О некоторых вопросах закрытого акционерного общества "Продовольственная контрактная корпорация" Күшін жойған
Басқа 0
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
📌 ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.28.
N 1074 қаулысымен.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың мемлекеттік резервін қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға қатысты мәселелерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті уәкілетті мемлекеттік органға "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін белгіленген тәртіппен берсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 468-құжат);
аталған қаулының 2-қосымшасында:
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық үлгідегі акционерлік
қоғамы деген жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Мемлекеттік азық-түлік контракт корпорациясын қайта
ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24
ақпандағы N 260 қаулысындағы 3-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.