Об утверждении Положения о жилищной комиссии при акимате города Семипалатинска Қолданыста
Басқа 0
Семей қаласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы
«Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңдарына және Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 кыркүйектегі № 1292 «Мемлекеттік тұрғын үй корынан тұрғын үй жайларды беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» каулысына сәйкес, кала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған, Семей каласы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әкімдіктің осы каулысының аткарылуын бақылау кала әкімінің орынбасары Қ.Е.Төлесбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Семей каласы әкімдігі жанындагы тұрғын үй комиссиясы туралы
Қала әкімдігінің
2005 жылғы
08 желтоқсандағы
№ 938 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Семей каласы әкімдігі жанындагы тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұргын үй комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Семей қаласы әкімдігі жанында тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» қаулысын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия Семей каласының тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, мемлекеттік тұрғын үй-жайларды бөлу және иесіз қалған жылжымайтын заттар есебіне қойылған тұрғын үйге уақытша қоныстандыру мәселелерін қарау үшін құрылған.
Тармақ 2. 2. Комиссияның құзыреті
2. Комиссияның құзыреті
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі мақсаты - Семей каласында тұрғын үйлерді бөлу кезінде кезектін сақталуы жөніндегі мониторингті жүргізу.
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері Қазакстан Республикасының Семей қаласында тұратын және халықтың күнкөрісі төмен, әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын азаматтарына, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы лауазымға орналасқан адамдарға тұрғын үй беру жөніндегі мәселелерді қарау болып табылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй-жай беру Комиссия шешімі негізінде, қала әкімдігінің қаулысымен ресімделеді.
Тармақ 7
7. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-жай беруге мүктаж адамдардың есепке қою туралы өтініштерін қарайды және олар бойынша ұсынымдық сипатта қорытындылар шығарады;
Тармақша 2
2) мемлекелік түрғын үй корынан немесе «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» Республикалык мемлекеттік кәсіпорнында есепке койылған иесіз калған пәтерлер арасынан түрғын үй-жайды (жаңадан пайдалануға енгізілген немесе түрғындары босатқан) беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Қазакстан Республикасының колданыстағы заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3. 3. Комиссияның құқықтары мен жауапкершілігі
3. Комиссияның құқықтары мен жауапкершілігі
Тармақ 8
8. Комиссия өзіне жүктелген негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру жөнінен заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелерден, кала ұйымдарынан, үй-жайлар (пәтер) иелері кооперативтерінен Комиссия кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрауға;
Тармақша 2
2) оның қызмет процесінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін мамандарды, сарапшыларды және басқа адамдарды тартуға құкығы бар.
Тармақ 9
9. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты болады.
Тармақ 4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссия күрамында төраға (қала әкімінің орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы болады. Комиссия мүшелерінің жалпы санынын 2/3 катыскан жағдайда кұкықты болады. Комиссия шешімі катысушы мүшелерінің көпшілік даусымн кабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 11
11. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссия жұмысын ұйымдастырады және кызметіне басшылык етеді, Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады, өз құзыреті шеңберінде Комиссияның барлык мүшелері үшін міндетті тапсырмалар береді, Комиссия мәжілістерін жүргізеді, Комиссия хаттмаларына қол қояды. Комиссия төрағасы орнында болмаған жағдайда барлык өкілеттіліктер Комиссия төрағасының орынбасарына көшеді.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы :
Тармақша 1
1) Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мүшелерінің, шақырылғандардың келуін, сондай-ак Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандар мен басқа да мүдделі адамдардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 4
4) комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді және калыптастырады.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелері Комиссия жұмысына катысады, Комиссия төрағасымен бірге оған жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауапты болады.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілістері хаттамалармен ресімделеді Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құкығы бар, ол білдірілген жағдайда хаттамаға енгізілуі, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия мәжілісінің хаттамасына коса берілуі қажет.
Тармақ 15
15. Жедел шешім қабылдау қажет болған жағдайларда Комиссия төрағасының шакыруы бойынша Комиссияның кезектен тыс мәжілісі өткізілуі мүмкін.
Тармақ 5. 5. Комиссия қызметін тоқтату тәртібі
5. Комиссия қызметін тоқтату тәртібі
Тармақ 16
16. Комиссия қызметін тоқтату үшін негіздемелер болып:
бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге кеңесші органның кұрылуы;
Комиссия міндетін орындалмайтын немесе орындалуын колайсыз ететін өзге жағдайлар;
осы Комиссияның кызметін тоқтату туралы әкімдік қаулысы болып табылады.
Семей қаласы әкімі
аппаратының басшысы
Е. Майкенов