеу туралы хабарландыру жергілікті баспасөз басылымдарында ағымдағы жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей жарияланады.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілерді іріктеуде Комиссия мыналарды есепке алады: тиісті еңбек нарығында жұмыс тәжірибесінің болуын; жұмыс берушінің қаржылық тұрақтылыгын; әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасып жатқан жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері мен шарттарын; әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасып жатқан жұмыссыздардың әрі қарай тұрақты жұмыс орындарына орналасу перспективасы.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілердің өтініштерінде жұмыстың түрлері мен көлемдері, еңбекақыларын төлеу мөлшері мен шарты, әрі қарай тұрақты жұмыс орындарына орналасу мүмкіндіктері, сонымен қатар келесі құжаттардың тізбесі ьолу керек: заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; статистикалық карточканың көшірмесі; Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; Есеп шоты бар туралы банктен анықтама.
Тармақ 6
6. Іріктеу нәтижелері бойынша Комиссия іріктеуден өткен жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарт жасауға шешім қабылдайды. Комиссия шешімі отырыстың хаттамасымен ресімделеді және бір данасы уәкілетті органға жіберіледі.