Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 «Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау үшін Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсетілсін: 2006 жылдың қаңтар айында жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, оқытудың 3 курсынан бастап, оқу озаттары, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 20 студентке 10000 теңге көлемінде; 2006 жылдың қаңтар айында жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, оқытудың 3 курсынан бастап, тиісті оқу бағдарламаларын жетік меңгеріп жүрген және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан 18 студентке 5800 теңге көлемінде.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (Т.С. Жақыпова) білім алу кезеңінде шығыстарын ішінара өтеу үшін студентгер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынаң Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Қостанай облысыңың ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары С.Ш. Бектұрғанов, А.П. Рауға жүктелсін.